Пән бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)



бет39/48
Дата28.06.2017
өлшемі8,94 Mb.
#20195
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Әдебиет [1], [2].
14 Тақырып. Дүркінді өзгеретін кернеулер жағдайындағы беріктілік

Жоспар:

1 Дүркінді өзгеретін кернеулер жағдайындағы беріктілік

2 Материалдардың қажуы туралы

1 Машина жұмыс істеп тұрған кезде, оның көптеген бөлшектеріндегі кернеулер уақытпен бірге өзгеріп отырады. Мысалға, вагон келе жатқанда, оның өсінің қабаттары бір созылып, бір сығылып отырады, яғни қиманың кез келген нүктесіндегі кернеулердің таңбасы да белгілі бір уақытта өзгеріп отырады. Мұндай өзгерістер белгілі бір заңдылықпен туындайтын болғандықтан, оларды бір циклді өзгерістер дейміз.

Циклді жүктеменің қауіпті екені тәжірибеден белгілі. Сол секілді, тұрақты күшке есептелген конструкция циклді күшпен әсер еткенде тез қирайтын тәжірибеден жиі көруге болады. Әрине, қирау мерзімі әсер етуші күштің, одан болатын кернеудің шамасына байланысты.

Егер кернеудің шамасы үлкен болса, конструкция 5-6 циклден кейін-ақ қирап қалуы мүмкін, ал кернеу аз болса, онда миллион, типті миллиард циклде де қирамауы ықтимал.

2 Материалдардың қажуы туралы

Өзгермелі кернеудің әсерінен қираған бөлшектерді зерттеген кезде, оның сынған қимасынан, бір- бірінен үлкен айырмашылығы бар, екі кернеуге болады. Мұның біреуінің беті тегістелген, ондағы кристалдар көзге әрең көрінеді және өзі бірнеше «бөліктерден» тұрады. Бұл аймақтың біртіндеп өскені, материал жұмыс істеген кезде өзгеріссіз қалып, жұмысқа қайта кіріскенде оның аумағының одан әрі «өскені» байқалады.


Әдебиет [1], [2].
15 Тақырып. Динамикалық жүктеме
Жоспар:

1 Динамикалық күштер

2 Есептелу тәсілі

3 Инерция күштерін есептеу.

4 Соққы кезіндегі кернеу.
1 Конструкциялар статикалық жүктелген кезде, күштің шамасы нөлден бстап өседі де, белгілі бір сатыға жеткеннен кейін, сол шамасын өзгертпей тұрақты болып табылады. Бұл кезде конструкцияның жекеленген элементтері өте аз үдеу алатындықтан, инерция күштерін ескерусіз қалдыруға болмайды. Ал енді, қарастырылып отырған денеде немесе онымен бір жүйедегі бөлшекте , ескеруге тұрарлық үдеу болса, онда мұндай жүктеме динамикалық жүктеме деп аталып, конструкция динамикалық күшке есептеледі.

2 Динамикалық жүктеме кезінде материалда пайда болатын кернеу, статикалық кернеуден көп болатыны белгілі. Демек, конструкцияда, олардың элементтерінде қосымша кернеулер пайда болады.



Жақша ішіндегі мәнді динамикалық коэффициент деп қабылдаймыз, яғни

Осыдан кейін, динамикалық күштің ерекшіліктерін ескере отырып, динамикалық коэффициенті анықтау қажет. Беріктік шартта сол бұрынғыша тұжырымдалады.

3 Инерция күштерін есептеу. Жоғарыда айтылғандай, үдеуді анықтағаннан кейін, инерция күшін тауып, оны әсер етуші күшке қосу кереу (әсер етуші күш +инерция күші). Бұдан кейін, қарастырылып отырған конструкция, әсер етуші күш және инерция күштің қосындысынан тұратын статикалық күштер әсеріне есептеледі.



А. Үдемелі түзу сызықты қозғалтқыш кернеу. Элементар инерциялық күшті табу үшін , элементар көлемнің массасын (а) үдеуге көбейтеміз:

Ә. Бір қалыпты айналып тұрған сырықтвғы кернеу. Бойлық осіне перпендекуляр О-О осі арқылы бұрыштық жылдамдықпн айналып тұрған сырықтың (көлденең қимасының ауданы)

Б. Айналып тұрған сақинадағы кернеу. Көлденең қимасы тұрақты, айналып тұрған жұқа сақинаны алайық бұрыштық жылдамдығы 

Центрден тепкіш инерция күштің қарқындылығы:



4 Соққы кезіндегі кернеу. Конструкцияның қарастырылып отырған элементтің немесе онымен жанасатын бөліктің жылдамдығы өте аз уақыт аралығында өзгергенде – соққы құбылысы болады.

Конструкцияны соққыға есептегенде, оңайшылықпен шешілмейтін көптеген қиындықтар кездеседі. Мысалы, энергия шаруашылығы, бір- бірімен соғылатын денелердің түйіскен жерлердегі кернелген күй және тағы басқа да қайшылықтар.

1 соғатын дененің кинетикалық энергиясы түгелмен, соғылатын дененің потенциалдық энергиясына айналады деп есептейміз;

2 соғылған денедегі кернеулер мен деформацияның таралу заңдылығы, статикалық күш әсер еткедегідей деп қабылдаймыз.

Соққанның динамикалық коэффициентінің дербес түрлері

Динамикалық коэффициенттің шамасы статикалық орын ауыстыру және құрау биіктігіне байланысты анықталады.

Егер жүк биіктіктен құламай, салқ еткізіліа әсер етсе, яғни һ=0 болса , онда


Әдебиет [1], [2].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет