Пән бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)



бет27/48
Дата28.06.2017
өлшемі8,94 Mb.
#20195
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48

Әдебиет [1], [2].

11 Тақырып. Беріктілік және майысулылық болжамдары
Жоспар:

1 Жалпы түсінік

2 Беріктік жорамалдары (гипотезалар)
1 Жүктелуге байланысты конструкцияның материалдары әр түрлі механикалық күйде болады. Мысалы, сыртқы күштер әсерінің белгілі бір мөлшерде ол серіпімді күйде, ал күштері әсерінің белгілі бір межеге әкелгенде материал созылғандық күйде болады. Күштер әсерін одан әрі үлкейтсек, оның кейбір жерінде сызатша мен ұсақ жарықшалар пайда болып, конструкцияның қирауы басталады.

Материалдың механикалық күйінің көптеген құбылыстарға байланысты өзгеріп отыратынын, оларға тәуелді екенін тәжірибелерден көруге болады.


2 Беріктік жорамалдары (гипотезалар)

Беріктік жорамалдарына кіріспей тұрып, айта кететін екі ескертпе бар олар:



  1. «Қирау» мәнін екі түрлі түсінуге болады: материал қирады ма, әлде, конструкция қирады ма. Конструкция қирады дегеніміз, ол өзінің ерекшілігін жоғалтып, қойылған талапты орындаудан қалды деген сөз.

  2. Материалдың қауіпті күйі Гук заңының қолдану шекарасында жатқандықтан, бұл тарауда Гук заңы қолданылып алынған формулалар пайдаланалынады.

А. Бірінші жорамал. Қираудың негізгі себебі, материалда пайда болатын созу кернеудің ең үлкен мәніне байланысты екені туралы жорамал ХVII ғ бастау алады.

Егер  болса, онда кернеу ең үлкен созылу кернеулі. Сондықтан , беріктік шарты



Ә. Екінші жорамал. Материалдың қираудың себебі ең үлкен созылу кернеуі емес, қираудың негізгі себебі – ең үлкен салыстырмалы ұзару деген жорамалды Мариоттың 1686 жылғы, т.б еңбектерінде кездестіруге болады.

Бұл кездегі беріктік шарты:



Б. Үшінші жорамал. Бұл жорамал бойынша, материалдағы қауіпті күй, ең үлкен жанама кернеу белгілі бір тұрақты шамаға жеткенде пайда болады. Осыған байланыссты , мұнда ең үлкен жанама кернеу теориясы немесе үшінші беріктік теориясы деймыз. Беріктік шарты:





В. Төртінші жорамал. Бұл жорамал – беріктік энергиялық теориясы немесе төртінші беріктік теориясы деп аталады. Үш бас кернеуде нөлге тең болған кезде, пішін өзгеру нергиясының формуласы:

Әдебиет [1], [2].

12 Тақырып. Статикалық түрде анықталмайтын стержіндер жүйелері
Жоспар:

1 Статикалық анықталмаған жүйелер

2 Статикалық анықталмаған жүйелерді есептеу жолы
1 Статикалық анықталмаған жүйелер деп, тіректердің реакцияларының немесе ішкі күштердің шамасы тек статикалық теңдеулерден анықталмайтын жүйелерді айтады. Мұндай жүйелерді есептеу үшін қосымша бірлесіп деформациялану теңдеулерін құрастыру қажет.

2 Статикалық анықталмаған жүйелерді есептеу жолы төмендегідей:

1) Есептің статикалық мағынасы. Берілген жүйе үшін белгісіз реакциялармен, ішкі күштермен өрнектелген статикалық теңдеулер тұрғызылады. Белгісіз күштердің саны мен құрылған тепе-теңдік теңдеулерінің санының арасындағы айырма арқылы, жүйенің статикалық анықталмау дәрежесі есептеліп, қажетті қосымша теңдеулердің саны анықталады.

2) Есептің геометриялық мағынасы. Конструкция деформация-ланған күйде қарастырылып, оның жеке элементтерінің дефармация-ларының немесе орын ауыстыру шамаларының арасындағы байланысты өрнектейтін теңдеу құрылады. Құрылған теңдеу бірлесіп деформациялану теңдеуі деп аталады.

3) Есептің физикалық мағынасы. Гук заңына сүйене отырып конструкция элементтерінің деформацияларын немесе орын ауыстыру шамаларын белгісіз ішкі күштер арқылы өрнектеледі.

4) Синтез. Есептің статикалық және физикалық мағыналарын қарастырып өзгертілген бірлесіп деформациялану теңдеулерін бірге шешіп, белгісіз күштер анықталады.

Есептеудің соңғы жолдарының статикалық анықталған жүйелерді есептеуден еш өзгешелігі жоқ.

Әдебиет [1], [2].
13 Тақырып. Деформацияланатын серпімді жүйелердің тепе – теңдік күйінің орнықтылығы
Жоспар:

1 Тепе – теңдік күйінің орнықтылығы

2 Аумалы күш. Эйлер формуласы
1 Тепе – теңдік күйінің орнықтылығы

Конструкция элементтерін беріктікке, қатаңдыққа есептегенде, сыртқы күштер мен оның көлденең қималарындағы ішкі күштер өзара орнықты тепе-теңдік күйде деп қарастырылады. Негізінде, кез келген серпімді жүйенің, тепе-теңдік күйі орнықты бола бермейді.

Ойыс беттің ең төменгі нүктесінде жатқан шарды шамалы қозғап еркіне жіберсек, ол өзінің бастапқы орнына қайта оралады (7.1,а-сурет). Дененің мұндай күйі орнықты тепе – теңдік күй деп аталады.



Горизонталь жазықтық бетінде жатқан шарды шамалы қозғап еркіне жіберсек, ол бастапқы орнына қайтып келмей, қозғалысын тоқтатады (7.1, б-сурет). Мұндай құбылыс дененің талғаусыз тепе-теңдік күйі деп аталады.

7.1-сурет
3. Дөңес беттің ең жоғарғы нүктесіндегі жатқан шарды шамалы қозғап еркіне жіберсек, ол қозғалысын онан әрі шексіз жалғастыра береді (7.1, в-сурет). Мұндай құбылыс дененің орнықсыз тепе-теңдік күйі деп аталады.

Осындай құбылыстарды күш әсер еткен серпімді жүйелерде де байқауға болады.



Мысалы, шамасы аз бойлық күшпен сығылған білік иіліп, өзінің түзу сызықты формасын шамалы өзгерткенімен, орнықты тепе-теңдік күйін жоғалтпайды (7.1, г-сурет). Сығушы күш аз шамаға өссе, деформация да аз шамаға өседі. Сыртқы күш әсері жойылса, деформация да жойылып, білік өзінің бастапқы түзу сызықты, орнықты тепе-теңдік күйіне қайтып оралады.

Сыртқы күш шамасы кризистік күштен аз ғана артса, сығылған біліктің түзу сызықты тепе-теңдік күйі орнықсыз тепе-теңдік күйге айналып, орнықты қисық сызықты тепе-теңдік күйге ауысар еді (7.1, д-сурет). Сығылған білікті түзу сызықты тепе-теңдік күйінен ажырататын ең кіші сыртқы күш аумалы күш деп аталады.

Тәжірибелік зерттеулерге қарағанда сығушы күштің шамасы аумалы күштің шамасынан аз болса, біліктің иілу мөлшері де аз, ал сығушы күштің шамасы аумалы күштің шамасына жуықтаған кезде сығылған біліктің иілу мөлшері едәуір өсіп кетеді (7.1,е-сурет). Сондықтан, бұл құбылыс инженерлік практикада өте қауіпті болып саналады.

Элементтерінің тепе-теңдік күйінен ажырауына байланысты кейбір күрделі конструкциялардың қирауы бізге тарихтан мәлім. Мысалы, 1891 жылы Швейцарияның Менхенштейн деревнясында, ұзындығы 42 метрлік көпірдің орнықтылығын жоғалтуы салдарынан, 12 вагондық жолаушылар поезі апатқа ұшыраған, т.с.с.

Конструкция элементі орнықтылығын жоғалтпай қызметін сенімді атқаруы үшін, сығушы күштің шамасы мүмкіндік күштен бip шама кіші болуы тиіс:




мұндағы: қауіпсіз мүмкіндік күш, Рааумалы күш, п0орнықтылық қоры коэффициенті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет