Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультет
5В040500 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған
«Қазақ әдебиетінің тарихы»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 77.18.4/19
|
|
БЕКІТЕМІН
ГП факультетінің деканы
_________ Ж.Т.Сарбалаев
« ___» ___________2013 жыл
|
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Муталиева Р.М.
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В040500 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған
«Қазақ әдебиетінің тарихы»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2013ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2013ж. «___»____________№_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі __________ Жүсіпов Н.Қ. 2013ж. «____» ________
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2013ж. «_____»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы ___________ Ксембаева С.К. 2013ж. «_____»_______
1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы «Қазақ әдебиетінің тарихы»
Кредит саны мен оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 3
Семестр: 6
Аудиториялық сабақтар – 45 сағат
Дәрістер – 30 сағат
Тәжірибелік – 15 сағат
СОӨЖ – 22,5
Соның ішінде СӨЖ – 90
Еңбек сыйымдылығы барлығы – 135 сағат
Бақылау формасы
Емтихан – 6 семестр
Пререквизиттер
Постреквизиттер
2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Аты-жөні: Муталиева Раушан Мамырқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: гуманит. ғыл. магистрі, аға оқытушы
«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет
2 Пәні, мақсаты мен міндеттері
Пән: «Қазақ әдебиетінің тарихы»
«Қазақ әдебиетінің тарихы» пәнін жоғары мектепте оқытудың негізгі мақсаты – маман әдебиетші дайындау, оның жалпы қазақ әдебиеті туралы ғылымды жүйелі түрде меңгеру, игеру міндетімен сабақтас.
Пәнді оқыту мақсаты:
«Қазақ әдебиетінің тарихы» - ұлттық сөз өнері тарихының барлық кезеңін қамтитын пән. Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық дәстүрден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі әдебиеттің көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі.
Пәннің міндеттері:
- өлеңдерді жанрлық, идеялық, құрылыстық жағынан талдай білуі;
- жекелеген автордың шығармашылық ерекшеліктерін танытуда, ақын-жыраулар өлеңдерін жатқа білу, прозалық шығармаларды талдай білу;
- образдар жүйесіне талдау жасай білу;
- шығарманың көркемдік ерекшелігін айқындай білу.
3 Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар
Пәнді оқу нәтижесінде студенттердің:
- Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулардың шығармаларының мәтіндерімен таныс болу;
- ақын-жазушылар шығармаларының көркемдік ерекшелігін талдай білуі тиіс;
- ақын-жазушылар шығармаларының образдар жүйесін талдай білуі тиіс;
- ақын-жазушылар шығармаларының идеясын аша білуі тиіс.;
- ақындар өлеңдерін жатқа білуі тиіс.
- cтуденттер тақырып таңдау, материал жинау, конспекті жазуды меңгере білуі;
- ақын-жазушылар шығармаларын ажырата алу;
- ақын-жазушылар шығармаларының идеялық, эстетикалық мазмұнын аша білу;
- ақын-жазушылар шығармаларынталдаудағы оның табиғатын білуі;
- ақын-жыраулардың шығармаларын идеялық-көркемдік тұрғыда талдай білу;
- ақын-жыраулар өлеңдерін жатқа білу.
5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
Пәннің тақырыптық жоспары
|
№
|
Тақырып
|
Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны
|
дәріс
|
Пр
|
Зерт
|
Студ
|
жеке
|
СӨЖ
|
1.
|
Орхон жазуындағы жәдігерліктер
|
1
|
1
|
|
|
|
5
|
2.
|
Қорқыт ата кітабы. Оғыз-наме(«Оғыз-қаған» эпосы)
|
1
|
|
|
|
5
|
3.
|
Әбу-Насыр әл-Фараби(870-950)
|
1
|
|
|
|
5
|
4
|
М.Қашғари «Диуани лұғат ат- түрк(Түркі сөздерінің жинағы»).
Ж.Баласағұн. Құтты білік.
|
1
|
|
|
|
5
|
5
|
А.Иүгінеки. «Хибатул-Хақайық» («Ақиқат сыйы»). А.Яссауи «Диуани хикмат» («Даналық кітабы»). Рабғузи. «Қиссас-ул-әнбия»
|
1
|
1
|
|
|
|
5
|
6
|
Жыраулар поэзиясы. Бұқар жырау.
|
1
|
1
|
|
|
|
7
|
7
|
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Абай. Махамбет. Ыбырай. Зар заман ақындары: Дулат, Мұрат, Шортанбай.
|
1
|
|
|
|
5
|
8
|
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, Шәкәрім шығармалары
|
1
|
1
|
|
|
|
6
|
9
|
М.Жұмабаев
|
1
|
1
|
|
|
|
5
|
10
|
Ж.Аймауытов
|
1
|
|
|
|
5
|
11
|
С.Сейфуллин
|
1
|
2
|
|
|
|
5
|
12
|
Б.Майлин
|
2
|
|
|
|
5
|
13
|
І.Жансүгіров
|
1
|
|
|
|
5
|
14
|
М.Әуезов
|
7
|
4
|
|
|
|
5
|
15
|
Ғ.Мүсірепов
|
3
|
1
|
|
|
|
2
|
16
|
С.Мұқанов
|
1
|
1
|
|
|
|
1
|
17
|
Ә.Нұрпейісов
|
2
|
1
|
|
|
2
|
18
|
Қ.Аманжолов
|
1
|
1
|
|
|
|
2
|
19
|
М.Мақатаев
|
1
|
|
|
5
|
20
|
О.Бөкей
|
1
|
1
|
|
|
|
5
|
Барлығы: 135 (3 кредит)
|
30
|
15
|
|
|
|
90
|
6 Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Орхон жазуындағы жәдігерліктер
Жоспар:
1. Орхон-енисей ескерткіштері
2. Күлтегін жыры
3. Тоныкөк жыры
1. «Орхон»немесе «руна» деп аталатын жазулар. Ежелгі түріктердің наным-сенімдері, исламға дейінгі діни ұғым-түсініктер. Табыну; Көк тәңірі, Жер тәңірі, Ұмай-ана.
2. Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін батыр (684-731ж), оның ағасы елбасы Білге қаған (683-734ж)
3. Білге қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
«Күлтегін» жырының көркемдік ерекшелігі
Жоспар:
1. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларының көркемдік ерекшелігі.
2. Тасқа жазылған дастандардың компазициялық құрылысы.
3. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы.
1. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларында жиі қолданылатын теңеу, метафора, аллегория, гипербола, эпитет, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер туралы.
2. Тасқа жазылған дастандардың компазициялық құрылысы. Автор ойының циклдық жүйе арқылы берілуі. Ежелгі түркі позициясының өзіндік әдеби дәстүрі.
3. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.
2-тақырып. Қорқыт ата кітабы
Жоспар:
1. Қорқыт ата кітабы.
2. Тасқа жазылған дастандардың композициялық құрылысы.
3. Қорқыт ата мұрасының зерттелуі.
Қорқыт ата кітабы («Китаби дедем Коркуд»).
«Қорқыт ата кітабы» - оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші. Қорқыт атаның сыйқырлы күйлері.
2. Қорқыт атаның өсиеттері, ғибрат сөздері, мақал-мәтелдері. «Қорқыт ата кітабын» зерттеуші, тәржімелеуші Еуропа және орыс ғалымдары.
3. Қорқыт ата мұрасын зерттеу, қазақ тіліне аудару ісіне қазақ ғалымдарының қосқан үлесі.
Ұсынылатын әдебиет: [5], 1-22 беттер; [6], 1-47 беттер.
Оғыз-наме («Оғыз-қаған» эпосы)
Жоспар:
1. «Оғыз-наме» эпосы.
2. «Оғыз-наме» эпосының нұсқалары.
3. «Оғыз-наме» эпосының зерттелуі.
4. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобланды батыр» жырының ұқсастығы.
1. «Оғыз-наме» эпосының қаһармандары - Оғыз қаған, оның балалары, Ұлы Түрік, Алтын Қаған, Урум қаған, Урус бек, Сақлаб, Ұлы Орда бек, Қағарлық ер, Темір Қағұл Жосун ер, Көк Бөрі, т.б.
2. «Оғыз-наме»эпосының нұсқалары.Ұйғыр әрпімен және араб әрпімен жазылған нұсқалары.
3. «Оғыз қаған» еңбегін қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан тұңғыш зерттеуші Қ.Өмірәлиевтің ғылыми еңбектері.
4. «Оғыз-наме» эпосы мен және қазақ әдебиеті. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер. Эпостың тілі, көркемдеу әдістері.
Ұсынылатын әдебиет: [7], 31-42 беттер; [8], 81-87 беттер.
3-тақырып. Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950)
Жоспар:
1. әл-Фарабидің ғылыми зерттеу еңбектері.
2. «Қайырымды қала тұрғындары», «Бақытқа жету жайында» трактаттарының әдеби мәні.
1. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану,музыка,т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері.
2. Философиялық трактаттары; «Қайырымды қала тұрғындары», «Бақытқа жету жайында», «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме», т.б.
Ұсынылатын әдебиет: [2], 231-239 беттер; [4], 1-47 беттер.
4-тақырып. М.Қашғари «Диуани лұғат ат-түрк (Түркі сөздерінің жинағы»)
Жоспар:
1. «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігінің әдеби мәні, зерттелуі.
2. Сөздіктегі мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары.
3. Сөздіктегі табиғат туралы, аңшылық жайындағы өлең-жырлар.
1. «Диуани лұғат ат-түрік» - түрікше-арабша түсіндірме сөздік.Қазіргі түркі тілді халықтардың барлығына ортақ мұра.
2. «Диуани лұғат ат-түрік» - тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне,т.б. қатысты бағалы деректері мол жинақ.
3. Табиғат туралы өлең-жырлар. Алғауыщқы қауымда тіршілік еткен адамдардың ерекше назар аударған нәрсесі – табиғат құбылыстары болды. Ежелгі дәуір адамдарының табиғатқа жас баладай қызығып, тамсанып қарайтынын мына өлең жолдардан көреміз: «Қар, мұз еріді, тау суы аға бастады. Көгілдір бұлт көтерілді, ол суда жүзген қайықтай аспанда жүзіп бара жатты. Бұлттар ойнай бастады. Сарқырап сел ақты. Бұған жұрттың бәрі абыржып қалды. Найзағай ойнап, күннің күркіреген үрейлі даусы естілді».
Сөздіктегі жаз бен қыстың айтысы туралы мәлімет беру.
Аңшылық жайындағы өлеңдер. Алғашқы қауым адамының тіршілік көзі – аңшылық болған. Бертін келе мал шаруашылығы мен егіншілік те адамның күн көріс кәсібіне айналды. Махмұт Қашқаридің түркі сөздерінің жинағы арқылы юізге жеткен алғашқы қауцым адамадарының еңбек жөніндегі өлең-жырлары – сол дәуір адамдарының аңшылық, егіншілік және мал өсіру саласындағы өмірлік, еңбек процесі, тайпа мүшелерінің қауымдасқан тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін шығарма екендігі.
Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [8], 1-47 беттер.
Ж. Баласағұн «Құтадғу біліг (Құтты білік»)
Жоспар:
1. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының зерттелуі, нұсқалары.
2. Дастанның сюжеті, құрылысы.
3. «Құтты біліктегі» «ақыл», «білім», «әдептілік», «тәлім-тәрбие» туралы.
1. «Құтты білік» дастанының негізгі идеясының мемлекетті дұрыс басқару мәселесі екендігі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылғаны: әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат.
2.«Құтты білік» - дидактикалық дастан. Төрт принциптің символы ретінде көрінетін төрт қаһарманы: Күнтуды патша, уәзірі Айтолды, уәзірдің баласы Ұғділміш, дәруіш Одгурміш.
3. Дастанда оқу-білім, ғылым мәселелріне арналған арнайы тараулар бар. Сонымен бірге, ақын мемлекет, қоғам, ел басқарған әкімдер, мораль, этика, т.б. мәселелрге арналған тараулары да білімнің күш-құдыретін ардақтап, ғалымдарды көкке көтере мадақтайды.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-22 беттер; [7], 58-77 беттер.
5-тақырып. А.Иүгінеки. «Хибатул-Хақайық» («Ақиқат сыйы»)
Жоспар:
1. А.Иүгінеки. «Хибатул-Хақайық» («Ақиқат сыйы») дастанының зерттелуі, нұсқалары.
2. Дастанның көркемдік ерекшелігі.
3. Дастанның негізгі тарауларының тақырыптық атаулары.
1.«Ақиқат сыйы» - дидактикалық сарында жазылған шығарма. Компазициялық құрылысы, идеялық мазмұны. Қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық, әдептілік, тілді тыйып ұстау, жомарттық, мейірімділік, ізгі қасиеттер туралы.
2. «Ақиқат сыйы» - әрбір сөзді ажарлап, құбылтып та шебер пайдалана білетін сөз зергері. Дастан негізінен дидактикалық сарындағы ақыл, өсиет, уағыз, ғибрат сөздерден тұрады. Ақын өзі хикаялап отырған құбылыстың ерекше белгілерін ажарлап, оған үстеме мағына беріп,көркіне көрік қосып суреттеу үшін теңеу әдісін кеңінен қолданады.
3. Дастанның негізгі тарауларының тақырыптық атаулары: «Бұл кітаптың жазылу себебі мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы», «Тілді тыю - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы.
Ұсынылатын әдебиет: [5], 76-83 беттер; [7], 89-95 беттер.
А. Яссауи «Диуани хикмат» («Даналық кітабы»)
Жоспар:
1. «Диуани хикмат» дастанының зерттелуі, нұсқалары.
2. Дастанның көркемдік ерекшелігі.
3. С.Бақырғанидың «Бақырғани кітабы».
1. «Диуани хикмат» - исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы.
2. «Даналық кітабы» адамзатты туыстыққа, бауырмалдыққа, ізгілікке, имандылыққа шақырып, мұсылман дінінің қағида шарттарын, Алланы танудың жолдарын баяндайды. «Диуани хикматтың» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы.
3. Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы».
«Бақырғани кітабының» негізгі идеясы - сопылық дәстүрді мадақтау, адамгершілікке, адалдыққа,бауымалдыққа үндеу. Гуманистік ой-пікірді ислам діні қағидалары тұрғысынан баяндау. «Бақырғани кітабының» қазақша аударылуы (Б.Сағындықов).
Ұсынылатын әдебиет: [8], 69-73 беттер; [9], 76-88 беттер.
Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары», «Кодекс куманикус» жинағы.
Жоспар:
1. «Рабғузи қиссалары».
2. «Кодекс куманикус» сөздігі.
1. Рабғузи –Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310 ж.) - табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы, халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана,Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар, өлең-жырлар жинағы.
2. «Кодекс Куманикус» – кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ. «Кодекс Куманикустің» (1303 ж.) екі бөлімнен тұратындығы. 1-бөлім - латынша, парсыша, куманша сөздік. «Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар, христиан аңыздарынан алынған түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі, Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар.
Ұсынылатын әдебиет: [8], 96-110 беттер; [10], 201-209 беттер.
6-тақырып. Жыраулар поэзиясы. Бұқар жырау
Жоспар:
1. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің зерттелуі.
2. Асан қайғы өмірі, шығармашылығы, толғаулары.
3. Қазтуған жырау шығармашылығы.
1. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы. ХҮІ ғ. қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғаюы. Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолының» жасалуы. ХҮІ ғ. екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі.
2. Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы ХІҮ-ХҮ ғғ.) өмірі туралы мәлімет. Аңызға айналған данышпан. Аңыздардағы қиял мен тарихи шындықтың көрінісі. «Жерұйық» идеясының көрініс табуы. Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері, дидактикалық сарын. Әз Жәнібек ханға айтқан арнау-толғаулары. Болжалдық сарын. («Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Қилы-қилы заман болмай ма» тирадасы).
3. Қазтуған жырау шығармашылығы.
Қ. Сүйіншіұлы – қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. «Бұдырайған екғ шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. Жыраудың толғауларындағы суреттеулер мен образдар.
Қазтуған – жорықшы, жауынгер жырауға Мұрат ақын «Қазтуған» деген жыр арнаған. Мұнда Қазтуған бейнесі жауынгер – жыраудың көшпенділер тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге баламалануы.
Ұсынылатын әдебиет: [11], 61-82 беттер; [12], 19-27 беттер.
ХҮІ ғ. қазақ әдебиеті. Доспамбет жырау. Шалкиіз жырау.
Жоспар:
1. Доспамбет жырау шығармашылығы.
2. Шалкиіз арнау толғаулары.
1. Қазақ хандығының құрылу кезеңінде өмір сүрген, ұлттық әдебиеттің қалыптасуында көрнекті рөл атқарған – Доспамбет жырау. Жыраудың өмірінен мәлімет. Жырау толғауларының басты идеясы – ерлікті, батырлықты дәріптеу. Елді-жерді қорғау міндеті, майданда шаһит кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы («Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық», «Сере, сере, сере қар»). Доспамбет жырау толғауларында билеуші қауымның салтанатты өмір-тұрмысының жырлануы. Өз заманының белді өкілі болған Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы. («Тоғай, тоғай, тоғай су»), дүниенің өткіншілігі, адам өмірі туралы ой толғаныстарының жырлануы.
2. Ш.Тіленшіұлы (1456-1560) – қазақ поэзиясында философиялық бағыттың негізін салушы, жаңашыл жырау. Жыраудың өмірбаяны. Шалкиіз - әскербасы, батыр. Поэзиясы – белгілі дәрежеде жаугершілік поэзия, рухы – ерлік. Ұрыс даласындағы батырдың қимыл-қозғалысын жанды суреттер арқылы жеткізу, батыр бейнесінің статикалық күйде сомдалу үлгілері. Би Темірге арналған толғаулары («Аспанды бұлт құрсайды», «Қара бас күспен шалдырып»). Арнау-толғауларындағы заман тынысы, хан мен жырау қарым-қатынасы. Шалкиіздің ақындық шеберлігін танытатын көркемдік тәсілдер. Жырау шығармашылығының зерттелуі.
Ұсынылатын әдебиет: [13], 81-96 беттер; [14], 89-110 беттер.
ХҮІІ ғ. қазақ әдебиеті. Жиембет жырау Марғасқа жырау.
Жоспар:
1. Жиембет Бортоғашұлы толғаулары.
2. Марғасқаның «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» толғауының шығу тарихы.
1. Қазақ әдебиеті тарихында ХҮІІғ. әдебиетінен қалған нұсқалар өткен дәуірмен салыстырғанда біршама аз. Бұл кезеңдегі поэзияның ірі өкілі – Жиембет жырау және жалғыз толғауы ғана сақталып жеткен – Марғасқа жырау. Жыраулардың шығармашылық өмірбаяны Есім ханмен байланысты.
Жиембет Бортоғашұлы (ХҮІІ ғасыр) – Есім ханның әскербасы батырларының бірі әрі жорықшы жырауы, қабырғалы биі. Жырау өмірінен мәлімет берер аңыз әңгімелер. Жиембеттен қалған елеулі мұра – Есім ханға арналған толғаулары. Арнау-толғауларындағы Жиембеттің хан мен халық алдындағы үлкен еңбегі, жоғары беделді көрініс табуы. Арнау-толғауларында билеуші мен жырау арасындағы қайшылықтардың суреттелуі және хан дәрменсіздігінің әшкереленуі, толғаудың сыншылдық сипаты.
2. Марғасқа жырау (ХҮІІ ғасыр) – Есім ханның батырларының бірі, жырау. Өткір тілді, суырып салма өнердің шебері. Марғасқа жырау – ерлікті, беріктікті жырлаушы. «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» толғауының шығу тарихы.
Ұсынылатын әдебиет: [13], 56-68 беттер; [14], 96-123 беттер.
ХҮІІІ ғ. қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау. Үмбетей жырау. Тәтіқара Шал ақын. Бұқар жырау. Көтеш ақын.
Жоспар:
1. Ақтамберді жырау толғаулары.
2. Үмбетей жырау толғаулары.
3. Тәтіқара толғаулары.
4. Шал ақын толғаулары.
5. Бұқар жырау толғаулары.
6. Көтеш ақын өлеңдері.
1. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының саяси-экономикалық даму жағдайы. ХҮІІІ ғасырдың қазақ қоғамының тарихында аса бір қиын да күрделі кезең болғаны, осы кезеңдегі қазақтар иен жоңғар қалмақтары арасындағы соғыстар.
ХҮІІІ ғасыр поэзиясында жыраулық дәстүрдің одан әрі дамуы және ақындық поэзияның алғашқы өкілдерінің шығуы. Жыраулық поэзиясының тақырыптық, көркемдік жағынан толығуы. Адам образының жасалуы, тарихи тұлғалар бейнесінің жырлануы. Ақындар поэзиясының ең көрнекті өкілдері – Көтеш және Шал ақындардың шығармашылығы.
Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) – жоңғарларға қарсы күрес дәуірінде қол бастаған батыр, жортуыл жыршысы. Жыраудың өмірінен мәлімет. Ең қиын кезеңде өмір сүрген Ақтамбердінің жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы болғаны. Толғауларындағы басты сарын - ерлікке, батырлыққа шақыру. Жыраудың «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы.
2. Үмбетей (1706-1775) -өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін жырлаған үлкен тынысты жырау. Үмбетей жырау толғауларында ел тұрмысындағы маңызды мәселелер, батырлардың ерлігі мадақталып,жырлануы. Үмбетей –Абылай және ХҮІІІ ғ батырлары жайындағы жырларды туғызушылардың бірі. Жырау толғауларында ел, жер тарихы туралы деректердің берілуі.Үмбетейдің даңқын шығарған «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту». Толғаулары. Жырау шығармашылығындағы жоңғарға күрестің қаһарманы, атақты қолбасшы Бөгембай образының жасалуы.
3. Тәтіқара ақын - қазақ халқының тарихында сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, жауынгер ақын. Тәтіқара ақынның Абылай ханның жортуыл жыршысы болуы.Ақын өмірінен деректер. «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы ерлердің рухын көтеру, жігерлендіру үшін айтылғаны. Абылайға арналған «Кебеже қарын , кең құрсақ» өлеңіндегі ақынның турашылдығы.
4. Шал (Тілеуке) Құлекеұлы- жыраулық поэзия үлгісінен өзгешелеу, жаңа типтегі ақын. Шал ақынның өмірінен мәлімет. Ақынның жазбаша сауаты болғандығы, өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері: этика, мораль мәселелері. Кедейлік, адам өмірінің кәрілік, жастық кезеңдері. Ақын поэзиясында әйел тақырыбының ерекше жырлануы, шығармаларының сатиралық сипаты. Шал өлеңдеріндегі лирикалық поэзия үлгілерінің кездесуі.
