Пән бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)



бет5/48
Дата28.06.2017
өлшемі8,94 Mb.
#20195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

Әдебиет [1], [2].
3 Тақырып. Созылу және сығылу кезіндегі материалдардың механикалық қасиеттері
Жоспар:

1 Материалдың механикалық сипаттамалары.



2 Созу диаграммасы
1 Сан алуан конструкцияларға қойылатын беріктік және қатаңдық талаптарын орындау үшін ең алдымен конструкцияларда пайдаланылатын материалдардың механикалық сипаттамаларын білу қажет. Материалдың механикалық сипаттамалары тәжірибе жүзінде арнаулы үлгілерді сынау арқылы анықталады.



1.10 – сурет

Материалдардың үлгілерін (1.10 – сурет) сынау тәсілдерінің ішінде кең тарағаны – созуға сынау, өйткені созуға сынау нәтижесінде алынатын шамалар материалдардың басқа да деформацияларға қарсыласу қабілетін айтарлықтай толық сипаттайды. Сонымен қатар созуға сынау өте жеңіл жүзеге асырылады.

Арнаулы сынақ машиналарында, зерттеу барысында үлгілерді созушы күшпен жүктейміз. Бойлық күштің үздіксіз өзгеруін үлгінің абсолюттік ұзаруымен бірге қадағалап отыру қажет. Материалдардың созу деформациясына қарсыласу қабілетін толық зерттеу үшін күш пен үлгі деформациясының арасындағы тәуелділікті көрсететін созу диаграммасы деп аталатын график тұрғызылады.



2 Азкөміртекті жұмсақ болаттың сынақ кезінде алынатын созылу диаграммасы 1.11 – суретте көрсетілген. Диаграмманың абцисса осінде үлгі деформациясы - ∆l абсолют созылу шамасы , ал ордината осіндегі деформация тудыратын күш – F өрнектелген.



    1. сурет

Бұл диаграммадан төмендегідей негізгі механикалық сипаттамалар анықталады:

  • Гук заңына бағынышты аралықтағы (диаграммада ОА – аралығы) ең үлкен кернеу σpr. Бұл кернеу σpr пропорционалдық шек деп аталады да келесі өрнекпен анықталады:

σpr = Fpr / A0 (3.1)


мұндағы Fpr – пропорционалдық шекке сәйкес күштің шамасы.

А0 – үлгінің жүктемеге дейінгі көлденең қимасының ауданы.

А нүктеден жоғарыда диаграмма қисаяды, Гук заңы бұзылып, деформация кернеуден тез өсе бастайды. А нүктеге өте жақын диаграмманың қисық сызық бөлігінде материалдың тағы бір маңызды сипаттамасы – серпімділік шегі жатады.

  • Қалдық немесе пластикалық деформация тудырмайтын кернеудің ең үлкен шамасын ( диаграммада А мен В нүктесі аралығында) – серпімділік шегі деп атап, келесі өрнекпен есептейді

σе = Fe / A0 (3.2)


мұндағы Fе – серпімділік шекке сәйкес күштің шамасы.

Диаграмманың А нүктесінен өткеннен кейін , жоғарыда айтылғандай , Гук заңы бұзылып, деформация кернеуге қарағанда тез өсе бастайды да, кейбір В нүктеден бастап диаграммада түзу сызықты жазық бөлік пайда болады, яғни бұл аралықта материал аққандай болып деформация іс жүзінде тұрақты күш әсерінде өседі.

Деформацияның өсуі күштің тұрақты мәнінде өтетін кернеудің ең аз шамасын ( диаграммада В нүктеден кейінгі түзу сызықты аралық) аққыштық шегі деп атап, келесі өрнекпен есептейді
σу = Fy / A0 (3.3)
мұндағы Fу - аққыштық шекке сәйкес күштің шамасы.

Кернеудің шамасы аққыштық шегіне тең болғанда, материал пластикалық деформацияға ұшырайды. Жалтырата өңдеген үлгі бетінде бірқалыпты таралған, бойлық оске 45° бұрыш жасай өтетін , қалың сызықшалар пайда болады (1.12, а-сурет). Оларды Чернов-Людерс сызықшалары деп атайды. Бұл сызықшалар – ең үлкен жанама кернеулер әсер ететін жазықтарда жатқан кристалдардың өзара сығылысу нәтижелері.

Материал аққыштық аралығында біршама ұзарғаннан кейін , қайтадан сыртқы күш әсеріне қарсыласу қабілетіне ие болып беріктенеді – күш өсе бастайды. Сәйкес аралықта диаграмма дөңес өзгеріп, күш С нүктесінде ең үлкен мәніне жетеді.

Диаграмманың осы ең жоғары нүктесіне сәйкес келетін (диаграммада Е-нүктесі) кернеу беріктік шегі деп аталып, шамасы келесі формуламен анықталады


σu = Fu / Au. (3.4)
мұндағы Fu – беріктік шекке сәйкес күштің шамасы.

Материалдың беріктік шегін уақытша қарсыласу шегі деп те атайды.

Кернеу шамасы беріктік шегіне жеткенше, үлгідегі бойлық және ендік деформация оның ұзындығы бойынша бірқалыпты таралады, ал жеткеннен кейін бұл деформациялар ең осал жерге жиналып (1,11 және 1,12б - суреттер), сол кезде тез жергілікті жіңішкеру - қылта мойын пайда болады. С нүктесінен кейін диаграмма сызығы, көлденең қима ауданының кішірейуіне байланысты, дөңес сызықпен төмендейді, яғни әсер етуші сыртқы күштің шамасы төмендей бастайды. Қылта мойын пайда болған аралықта көлденең қима ауданының кішірейуіне байланысты кернеу шамасы өсіп, үлгі үзілуге тақайды. Бір мезетте D нүктесіне сай келетін күштің шамасында үлгі үзіледі.

- Үзілу кезіне сәйкес келетін кернеу шамасы қирау шегі деп аталып, келесі формуламен анықталады


σr = Fr / Ao (3.5)
мұндағы Fr - қирау шекке сәйкес күштің шамасы.



1,12- сурет 1,13 - сурет

Созу диаграммасы (1,11- сурет) күш пен үлгі деформациясы арасындағы тәуелділікті көрсетеді, сондықтан да ол үлгінің өлшемдеріне байланысты. Диаграмманың көрсетілген кемшілігінен құтылу үшін ордината осін σ = F / Ao арқылы, ал абсцисса осін ∆l/l=ɛ арқылы өрнектейтін диаграмма тұрғызылады. бұл диаграмма шартты кернеу диаграммасы деп аталады. Өйткені бұл диаграммадығы механикалық сипаттамалар (σpr, σе, σу,σu және σr) үлгінің сынауға дейінгі бастапқы қима ауданы арқылы анықталған (1,13- сурет).

Қарастырылған азкөміртекті жұмсақ болаттың созылу диаграммасы пластикалық материалдарға тән. Морт материалдардың созылу диаграммасы қарастырылған диаграммадан өзгеше болады және үлгілер қылта мойынсыз күштің аз шамасында қирайды (1,14- сурет).



Сығылу деформациясына негізінен созудан гөрі сығуға жақсы қарастырылатын морт материалдар сыналады.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет