«Қ.Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
Жаратылыстану білгірлері
Пән мұғалімі: Ж.Қ.Омаргалиева
2021-2022 оқу жылы
Жаратылыстану білгірлері
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың ой өрісін, белсенділік қабілетін, танымдық қызығушылығын арттыру, логикалық сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру, тілдік қорын дамыту, жарыстыру арқылы аңғарымпаздық қасиеттерін арттыру, ой өрісін кеңейту
2.Тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа, табиғатты аялап, оған жанашырлық танытуға тәрбиелеу.
Ақыл – тон, аңдығынға тозбайтұғын
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын – дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Жаратылыстану пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды.
Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
1 кезең «Таныстыру»
2 кезең «Кім білгір»
3 кезең «Образға ену»
4 кезең «Не жетпейді»
5 кезең «Адасқан әріптер»
6 кезең «Биік шың»
1 кезең «Таныстыру»
2 кезең «Кім білгір»
1.Жердің бетін зерттейтін ғылым не?
2.Жердің су қабығы не?
3.Желдің бағытын көрсететін не?
4.Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар?
5.Ғарышта 3 рет болған қазақстандық ғарышкер?
6.Адамның денсаулығы мықты болу үшін не істеу керек?
7.Физикалық дене дегеніміз не?
8.Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің қандай маңызы бар?
9. Күн дегеніміз не?
10. Күнге тура қарауға бола ма?
Білімнің кәусарын танып ал,
Жаратылыстану әлемін танытар
Әр түрлі образға енеміз
Әр түрлі көзқарас танытар
3 кезең «Образға ену»
1.Көктеп шығып, гүл жарған раушан гүлдің бейнесін салыңыз?
2.Бір-біріне ысылдаған екі жылан болыңыз?
3.Ұшып келіп, ағашқа отырып елді оятқан тауықтың бейнесін сомдаңыз.
4.Қасқырдан қашқан қоян бейнесін көрсетіңіз?
5.Гүлдеп шығып солып қалған гүл.
4 кезең «Не жетпейді»
1.Дүние бөліктері:
Америка, Еуропа, Азия, Африка, Австралия,.......
2. Өсімдік жасушасы:
Ядро, қабықша, вакуоль, цитоплазма.......
5 кезең «Адасқан әріптер»
ТСААШМБ
ТАҒБИТА
ТВОЭРАК
ДЕНАИРИМ
ЕЖТІРИБӘ
ШІЛІРТІК
НУТЫТАЛЫСРАНУЖА
6 кезең «Биік шың»
Тақтада 10 мен 50 ұпай арасында төркөздерде сұрақтар жасырылған ал таңдайық.
10 ұпай. Заттың агрегаттық күйлерін атаңыз?
20 ұпай. Металдар мен бейметалдардың айырмашылығы қандай?
30 ұпай. Нәсіл дегеніміз не және қаншаға бөлінеді?
40 ұпай. Үйлестірілген тағам дегеніміз не?
50 ұпай. Ғылым түрлерін атаңыз? Қай ғылым нені зерттейді?
Ал құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар бүгінгі «Жаратылыстану білгірлері» атты сабағымыз өз мәресіне жетті келіп тамашалап көргендеріңізге көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |