Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің


Қазақ философиясы тарихы көне дүниеден басталады



бет66/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит

Қазақ философиясы тарихы көне дүниеден басталады. Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген Заратуштра, Анахарс, Ишпақайлардан, Әл-Фараби, Яссауи, Абай, Мағжанға дейін күректей үш мың жыл жатыр. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды өте жоғары бағалаған. «Аталы сөзге арсыз ғана таласады» - деген.
Ұлт өз дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т.б. арқылы білдіреді. Философия пәні ойлау болса, ұлттық дүниетанымды бейнейлейтін ойлау формалары ұлттық философия болмақ.
Ұлттық философия тек философия үшін қажет емес, ол ұлттың өзін-өзі тануы үшін қажет. Өз тілінде философиясы болмаған халықты мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосу қиын. Гегель айтқандай «менің ана тілімде (неміс) жазылғанның бәрі менің байлығым».
Көне қазақ философиясында аты белгілі ойшылдар:

  • Заратуштра – осыдан үш мың жылдай бұрынғы азиялық ұлы даладағы тұңғыш пайғамбарлардың бірі. Еуропаға Заратуштра есімі екі жарым ғасыр бұрын ғана белгілі болған. Ғалымдар «Авестаға» неғұрлым тереңдеген сайын айтылған жер, су аттары Заратуштраның шығу тегі Тұран даласына, яғни қазіргі Қазақстан мен Орта Азия даласына алып келеді. Лондон университетінің профессоры Мэри Бойс «ақиқатында Заратуштра Еділдің шығысынан басталатын Азиялық далада өмір сүрген» - деп тұжырымдайды.

Заратуштра қалайда адамзат тарихы үшін теңдесі жоқ жұмбақ тұлға. Немістің атақты философы Фридрих Ницшенің (1844 – 1900) «Заратуштра осылай деген» атты философиялық толғау жазу да тегін емес еді. Бұл Заратуштраның жалпы адамзат баласының алғашқы ұстазы болғандығын мойындау еді. Смағұл Елубайдың пікірі бойынша:

    • Адамзаттың алғашқы пайғамбары, соңғылықта өмірге буддизм, иудаизм, христиан, ислам діндерінің келуіне үлкен ықпал жасаған Заратуштра ұлы Тұран жерінің перзенті;

    • Соңғылықта, ең соңғы ғылыми зерттеулер Заратуштраның туған жерін қазақ даласына әкеп тіреді. «Еділдің шығысынан басталатын азиялық дала» - қазақ жері;

    • Адамзаттың алғашқы пайғамбары Заратуштраның туған жері, отаны Қазақстан екенін біздің де айта бастайтын уақытымыз жетті.

    • Заратуштра адамзат тарихы үш кезеңнен тұрады дейді. Құдай дүниені жаратқан алғашқы балауса кезеңді – «жаралу» кезеңі. Адамзат тарихының екінші кезеңі дүниеге Сайтан араласқан кезең, яғни «араласу» кезеңі делінеді. Бұл кезеңде кесапат пен шарапат ұзақ та ұлы күреске шығады. Бұл жарық дүние үшін Құдай мен Сайтанның күресі еді. Заратуштра уағызы бойынша адамзат тарихының үшінші кезеңі – «ажырасу» деп аталады. Бұл кезеңде Құдай Сайтанды жеңіп, өзі жаратқан Дозақ отына өзі күйіп, қиянат, кесапат, жамандық, қылмыс атаулы із-түссіз жоғалған күннен басталмақ. Сөйтіп, Алла тағала жаратқан жарық дүние баяғы бейкүнә, таза, ұжмақ қалпына келмек.

Сол болашақта, мәңгі ұжмақта өмір сүрмек үшін, бақытты болу үшін адам бұл фәниде Заратуштраның үш шартын орындауы керек:

    • бірінші шарт – «шарапатты ойға беріл»;

    • екінші шарт - «шарапатты сөзге беріл»;

    • үшінші шарт – «шарапатты ізге беріл»;



Анахарс, грекше – Анахарсис – Скиф жұртынан шыққан дана, тапқыр, шешен (б.з.д. VI – V ғ.ғ.). Анахарстың әкесі көшпенділердің әйгілі ханы Гнур (Күннұр) болса, шешесі Афина ақсүйектердің қызы. Анарыстың тапқырлық даналығы туралы Геродот, Платон, Аристотель, Диоген, Лукиан, Сеист Эмпирик, Плутарх, Мишель Монтень сияқты әйгілі тұлғалар ой-пікір, естеліктер қалдырған.
Диоген Лаэртский (шығармалары. М., 1975, 95-96 беттер): «Кеме ағашының қалындығы төрт-ақ елі екенін білген Анахарс, кемешілер өлімнен төрт елі қашықтықта жүреді» екен депті.
Анахарстың ескерткішіне: «Тіліңе, құлқыңа, тәніңе ие бол» деп жазылыпты. Адам бойындағы бақ пен сорға бірдей себепші болатын не? – деген сұраққа Анахарс: «Тіл» деп жауап беріпті.
Татымсыз көп достан, тартымды бір дос артық – депті Анахарс. Базар – адамдардың бірін-бірі алдап, тонау үшін әдейі ойлап тапқан орын дейді.
Плутарх (Таңдамалы өмірбаяндар, 2 томдық М., 1987, 161 бет): Анахарс Халық кеңесіне келіп отырып, эллиндер арасында сөзді ақылдылардың айтатынына, ал мәселені ақмақтардың шешетініне қайран қалыпты.
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет