Білім берудің Болондық үлгісі
Көптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық үлгісін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады:
Жоғары базалық білім / жоғары арнайы білім: бакалавриат – «бакалавр» дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы;
Жоғары ғылыми-педагогикалық білім: магистратура – «магистр» академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама;
Докторантура PhD – бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама.
Білім жүйесі, оның ішінде жоғары мектеп халықты жұмыспен қамтуды ынталандырып, жұмыссыздықты қысқартуда маңызды рөл атқарады. Ол еңбек рыногынан жастардың бір бөлігін тарта отырып, әлеуметтік шиеленісті әлсіретеді.
2-тапсырма. Білім, ғылым туралы мақалдарды мәнерлеп оқыңыз, дәптеріңізге жазыңыз. Мағынасын түсініп, есіңізде сақтаңыз.
1. Білімсіз бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
2. Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
3. Білімдінің күні – жарық,
Білімсіздің күні – ғаріп.
4. Күш – білімде, білім – кітапта.
5. Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
3-ТАҚЫРЫП. Өнертабыс және жаңашылдық
Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат)
1-сабақ
1. Өнертабыс-өнертапқыштық ұғымы.
2. Мәтінмен жұмыс. Оқу, аудару, әңгімелеу. Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізу.
2-сабақ
1. Бүгінгі таңдағы өнертабыс түрлері мен оларға сипаттама.
2. Тақырыпқа қатысты диалог құру
3-сабақ
1. Етістік шақтарының жіктелуі. Етістік+-ма-й-ын-ша, -ме-й-ін-ше, па-й-ын-ша, пе-й-ін-ше, ба-й-ын-ша, -бе-й-ін-ше тіркестері арқылы қолданылуы
2. Тапсырмалар орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 8, 9, 11, 18
СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1.«Қазіргі заман өнертабыстары» тақырыбында эссе жазу.
2. Өнер туралы мақал-мәтелдер жинау.
3.Тақырыпқа қатысты сұхбат құрастыру.
4. Тақырыпқа қатысты тест сұрақтарын құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |