Пән бойынша дәрістер конспектісі №1 дәріс тақырыбы: Педагогика даму тарихының әдіснамалық негіздері. Мақсаты


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет3/30
Дата08.02.2022
өлшемі156,14 Kb.
#120412
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
П н бойынша д рістер конспектісі №1 д ріс та ырыбы Педагогика д
00139218-1b28c6c5
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. «Педагогика»ұғымына ертеежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беріңіз?

  2. Педагогиканың ғылым ретіндегі ілгерідаму (прогресін) не анықтайды?

  3. Педагогика ғылымының дамуы және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері қандай?

  4. Педагогика әдіснамасының мәні неде?

  5. Әдіснамалық білімнің деңгейлерін атаңыз, олардың педагогикадағы спецификасын көрсетіңіз?

  6. Педагогика ғылымы - әдіснаманың іс-әрекеттің теориясы мен практикасын дамытудағы маңызы қандай?

  7. Неліктен педагогиканың жаңа әдіснамасын жасау қажеттілігі туындайды?

  8. Білім берудің гуманистік философиясының мәні неде?

2 дәріс тақырыбы:Мұғалімдерді кәсіби даярлаудың педагогикалық теориясы


Жоспары:

  1. Мұғалімдерді кәсіби даярлау, оның көрсеткіштері

  2. Мұғалімге койылатын талаптар

  3. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдары.

Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары жоғары білікті маман даярлаудың жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Осы орайда студенттерге жоғары білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа бағытта және жаңа әдістерді пайдалана отырып білім беру үлкен маңызға ие. Жоғары білімнің сапасы дегеніміз – жоғары оқу орнының қызмет бөліктерінің барлық қырларын қамти отырып оның негізгі сипаттамаларын анықтап беретін көпжақты ұғым. Осы ретте оқу процесінің сапасын қамтамасыз етуде оқыту әдістерінің атқарар қызметі зор, себебі ол оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін көрсететін фактор болып табылады.
Жоғары оқу орындарындағы оқу – тәрбие процесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселелеріне Н.Д.Хмель, К.С.Успанов, Д.М.Жүсіпәлиева, А.А.Калюжный, С.Т. Каргин, А.А. Молдажанова және тағы басқаларының еңбектері арналған [2;7]. Бұл ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық іс – әрекеттің құрылымы, кәсіби даярлау жүйесінде және тәлімгерлік жұмысының барысында болашақ мұғалімдердің кәсіби жағынан маңызды сапаларының қалыптасу жолдары айқындалып, педагогикалық жоғары оқу орындарының тәжірибесі сарапталған, кәсіби – педагогикалық бағдарлау жұмысы жүйеленген.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесінің маңызды көрсеткіші - оның шығармашылық сапасы, шығармашылық даралығы, тек қана орындаушы болып қалмай, өз ойы бар, пікірі бар, бастама көтере білетін, жаңалыққа құштар іскерлік субъектісі бола алуы. Болашақ мұғалімді шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру – ұзақ және күрделі процесс. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалім өзінің «педагогикалық көзқарасын» қалыптастырып, іскерлік қабілетін айқындайды.
Біртұтас педагогикалық процесте болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесі ерекше орын алады. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесінде іс - әрекет, тұлға, таным ілімдері әдіснамалық негіз болды. Себебі іс - әрекет барысында жеке тұлғаның танымдық және тұлғалық қасиеттері дамиды.
ЖОО-ғы болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы оқу жылдары кезінде кәсіби шеберлікке мақсатты даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке дайындаумен тікелей астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени (өмірге көзқарас), методологиялық (психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруін қамтамасыз етеді.
Болашақ мүғалімнің кәсіби бейімделу аясына негізінен мыналар кіреді: кәсіби бағдар, кәсіпке дайындық, кәсіби орнығу, мамандық бойынша студенттердің білім алу ерекшеліктері, еңбек жағдайлары. Бірақ, әр түрлі бейімделу түрлері маманның қалыптасуына әр түрлі әсер етеді. Оның ең негізгісі кәсіпке бейімделу болып табылады.
2. Болашақ мұғалімдерге қойылатын қазіргі заманғы талап тек таңдап алған мамандығы бойынша білімі бар мамандарды ғана емес, сондай-ақ еңбекті автоматтандыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға қабілетті мамандарды талап етеді. Оқу үдерісін ұйымдастыруда заманауи білім беру технологияларын қолдану қазіргі оқыту әдістерінің ерекше белгісі болып табылады. Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта өрбуі, білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қамтамасыз ету арқылы ұлттық, мемлекеттік саяси, экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жоғары дәрежелі мамандарды даярлауды талап етеді 
Танымдық іс - әрекет – жеке тұлғаның білімге деген өте белсенді ақыл – ой әрекеті. Мектеп оқушылары мен студенттердің танымдық іс - әрекетін жетілдіру проблемасына педагогтар, психологтар ерекше мән берген. Танымдық іс - әрекет студент жеке тұлғасының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ол күрделі процесс болғандықтан, оқытушы мен студенттердің бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Егер педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми білімді жүйелі түрде баяндауға, тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш – жігерін жұмсайтын болса, студенттер білімді терең мағынада қабылдап, меңгеруге, өздігінен ізденіп, білімін толықтыруға байланысты белсенді түрде іс - әрекет жасауға үйренеді. Болашақ мұғалімдедің оқу поцесіндегі іс - әрекеті оқу – танымдық сипатта болады. Сондықтан оқытудың тиімділігі жалпы алғанда оқытушының оқу процесін студенттің оқу – танымдық іс - әрекеттерінің негізгі заңдылықтарына сәйкес ұйымдастыру шеберлігімен анықталады.
Ресейдің белгілі ғалымдары болашақ мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың бірнеше үлгілерін көрсетеді. Сондай ғылыми пайымдауларды жүйелі қарастыра келе, біз бүгінгі заман талабына сай келетін мынадай модельді ұсынамыз.











Бұл даярлық студенттердің тек қана арнайы ұйымдастырылған оқу – кәсіби іс – әрекеті барысында қалыптасады.


Жоғары білім беру жүйесінде педагог мамандарды кәсіби даярлау, қоғам дамуының маңызды буынын құрайды. Қоғамның және жеке тұлғаның қазіргі заманғы әлеуметтік – экономикалық мәселелері болашақ мұғалімдерді даярлауға күрделі және жан – жақты талаптар қояды. Әсіресе, оқушылардың жалпы білімнің негізін құрайтын және тәрбиелейтін, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін даярлау деңгейіне талап қояды.
Қазіргі кезде, білім берудің негізін әртүрлі ғылыми саланың білімдерін біріктіретін және болашақ мұғалімнің қайта құрушы іс – әрекетіне ғылыми және шығармашылық тұрғыда қарауды қамтамасыз ететін, интеграциялық дайындықты құрайды. Отандық педагогикада гуманитарлық – ғылыми дайындық әрдайым білім беру мазмұнының құрамды бөлігі болады.
3. Педагогикалық шеберлікті қалаптастырудың бірнеше жолдары бар.
Ең алдымен мұғалім жан – жақты білімдар, өмірдіңәр саласынан хабары бар, әр түрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әр түрлі сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс. А.С.Макаренко өзін талантты педагогпін деп есептемеген, бірақ көп еңбектендім, сондықтан шеберлікті меңгердім деген. Осы сөздің байыбына барып қарасақ, шеберліктің негізі еңбекте екен. “Мен – деді А.С. Макаренко 32 жыл жұмыс істедім, ал азды- көпті ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген әрбір мұғалім, жалқау болмаса, шебер болып алады. Ал сіздердің, жас педагогтардың, әрқайсысы біздің ісімізді тастап кетпесе, міндетті түрде шебер бола алады, ал оның шеберлікті қаншалықты меңгеруі - оныңөзінің табандылығына байланысты болмақ”. Әрине, педагогикалық шеберлік бір жылдың ісі емес, ол жылдар өткенде келеді. Педагогикалық стаждыңәрдайым белгілі дәрежеде мұғалімнің кәсіптік шеберлігін сипаттайтыны тегін емес. Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогтік шеберлікті меңгеруге көбіне нәрсе әсер етеді.
Бүгінгі талапқа байланысты мұғалім өз елінің белсенді идеялық сенімді жақтаушысы, өз мемлекетінің аяғынан тік тұрып кетуіне, оның саяси және экономикалық бостандығына, Отанын сүйе білетін жастарды тәрбиелеу қолынан келетін мамандарды айтады. Жақсы мұғалім әрдайым бағдарлама бойынша оқушыларға терең білім беруге болатынын біледі, оның негіздерін өзі оқытатын ғылымның күрделі мәселелерін еркін ажыратады. Сонымен бірге ол өзініңғылыми білімдерін педагогикалық ой елегінен өткізіп оқулық пен бағдарлама материалын әлгі білімдермен толықтырып отыруға да ұмтылады.
Осының бәрі ең алдымен сабақөткізу өнерін меңгеру, сабақтың мазмұнын байыту үшін керек. Оқушылар білімпаз мұғалімді, өз ісінің маманын, өз пәнін білетін, оны әр тереңдікте зерттей жүретін мұғалімді әрдайым өте жоғары бағалайды. Мұғалімнің ой - өрісінің кең болуының ерекше мәні бар. Шеберлікті көтерудің жолы - озат – мұғалімдердің, іс – тәжірибелерін, олардың ойларын – оқыту мен тәрбиені жетілдірудің басты көздерінің бірі. /Ш.А.Амонашвили, И.П. Иванов, В.Ф. Амонашвили “Как живете, дети?” 1986 г., В.Ф. Шаталов “Точка опоры”, 1987 г., И.П.Волков “Приобщение школьника к творчеству”, 1982 г./.
Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегі ең басты құралдардың бірі. Егер мұғалім қалайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылық пен шындыққа сүйеніп дәлелдей білсе, оқушы оның мәдениеттілігін, қамқорлығын, сөзініңәсерлілігін бірден сезе бастайды. Оқушы өзініңқателігін мойындап, ойланбай істеген қылығын өзі талдап қорытынды шығаруға мәжбүр болады.
Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такт. Педагогикалық такт деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.
Ықпал – оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі. Мұғалім қайда болмасын тек оқушылар үшін ғана емес бүкіл жұртшылықүшін үлгі - өнеге. Ол әр кез көпшіліктің бақылауында болады.
¤зін - өзі үйлесімді ұстай білетін, ілтипатты, қарапайым, әділетті болуы да – тактыға жатады. Әділетті ұстазды бала әр кезде бағалап, сыйлайды, үлгі тұтады. Ол бала жүрегіне жол тапқан үнемі ұмтылатын педагогикалық істің шебері.
Педагогикалық ашу – ыза. А.С.Макаренко ашу – ызаны дидактикалық тұрғыдан түсіну керек деп есептеді. Шебер педагог ызаланатын болады, бірақ оның мұнысы ешқандай педагогикаға қарсы формаларда көрінбейді. Мұныңөзі оның нағыз адамгершілікке толы сезімінің көрінісі болады.
Шебер педагог ызаны қашан басып, қашан ызылану керек екенін біледі.

3 дәріс тақырыбы:Педагогика пәні, оның негізгі категориялары






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет