3. Шешімдер қабылдау
Менеджерлер мен директорлар өздерінің функцияларының бірі ретінде іскери шешімдер қабылдауы керек (экономикалық және стратегиялық, сондай-ақ персоналды басқару) тиімділігі немесе ұйымдастырушылық мінез-құлқы үшін. Бұл дағдыларды меңгеру сіздің және компанияның жетістіктері үшін қажет.
ШЕШІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ Ұсынысы
Егер де сіз табысқа жеткіңіз келсе, шешімдерді қабылдау сіз үшін қызметтің дағдылы түрі болуға тиіс. Шешімді қабылдау əрдайым тəуекелмен байланысты: əрекеттердің қандай да бір тəсілін таңдау – көптеген басқа нұсқаларға «жоқ» деу. Бірақ өте іскер менеджерлер – бұл шешімді қабылдауға дайын адамдар. Осында олар үшін жетістікке жетудің жалғыз мүмкіндігі бар екендігін біледі. Менеджерге осы үдерісті жеңілдететін, оған өкілеттіліктерге құқық беруге, шешімдерді қабылдауға жəне оларды жүзеге асыруға көмектесетін бірнеше негізгі ережелерді қарастырамыз.
1-ереже. Сіз шешім қабылдауға тиіс мəселелердің шеңберін нақты шектеу керек
2-ереже. Шешім қабылдау деген өзіне жауапкершілік алу деген.
3-ереже. Стресс жағдайында ешқашан шешім қабылдамаңыз. Кейбір шешімдерді кейде дəл осы қалыпта болғанда қабылдау қажет болады. Бұл жағдайда, асықпай, келесіні орындаңыз: а) өткеннің жəне қазіргінің тəжірибесін ескере отырып жəне ойша болашақты көз алдына елестетіп, жағдайды саралаңыз б) проблеманың өзіне жəне ол пайда болған жағдайларға қатысты барлық деректер мен материалдармен неғұрлым толық танысыңыз; в) дəлелділікті сақтаңыз, сіз үшін маңызды ақпаратты талдағанға дейін соңғы қорытынды шығарудан тартыныңыз.
4-ереже. Дұрыс шешімді қабылдау үшін, соншалықты қажет ақпаратқа ие болу керек. Басшының қажетті қабілеттіліктерінің бірі – ең маңызды деректерді айыра білу жəне ең сипатты немесе маңызды мезеттерінде өз назарын тоқтата білу болады. Сонда келесі ұсынымдарды ұстаныңыз: а) көптеген қалған деректерді ұғындыратын аз деректерді əрдайым табуға тырысыңыз; б) барлық жинақталған мəліметтерді маңыздылығының азаю дəрежесі бойынша қойыңыз; в) сіздің шешімге негіз бола алатын бір маңызды жағдайды бөліп қарауға тырысыңыз; г) қарастырылатын іске тікелей қатысы бар мəліметтер топтарының немесе санаттарының сипатты ерекшеліктерін анықтаңыз; д) қалыптасқан жағдайдың барлық элементтері арасында өзара байланысты анықтаңыз. Мəліметтерді жинау шексіздікке дейін жалғасуы мүмкін жəне əдеттегіндей, ақпаратты əрі қарай жинауды тоқтатып, нүкте қою қажет. Жақсы басшы əдетінше барлық мəліметтерді алудың еш мүмкіндігі жоқ екендігін түсінеді. Демек қашан тоқтату керек екендігін шешу қажет.
5-ереже. Шешім қабылдар алдында басқалардан кеңес сұраңыз.
6-ереже. Шешім қабылдаудан қорықпаңыз. Шешім қабылдамау – ол да шешім.
7-ереже. Шешім қабылдаған соң, кезекті істерге кірісіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |