Байланысты: Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократия кезеңінде. Егеменді еліміздің болашағын көркейтіп, қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатын – біздің жастарымыз. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты - адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.
Мемлекет әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік бағдарламалар, ауыл жастарына берілетін көп салалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көрсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады.
Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпал етуімен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады.
2-тапсырма. Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз. Жеті рет өлшеп, .........
Есептей білгеннің .......
Төртеу түгел болса ........
Теңге ................
Көрпеңе қарай .........
Ақыл азбайды ........
Жұмыла көтерген ...
Жүз сомың болғанша, .....
Ақша кетуге тырысады, Есеп ......
Жер ырысы дария, Ел ырысы ...
3-тапсырма. Тыйым сөздерді көшіріп жазу, болымсыз етістікті табу. Үй ішінде ысқырма.
Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба.
Нанды бір қолмен үзіп жеме.
Нан қиқымын шашпа.
Нанды баспа.
Нанмен ойнама.
Кітапты жыртпа.
Сүт тағамдарын жерге төкпе.