Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің


Василий Васильевич Розанов



бет62/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит
7 -сынып Олимп 1 сабақ (1), сұрақтар тізбесі7, Дискретт3 математика жауап, Лес Мұхит Архитектура[1]
Василий Васильевич Розанов (1856 – 1919), шығармалары: «Оңашалану», «Түскен жапырақтар», «Ай сәулесіндегі адамдар», «Біздің заман Апокалипсисі» және т.б.
Нигилизм формасындағы орыс материализмі – қоғамда қалыптасқан құндылықтар, мұраттар және нормаларды сынап, терістейтін ағым. Бұл ағым И.С. Тургеневтің «Әкелер мен балаларындағы» Е.Базаровтың бейнесінен туындаған.
XIX ғасырдағы орыс философиясының революциялық-демократиялық бағытының өкілдері:

  • Н.Г. Чернышевский;

  • халықшылдар – Н.К. Михайловский, М.А. Бакунин, П.Л. Лавров, П.Н. Ткачев;

  • анархист П.Кропоткин;

  • марксист Г.В. Плеханов.

Орыс философиясының либералдық бағытының көрнекті өкілі – Владимир Сергеевич Соловьев (1853 - 1900) – орыстың діни, христиандық философы, ақын, бүткілбірлік ілімі мен біртұтастық білімнің негізін салушы. Негізгі шығармалары: «Батыс философиясының дағдарысы», «Біртұтастық білімнің философиялық бастамалары», «Құдаиадамилық туралы оқулар», «Тиянақсыздық бастауларды сынау», «Ізгілікті ақтау», «Үш әңгіме».
В.С. Соловьев философиясының негізгі идеялары:

  • Бүткілбірлік - әлемнің, барлық тіршіліктің бірлігі, болмысты ұйымдастырудың принципі; барлық заттар мен дүние құбылыстарының өзара шарттасуы, байланысы, өзара жіктелуі. Онтологияда бүткілбірлік: игілік – ақиқат – сұлулық (добро – истина – красота), ал гносеологияда – біртұтастық білім жүйесі;

  • Біртұтастық (цельное) білім – ғылым, философия және діни сезімнің бірлігі, синтезі;

  • сұлулық – сезім, ақиқат – ойлау, игілік – ерік арқылы танылады;

  • бүткілбірлік жүйесінде адам Абсолюттік мәнділік, яғни Құдай мен адамның арасындағы сарапшы;

  • Құдаиадамилық идеясы – бүкіл адамзат тарихы дегеніміз адамның Құдайға өрлеуі, ұмтылысы. Ол Құдайға, игілік пен әдептілікке негізделген;

  • адам өмірінің ең басты құндылығы-әдептілік идеясы (әдептіліктің төменгі деңгейі – құқық, ал жоғары деңгейі - махаббат);

  • бәрінің қайта тірілу идеясы, тірілердің (рухани) және өлілердің (тәнирухани), яғни адамзаттың басты мақсаты;

  • София идеясы - әмбебап Құдаи даналық;

  • орыс идеясы, үш идеядан тұрады: «Қасиетті Русь» (Мәскеу – Үшінші Рим), «Ұлы Русь» (I Петр реформалары) және «Азат Русь» (Декабристер рухы мен Пушкин).

ҚАЗІРГІ ЗАМАН ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫ.


XIX ғ. аяғы мен XX ғ. орыс философиясының негізгі бағыттары:

  • «алтын ғасыр» философиясы (діни философия, космизм);

  • жаратылыстану – ғылыми философия;

  • шетел орыс философиясы;

  • кеңестік (совет) философия.

XIX ғ. 90 жылдары- XX ғ. бас кезі Ресейдің рухани өмірінің «алтын ғасыры» деп аталады. Осы кезеңде орыс әдебиеті, өнері, мәдениеті, философиясы жаңа дәуірлеу (ренессанс) үрдісінен өтті.
Осы кезеңнің діни бағыттағы философияның көрнекті өкілдері:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет