Асқазан мен ұлтабардың ( 12 елі ішек ) ойық жарасы
Ойық жара - созылмалы ауру , асқыну және өршу белгілерімен сипатталатын , асқазан мен 12 елі ішекте жара пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасындағы балалар ауырады , 12 елі ішек ойық жарасы асқазан ойық жарасына карағанда 15-20 ретке жиі кездеседі .
Этиологиясы мен патогенезі . Негізгі факторлар:
-хелликобактер микроорганизмдері .
- нервтік - эмоциональдық жағдайлар ( стресс ) .
- генотикалық тұқымқуалаушылық асқазан сөлінің қышқылдығы жоғары ,
- асқазан және 12 елі ішек кілегей қабығына дәрілер әсері ( салицилат , глюкокортикоидтар ) .
-тамақтану тәртібінің және сапасының дұрыс болмауы Хелликобактер микроорганизмдері асқазанның антральды бөлігінде орналасып , осы жердің кілегей кабығын зақымдап , созылмалы қабыну ошағы пайда болады . Осының әсерінен кілегей кабыктын регенерациясы бұзылып , қышқыл түзу жоғарылап , қышкылды асқазан коспасы 12 елі ішекке өтеді .
Клиникасы . Ауру клиникасы аурудың сатысына және жараның орналасуына байланысты . Клинико - эндоскопиялық көрініске байланысты аурудың 4 сатысы бар.
Бірінші сатысында ( жаңадан пайда болған жара ) ауырсыну тамактанудын кейін 2-4 сағат өткесін пайда болады . Көбіне түнгі ауырсыну білінеді . Ауырсынудың кезеңдері тамақтануға байланысты : ашқарында ауырсыну тамақ ішкеннен кейін жеңілдеу -ашкарында – ауырсыну т.б. Ауырсыну ұстамалы , пышак сұқкандай , кескен тәрізді , көбіне ауырсыну аркасына , беліне , оң иығына , жауырына беріледі . Ауырсыну синдромына және құрсақ бұлшық еттерінің катаюына байланысты іштің пальпациясы киындық туғызады . Мендель симптомы оң . Локеу , құсу , кекіру , кыжылдау және іш Каталу симптомдары анықталады .
Екінші сатысында ( жара бетінің эпителизацияланғаны эндоскоппен анықталады ) . бұл кезеңнің негізгі симптомы ауырсыну тамақ ішкеннен кейін кеші , көбіне күндіз байқалады . Ауырсыну сипаты өзгереді , қысып , сыздап , ұзаққа созылады . Курсакка Терең пальпация жүргізуге болады . Диспесиялык синдром айқын білінбейді .
Үшінші сатысы ( асқазан және 12 елі ішек кілегей қабығында эндоскоп арқылы жара оны анықталмайды, бірақ тыртық немесе грануляциялық тін анықталады, ұстамалы ауырсыну ашқарынға және түнде кеш байқалады). Пальпация кезінде пилородуоденальды аймақта ауырсыну анықталады. Диспесиялық синдром төмен дәрежеде.
Төртінші сатысында ( асқазанда эндоскоп аркылы ешқандай өзгеріс анықталмайды ) , бала жағдайы калыпты , агымы жок , бірақ арнаулы тексеру аркылы кілегей қабықтағы калдык өзгерістер анықталады : 12 елі ішек не асқазан байланысты ойык жараның клиникалық белгілері әртүрлі болады . Асқазан ойлах шығаберісіндегі акау , кышкыл түзілуінің жоғарылуы . Жаранын орналасқан жеріне жарасына тамак ішкеннен кейін бірден не 20-30 минуттан кейін пайда болатын , ерте ауырсыну тән . Жыл мезгіліне байланысты аурудың асқынуы сирек кездеседі . ойык жарасында нейровегативті және психоэмоциональды өзгерістермен бірге түні Ауырсыну кезінде локсу және ауамен кекіру белгілері де байқалады . 12 елі ішектің кеш пайда болатын ауырсыну тән . Көктемде және күрде аурудың асқынуы байқалады . 12 елі ішек ойык жарасында асқынулар байқалады : қан кету , перфорация , пинетрации Қан кету — кілегей қабықта орналаскаг жара бетінде дистропиялық өзгеріс пайда болады . Жара асқазанда орналасып жарылса құсық кофе тәрізді , 12 елі ішекте орналасса құсық болмайды , бірақ нәжісі сұйық қара түсті ( мелена ) . Қан кеткендіктен кан кысымы төмендейді , бас айналу , тахикардиа , терісі боз , естен тану симптомдары байқалады . Перфорация – жедел пайда болып іштің жоғарғы бөлігінде ауырсыну байкалады . « пышақ сұққан тәрізді » . Науқастың жағдайы ауыр , жиі кұсады , интоксикация және сусыздану белгісі айқын білінеді . Пенетрация — жараның көрші мүшелерге ұйқы безіне , өт жолдарына , бауырға өтуі . Ауырсыну өте анық білінеді . Антацит қабылдағаннан кейін жеңілдік болмайды . ауырсыну аркаға беріледі , құсықтан кейін жағдай жақсармайды . Лейкоцитоз , дене температурасы жоғары және ЭТЖ жоғары болады . Приватник ( шығаберіс ) стенозы жиі кедесетін асқыну түрі . Асқазанна астына 12 елі ішекке өтуі қиындайды . Іштің жоғарғы бөлігі кеуіп , ауырсыну белгісі пайда болады . Емі кешенді , жеке дара , аурудың этиологиясы , патогенезі , жараның орналасыу . асқынудың бар жоқтығына байланысты жүргізіледі . Өршу кезінде төсек режимі , асқыну кезінде қатаң төсек режимі тағайындалады . Науқасқа физикалық және психикалык тыныштық қажет . Өршу кезінде диета сақталады , тағам құрамына сүт , каймак , сары және оливков майы , сүттен жасалған және кілегейлі сұйық тамак , ірімшік беріледі. 1,5 - 2 аптадан кейін ак кептірілген нан , еттен және балықтан жасалған тағамдар , көкөніс және жеміс - жидек , кесель , компот беріледі . Беруге болмайды : ет және балық сорпасы , көкөніс қайнатпалары , консервіленген және маринадталған тағамдар , тыздалған және ащы тағамдар , ботқа , вермешель , какаталған және ысталған тағамдар , ашытылған тамыр қара нан , салқын және газдалған сусындар , кофе , какао шай . Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28.12.2007 комитеті жолдаған аурулар диагностикасы мен емін жүргізудің хаттамасы.
Асқазан сен 12 елі ішектің ойық жарасы- созылмалы, қайталанатын ауру, негізгі белгісі аурудың өршу кезінде асқазанмен 12 елі ішектің кілегейлі қабығында қабыну нәтижесінде жара пайда болуы.
Жіктелуі .
I. жараның орналасуына байланысты :
1. Асқазан : медногастральды , пилороантральды . 2. 12 елі ішек : жуашыкта , жуашыктан кейiн . 3. Асказан мен 12 елі ішектін ойык жарасы бірге
II этиологиясына байланысты
1. Хелликобактор пилоримен шакырылган . 2. Хелликобактер пилоримен шакырылмаган .
III. клиникалық және эндоскопиялық сатысы
IV Өршу: жңаң пайда болган жара , эпителизация басталуы
V Өршудің басылуы . Жараның тыртықсыз жазылуы , тыртықтан қалган акау.
VI Жазылу кезеңі ( ремиссия )
VI Ауырлығына байланысты : жеңіл , орташа ауыр , ауыр.
VIII Асқынулар : қан кету , пенетрация , перфорация , стеноз , преивисцерит. Бейімдеуші факторлар :
1. Helicobacter pylori . 2.Стероидты емес кабынуға қарсы препараттарды қабылда. 3.Тукымкуалаушылық . 4. Күйзеліс 5. Шылым шегу
Достарыңызбен бөлісу: |