2-тапсырма. Қарамен берілген сөздерді есімдіктермен ауыстыр.
Самал - жұмысына жауапты маман. Столдың үстінде алты кітап жатыр. Сабаққа топ студенттері қалмай келді. Есікті белгісіз адам қағып тұр. Анасы Балжанды киноға да, кездесуге де жібермей қойды. Арман – білікті бағдарламашы? Сәуле екеуміз ағылшын курсына барып жүрміз. Атаңмен екеуің ертең бізге қонаққа келіңдер.
3-тапсырма. А.Құнанбаев өлеңін түсініп оқып, жаттап алыңыздар.
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзді өз халынша.
Керек іс бозбалаға – талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,
Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық.
Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,
Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес.
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме! (Абай Құнанбайұлы)
12-ТАҚЫРЫП. Сән мен талғам
Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат)
1-сабақ
1. Киім үлгілері пішіндерінің алмасуы, стиль ерекшеліктері.
2. Қазіргі заманғы киім үлгісі.
2-сабақ
1. Қазақстаннның қазіргі сәнгерлерінің киім үлгілері.
2. Тақырыпқа қатысты презентация жасау
3-сабақ
1. Сын-бейне үстеулері (әрең, бірте-бірте, ақырындап), мөлшер үстеулері (біраз, айтарлықтай, бірен-саран). Анықтайтын, нақтылайтын сөздердің берілуі
2. Тапсырмалар орындау
Достарыңызбен бөлісу: |