а) Қымыз – қазақтың ұлттық сусыны. Оның емдік қасиеті бар
ә) Шұбат түйе сүтінен жасалады
б) Біз экологияға жауапты қараймыз.
в) Қазақстанда өзендер мен көлдердің суы таза
г) Айран бие сүтінен жасалады
д) Сиыр сүтінен айран, қаймақ, құрт, май өнімдері алынады.
е) Қаймақ қымыздан алынады
ж) Су – табиғат сыйы.
4-тапсырма.Кесте бойынша шын немесе жалған деп жауап беріңіз.
7- ТАҚЫРЫП. Саяхат және туризм
Практикалық сабақ жоспары (3 сағат) 1-сабақ 1. Туған жерге саяхаттау; туған өлке, оның байлығы, табиғат көріністері;
еліміздің туризм саласы.
2. Мәтінмен жұмыс түрлері, оқу, аудару
2-сабақ 1. Жалпы және жалқы зат есімдер, деректі және дерексіз ұғымдардың атауы.
2. Жаттығу жұмыстары
3-сабақ 1. Күрделі атауларда тәуелдік жалғауының қолданылуы.
2. Тапсырмаларды орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 8, 9, 11, 15
СӨЖ-ге арналған тапсырма: 1. «Қазақстандағы туризм» тақырыбында әңгіме құру
2. «Сіз саяхаттауды жақсы көресіз бе?» тақырыбында диалог құру.
3. «Қандай көркем-туған өлкем» тақырыбында эссе жазу.
4. Тақырыпқа қатысты өз беттерінше сұрақтар дайындап келу
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма: 1. «Қазақстандағы туризм» тақырыбында әңгімені талқылау
2. «Сіз саяхаттауды жақсы көресіз бе?» тақырыбында диалогты жүргізу.
3. «Қандай көркем-туған өлкем» тақырыбында эссені талқылау.
4. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беру
1-тапсырма.Мәтіннен тірек сөздерді тауып, орыс тіліне аударыңыз. Әр абзацқа тақырып қойыңыз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақты жауабымен жазыңыз. Туризм Туризм –әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын ұстайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді.
Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінде басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Дүниежүзілік туризм ұйымының болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.
Туристерді жағымды пікір ғана емес, қайта тұмса табиғат, тылсым құбылыс, ғажайыптар, тәуекелдер, бұрын-соңды болмаған жаңалықтар, басқа да оларды өз елдерінде бола бермейтін ерекше жағдай мен көңіл күйлер шақырады. Сондықтан туризмді дамыту үшін туристік өңір туралы романтикалық (бәлкім тылсым, бәлкім қорқыныш, бәлкім таңғажайып) түсініктердің қалыптасуына айырықша мән беру керек.