Пән бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)



бет25/48
Дата28.06.2017
өлшемі8,94 Mb.
#20195
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Біліктің осінен  қашықтықтағы элементтер dA ауданына әсерететін жанама  күштің моменті  алынған өрнекті қима ауданы бойынша интегралдасақ

Мұндағы


 - қиманың өрістік моменті, олай болса

Бұдан бұрылған біліктің көлденең қимасының кез келген нүктесіндегі кернеуді анықтайтын өрнекті аламыз



Көптеген бұралу есептерінде қимадағы ең үлкен жанама кернеуді қарастыруға тура уеледі, яғни бұралған цилиндрдің сыртқы бетіндегі кернеуді.  болғанда, жанама кернеу ең үлкен мәніне ие болады



Егер


- өрістік кедергі моменті екенін еске алсақ, онда

Сонымен, біліктің кез келген қимасындағы ең үлкен кернеу қимадағы бұраушы момент пен қиманың өрістік кедергі моментінің қатынасына тең.

Ұзындығы l білеудің бұралу деформациясын анықтау үшін, алдымен формуласын былайша жазайық

Мұнан кейін біліктің ұзындығы бойынша интеграл алайық





 мәнін қойып, ұзындығы біліктің толық бұралу бұрышын анықтайтын өрнекі аламыз



Бұралған біліктерді беріктік пен қатаңдыққа есептеу. Мүмкіндік кернеу. Бұралған білік үшін шарты келесі түрде жазылады

Мұндағы


 - біліктің қауіпті қимасындағы ең үлкен бұраушы момент;

 - бұралудың мүмкіндік кернеуі, ол пластикалық (аққыштық) материалдар үшін ығысудың мүмкіндіктік кернеуі сияқты алынуы мүмкін .

Бұралудың юеріктік шарты бойынша қарастырылатын үш түрлі есептеудің формуласын келтірейік:




  1. 




  1. 



  1. 

Жоғарыда айтылғандай, беріктік формулалары, бүтін және қуыс дөңгелек біліктер үшін жарамды. Олар көлденең қимасы бастапқы пішінді біліктерді есептеуге пайдалануға жарамсыз.

Кейбір жағдайда, дөңгелек біліктерге жеткілікті беріктікті талап етумен қатар, қосымша, белгілі бір қатаңдық шарты орындау да талап етіледі, яғнт толық жүктеумен жұмыс істейтін біліктің бұралу бұрышы алдын ала берілген бір шамадан аспауы керек. есептеуде мұндай түрін қатаңдыққа есептеу дейді.

Бұралу деформациясының қатаңдық шарты


мұндағы


 - қуатты қимадағы салыстырмалы бұралу бұрышы:

 - мүмкіндік салыстырмалы бұралу бұрышы
Жанама кернеу мен бұралу бұрышы келесі формуламен анықталады





 - бұралу екпін моменті,

 - бұралу кедергілер моменті деп аталатын геометриялық сипаттамалар; өлшем бірліктері см4 см3.
Әдебиет [1], [2].

9 Тақырып. Түзу стержіндердің иілуі
Жоспар:

1 Түзу стержіндердің иілуі

2 Көлденең күштер мен июші моменттерінің эпюрлерін тұрғызу және тексеру ережелері

3 Жазық иілу кезіндегі беріктік шарты


1 Иілу деп, сыртқы күштердің әсерінен білеудің кез келген қималарында ішкі күштердің тек жанама (көлденең) күш пен ию моменті пайда болатын деформацияланатын білеулер арқалық деп аталады.

Егер июші момент көлденең қимадағы жалғыз ғана ішкі күш болса, таза иілу деп аталады.

Иілу, егер көлденең қимада июші моментпен қатар көлденең күш пайда болса, көлденең иілу деп аталады.

Арқалықтың бойлық өсі мен көлденең қимасының бас екпін өстері арқылы өтетін жазықтықтарды бас жазықтықтар деп айтамыз. Сыртқы күш әсер ететін жазықтық (күш жазықтығы) бас жазықтықтарға қарағандағы орналасуына байланысты, таза және көлденең иілу деп екіге бөлінеді. Егер күш жазықтығы бас жазықтықтардың бірінде жатса, иілу жазық иілу деп, ал егер күш жазықтығы басқа келген ось жазықтарында жатса, қиғаш иілу деп аталады.

Кез келген қималардағы көлденең күштер Q мен ию моменттері M қию әдісі бойынша анықталады. Көлденең күш шамасы көлденең қиманың бір жағына әсер етуші сыртқы күштердің қима жазықтығындағы проекцияларының алгебралық қосындысына тең. Июші момент шамасы көлденең қиманың бір жағында әсер етуші сыртқы күштердің осы қиманың ауырлық центріне қарағандағы моменттерінің алгебралық қосындысына тең.

Көлденең күштер мен июші моменттерге төмендегідей таңбалар ережесі шартты түрде қабылданған: егер қиманың сол жағынан әсер ететін сыртқы күштер төменнен жоғары қарай, ал оң жағында жоғарыдан төмен қарай бағытталса, ол қимадағы көлденең күш оң таңбалы (9, а – сурет), кері жағдайда теріс таңбалы (9, б – сурет) болады.




Егер арқалықтың өсі, сыртқы күштердің қиманың ауырлық центріне қарағандағы моменттерінің әсерінен, дөңестігі төмен қарай иілсе (9, а – сурет), ол қимадағы ию моменті оң таңбалы деп, ал кері жағдайда (9, б – сурет) теріс таңбалы деп есептеледі.

Ию моменті мен көлденең күштің бойлық өс бойымен өзгеру заңдылығын көрсететін графиктер M және Q эпюрлері деп аталады.



Ию моменті, көлденең күш және бір қалыпты таралған сыртқы күштің қарқындығы өзара төменде көрметілгендей дифференциалдық байланыстарда болады
 (8.1)
2 Қию әдісі мен осы (8.1) дифференциалдық байланыстардан туындайтын көлденең күштер мен июші моменттерінің эпюрлерін тұрғызу және тексеру ережелері төмендегідей:

  1. Таралған күштер әсер етпеген аралықтардың Q эпюрлері нөлдік сызыққа (база) параллель, ал M эпюрлері жалпы жағдайда көлбеу түзулермен шектеледі (10 – сурет).

  2. Таралған күштер әсер ететін аралықтардың Q эпюрлері көлбеу түзумен, ал M эпюрі квадрат параболалармен шектеледі. (11 – сурет)

  3. Көлденең күш нөлге тең болатын қимада, июші момент экстремаль мәнге (не өте үлкен, не өте кіші) ие болады. (11 – сурет)

  4. Q > 0 аралықтарда M – өседі, яғни солдан оңға қарай M эпюрлерінің ординаталары өседі де, терістері кемиді. (10, 11 – суреттердегі АС және ВЕ – аралықтары); егер Q < 0 болса, онда M кемиді (10,11 – суреттерінде СD және DВ – аралықтары).

  5. Аралықтың сыртқы қадалған күштер әсер ететін қималарында:

А) Q эпюрі кілт өзгереді және шамалары қадалған күштердің мәндеріне тең (10 – суреттегі С, D, В – қималары).

Б) M эпюрі сынады, яғни іргелес аралықтардың эпюрлерінде баяу жанасу болмайды (10 – суреттегі С, D, В – қималары).



  1. Сыртқы моменттер әсер ететін аралықтың қималарында M эпюрі кілт өзгереді және өзгеру шамалары моменттердің мәндеріне тең болады, ал Q эпюрінде өзгеріс болмайды (12 –суреттегі D қимасы).

  2. Арқалықтың ұштарындағы қималардағы көлденең күш пен июші момент сол қималарға түсірілген сыртқы (активті не реактивті) күшке және қос күштердің моменттеріне (активті не реактивті) сәйкес тең болады.

  3. Тарлаған күш басталатын не аяқталатын қималарда (бұл қималарға басқа күш түспеген жағдайда) июші моменттердің эпюрінде күрт майыспайды, яғни бұл нүктелерде параболалар мен түзулердің ортақ жанамалары болады.

M эпюрінің квадраттық параболларының дөңестігі мен күрт майысу бағыттары, июші моменттердің эпюрлерінің арқалықтықтың созылған не сығылған талшықтарына тұрғызыларына байланысты:

а) егер M эпюрінің оң ординаталары сығылған талшықтарда тұрғызылса, параболаның дөңестігі таралған күштің бағытына қарама-қарсы, ал сыну бұрышы сыртқы қадалған күштің бағытына қарама-қарсы.



б) егер M эпюрінің оң ординаталары созылған талшықтарда тұрғызылса, параболаның дөңестігі таралған күштің бағыты мен бағыттас болады, ал сыну бұрышы сыртқы қадалған күштің бағыты мен бағыттас.

10 – сурет

11 – сурет


Арқалықтың қауіпті қимасын анықтау үшін Q және M эпюрлерін тұрғызу қажет. Қауіпті қима деп июші моменттерінің абсолют ең үлкен шамасы әсер ететін қиманы айтады.

Жазық көлденең иілген аралықтың қималарында тік және жанама кернеулер пайда болады.




12 – сурет
Қауіпті қимадағы ең үлкен тік кернеу бейтарап өстен шалғай жатқан нүктелерде, ал жанама кернеу – бейтарап өстегі нүктелерде пайда болады. Ең үлкен кернеулер келесі формуламен есептеледі:
 (8.2)

 (8.3)
мұндағы:

 - ең үлкен июші момент;

 – ең үлкен көлденең күш;

 – геометриялық сипаттама, өстік кедергілер моменті;

 - бейтарап өстен ең шалғайдағы нүктеге дейінгі ара қашықтық;

 - геометриялық сипаттама, көлденең қиманың жарты ауданының бейтарап өске қарағандағы статикалық моменті;

 - бейтарап өс деңгейіндегі қиманың ені.

Кейбір қималардың өстік екпін және кедергі моменттері:


а) дөңгелек қима үшін


 – қиманың диаметрі;
б) тікбұрыш қима үшін

 - тиісінше қиманың ені мен биіктігі;

в) прокат пішіндер үшін арнаулы кестелерден алынады.

3 Мүмкін кернеулер бойынша иілген аралықтардың беріктігін тексеру үшін, төменде көрсетілген қауіпті нүктелерде беріктік шартын қамтамасыз ету керек:

а) тік кернеулер үшін қауіпті нүктелер – бейтарап өстен шалғай жатқан нүктелер. Бұл нүктелердің беріктік шарты:


 (8.4)
 – мүмкін тік кернеу;

б) жанама кернеулер үшін қауіпті нүктелер – қиманың бейтарап өсінде жатқан нүктелер. Бұл нүктелердің беріктік шарты:


 (8.5)
 - мүмкін жанама кернеу;
Беріктік шартарына сүйене отырып, төмендегідей есептер қарастырылады: жобалау есебі, беріктік тексеру есебі, жүк көтеру қабілетін анықтау есебі.

Есепті мынадай сатымен шығару ұсынылады:



  1. Арқалықтың тірек реакцияларын статиканың тепе-теңдік теңдеулерінен анықтап алғаннан кейін, олардың дұрыс есптелгенің міндетті түрде тексеріңіз;

  2. Көлденең күштің эпюрін тұрғызыңыз;

  3. Ию моментінің эпюрін тұрғызыңыз;

  4. Ию моментінің эпюріне сүйене отырып, аралықтың қималарындағы абсолюттік шамасы ең үлекен ию моментін анықтап, оның өлшемін ньютон-метрге (Нм) келтіріңіз;

  5. Беріктік шартына (41) арқалықтың көлденең қимасының қажетті  өстік кедергі моментін (егерде  есептеу формаласында  мәні Нм-мен, ал  Па-мен өлшенсе,  өлшемі -  болады) анықталады.

  6. Мұнан кейін есептің шартына сәйкес арқалықтың көлденең қимасының өлшемдерін есептеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет