ППк жұмысының негıзıн қалаушы қағидалар: бала тұлғасын құрметтеу және жағымды қасиеттерıне сүйену қағидасы болып табылады. Баланы зерттеу оның дамуындағы мәселелер туралы ақпарат алуға ғана бағытталмай, оның бойында бар проблемалардың орнын толтыруға негıз бола алатын оң әлеуеттı анықтауға да жұмылдырылуы тиıс.
Диагностиканың мүмкıндıгıнше педагогикаландырылу қағидасы консилиумның педагогикалық мıндеттерıнıң басымдылығын анықтайды. ППк жұмысында психологиялық және педагогикалық бıлıмдердı кıрıктıру өте қажет мәселе.
ППк қызметıнде ақпараттың жабықтығы қағидасын ұстану өте қажет. Аталған қағида консилиумға қатысушы мамандардың әдеп нормаларын қатаң ұстануларын, әсıресе баланың психологиялық-педагогикалық диагнозына қатысты құпияны сақтауларын қарастырады. Диагноз немесе консилиумның қорытындысы тұлғаға моральдық нұқсан (мысалы, баланың өзıн-өзı бағалауының төмен болуы, оның эмоциялық жағдайының нашарлауы, оның үлкендермен және өзıнıң құрдастарымен қарым-қатынасының бұзылуы) келтıрмеу үшıн ППк-дан тыс жерде көпшıлıк арасында талқыланбауы тиıс.
Өзара әрекеттестıк қағидасы. ППк-ның әрбıр маманы өз құзыреттıлıгıнıң аясында баланың дамуы мен жағдайын анықтау, оны ары қарай тәрбиелеу мен оқыту саласында болжамдар жасауға қатысты сұрақтарын шеше отырып, жалпы көрıнıске өз түсıнıгıн енгıзедı.