Консилиум жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлıнедı. Жоспарлы консилиумдар жылына 3-5 рет өткıзıледı. Жоспарлы консилиумдар жұмысының қызметı келесı бағыттармен жүзеге асады
Консилиум жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлıнедı. Жоспарлы консилиумдар жылына 3-5 рет өткıзıледı. Жоспарлы консилиумдар жұмысының қызметı келесı бағыттармен жүзеге асады:
Мектепке оқуға келген оқушылардың, бıлıм алуда ерекше қажеттıлıктерı бар, орта буынға өткен оқушылардың бıлıм алудағы ерекше қажеттıлıктерıн талқылау;
Бıлıм алуда ерекше қажеттıлıктерı бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұнын әзıрлеу;
Түзете дамыту тапсырмаларын жүзе асырудың табыстылығын динамикалық бағалау және қажет болған жағдайда оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың алдын ала әзıрленген бағдарламаларын өзгерту;
Жоспардан тыс консилиумдар бıлıм беру үдерıсıнıң кез-келген қатысушысының, оның ıшıнде бıлıм беру ұйымының басшылығының немесе ата-анасының (олардың орындағылардың) сұрауы бойынша өткıзıледı. Жоспардан тыс консилиум үшıн баланың оқуына және дамуына әсер ететıн жаңа жағдайлардың анықталуы немесе туындауы, оның дамуы мен оқуының керı динамикасы себеп бола алады. Мамандар мен ата-аналардың сұрау түрлерı әр түрлı болуы мүмкıн, бıрақ қандай жағдайда болмасын олар баланың мәселелерıн (дамудағы және оқудағы) немесе педагогтың, ата-ананың баламен өзара әрекеттесуıндегı мәселелердı бейнелеуге мıндеттı. Жоспардан тыс консилиумның қызметıнıң бағыттары:
Баланы оқыту мен тәрбиелеуде анықталған проблемаларды жою бойынша ıс-шараларды ұйымдастыру;
Өзгерген жағдайда баламен түзете дамыту жұмысының жоспарын әзıрлеу.