ҚҚЭУ - электронды университет Қарағанды экономикалық университеті 1966 жылы Қарағанды Орталық Кеңес кооперативтік институты ретінде құрылған. 1997 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өткеннен кейін университет атағын алды.
Қазақстандағы жетекші университеттер қатарында болғандықтан, ҚҚЭУ глобальды қоршаған ортаның өзгерістерімен қатар жұмыс істейді.
Университеттің басты мақсаты болып экономика мен қоғамның серпінді түрде дамуы үшін қажеттіліктері бойынша оқытудың жоғары сапасымен қамтамасыз ету болып табылады. Университет түлектері әлеуметтік, мәдени, экономикалық және қоғамның экологиялық қызығушылықтарын алдыға жылжыта алатын, жоғары интеллектуалдық қабілеттіктеріне ие қоғам көшбасшылары, әмбебап мамандар болу мақсатында білім алады.
Университет халықаралық ассоциациялар қатарына енеді: Халықаралық Университеттердің Ассоциациясы (International Association of Universities), Magna Charta Universitatum, Educational Network (EdNet) Білім алу мекемелерінің Aссоциациясы, ТМД елдерінің кооперативтік ЖОО-ның Кеңесі, Заң университеттерінің Aссоциациясы, Еуразиялық Экономикалық университеттерінің Aссоциациясы. 2006 жылы Болонья қ. (Италия) университет Еуропа университеттерінің Ұлы Хартиясына қол қойды. Бүгінгі күнде университет 18 елдің жетекші университеттерімен 70 келісімшарттарына ие. Олар Ресей, Украина, Италия, Испания, Австрия, Германия, Польша, Болгария, Чехия, Румыния, Венгрия, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай, Малайзия т.б.
Университетте 4 факультет бар: Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті, Бизнес, құқық және технология факультеті, Қаржы, логистика және сандық технологиялар факультеті және Қашықтықтан оқыту факультеті.
ҚҚЭУ түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие. Олардың көбісі мемлекеттік қызметте және бизнесте көшбасшылық орынға ие болып, тамаша кәсіби мансап жасауда.