Пән бойынша бағдарламасының



бет3/4
Дата01.04.2017
өлшемі0,94 Mb.
#12892
1   2   3   4

БЕКІТЕМІН


Сәулет-құрылыс

факультетінің деканы

_________ Күдерин М.Қ.

20___ ж. «___»_________

Құрастырушы: аға оқытушы Баймулдинова Қ.С. __________

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


5В080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»

мамандығының күндізгі оқу нысананың студенттеріне арналған

IG 1206 Инженерлік геодезия


пӘнІ бойынша БАҒДАРЛАМАсы (Syllabus)

Бағдарлама 20___ ж. «____»__________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20___ ж. «___»___________ кафедра отырысында ұсынылған.

Хаттама № _____


Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич «___»___________20___ ж.

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20___ ж. «___»_____________ хаттама №_____.

ОӘК төрайымы _______________ Г.А. Жукенова «___»_____________20___ ж.


1 Оқу пәнінің төлқұжаты

Инженерлік геодезия пәні

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 2



Барлық аудиториялық сағат саны – 45 сағат

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақ – 30 сағат

СӨЖ – 90 сағат

соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағат



Бақылау түрі:

Қорытынды бақылау түрі: емтихан (тестілеу) – 2 семестр.


Пререквизиттер

Пәннің бағдарламасы мына пәндерге негізделген: математика; физика; инженерлік графика және сызба геометриясы; ақпараттану.



Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағдымашықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: орман ресурстары, орман шаруашылығы және т.б.


2 Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары:

Баймулдинова Қарлығаш Слямқызы «Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасының аға оқытушысы.

«Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы С.Торайғыров атындағы ПМУ Д-302 корпусында орналасқан.


Сабақтарды өткізу орны мен уақыты – аудиториялық сабақтар, межелгі бақылау және емтихандық сессия бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

3 Нысан, мақсат пен міндет

Пән нысаны:

Инженерлік геодезия пәнің оқыту мақсаты болып геодезиялық өндірістің қазіргі жағдайындағы орындалатын топографты-геодезиялық жұмыстын негізгі түрлерімен болашақ маманды теоретикалық және тәжірибелік білімнің негізіне оқыту; инженерлік-геодезиялық жұмыстарын орындауға байланысты геодезиялық өлшемдермен олардың нәтижелеріне өңдеу жұмыстарын жүргізу; инженерлік құрылымдарды жобалау үшін ірімасштабты пландар мен профильдерді дайындау. Геодезияның геодезиялық жұмыстардың теориялық негізін өндірісте пайдалануын; лазерлік, электрондық автоматтандырылған жүйелер қолданған аспаптарды пайдалана алдынғы қатарлы геодезиялық өлшеулер технологиясын құру; инженерлік есептерді шешуге топографиялық пландар мен карталар қолдану; геодезиялық аспаптармен өлшеулер жүргізу; геодезиялық өлшеу нәтижелерін өңдеу.



Пәннің мақсаты

Пәннің мақсаты - студенттерге инженерлік геодезиялық әдістерді және инженерлік жұмыстарын орындауды және қазіргі геодезиялық аспаптарды оқып үйренуді, өндірісте орындалатын жұмыстардың әдістерімен жергілікті жерде және жобалауды үйрету.



Пәннің міндеттері

  • геодезиялық өндірістің қазіргі жағдайындағы орындалатын

топографты-геодезиялық жұмыстын негізгі түрлерімен болашақ маманды теоретикалық және тәжірибелік білімнің негізіне оқыту;

  • инженерлік-геодезиялық жұмыстарын орындауға байланысты

геодезиялық өлшемдермен олардың нәтижелеріне өңдеу жұмыстарын жүргізу.
4 Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

Осы пәнді оқып меңгеру нәтижесінде студенттер:

Жер шарының өлшемі формасы туралы; координата және биіктік жүйелері туралы; геодезиялық пландық және биіктік тірек торлары туралы; геодезиялық құрал-жабдықтармен геодезиядағы өлшеу тәсілдерінің қазіргі заманғы даму тенденциясы туралы ұғымы болуына;

білу керек:

- геодезия және геодезиялық жұмыстардың теориялық негізін;

- геодезиялық өлшеулердің орындалу технологиясын;

- геодезиялық өлшеулердің нәтижесін өңдеудің теориялық негізін;

- инженерлік практикада типтік инженерлік-геодезиялық есептін көп таралған негізгі талабының шешімін және геометриялық маңызын;

- аудандарды графикалық тәсілмен және координаталары бойынша есептеуды;



орындай алуы керек:

- топографиялық планмен картаны емін-еркін пайдалана білу, солардың негізінде графикалық және математикалық есептеулерді шығаруды;

- топографиялық картаны оқуды, топогеодезиялық материалдарды қолдану, сол негізде инженерлік есептерді шешуді;

- геодезиялық жұмыстарды орындауды, топографо-геодезиялық ізденістерді жүргізуді, топографиялық пландарды салу мен түзетуді және жоба нүктелерін жер бетіне шығаруды;

- негізгі геодезиялық аспаптармен қолдануды;

- геодезиялық өлшеу нәтижелерін өңдеуді;



тәжірибелік дағдылану:

- негізгі геодезиялық аспаптармен өздік жұмыстарды жүргізу сонымен қатар геодезиялық өлшеулерді орындауы;

- геодезияның инженерлік есептеу саласында дағды мен білімді қолданудың тиімділігі;

- қазіргі заманғы геодезиялық аспаптар мен өлшеуіш аппаратурасымен қолдануы;



білікті болу керек:

- пландық-картографиялық материалдарды өндірісте қолдану және басқа топографиялық ақпараттарды әртүрлі инженерлік есептерін шешу үшін қолдануды;

- сызықтық, биіктік, бұрыштық өлшеулер жүргізу және жергілікті жерді түсіру саласында;

- геодезиядағы инженерлік есептерды шешу үшін қазіргі әдістерді қолдануы;

- қазіргі заманғы геодезиялық аспаптар мен өлшеуіш құралдарымен қолдануы.

5 Пәнді оқытудың пәндік жоспары

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу




Тақырып атауы

Сабақтың түрлері бойынша сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Прак

барлығы

соның ішінде СӨЖО

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе

1

-

4

1,5

2

Геодезия туралы жалпы мәліметтер

2

6

6

2


3 Геодезиялық өлшеулер

3.1

Ұзындық өлшеулер

1

2

10

2

3.2

Бұрыштық өлшеулер

1

5

10

2

3.3

Биіктік өлшеулер, нивелирлеу

2

5

10

3

3.4

Ауданды анықтау

1

2

8

2

4 Геодезиялық түсірістер

4.1

Топографиялық түсірістер туралы мәліметтер

2


-

6

2


4.2

Теодолиттік түсірістер

2

4

10

2

4.3

Тахеометрлік түсірістер

1

2

10

2

5 Орман шаруашылығының өндірістегі геодезиялық жұмыстар

5.1

Трассаны жүргізген кездегі геодезиялық жұмыстар

1

2

10

2


5.2

Жер бетін шаршылап нивелирлеу

1

2

10


2

БАРЛЫҒЫ:

15

30

90

22,5


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 тақырып. Кіріспе

Жоспар

1 Геодезия пәні, оның мәселелері және әдістері.

2 Дамуының негізгі тарихы кезеңдері және басқа ғылымдармен байланысы.

3 Ғылыми-техникалық прогресс және геодезияның қазіргі әдістерінің дамуы.

4 Геодезиялық өлшеулер.

5 Техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және инженерлік-геодезия лық жұмыстарды орындаудағы қоршаған ортаны қорғау.



Геодезия – Жер туралы ғылымның ежелгі бір саласы.

Жер бетінің және оның кейбір бөлшектерінің пішіні мен өлшемдерін анықтайтын ғылымды геодезия дейміз. Бұл анықтау геодезиялық өлшеулер арқылы жүзеге асады.

Қазіргі геодезия көп қырлы ғылым: күрделі ғылыми, ғылыми-техникалық және инженерлік есептерді геодезиялық және басқа арнаулы аспаптар арқылы өлшеп нәтижелерін математикалық және графикалық өңдеу арқылы шешеді.

Геодезия шешетін басты мәселелері:

1 Жердің фигурасын, пішіні мен көлемін және сыртқы гравитациялық тартылысын, яғни тартылыс күшін анықтайды.

2 Берілген координаталар жүйесінде жер бетіндегі нүктелердің орнын анықтайды.

3 Жер бетінің картасы мен планын жасайды.

4 Жер бетінде құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану үшін өлшеу жұмыстарын орындайды.

Ізденіс, жобалау, құрылысты салу кезіндегі жүргізілетін геодезиялық

жұмыстардың әдістерін анықтайтын ғылымды – инженерлік геодезия дейміз.



Геодезияның теориясы мен тәжірибелік жұмыстарының ең бастысы

геометриялық жергілікті жобалауды құру, есептеу, өлшеу. Өлшем бірлігінен қаншаға үлкен не кем екенін көрсететін нәтижені өлшеу процессі деп атаймыз. Өлшеу тікелей және жанама болады. Тікелей өлшеуде, мысалы қиындының ұзындығын сызғышпен, ал бұрышты транспортирмен өлшейміз. Жанама өлшеу – тура өлшеудің функциясы болып саналады. Мысалы, теодолитпен өлшенетін бұрыш, тура өлшеудің бағытымен заттың оң және сол жағымен бақыланады.

Кез-келген геодезиялық өлшеуді орындағанда негізгі бес фактордың әсерін білу қажет. Ол бес факторға жататындар: өлшеу орны, орындаушы, аспап, өлшеу әдісі және сыртқы орта. Жалпы геодезиялық өндірісте бұрыштық, сызықтық, Жер бетіндегі екі әртүрлі нүктені өлшеуді орындайды.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 3-7 б.].

2 тақырып. Геодезия туралы жалпы мәліметтер

Жоспар

1 Жердің физикалық беті туралы түсінік, оның пішіні және мөлшері.

2 Биіктік жүйесі және геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі.

3 Сызық бағытын бағдарлау.

4 Карта, план, профиль туралы ұғымдар.

5 Масштабтар, олардың түрлері. Масштабтың дәлдігі.

6 Жер бетінің бедері. Рельефтің негізгі пішіндері, пландарда және карталарда рельефтің бейнелеу әдістері.

7 Горизонтальдар әдісі. Қима биіктігі. Сызық еңістігі, көлбеу бұрышы.



Жердің пішіні мен өлшемі туралы түсінік.

Жердің ғарыштан түсірген суреті оның пішіні шар тәріздес екеніне күмән келтірмейді. Жер бетіндегі дәл өлшеулер біздің планетамыздың нақты шар емес, полюстері жағынан сәл қысынқы келетіндігін көрсетті. Бүкіл жер шарының беті 510 млн км2 тен. Жер бетінің көп бөлігін мұхиттар алып жатыр 71%, материктер 29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар бар. Одардың қаншалықты биік немесе аласа екендігін бірдей деңгейден есептеп қана білуге болады. Ондай бастапқы деңгей ретінде мұхит немесе оның бөлігі болып табылатын теңіз беті алынады.

Материктің астынан созылған мұхит немесе теңіздің беті және де әр келген нүктесінде тіктеуіш сызыққа перпендикулярлы болатын бетті – деңгейлік бет деп санаймыз. Деңгейлік бетпен шекаралған тәрізді – геоид д.а. Геоид тәрізді сфероид бетіне тең келеді.

Жердің сығылу коэффициенті аз болғандықтан көп есептерді шешкенде Жердің пішіні ретінде, радиусы 6371 км болатын сфера деп есептелінеді.



Биіктік жүйесі

Нүктенің абсолют биіктігі – белгілі бір нүктеден алынған деңгейлік бетке дейінгі тіктеуіштік бағардағы қашықтық. Теңіз деңгейінен есептелетің нүкте биіктігі нүктенің абсолют биіктігі болып табылады да биіктіктің сандық мәні белгі деп аталады. ТМД елдерінде биіктіктерді өлшеу Балтика теңізінің орташа деңгійінен, нақты айтқанда Кронштадт футштогынан (Балтика теңізінің айналма каналындағы гранит тіреуіне бекітіліп қағылған мыс табақшасы) жүргізіледі.

Егер қашықтық жер бетіндегі белгілі бір нүктеден деңгейлік бетке дейін емес, басқа бір шартты бетке дейін алынатын болса, онда белгі шартты белгі деп аталады.

Салыстырмалы биіктік биікайырым деген ұғымды түсіндіреді.

Биікайырым немесе өзара биіктігі – жер бетіндегі нүктелердің биіктіктер айырымы.

A




B h




Геодезияда қолданылатың жүйелер

1 Географиялық координата жүйесі

Географиялық координаталар ендік пен бойлықтан тұрады.

1.1 Географиялық бойлық (λ) – берілген нүкте арқылы өтетін меридиан мен бастапқы меридиан жазықтықтары арасындағы бұрыш.

Лондон қаласының түбіндегі Гринвич абсерваториясын басып өтетін меридиан, халықаралық келісім бойынша шартты түрде бастапқы меридиан ретінде қабылданған. Екі нүктенің бойлықтарының әр түрлілігінің айырмашылығын уақыт бойынша көрсетуге болады. Әр 150 бойлық бойынша уақыттың 1сағатына сәйкес келеді.

Бір меридиан бойында жатқан барлық нүктелерде бірдей бойлық болады.

1.2 Географиялық ендік (φ) – бұл берілген нүктедегі тік сызықпен экватор жазықтығының арасындағы бұрыш. Ендік меридиан доғасы бойынша экватордан солтүстікке немесе оңтүстікке қарай есептелінеді.

Біздің еліміз түгелдей солтүстік жарты шарда, яғни солтүстікке қарай орналасқан. Сондықтан оның кез келген нүктенің ендігі солтүстік ендік деп есептелінеді.

Бір параллель бойында жатқан барлық нүктелерде бірдей ендік болады.

2 Тік бұрышты координата жүйесі

Нүктенін жазықтықтағы орның өзара перпендикуляр сызықтармен перпендикуляр көмегімен табуға болады. Бұл перпендикулар осы нүктеден сызықтарға түсірілген. Ноль нүктесі сызықтардың қиылысу нүктесі - координата басы деп аталады. Ал тік сызықтар координата өстері деп аталады. хх – абцисса өсі, yy – ордината өсі. Координата остері жазықтықты төрт бөлікке бөледі. Геодезияда бөліктерді санау бағыты бойынша жүргізіледі.

3 Гаусс–Крюгердің зоналық координата жүйесі

Гринвич меридианнан бастап жер эллипсоиды 60 бойлықпен алынған меридиан сызығымен 60 зонаға бөлінеді. Орта меридиан әр зонада өстік деп аталады. Өстік меридиан мен экватор сызығы бірге координата жүйесін құрастырады. Өстік меридианға және экватор сызығына параллель сызықтар километрлік тор д.а.

Солтүстік жарты шарда барлық абсциссалар – оң, ал оңтүстік жарты шарда – теріс. Өстік меридианнан шығысқа қарай орналасқан барлық ординаталар – оң таңбамен, ал батысқа қарай теріс таңбамен саналады.

4 Полярлық координата жүйесі

Полярлық координаталар жүйесінде кез-келген А нүктенің жазықтықтағы орның радиу с вектор (r) арқылы анықтайды. r нол нүктеден шығады. Нол – полюс ж/е β бұрышы ох полярлық остен r-ға дейін сағат бағыты бойынша есептеледі. Полярлық өстің жаз-ғы орның бейтарап таңдауға болады. Кей кездерде оны меридиан бағытымен байланыстырады. Меридиан нөль полюс арқылы өтеді.




Сызық бағытын бағдарлау

Меридианға қатысты сызықтың бағытын анықтау бағытты бағдарлау д.а. Бағытты бағдарлау үшін келесі бұрыштар қолданылады: географиялық және магниттік азимуттар, дирекциондық бұрыш, румбылар.



Географиялық (шын) меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бойымен (-тен -қа дейін) берілген бағытқа дейін есептелінетін горизонталь бұрыш географиялық (шын) азимут деп аталады.

Магниттік меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бойымен (-тен -қа дейін) берілген бағытқа дейін есептелінетін горизонталь бұрыш магниттік азимут деп аталады.

Өстік меридианның немесе соған параллель сызықтың солтүстік бағытынан сағат тілі бойымен (-тен -қа дейін) берілген сызықтың бағытына дейін есептелінетін горизонтальды бұрыш дирекциондық бұрыш д.а.

Румб дегеніміз меридианның солтүстік немесе оңтүстік ұшынан берілген сызықтың бағытына дейінгі саналатын сүйір бұрыш.



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет