Пән: Конституциялық құқық Дәрістің қысқаша мазмұны Тақырып Конституциялық құқық ұлттық құқықтың жетекшi саласы



бет7/45
Дата17.04.2022
өлшемі134,96 Kb.
#139680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
Конституциялық құқық. Дәрістер кешені

Жоспар:
1. Конституцияның түсiнiгi, оның мәнi және мазмұны.
2. ҚР Конституциясының заңи қасиеттерi, негiзгi белгiлерi, қағидалары, функциялары.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларын сақтау және жүзеге асыру кепiлдiктерi.
4. ҚР Конституциясының дамуының негiзгi кезеңдерi.

Конституция – бұл мемлекет өмірінің негізгі бастауларын – мемлекеттің құрылысын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемлекеттің негізгі заңы немесе актілердің жиынтығы.


Конституцияда адам мен азаматтың табиғи және ажырамас құқықтары байқалады және бекітіледі. Олардың негізінде мемлекеттің құрылымы мен нысаны, билік тәртібі орнығады.
Конституцияның негізгі мәні мынада:
- Конституция ағымдағы заңнаманың заңи базасын құрайды, яғни Конституцияның заңи жоғарылығы танылады. Бұл дегеніміз, жаңа Конституция қабылданған жағдайда өзге барлық заңнама оған сәйкестендіріледі. Барлық құқықтық актілер оған сәйкес болуы тиіс, ал мұндай талапқа жауап бермейтін барлық актілер заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды;
- сондай-ақ, Конституция – бұл қоғамның барлық топтарының мүдделерін қамтамасыз ететін заң, себебі, Конституция таптан (таптардың мүддесінен) жоғары тұратын, қоғамның барлық мүшелері үшін теңдей міндеттеме белгілейтін құжат болып табылады. Конституция – бұл заңдар үшін заң болып табылады.
Конституция – конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның келесідей белгілері (заңи қасиеттері) оны өзге құқықтық актілерден айырады:

  • Конституцияның жоғарылығы – оның нормаларына, қағидаларына бүкіл мемелкеттік, қоғамдық құрылымның, азаматтардың қоғамның барлық салаларындағы қызметтері сай келуі тиіс.;

  • жоғары заңи күші – мемлекетте қабылданған барлық заңдар мен өзге нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек;

  • тікелей қолданылуы. Бұл Конституцияның негізінде қандай да бір мәселелер бойынша нақты салалық нормалардың шығарылғанына немесе шығарылмағанына қарамастан оның нормаларының тікелей қолданыла беретінін білдіреді.

  • бүкіл құқықтық жүйенің ядросы болып табылатындығы – Конституция бүкіл құқық жүйесінің ядросын құрайтын нормаларды белгілейді, оның нормалары ағымдағы заңнаманың барлығы үшін бағыт беруші, фундаменттік рөл атқарады;

  • базалық мәні, яғни Конституция ағымдағы заңнама, заң шығару қызметі үшін база болып табылады, заңдар және басқа нормативтік актілер Конституцияның негізінде қабылданады, өзгертіледі және күшін жояды.

  • ерекше тәртіппен қорғалуы. Конституция ерекше қорғалатын акт болып табылады. Конституция бойынша оны қорғау Конституцияның мызғымастығының кепілі ретінде Президентке, конституциялық қадағалау органы – Конституциялық Кеңеске жүктелген. Сонымен қатар, Республика Конституциясын сақтау әркімнің конституциялық міндеті болып табылады.

  • ерекше жолмен қабылданылуы. Конституция - халықтың тікелей ерік білдіруінің көрінісі, ол референдум арқылы Қазақстан халқымен қабылданған бірден-бір акт болып табылады.

  • күрделендірілген тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізу. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ерекше күрделі тәртіпте жүзеге асырылады. Ол екі түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: Парламентпен және республикалық референдум арқылы. Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды Президенттің бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзедi. Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды референдум арқылы енгізу тәртібі Конституцияның 91 бабында реттелген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет