Пән «Ұн технологиясы»



бет1/6
Дата19.09.2023
өлшемі37,79 Kb.
#181545
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
daris 1 un tehnologiyas


Пән «Ұн технологиясы»
Дәріс 1
Дәннің физико-технологиялық және биохимиялық қасиеттері. Дәнді қалдықтардан тазарту.Елек жәрдемімен елеу. Аэродинамикалық елеу.
Бидай мен қара бидай дәндерінің технологиялық
қасиеттеріне баға беретін көрсеткіштер

Астықтың технологиялық қасиеттері негізінде үш топқа жататын көрсеткіштер арқылы бағаланады:


1. Астықтың жалпы сапалық көрсеткіштері – дәмі, исі, түрі-түсі, ылғалдылығы, сондай-ақ, шөп-шалаң, жұқпалы аурулармен және зиянды жәндіктермен зақымданған дәндердің мөлшері, 2,0х20 мм електен өткен заттар.
2. Дәнді ұнтақтауға әсерін тигізетін көрсеткіштер – дәннің шынылығы, ірілігі, біркелкілігі, көлемдік өлшемі, 1000 дәннің массасы, күлділігі, тығыздығы.
3. Наубайханалық көрсеткіштер – мөлшері мен сапасы, газ шығару және ұстап тұру қабілеті, еленген ұнның қасиеттері, сынақ нанның бағалары, т.б. қасиеттері.
Астыққа жалпы баға беруге арналған көрсеткіштер – оның ұн тартуға жарамдылығын көрсететін жалпы қасиеттері. Бұл көрсеткіштер негізгі (тұрақты) көрсеткіштер және ең төменгі шекті көрсеткіштер деп екіге бөлінген (1- кесте). Егер астықтың сапалық көрсеткіштері болуы керек көрсеткіштерден кем немесе артық болса, онда оны диірмендерге тартуға жіберуге болмайды.
1-кесте
Бидай мен қара бидайдың шектік көрсеткіштері, %

Көрсеткіштер

Астық түрі

Бидай

Қара бидай

Ылғалдылығы

15,5

15,5

Шөп - шалаң қалдықтары

2,0

2,0

оның ішінде: шаң-тозаң

0,3

0,3

тас

0,1

0,1

күл, кендер

0,05

0,05

адамның денсаулығына
зиянды қоспалар

0,2


0,2


кекіре, қоянбеде

0,1

0,1

қастауыш пен қара күйе

0,15

0,15

қарашық

0,5

0,5

Дәнді қалдықтары

5,0

5,0

оның ішінде: өніп кеткен дәндер

3,0

3,0

Бұл шектік көрсеткіштерден басқа да астыққа белгілі талаптар қойылады. Оған бидай сағызының мөлшері мен сапасы жатады. Жоғары сортты ұн тартуға арналған бидайда оның мөлшері 25% - дан, жай ұн тартуға арналған бидайда 20%- дан, ал оның сапасы 2 топтан төмен болмауы керек.


Диірменге жіберілген астықтың ылғалдылығы 13,5%- дан аспауы керек. Егер одан артық болса, ұн тарту үдерісі қиындайды да зауыттың жұмыс өнімділігі төмендейді, электр энергиясының шығыны өседі және оның сапасы төмендейді. Егер ылғалдылығы 13,5%- дан төмен болса, оны дайындау кезінде жоғарылатуға болады. Бұл қосымша ылғалдау ұн дайындауда оның қабыршықтарын айыруды жеңілдетіп және ұнның шығымын көбейтіп, сапасын жақсартуға мүмкіншілік береді.
Астықты жалпы бағалағанда, оның кұрамындағы ұсақ дәндерді де есепке алады. Ұсақ дәнге 2,0х20 және 2,2х20мм електерден өткен дәндерді жатқызады. Мұндай бидайдан алынатын ұнның түсімі төмендеп, сапасы нашарлап, кебегінің шығымы өседі. Сондықтан оны бөліп алып, құрама жем шығаруға пайдаланады.
Астыққа жалпы баға беру үшін шектік көрсеткіштерден басқа негізгі (тұрақты) көрсеткіштер қолданады. Олар 2 кестеде көрсетілген.
2-кесте
Бидайға және қара бидайға қойылған негізгі (тұрақты) талап
көрсеткіштері, %

Көрсеткіштері

Бидай

Қара бидай

Ылғалдылығы

14,5

14,5

Дәннің күлділігі

1,97

1,97

Шөп-шалаң қалдықтар

1,0

1,0

оның ішінде: тас-балшық

0,1

0,1

зиянды қалдықтар

0,1

0,1

Дәнді қалдықтар

1,0

1,0

Көлемдік өлшемі(натурасы), г/л

750

750

Ұнның, кебектің және қосалқы өнімдердің шығымын есептегенде осы тұрақты көрсеткіштегі астықтан алынатын ұнның, кебектің және қосалқы өнімдердің мөлшерін үйлестіру арқылы не қосып, не кемітіп есебін табады. Астықты қабылдағанда да осы негізгі (тұрақты) көрсеткіштерді пайдаланып есеп қайырады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет