Бала дамуының керı динамикасында, консилиум мүшелерıнıң баланы оқыту мен тәрбиелеуге қатысты бıр мәндı шешıм қабылдаулары мүмкıн болмаған жағдайда, оқушыны тереңдетıлген тексеруден өткıзу үшıн ол психологиялық-педагогикалық кеңеске жıберıледı. Бұл үшıн мектептıк консилиум құжаттар пакетıн дайындайды, оның құрамында:
медициналық ұсыным;
логопедиялық ұсыным;
психологтың ұсынымы;
- баланың педагогикалық мıнездемесı (В қосымшасы);
- баланың ана тıлı, математика пәндерı бойынша жазба жұмыстары, суреттерı мен баланың дербес әрекетıнıң басқа да түрлерı;
- ата-аналарының немесе олардың заңды өкıлдерıнıң баланы ППК-не тексеруге жıберуге қатысты жазбаша өтıнıштерı.