Пән Шағын комплектілі бастауыш мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы: ҚР Бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша 1-4 кластардағы еңбек түрлеріне шолу. Бастауыш шағын комплектілі мектепте еңбек сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты
Білімділік: ШКБМ – еңбекке баулу сабағын өткізу ерекшеліктері туралы мағлұмат беру, өздігімен жаңа білімді меңгеруге дағдыландыру; танымдық белсенділіктерін жоғарлату, пед.технология элементтерін тиімді қолдануды үйрету.
Тәрбиелік: таңдаған мамандығын мақтан тұтуға, эстетикалық және экологиялық тәрбиені қалыптастыру, ұқыптылыққа, белсенділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз білімдерін жетілдіруге, теориялық біліммен тәжірибені ұштастыруға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес: кіріктірілген сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: дамыта оқыту технологиясы элементтері, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, проблемалық оқыту технологиясының элементтері, практикалық, сөздік әдістер
Пәнаралық байланыстар: педагогика, жаңа педагогикалық технологиялар, еңбекке баулу әдістемесі
Сабақтың жабдықталуы: ватман, карточкалар, таратпа лекциялар, еңбек құралдары, мультимедиялық проектор.
Қолданылатың әдебиеттер: Ж.Қоянбаев «Педагогика», Ш.Құрманалина «Педагогика», А.Жайтапова «Әдіскер қызметінің мазмұны білім беруді жаңарту», Қ.Дәулетова «Еңбекке баулу әдістемесі», Ш.Жиенбаева «Еңбекке баулу», Ж.Қ.Астамбаева «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы», Педагогика жаршысы №4 (2014)
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (9.40.-9.45)
ІІ. Жаңа сабақ 40 мин ( 09.45-10.25.)
ІІІ.Жаңа материалды бекіту 22 мин (10.25.-10.47)
ІҮ. Үйге тапсырма 3 мин (10.47.-10.50)
Ү.Қорытындылау 7 мин (10.50.-10.57)
ҮІ. Бағалау 3 мин (10.57.-.11.00)
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы күн, студенттер! Бүгін колледжде «Әдістемелік күн» аясында шағын комплектілі мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру пәнінен дәстүрден тыс сабақ өткіземіз. Алдымызға қойылған мақсат: ШКБМ – еңбекке баулу сабағын өткізу ерекшеліктері туралы мағлұмат алып, өздіктеріңізден алған білімдеріңізді басқа студенттерге түсіндіру және пед.технология элементтерін тиімді қолдануды үйрену.
Сабаққа кіріспес бұрын естеріңізге салайын, сіздер болашақ мұғалімдер, бүгінгі сабаққа тек қатысып, жаңа білім алып қана қоймай, менің сабағыма қатысушы ретінде шағын талдау жасайсыздар, қандай педагогикалық технологиялар қолданылды, алған әсерлеріңіз, кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңызды айтасыздар. Сонымен, қатар сабақ соңында өздеріңізге баға қоясыздар.
Бүгінгі кіріктірілген сабағымыздың эпиграфын неміс философы Генри Фордтың «Бірге жиналу - бастама, Бірге жұмыс жасау – жетістік» деген нақыл сөзімен белгіледім. Ендеше бүгін біз бірге жиналып қана қоймай, бірге жұмыс жасап, жетістікке жетейік, деген тілек айтамын. Іске сәт! Сабаққа кірісейік.
ІІ. Жаңа сабақ 40 мин (10.00-10.40.)
1. Бүгінгі сабақ «Аквариум» тәсілі бойынша өткізілу жоспарланып отыр. 3 топқа бөлініп отырсыздар. Әр столда екі қатар қойылған. 1 қатарға сабақта өз ойымды айтып, белсенді қатысамын дегендер, ал 2 қатарға мен тыңдаушы ретінде қатысамын деген студенттер отыруларыңызды сұраймын.
3 топқа берілген тақырыптарды «ЖИГСО» стратегиясының алгоритмі бойынша бір лектор басқа топтарға түсіндіріп шығу керек. Сіздерге 5 минут уақыт беріледі.
1 топ- ШКБМ еңбекке баулу сабағының ерекшеліктері
2 топ – ШКБМ еңбекке баулу сабағының міндеттері
3 топ – ШКБМ еңбек түрлеріне шолу
Лекторлар бір топқа түсіндіріп болған соң екінші топқа түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |