Пән «Ұн технологиясы»


Дән дақылдарының технологиялық қасиеттері



бет3/6
Дата19.09.2023
өлшемі37,79 Kb.
#181545
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
daris 1 un tehnologiyas

Дән дақылдарының технологиялық қасиеттері

Тартуға бидай мен қара бидайдың дәндерін пайдаланады. Олардан тағамдық қасиеттері жоғары аса бағалы ұн алынады. Ұнның шығымына және сапасына дәннің химиялық құрамы мен технологиялық қасиеттері, ал бұл қасиеттер дәннің сорттық ерекшеліктеріне, оның өсіп-өнген ортасына, топырақтың құрамы мен ауа райына байланысты өзгеріп отырады.


Астықтың технологиялық қасиеттері деп- дәннің барлық физикалық, химиялық қасиеттері мен сапасын,оның ұнға айналу кезіндегі сипаттамасын, ұнның жалпы шығымын және сапасын айтады, сондай-ақ энергия шығыны да жатады.
Елімізде ауа райына және егістік жердің құнарлығына байланысты 80-ге жуық күздік бидай, 100-ден астам бидай сорттары егіледі. Олардың ішінде ең құнды сорттар: Мироновтық 808, Безостық 1, Одессалық 51, Саратовтық 29, Қазақстандық 126 және Харьковтық 46. Елімізде кейінгі кезде пайда болған прогрессивті жаңа бидай сорттары: Богарналық 56, Жетісу, Қарлығаш, Прогресс, Опакс-1, сондай-ақ жаздық бидай сорттары: Қазақстандық 3, Қазақстандық 10, Қазақстандық15, Қазақстандық 25, Целиналық 24, Қарабалықтық 90, Лютенценс т.б. Бұл сорттардың технологиялық қасиеттері жоғары болғандықтан көп мөлшерде жоғары сапалы ұн алуға болады.
Қара бидай бидайдан кейінгі ұн алуға пайдаланылатын екінші орындағы дақыл. Ол еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс және кейбір шығыс аудандарында кеңінен тараған.
Бидай мен қара бидайдың әр түрлі сорттарының тек өздеріне ғана тән қасиеттері бар. Бірақ олар ауа райына, егістік жердің құнарлылығына байланысты өзгеріп тұрады. Сондықтан оларды тиімді пайдалану үшін технологиялық қасиеттерін әрдайым анықтап тұру керек.
Бидай эндоспермінің шынылығына, түріне (жұмсақ және қатты), жаздық немесе күздік нысандарына (формаларына), дәннің түсіне (қызыл немесе ақ) қарай төмендегідей типке бөлінеді:
I. Тип – жаздық жұмсақ қызыл бидай;
II. Тип – жаздық қатты бидай;
III. Тип – жаздық ақ бидай;
IV. Тип – күздік қызыл бидай;
V. Тип – күздік ақ бидай;
VI. Тип – күздік қатты бидай.
Қара бидай құрлысына, өндірілетін аумағына қарай үш типке бөлінеді:
I. Солтүстік күздік
II. Оңтүстік күздік
III. Жаздық қара бидай
Күздік қара бидайдың жаздық қара бидайға қарағанда технологиялық қасиеттері жоғары болады.
Астықты қабылдау және ұн тартуға дайындау кездерінде бидайдың күшіне едәуір коңіл бөлінеді. Өйткені күшті бидайдан сапалы және наубайханалық қасиеттері жоғары ұн алуға болады. Осындай ұнды наубайханалық қасиеттері төмен ұндарды жақсарту үшін пайдаланады. Бидайдың күштілігін дәннің наубайханалық сапасын бағалау үшін қолданады. Наубайханалық күшіне қарай жұмсақ бидай күшті, орташа және нашар деп үш топқа бөлінеді. Профессор Е.Д. Казаков бұл үш топқа мынадай баға берген.
Күшті бидайдан алынған ұннан қамыр илегенде ол суды көп сіңіреді. Осы қамырдан пісірілген нан сапалы, көлемі үлкен болады. Ол ашып жетілу үшін көп уақытты қажет етеді, нанның қабығы жұқа болады.
Күші орташа бидайдан да наубайханалық сапасы жақсы ұн алуға болады.
Күші нашар бидай ұнының наубайханалық қасиетін жақсарту үшін күшті бидайдың ұнын қосу кажет.
Дәннің шынылылығы мен басқа көптеген қасиеттері оның наубайханалық сапасын бағалайтын көрсеткіштер. Дәннің шынылығы мен оның пайыздық мөлшері бидайдыңсортты ұн тартуға жарамдылығын және ұн тартқанда жүретін үдерістердің ырғағын ретімен анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет