Пән: Педиатрия


Өт шығару жолдарының аурулары . Дискенезиялар



бет4/4
Дата14.12.2021
өлшемі40,12 Kb.
#127193
1   2   3   4
Байланысты:
гастрит

Өт шығару жолдарының аурулары . Дискенезиялар

Өт жолдарының дискенезиясы - оң қабырғасының ауырсынуымен сипатталып , өт қалтасы мен өт жолдарының өт бөлу қызметінің бұзылуына байланысты , еттің ішекке уақытылы бөлінбеуі нәтижесінде өт жолдарының дискенезиясы пайда болады .



Этиологиясы мен патогенезі . Өт жолдарынын дискенезиясы бiрiншiлiк және екiншiлiк болып белінеді . Нейрогуморальды басқару механизмінің бұзылу нәтижесiнде өт бөлу жүйесінде функциональдық өзгеріс пайда болады , ягни , бiрiншiлiк дискенезиясы пайда болады .

Екiншiлiк дискенезиясы - асқорыту мүшелерінің ауруының және инфекциялық аурудың ( вирусты гепатит , сальмонеллез , дизентерия ) әсерінен өт бөлудiн рефлекторлы бұзылысы пайда болады . Ішек лямблиозына үлкен мән беріледі . Лямблий 12 елі ішектін кілегейлi қабығында көбейіп , ішек бүрлеріне бекіп , эпителий жасушаларын дистрофиялық өзгеріске ұшыратады . 12 елі ішектің арнаулы жасушаларында пайда болатын ішектің , өт жолдарынын сфинктер аппаратынын кызметін реттейтін гормондардын ( гастрин , холецистокинин , секретин ) әсерi бұзылады . Дискинезия себептеріне созылмалы инфекция ошактары ( отит , гайморит , созылмалы тонзиллит ) жатады . Дискинезияның пайда болуына бейімдеуші факторларға физикалық дамудың төменднгі дұрыс тамақтану жатады .

Бiрiншiлiк дискинезияның патогенезi негiзiнде нейрогуморальды реттелудің бұзылуы жатады. Кезбе жүйкесiнiң қозуы өт қалтасының жиырылуна , калта сфинктерiнiң және жалпы өзегiнiң спазымына , симпатикалық жүйкенiң қозуы өт қалтасының тонусының әлсiреуiне , сфинктер спазымына әкеледі .

Екiншiлiк дкинезия- бауыр , асқазан және 12 елі ішек зақымданғанда пайда болады. Асқазандағы , 12 елі ішектегі өзгерістерге байланысты өт әртүрлі ритмде бөлініп асқорытуға кері әсерін тигізеді.

Клиникасы . Дискинезиянын негізгі белгілері : оң жақ қабырға астының ауыруы , диспепсиялык симптомдар . Дискинезиянын 2 клиникалық түрi бар: гипотониялық гипертониялық .



Гипертониялык дискинезияда ауырсыну ұстамалы “ пышақ сұққан” , “кескен” тәрiздi , қысқа уақытта , күйзелісте , физикалык күш түскенде пайда болады . Ұстама болмаса балаларда ешқандай шағым болмайды.

Гипотониялык дискинезия он кабырга астынын кернеп , ұзак ауыруымен және ауырсынудын арасында күшеюімен сипатталады . Ауырсыну сыздап ұзак бiлiнедi, бауыр және өт қалтасының пальпациясы кезінде күшейеді . Құсу , тәбетінің төмендеуі және ауызында ащы дәм байкалады . Өт бөлу жолдарының дискинезиясынын дуоденальды зондтау , эхография , рентгенологиялык және радиоизотопты тексеру қолданылады . Дискинезия түрін анықтау үшін холецистография және эхография кеңінен колданылады . Гипериониялык дискинезияда өт қалтасының пiшiнi жұмыртка тәрiздi , өттен тез босанады , гипотониялык дискинезияда өт қалтасы үлкейген , өттен жай босанады .

Емі . Ем дискинезия түріне байланысты жүргізіледі . Төсек режимi тағайындалады, ұзақтығы ауырсыну синдромына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет