Дәріс тезисі Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде. Мемлекеттің пайда болу теориялары мен концепциялары. Саяси ойлар тарихындағы мемлекеттің шығуы мен міндеті жөніндегі көзқарастар (теологиялық, патриархтық, органикалық, «зорлық жасау» теориясы, географиялық теория және т.б.). Мемлекеттің белгілері мен құрылымы. Мемлекеттік құрылыс және басқару формалары. Мемлекеттің функциялары, олардың қазіргі заман жағдайындағы трансформациясы. Қазіргі заманғы тәуекелдер жағдайындағы саяси бағытты әзірлеу. Мемлекет - Қазақстан Республикасы. Қазіргі заманғы Қазақстандағы демократиялық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы.
Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: мәні мен принциптері. Егеменді мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясы. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасу шарттары.
Азаматтық қоғам: мәні, құрылымы, функциялары. Азаматтық қоғамның негізгі концепциялары. Азаматтық қоғам қызметінің бағыттары. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның даму келешегі.