5. Бұхар жырау Қалқаманұлы (1668 -1781) – қазақ жыраулар поэзиясының алыбы. Абылай ханның кеңесшісі, ақылгөй биі. Бұхар жырау – қазақ халқының ынтымағын, бірлігін ту етіп көтерген ұлы тұлға, кемеңгер жырау. Жыраудың өмірі туралы мәлімет. Бұхар жырлары жыраулық дәстүрдің жалғасындай болғанмен, әлеуметтік- саяси мазмұны мен тақырыбы, көркемдігі жағынан өзіндік ерекшелігімен дараланады. Жырау шығармашылығын тақырыптық ерекшеліктеріне қарай: адамгершілік-имандылық тәрбиесін жырлайтын насихат толғаулар, ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар, Абылай ханға арналған толғаулар, отаршылдыққа байланысты туған болжал толғаулар деп топтастырып қарастыру. Бұхардың өзіндік шеберлігі .
6. Көтеш ақын (1745-1818) – жоңғарларға қарсы күресті жырлаған жауынгер ақын. Ақынның тұрмыс, кедейлік мәселелерін жырлаған толғау жырлары. «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің», «Күркелінің бауыры күнде дауыл», «Арқа Ойылдың құба жон түсер қатар» т.б. өлеңдері.
Ұсынылатын әдебиет: [13], 98-119 беттер; [14], 76-93 беттер.
7-тақырып ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Жоспар:
1. Абай Құнанбаев поэзиясы
2. Махамбет өлеңдері
3. Ыбырай әңгімелері
4. Зар заман ақындары
1. Абай өлеңдерін хатқа түсіру. Ә.Бөкейхановтың Абай мұрасына қатысты қолжазбалары. Кәкітай Ысқақұлы мен Тұрағұл Абайұлының Абай шығармаларын бастыруы. 1909 жылғы «Абай» жинағының құрылымы.
Абайдың 1922 жылғы Қазан, Ташкент басылымдары. 1933,1945,1955 жылғы жинақтары. М.Әуезовтің Абай өлеңдерін жинауы, толықтыруы. Абай қарасөздерінің басылымы.Абай шығармаларының кейінгі басылымдары.
Абайдың 1916 жылғы «Абай термесі» басылымы туралы тың деректер. Абай шығармаларының текстологиясы.
Абайтану ілімінің қалыптасып, дамуы және қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері.
Абай ақындығы туралы ХІХ ғасыр соңындағы, ХХ ғасыр басындағы тұжырымдар. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов Абай туралы. А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» (1913) мақаласы. «Абай» журналы. 20 жылдардағы Абай ақындығы төңірегіндегі айтыстар. Ғ.Тоғжанов, І.Қабылов, І.Жансүгіров, Ғ.Сағди, Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, Ы.Мұстамбаев, Б.Кенжебаев, т.б. Абай туралы.
Қ.Жұбановтың отызыншы жылдары жазылған «Абай қазақ әдебиетінің классигі» мақаласының Абайтанудағы орны.
М.Әуезов және абайтану. С.Мұқановтың абайтанудағы зерттеулері. Қ.Жұмалиевтің Абай поэзиясының тілін, жаңа түрін зерттеуі.
З.Ахметов – абайтанушы. З.Қабдоловтың Абай ақындығын зерттеуі. С.Қирабаев, Т.Кәкішев, М.Мырзахметов, А.Нұрқатов, Ш.Ысмағұлов, т.б. ғалымдардың абайтанудағы еңбектері.
Академик А.Жұбановтың Абайдың ән өлеңдері жайлы тұжырымдары. Тілші ғалымдар Қ.Өмірәлиев пен Р.Сыздықованың Абайдың тіл кестесін зерттеуі. Абайдың өлең құрылысын өлең теориясы тұрғысынан зерттеуі, жетілдіру. Абайтанудың өзекті мәселелері. Абай шығармаларының жанрын, оның ақындық мәселесімен, Абай ақындығының арғы арналарымен сабақтастықта зерттеу міндеттері,т.б.
Абай ақындығының айналасы. Абайдың алдындағы қазақ поэзиясы. Ол үйренген ақындық мектеп. Дулат және Абай. Абай және шығыс. Абайдың өлең құрылысына, ақындық әлеміне Шығыс әсері. Абайдың қазақ өлеңіне Европа үлгісін енгізуі. Абай және орыстың классикалық әдебиеті. Абайтанудағы Абай ақындығының айналасы, Абайдың ақындық мектебі. Абайдың ақындық дәстүрі ұғымдарын айқындай, ажырата түсу қажеттігі. Осы орайдағы М.Әуезов, Ғ.Сағди, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов, А. Нұрқатов,М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдардың пікір-түйіндері.
Абай поэзиясының жанрлық қырлары. Өлең құрылысы. Сөз өрнегі.
Абайдың әлеуметтік, көңіл-күй лирикасы. Абайдың поэмалары. Нәзира дәстүрі және Абай. Абайдың қарасөздері.Арнау өлеңдері. Абай шығармаларының сатиралық қыры. Абайдың ән өлеңдері. Шешендік толғам, афоризмдері. Абайдың орыс әдебиетінен аудармалары. Абай өлеңдеріндегі ұйқас, буын, ырғақ. Абай поэзиясындағы ғаруз ұйқасы үлгісіндегі өлеңдер.
Абай қазақ өлеңіне әкелді деген жаңалықтардың ортағасырлық, жыраулық поэзиямен байланыс, сабақтастығы.
Абайдың ән өлеңдерінің құрылым үлгісі. Абай поэзиясына орыс, батыс әдебиетінен енген үрдіс. Абайдың қазақ өлеңіне енгізген жаңалық, өзгешелігі туралы А.Байтұрсынов, Ғ.Сағди, І.Жансүгіров, М.Әуезов,С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдардың пікірлері.
Абайдағы алты буынды, сегіз буынды өлеңдер туралы Қ.Жұмалиев тұжырымдары.
Абай және қазақтың жазба әдеби тілі. Абайдағы сөзжасам. Абайдың фразеологизмі. Абай өлеңдеріндегі сөздердің орын тәртібі. Сөз құбылту, сөз ойнату тәсілдері. Абай шығармаларының тілін арнайы зерттеудегі Қ.Жұмалиев еңбегі. Абай поэзиясының тіл кестесін ғылыми негіздеудегі Р.Сыздықованың еңбегі.
Абайдың қарасөздері. Абайдағы дін, дүниетаным жайы. Абайдың қарасөздерге келу жайы. Абайдағы исламның ғылыми негіздерін ұғындыру.
Абай шығармаларындағы «Махаббатпен жаратқан адамзаттың», «Алланы сүю», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың «мені» мен «менікінің», жан мен тән жайлы өлеңдері мен қарасөздері. Абайдың 13,38 қарасөздеріндегі дін жайы. Абайдың дүниеге көзқарасына орта ғасырдағы түрік әдебиетінің ықпалы.
2. 1.Махамбет 1803 жылы қазіргі Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарына қарасты Нарын құмында туған. Шыққан ортасы – шағын шаруа.Бірақ бір ағасы –Бекмұхамбет хан сарайына жақын, Жәңгір ханның сенімді биі болған. Ол хан жағында болып көтеріліске қарсы күрескен. Ал Махамбеттің басқа ағайындары көтеріліс жағын жақтап, жау қолынан қаза тапқан.
19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихында Махамбет пен Абай шығармашылығы өзінше бөлек үлкен бір бел.Абай 19ғ. екінші жартысындағы қазақ өмірінің шындығын поэтикалық өрнекке бөлей білген кемеңгер ақын болса, Махамбет 19ғ.алғашқы жартысында өмір сүріп, сол кезеңнің зор дүбірлі тарихи оқиғасының жалынды жыршысы болды. Абай әлеуметтік қайшылықтарды негізінен оқу, тәлім-тәрбие жолымен шешуді қолдаған ағартушы-гуманист болса, Махамбет – бұл мәселеде шаруалар қозғалысына сүйенген жауынгер, күрескер ақын.
Махамбеттің көтеріліске дейінгі өмірі мен ақындық қызметі әлі жете зерттелмей келеді. Көпшілікке мәлімі тек оның өзі қатынасқан шаруалар көтерілісі кезінде, өмірінің соңғы жылдарында айтқан өлеңдері мен толғаулары ғана. Бұған қарап, ақын таланты тек көтеріліс кезінде немесе содан кейін туа қалды деген тұжырым жасауға болмайды. Кейбір қарттардың айтуы бойынша, Махамбет көтеріліске дейін де айтысқа түсіп жүріпті.Бір жиында ханның белгілі ақыны Байтоқты сөзден жығып, жеңіп кетіпті. Жиылған жұрт Махамбеттің өткірлігі мен тапқырлығына таң қалыпты. Содан кейін хан Махамбетті баласы Зұлқарнайынмен ұстапты.
1925 жылы Халел Досмұхамедұлы жариялаған «Исатай-Махамбет» атты кітаптағы пікірлер бойынша, «Махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің нөкерінде болған екен. Исатай ханға қарсы бола бастағанда-ақ Исатайға еріп кеткен. Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы; өте қызулы адам екен». Халел Досмұхамедұлының «Аламан» кітабында Исатай мен Махамбет көтерілісінің шығу тарихын егжей-тегжейлі баяндайды.Былай дейді : «Бөкейдің заманында қазақтың алды Сарытауға дейін жайылатын еді.Еділдің бойындағы кең тоғайларды, теңіздің жағасындағы қалың нуларды қазақ емін-еркін қоныстанушы еді. Қонысты қазақтан сақтау үшін, Жәңгірлік саясатын жүргізу үшін, патша үкіметі Еділдің бергі бетіне шапшаңдықпен орыс халқын орната бастады.Иеленген орыстар қазақты Еділдің бойындағы, теңіздің жағасындағы нулардан қуа бастады.Жәңгірдің заманында ел мен ханның арасы айтқандай болып бөлінді. Жәңгір Аштархан губернаторы Андреевскийдің қолында өсті.Орысша, арабша, парсыша жақсы тәрбие алды.
Өткен замандағы арабтың, қызылбастың салтанатты патшалары, орыстың романынан шыққан айбарлы патшалары Жәңгірге үлгі болды. Қазақтың салты, қазақтың тұрмысы, әдет,заңы туралы Жәңгірге тәрбиешілер әрине бір ауыз да сөз айтқан жоқ. Жәңгір өзімшіл, патшашыл, орысшыл, діншіл болып, ел билеу туралы еш нәрсеге үйренбей, қазақтың жайында дым білмейтін болып шықты.
1806 жылы патшаның қазақтікі деп айтқан жерін Жәңгір өзімдікі деп түсінді. Қара халықтың жері ханның мүлкі деген пікірді жүргізді.Төрт жүз мың десятина жақсы жерді ханның үлесі деп жариялады. Көршілес елдер мен қазақтың арасына күшті жанжалдар пайда болды. Жұт көбейді. Ел жарлы бола бастады.Жәңгір қазақты қорғамады, қорғауға әлі де келмеді.Еділ-Жайық бойындағы казак-орыстар қазақтың меншікті жеріне ауыз салды. Қазақ хандарының бұрынғы тұрмысы Жәңгірді қанағаттандырмады.Жәңгірге салтанат, патша тұрмысы керек болды. Салтанат құруға ақша керек. Елге түсетін салық көбейді. Жәңгір зекет алуды шығарды. Зекетті малмен. Алмай, ақшамен алатын болды.Жәңгір хан елден бөлектене бастады. Қасына күзетші қылып орыстан әскер алды.Жәңгір ноғай мүфтиінің қызын алды. Елді ноғай мүфтиіне, ноғай шарғиясына бағындырды. Әдет орнына шариғат жүрді. Жесір дауы, жер дауы секілді қазақтың нағыз әдетпен шешілетін өзара істері шариғат бойынша тергеле бастады.Және де молдалардың көбі, әсіресе әуелгі уақытта қазақтың әдет-ғұрпын білмейтін ноғай, естек, мешер, тәптер, сарт секілді келімсектерден болды. «Надан қазақ», «пасық қазақ», «күпірсің», «ананы істеме», «мынаны істеме» деген үгітті ел ағасы ақсақалдардың, билердің талайы есітті.
3. Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі- проза жанры болды.Оның әңгімелерін үш топқа бөлуге болады: бірі – новелла, екінші тобы – ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, үшінші тобы – шағын көлемді мысал үлгісіндегі әңгімелер.
Оның " Бай баласы мен жарлы баласы", "Қыпшақ Сейітқұл", "Киіз үй мен ағаш үй", "Надандық", "Лұқпан хакім", т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.
"Бай баласы мен жарлы баласы" - Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол, біріншіден, озық ойларының жемісі әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыттайды. Үсеннің іс -әрекеттін жазушы сүйсіне жазады. Асан мен Үсенді салыстыра отырып, олардың адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай бағалайды. Бұл әңгімеден сол дәуірден өмір көріністерін, көшпелі тұрмыстың беймаза тірлігін көреміз. Қазақ энциклопедиясы жазушының бұл әңгімесіне орыстың сол кездегі озық ойлы адамдарының көңіл аударғанын Н.Иванов деген журналистің орыс тіліне аударып, "Родник" журналының 1890 жылғы 6-санында жарияланғанын атап көрсетеді.
Ыбырай Алтынсаринның айтулы шығармасының бірі-"Қыпшақ Сейітқұл". Сейітқұлдың іс-әрекетінен оның өмірге жаңаша талаппен қарайтындығы байқалады. Жер шаруашылығымен айналысуы, бұл кәсіптің тиімді тәсілдерін қолдануы (шығыр салу, арық қазу,т.б), сүйтіп, оның айналасындағылардың орташа тіршілік етуге жетуінің өзі бірліктің, еңбектің нәтижесі екендігін сипаттайды. Әңгіменің тәрбиелік жағы-осындай жаңашылдық бағытында. Сол арқылы қоғамдық құбылыстармен жұртшылықты кеңінен таныстыру мақсаты көзделген.Әрі бұл әңгіме тарихи болған оқиғаның негізінде жазылса керек. Оны автордың өзі атап көрсетеді.
Еңбек тақырыбындағы «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш», «Дүние қалай етсең табылады», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімелері образдылығымен ерекше мәнді, тәлім берер күші мол көркем шығармалар.
4. 1880 жылы Қазанда шыққан «Өсиет нама» кітапқа ақынның біраз өсиеттері мен толғаулары енген. Жалпы көлемі- 800 жолдай. Дулаттың өмірі туралы деректер және оның өлеңдері біздің дәуірде жиналып, зерттеле бастады. Мәселен, ақынның кейбір өлеңдері мен өмірбаяны туралы деректі біз ең алғаш орта мектептің сегізінші класына арналған С.Мұқанов пен Қ.Бекхожиннің 1939 жылғы хрестоматиясынан ұшыратамыз. Онан кейін профессор Қ.Жұмалиев өзінің 1940-1941 жылдары мектеп оқушыларына арнап жазған қазақ әдебиеті оқулығында Дулаттың өмірі мен кейбір шығармаларын талдап, ақын туралы өз қорытындысын жасады. Дулат шығармашығы туралы 1957 жылдан бастап зерттеулер жүргізіліп келді. Сол тұста жазылған кейбір зерттеулеріміз Қазақстан ҒА-ның «Хабарлар» журналының 1959 жылғы үшінші санында, 1960 жылы басылған «Әдеби мұра және оны зерттеу» деген жинақта жарияланды. Және бұрын жарияланбаған «Еспембет» дастаны қалың қауымға табыс етіліп, «Жұлдыз» журналының 1959 жылғы 5-санында басылып шықты.
«Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға», «Қазаққа» арнауларындағы заман күйі, ел мінезі.
Дулат өлеңдерінің қазіргі мөлшері оның басқа замандастарының өлеңдерімен салыстырғанда әлдеқайда мол. Олардың ішінде ұзақ арнау өлеңдер, нақыл-өсиет ретіндегі дидактикалық терме,ертек-аңыз сюжетінде жазылған толғау, бірнеше мысал сөздер бар.Дулат өз елінің тәуелділікке түсуіне наразы. Бұрынығ кезде батырлар бар еді. Олар елін сыртқы жаулардан қорғай алатын еді.Бұл батырлар бар кезде қазаққа ешбір жау- жоңғар да, патша өкіметі де қауіпті емес еді.Енді олар жоқ.Хан, би, барлық әкім біткен әділеттен айрылып, адам бұзылды, енді бұл дүниені өзгертпесе, қазақтың бағы ашылмайды деген қорытынды жасайды.Дулат өлеңдері ойлы, образды. Оның шығармаларында қазақ қауымының сан алуан жағымсыз тобы сомдалған. «Сүлейменге» өлеңінде :
Орыстың көрсе ұлығын
Қыздан дағы қылықты.
Ұлық кетсе қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты.
«Қазаққа» өлеңінде қазақтың бұрынғы Абылай заманындағы өмірі мен кейінгі бодан болған кезін салыстырып былай дейді:
Қазақ деген ғаріп жұрт,
Миығыңды көрсетпей,
Ұстарасыз түсті мұрт.
Ұйқы басып сезбедің
Шырмағанын жаудың сырт.
Кеңес үкіметі кезінде Мұраттың өз басы (бай, би баласы ретінде), шығармашылығы (ұлы халыққа достыққа қарсы, феодалшыл-кертартпа) даулы болып құлыпталады. Мұрат еңбектерінің ең алғаш жинақтарын шығарушы, оған алғысөз жазып, төкпе ақын екенін танытқан Халел Досмұхамбет болатын. Халелдің өзі «Алаш» көшбасшыларының бірі ретінде, халықтың қас жауы боп аталусыз қалды.
Ақын шығармалары 1924 ж. Ташкент қаласында «Мұрат ақын сөздері» деген атпен шықты. Жинақты бастырушы- Х.Досмұхамбетұлы.
Алғысөзінде Х. Досмұхамбетұлы былай дейді: «Екі ғасырдағы патша өкіметінің қазақты әбден бағындырып алып, қазақты көпір қылып, Азияға аттау болды, қазақтың амалы таптайын деп тұрған патша өкіметінен құтылу болды. Дәуірлеп келе жатқан орыс байларының сауда капиталымен жауласам деп, кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды...
Мұраттың өлеңдерінде патша хүкіметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалады. Хүкіметтің жақсы жерлерін тартып алғаны, ел қамын жегендердің қамалғаны, өлтірілгені анық айтылады».
Мұрат заман шындығын ашық сипаттайды:
Әуелі жеңіп орыс елді алды,
Сартау, Астраханның жерін де алды.
Артынып Еділден соң Нарынды алды,
Тоғайдың ағаш, қамыс, талын да алды.
Ар жақтан Қайып алды, Науша қашып,
Тарлықтың сонан бері қаптағаны.
Тәмамді сумен, нумен қоршап ұстап,
Қазақтың мұнан жұтқа шалынғаны.
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Заманның содан бері тарылғаны.
Мұрат шығармашылығының идеялық нысаны- ХІХ ғ. қазақ өлкесінің тарихи шындығы. Осы тұстағы ел-жұрттың жан-жақты күйзелістері, ішкі, сыртқы қайшылықтары, қазақ елінің басына түскен күйзелісі.
Ақын мұралары оның білімділігін көрсетеді. Оның барлық саладағы шығармаларына ортақ сарын- таза халықтық әуен, мазмұн жағынан ел мұңын, халық тірлігін көтерсе, түр, стиль жағынан фольклорлық сарынды сақтайды.
Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, білім алған.
Ол Яссауи еңбегімен танысып, Бұхар, Самарқанда діни білімін көтеріп, имандық дәрежеге жетеді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарқаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді. Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағынан шағын мешіт салдырып, медіресе ашады. Өмірінің соңына дейін осы биді төңіректеп өмір кешеді.
Діни оқумен тақуа болып келген Шортанбайды Арқаның сауық-думанды өмірі, алтыбақан, қызойнақ ойындары еліктіреді. Шортанбайдың ақындық өнері ашылады. Ел Шортанбайды ишан емес, төкпе ақын деп атап кетеді.
Шортанбай ақындығының дәуірлеген тұсы қазақ елі дағдарысқа душар болған ауыр кезең болатын. Қазақ әуелі ел билігінен айрылды, одан жер-су, қоныс қысымына ұшырады. Мал-жан есепке алынып, оған да қауіп-қатер көбейді. Алым-салық, пара-пәлелер ел еңсесін көтертпеді. Елдің елдігі, бірлік-тірлігі күн санап кеми берді, қарсы шығып атқа мінген Исатай мен Махамбет, Кенесары мен Наурызбай, Есет пен Бекет, Жанқожа мен Құлбарақ, Науша мен Сүйінқара, Саурық пен Сұраншы, т.б. батырларды отаршылар мерт қылды. Жоңғар шапқыншылығынан жүдеп, ыдырап жатқан әлсіз өлкені патша өз қарамағына оңай көндірмек болды. Бірақ ол ойлары бірден орындалмады.
Елде алыпсатар алаяқ, ақшалы сұм саудагерлер қаптады. Табиғи айырбасқа үйренген ел үшін ақшамен сауда оңай болмады. Өсім, несие пайда болды.
Шортанбай шығармашылығы 1882 ж. бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап болып шықты. Жинаққа ақынның «Тар заман», «Опасыз жалған», «Байды құдай атқаны», «Атамыз Адам пайғамбар», «Өсиет-насихат сөздер», «Айттым сәлем», «Асан қожаға», т.б. енген.
Қазан қаласының өзінен Шортанбай шығармалары әр түрлі атпен жарық көріп жатты. Оның шығармаларын патша отаршылығына қарсы қауым, ұлттық тәуелсіздікті жақтаушылар, мұсылманшылықты қолдаушылар құшағын жая қарсы алды. Қамалып, тоналып жатқан басқа тәуелсіз халықтар да Шортанбай шығармаларына құлақтарын түрді.
Шортанбай шығармалары көп басылғанымен, көлемі көп емес. С.Мұқановтың есебі бойынша, 1500 жолдай.
Шортанбай шығармаларының лейтмотиві (сарыны)- заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топтар, т.б.
Мынау заман қай заман-
Азусызға тар заман.
Азулыға бар заман.
8-тақырып ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Жоспар:
1. А.Байтұрсынов шығармашылығы
2. М.Дулатов шығармалары
3. С.Торайғыров шығармалары
4. Шәкәрім поэзиясы
Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақьш, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазыльш, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың үлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді.
Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы — оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді.
Міржақып Дулатов — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басыльш шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұньн халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы құғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басыльш шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңгыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.