Пән атауы: Жалпы гигиена Лектор : З. А. Имангазина №2 Дәріс тақырыбы: Атмосфералық ауа гигиенасы, Судың гигиеналық маңызы



бет4/9
Дата15.05.2020
өлшемі27.85 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ауаның механикалық қопалары. Балалардың ағзасы үшін ауаның механикалық қоспалыры – шаң – тозаң мен түтін өте зиянды. Атмосферадағы ауаның ыластануының негізгі көзі – ауаға орасан көп жмөлшерде үздіксіз түтін , газ шаң тозаң шығарып отыратын фабрикалар мен заводтар және машина түтіні шаң – тозаң тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарын тітіркендіреді және тыныс алу органдарында жинақтала ( кремний тозаңдары ) отырып, балалардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Тағы басқалары мәселен қорғазын тозаңы улануға әкеп соғуы мүмкін.

Шаң – тозаңның зиянды әсері микробтардың өте көптігінен де болады, әрі ауада шаң – тозаңның болуы аурулардың жұғу мүмкіндігін арттырады.


Атмосфералық ауа – адамның өмір сүру ортасының және денсаулығына ықпал ететін маңызды фактордың бірі. Атмосфералық ауаның жағдайы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын көрсетеді. Атмосфералық ауа ағзаға ұдайы және үздіксіз әрекетімен ықпал жасайды, бұл әрекет тура және жанама түрде болуы мүмкін. Бұл атмосфералық ауаның арнайы физикалық және химиялық негіздерімен байланысты болуы мүмкін, бұл өмірлік маңызды орта болып табылады. Атмосфераның табиғи ластаушы көздері- бұл апаттық жағдайлар (шаңды дауыл, вулкандардың көтерілуі, орман өрттері), сонымен қатар желдету, булану, тыныс алу процесстері. Ластанудың антропогенді көздері стационарлы (өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындар, тұрғын үй-коммуналды объектілер) және қозғалмалы (автомобильді, авиациялық, көліктің судағы түрі) түрге бөлінеді. Стационарлы көздерден атмосфералық ауаны ластауға көп үлес қосатыны жылу энергетикасы, тау-кен өндірісі, металлургиялық өнеркәсіп, мұнай өндіру кәсіпорындары, химиялық өндіріс. Ірі қалаларда атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі автокөлік болып табылады, әрі оның тастауларының көлемі өнеркәсіп кәсіпорындарының тастауларының көлемінен асады.

Атмосфералық ластаулар адамда инфекциялық емес аурулардың пайда болуының себебі болуы мүмкін, осыдан басқа олар адамдардың санитариялық жағдайын нашарлатып, экономикалық жағынан шығындарға әкелуі мүмкін.  Ағзаның атмосфералық ластауларға деген реакциясы жеке ерекшеліктерге байланысты, жасына, жынысына, денсаулық жағдайына, метеошарттарына. Қарт адамдар, балалар, шылым шегушілер, зиянды өндірістік жағдайлардағы шарттарда жұмыс істейтіндер  тым сезімтал болып келеді.

Ірі өнеркәсіптік қалалардағы ең көкейкесті проблемалардың бірі ауа бассейнінің ластануы болып табылады, оның салдары –жүрек-тамыр жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің, әсіресе онкологиялық және аллергиялық аурулар деңгейінің өсуі болып табылады.Атмосфералық ауаның жағдайын бақылау бойынша жұмыстың негізгі бағыты ретінде, тұрғын массив ауасының өнеркәсіптік және автокөліктік кәсіпорындардың тастауларынан ластануының қасқартылуына бағытталған шаралар болып табылады, сонымен бірге кәсіпорын маңында санитариялық-қорғаныш аумақтарын құру, кәсіпорындардың және қаланың автомагистральдарындағы СҚА атмосфералық ауасының жағдайына орнатылған бақылауларды тану болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет