Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің


П.С. Мережковский (1864 – 1941)



бет64/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит

П.С. Мережковский (1864 – 1941) адам мен Құдай қатынасы мәселесін қарастырды.

Оның пікірінше, адам өз өмірінде үш кезеңнен өтеді:

  • пұттық;

  • христиандық дінге келу;

  • ішкі гармония және христиандықпен үйлесу.

  • Лев Шестов – Лев Исаакович Шварцман (1866 – 1936) – орыс философ – экзистенциалисті, әдебиетші, иррационалист. Атақты кітабі: «Тірексіздікті мадақтау».

  • Питирим Сорокин (1889 – 1968) философияның өзегі – адам мен қоғам мәселесі. Ол әлеуметтік философияда мына теорияларды ашты:

-стратификация – қоғамды көптеген топтарға (кіріс деңгейі, кәсібі, ұлты, ықпалы бойынша) – страттарға бөлу;
-әлеуметтік мобильдік – демократиялық пен тұрақтылықтың маңызды шарты болатын қоғамда тұрғындардың бір страттан екінші стратқа өту мүмкіндігінің болуы.
Тарих – құндылықтардың ауысу процесі. Ғылым мен техниканың шексіз дамуы адамзатқа қауіпті, бейруханияттылыққа әкеледі.
3. Николай Бердяев философиясы.
Николай Александрович Бердяев (1874 – 1948) – орыс философы, экзистенциалист, оны орыстың Гегелі деп те атайды. Негізгі шығармалары: «Өзіндіктаным», «Шығармашылық мағынасы», «Еркін рух философиясы», «Адам тағлымы туралы», «Ресей тағдыры», «Теңсіздік философиясы», «Тарих мағынасы», «Орыс коммунизмнің шығу тегі мен мәні», «Мен және объектілер әлемі» және т.б.
Н.Бердяевтің дүниеге көзқарасының негізгі идеялары:

  • Жаратылмаған еркіндік туралы;

  • Адам шығармашылығындағы Құдайға мұқтаждық туралы;

  • Объективтену туралы;

  • Тұлғаның озықтылығы және оның дүниемен аянышты бітпес дауы;

  • «соборлық» - рух пен ерік бірлігі – адам тіршілігінің негізі;

  • «орыс идеясы».

Бердяевтің пікірінше, жалғыздық тақырыбы – философияның негізгі тақырыбы, оның астарында қауышу тақырыбы жатыр. Жатсыну мен қауымдасу – адам тіршілігінің, оның бүткіл діни өмірінің өзегі.
Бердяев аңсау, үрей және зерігу категорияларын ажырата білді. Аңсау бізден алыс, жоғары дүниеге бағышталған және бізге жақын пендешілік дүниенің мардымсыздығы, бекершілігі, тиянақсыздығы сезімімен қатарласа жүреді. Үрей мен зерігу алыстағы, жоғарғы дүниеге емес, төменгі дүниеге бағышталған. Үрей маған осы төменгі, қалыпты дүниеден төнетін қауіпті сездіреді. Зерігу осы төменгі дүниенің мардымсыздығын және пасықтылығын білдіреді.
Н.А. Бердяевті еркіндік философы деп те атайды. Ол еркіндікті болмыстан жоғары, бұрын санайды. Еркіндікте дүниенің тылсым табиғаты жатыр. Құдай еркіндікті қалайды, сондықтан дүние трагедияға толы. Дүниенің басталуы да, аяқталуы да еркіндікте. Еркіндік қажеттіліктен(Спиноза, Гегель) туындамайды, керісінше қажеттілік еркіндіктен туындайды.
Философиялық танымның шығу тегі – рухтың біртұтастық өмірінен, рухани тәжірибесінен туындайды. Одан өзгенің бәрі екінші қатардағы ұсақ-түйектер. Күйіну, қуаныш, трагикалық шиеленістер – танымның қайнар бұлақтары. Құпиялық әрқашан сақталады, ол тек таным арқылы тереңдей түседі. Құдай дегеніміз құпиялық, сондықтан Құдайды тану дегеніміз құпиялыққа шексіз жақындау. Адам Құдайда түбегейленген, сол сияқты Құдай да адамда түбегейленеді. Рухани тәжірибесі бай адамдар Құдайдың бар не жоқ екенін рационалдық дәлелдеуге мұқтаж емес. Өзінің тылсым, құпиялық мәнінде Құдай иррационалды және асарационалды: Құдайды ұғым арқылы тануға тырысу сөзсіз антиномияға ұшыратады.
Бердяев экзистенциалдық философия ең алдымен танымдағы субъектің өзінің экзистенциалдығымен анықталады, - дейді. Экзистенциалдық түрдегі философ таным процесінде объективтенбейді, объектті субъектте қарсы қоймайды. Оның философиясы тіршіліктің құпиясына шомған субъекттің өзінің экспрессивтілігі (тиянақтылығы). Объектті экзистенциялы тануға болмайды. Объект дегеніміз экзистенциялықтың жоғала бастауы, жойылуы. Объект дегеніміз субъекттің ойдан шығарғаны. Тек ғана субъект экзистенциялды, тек субъектте шындықтық танылады. Бұл әдеттегі субъективтік идеализм емес, бұл еркіндік идеализмі.
Н.Бердяевті кейде тарих тағлымшылы (историософ) деп те атайды. Тарихтың өз мағынасы одан тысқары жатыр және оның соңы болуы керек. Тарихтың соңы болғандықтан, ол мағынаға ие, соңы жоқ тарих – мағынасыздық. Шексіз прогрестің де мағынасы жоқ. Мен микрокосм, барлық дүние жүзілік тарих менде өтеді. Сондықтан мен тарихты қосмағыналықта сезінемін – тарих маған жат және дұшпан, сонымен бірге тарих дегеніміз менің тарихым, менде болатын тарих. Бұл дегеніміз эсхатологиялық қосмағыналық. Сөйтіп, тарих дегеніміз экстериориялану, рухтың объективтенуі және тарих дегеніміз рухтың ішкі тағдырының моменті.
Философияның негізгі мәселесі адам мәселесі болып табылады. Болмыс адамда және адам арқылы ашылады. Адам дегеніміз микрокосм және микротеос. Ол Құдай бейнесінде және оған ұқсас жаратылған. Бірақ, сонымен бірге адам табиғи, шектеулі пенде. Адамның жаратылысының өзі қосмәнділік: адам екі дүниенің тоғысу нүктеі, ол өзінде жоғарғы дүние мен төменгі дүниені бейнелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет