Пән туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушылары



бет6/89
Дата11.03.2022
өлшемі308,27 Kb.
#135195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
Силлабус Философия 2022каз скан
ЭМР дәріс, Ұлпан. Ғабит Мүсірепов 2
Тақырып 2: Философияның пәні мен әдісі
Сағат саны: 2 сағ.
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Философияның әдісі.
2. Философияның функциялары.


Дәріс тезисі:
Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері:
Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады.
Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады.
Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.
Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.
Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.
Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.
Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар: материализм, идеализм, эмпиризм, рационализм.
Материалистік әдісте материя алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның модусы сана, материяның көрінісі деп қарастырылады.
Идеалистік әдістің мәні – керісінше, идеяны алғашқы бастама, ал материя идеяның туындысы деп ұғыну.
Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт.
Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс.
Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философияның негізгі функциялары: дүниеге көзқарастық; методологиялық; теориялық; гносеологиялық; сыншылдық; аксиологиялық; әлеуметтік; тәрбиелік-гуманитарлық; эвристикалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет