Пән: қазақ тілі Күні: 18. 01. 15 Сыныбы



Дата20.06.2018
өлшемі28,26 Kb.
#43367
түріСабақ
Пән: қазақ тілі

Күні: 18.01.15

Сыныбы:

Тақырыбы: Ілік септік.

Мақсаты: Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, жаңа сөздерді меңгерту Кімнің?Ненің? деген сұрақтарымен таныстыру.Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау. Оқушылардың қазақша ойлауын, сөйлеу әрекетін дамыту.

Міндеттері:

- оқушылардың өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік туғызу;

- білім деңгейін өсіру;

- тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді түсіндіру;

- оқу, жазу арқылы оқушының ой қорытып және оны қорғай білуіне қол жеткізу;

- өз-өзіне баға бере білуіне  тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже:  Жаңа сөздер үйренеді.Ілік септігін басқа септіктерден ажырата алады.Тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты түсіне алады. Оқушылар ілік септігі туралы білімдерін қорытындылайды және тәжірибеде қолданысқа салады.

Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер;Оқыту мен оқудағы бағалау; Сыни тұрғыдан ойлау;Оқытуды басқару және көшбасшылық формалары.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: тест, «Ой қозғау», тәжірибе, «Топтастыру», «Мен не білдім?»

Сабақ кезеңі

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


І. Кіріспе

ІІ. Тұсау -кесер

ІІІ. Негізгі бөлім

ІV. Қоры

тынды


Ұйымдастыру кезеңі

Өткен сабақты пысықтау

Үй тапсырмасын тексеру
Атау септігі.

5,6- жаттығулар.

Жаңа сабақ


Оқулықпен жұмыс:

Бекіту:

Үй тапсырмасы


Оқушылармен амандасады.Түгендейді.

Бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен келгендерін сұрау.

Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, қазақ тілі жерінде, зат есімнің елінде, Септік деген шал болыпты. Оның Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес атты жеті ұлы бар екен. Күндердің күнінде Септік шал балаларын жиып ап:

-Қарақтарым, менің төрімнен көрім жақын. Талапты азамат ертенгі күнін бүгін ойлар. Бір апта мұрсат беремін. Жан-жақты шарлап, әрқайсысың жаныңа сүйеніш, өміріңе азық болар зат әкеліңдер депті. Ұлдары әке сөзін құп алып, жол жүріп кетіпті. Уәделі күні сапардан балаларының бәрі оралыпты.

-Қане, олжаларыңды көрсетіңдер,-дейді сонда шал. Алдымен үлкен ұлы Атау кім ? не? деген затты. Бәрі заттарын алға тартады. Сонда қара.

-Халық деген алып бар. Халықпен сыйласу үшін бұларың аздық етеді. Сондықтан сендерге 1 апта мұрсат берейін. Мыналарыңа сүйеніш, тірек тауып келіңдер,- деп шығарып салады. Уақыт зымырап өте шығады. Белгіленген күні шал келіп қараса, үлкен баласынан басқасы түгел екен.

-Әкелгендеріңді мұнда қаз-қатар қойыңдар, оған дейін Атау да келіп қалар- дейді шал.

Ілік: -ның,-нің,-дың,-дің,-тың-тің.

Барыс: -ға,-ге,-қа,-ке,-на,-не,-а,-е.

Табыс: -ны,-ны,-ды,-ді,-ты,-ті,-н.

Жатыс: -да,-де,-та,-те,-нда,-нде.

Шығыс: -дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен.

Көмектес: -мен,-бен,-пен,-менен,-пенен,-бенен, деген жалғауларды қаз-қатар қойған кезде Атау кіріп келеді. Басы салбырап кеткен.

-Неге кешіктің?- дейді әкесі.

-Ештеңе таппадым... Сонда қарт алты баласына қарап: -Балаларым, сендер сыннан жақсы өттіңдер. Мына Атаудың кінәсін кешіріңдер. Қанша дегенмен ағаларыңғой. Тұңғышым болған сон еркелетіңкіреп өсіріп едім. Бірлік бар жерде тірлік бар деген. Біріңді бірің сыйлап, барды қанағат тұта біліңдер. Тағы да өтінем, мен үшін кешіріңдер,-деп сөзін аяқтады. Балалары өзара ақылдаса келіп, әкесінің қасынан Атаудан бастап кезегімен үй салады. Жұрт та әрқайсысына әкесінің атын қосып, оларды Атау септік, Ілік септік, Барыс септік, Табыс септік, Жатыс септік, Шығыс септік, Көмектес септік деп атауды үрдіске айналдырыпты. Сол ел адамдардың айтуына қарағанда, өздеріне ісі түсіп келген кісіні Атау септігінен бастап, кішілері Көмектес септікке дейін көмектесіп, бір-бірін толықтыра отырып, риза қылып, шығарып салатын көрінеді.

«Ой қозғау» Атақ-даңқ қалай шығады?

Көмірдің аты Жанумен шығар.

Балғаның аты Қағумен шығар.

Шегенің аты Бекумен шығар.

Қашаудың аты Шекумен шығар.

Батырдың аты Жеңумен шығар.

Жомарттың аты Берумен шығар.

Ақынның аты Жырлаумен шығар.

Шәкірттің аты Тыңдаумен шығар.

1жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, сөз тіркестерін көшіріп жаз.

Қайың... қабығы, тақта... алдында, ешкі... сүті, тауық... балапаны, күн... сәулесі, от... қызуы.



3жаттығу. Көп нүктенің орнына ілік септігінің жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.жағымсыз қылықтан сақтану-әдептілік... белгісі. 2.Үлкенді сыйлау- кіші... парызы, өзінен кішілерге білгенін үйрету- ересек... парызы. 3. Ең алдымен бастар іс... нәтижесі қандай болады, соны ойланып ал. 4. Қар жауғаннан кеін аңдар... ізі анық көрінеді.



5жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы, ілік септіктегі сөздерді тауып, сұрақ қой.

Тізілген таулары бар Жетісудың, Ішінде орман, тоғай біткен нудың. Дариядай сол таулардан тулап тасып, Көресің тамашасын аққан судың.



6жаттығу.

... іші, терезесі, іргесі

... өмірі, жасы, кітабы

... інісі, баласы, досы

А)  Мақалдарды  ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып  көшіріп жазу:

Туған   …   түтіні де ыстық. …   өзегі талмас.

Ас —   …   арқауы. …   шиесін шын шығарады.

 Қажетті сөздер:  Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің.


Ә)   Сөйлемдерді  жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, көшіріп жазу.

  1. (Құндыз) терісі аса құнды болады.

  2. (Шебер) қолы – алтын.              

  3. (Сәуле)  әжесі ауылдан келді. 

  4. (Шошқа) көзі нашар көреді.

2жаттығу. 4 бет.

4жаттығу. 5 бет.

Ілік септігі қандай сұрақтарға жауап береді?

Ілік септігінің жалғауларын ата.




Амандасады. Сабаққа дайындалады.

Құрал-жабдықтарын реттейді.

Мәтінді тыңдап, қорытынды жасайды.

Сұраққа жауап береді

Алған әсерлерін стикерге жазып, қорғау.

Мұқият тыңдап, қателерін түзетіп отырады.

Өлеңдегі ілік септігінде тұрған сөздерді тауып, жазып, талдау.

Өз беттерінше ереже шығару. Ілік септігі кімнің? ненің? кімдердің? нелердің?  деген сұрақтарға жауап береді. 



Ілік септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің,  -тың, -тің.

Жаттығуды даптеріне орындайды.

Бірнеше оқушы тақтаға жазып, талдайды.

Жарайсыңдар!

Бағдаршам арқылы анықтау

Топтар қарсыластарын формативті түрде бағалайды.

Жарайсыңдар!

Жарайсыңдар!


Жарайсыңдар!

Жарайсыңдар!

Жарайсыңдар!


Жарайсыңдар!



«Алматы» 2015ж.

Қазақ тілі

4 -сынып

Бағдаршам!

- түсіндім

- шамалы түсіндім

-түсінбедім

Дәптер, оқулық.

Оқулық.


Қолы:

Баға:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет