Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
- құжаттың аты;
- қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
- қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);
- қайтарылатын нақты уақыты;
- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
- қолхат жазылған күн;
- тараптардың қолы;
- мекеме мөрі.
Сөздік:
қолхат- расписка
азамат- гражданин
мерзім-срок
кепілақы- задаток
қарыз- долг
ақша- деньги
уәде- обещание
қайтарып беру- вернуть, возвращать
алу-брать
кабылдапалу- принять
уақытында-вовремя
кепіл ақы- задаток
Сенімхат берілетін жағдайлар:
Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалакы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мүрагерлік күкык туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі.
Сенімхат 1 дана болып дайындалады
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл.
Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.
Үлгі:
Сенімхат
2003 жыл 1 желтоқсан, Алматы қаласы
Мен, Серік Жәнібекұлы Мәметов куәлік: №80265498 ҚР ІІМ берген, мекен-жайым: Алматы каласы, Сейфуллин көшесі, 456 үй, 3 пәтерде тұратын азамат Есенгелдин Жомарттың, туған атам - Мейлібаев Маметтің қайтыс болғанан кейін қалған мүлікке менің мұрагерлік қүқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін. Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты:
- менің атымнан өтініш жазуға;
- анықтамалар мен құжаттар алуға;
- менің орныма қол қоюға;
- мүрагерлікке құқық беру туралы куәлікті алуға өкілетті етуге сенім білдіремін.
Сенімхат 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген және 1 жыл күшінде.
01.12.2003
С.Маметовтың қолын растаймын
Қолхат
Мен, Жазықова Дариға, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, университет кітапханасынан сабақ үстінде сабақ үстінде пайдалануға 10 (он) дана «Қазақ тілі» оқулығын алдым. Оқулықтарды 2019-2020 оқу жылының соңында қайтаруға міндеттенемін.
Қазақстан Республикасының IIМ 2006 жылғы 23 мамырда берген жеке куәлігімнің №111344032
Жазықова Дариға 11.01.2020 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |