Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет32/66
Дата20.10.2022
өлшемі1,08 Mb.
#154139
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66
Байланысты:
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет
проф казахский язык, Салық және салық салу пәнінен есептері, Құқық негіздері-100, Лечебная физическая культура и массаж соответствие (70), Сабақ 4, Сабақ 4, Сабак 2, Сабақ 13, Сабақ 1, конспект лекции а қша несие банк(каз), 1 дәріс, 26-sabak, Документ Microsoft Office Word (3), takirov adebiet (1)
9-ТАҚЫРЫП. Адам және уақыт


Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат)
1-сабақ
1. Уақыттың құндылығы, оны басқара білу
2. Әңгімелесу үшін жауап беруге тиісті сұрақтармен танысыңыз, әңгімелесу.
2-сабақ
1. Уақытты тиімді пайдалану және оны үнемдеу тәсілдері туралы ақпарат.
2. Мәтінмен жұмыс
3-сабақ
1. Іс-қимылдың басталу, аяқталу мерзімі, адам жасының кезеңдерін білдіру, объектілік/субъектілік қатынастарды салыстыру.
2. Жаттығулармен жұмыс
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 9, 10, 12, 13, 17


СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Уақытты бағалай білеміз бе?» тақырыбында ойталқы жазу
2. Тақырыбыпқа қатысты диалог құру
3. «Ұлы мәртебелі уақыт» мәтінмен жұмыс (аударма, оқу).
4. «Уақытыңды үнемдей біл!» тақырыбында шығарма жазу.
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Уақытты бағалай білеміз бе?» тақырыбында ойталқыны тыңдау
2. Тақырыбыпқа қатысты диалогты жүргізу
3. «Ұлы мәртебелі уақыт» мәтінмен жұмыс жасау (оқу, аудару).
4. «Уақытыңды үнемдей біл!» тақырыбында шығарманы тыңдау


1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Бір-бірлеріңізбен ой бөлісіңіздер.
Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр", «уақыт - емші», «уақыт - төреші» тәрізді сөз тіркестері бар. Демек, ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған.
Уақытты зая кетіру - ең ауыр өкініш. Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып қалады. Адам баласы уақытын ұтымды пайдалана білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ.
Адамның өз уақытына деген қарым-қатынасы арқылы оның өз өміріне, өзіне деген көзқарасын түсінуге болады. Сонымен, уақыт сарапшыларының пікіріне құлақ түрсек, өз уақытымызды бағалай білу үшін ең алдымен "біздің уақытымыз - біздің өміріміз" деген қарапайым нәрсені ұғынуға тиіспіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет