Қатені анықтау әдісі – студенттер үй жұмысын алып, болатын дәрістің мазмұнымен танысады. Оқытушы оқу материалына өзгерістер енгізіп, қате кеткен мәліметтерді қайтадан құрастырады. Оқытушы дәріс оқу барысында студенттер қателерді анықтау қажет. Бұл әдіс студенттердің бүкіл оқу барысында критикалық тыңдау қабілеттілігін жетілдіреді.
«Миға шабуыл» әдісі – интерактивтік оқытудың ең қарапайым және тиімді әдістерінің бірі, шығармашылық ойлау қабілеттігін, топтарды құрастыру және белгілі бір мәселені шешу дағдыларын жетілдіретін әдіс. Шығармашылық пікірлерді жетілдірудің тәсілі, ал қатысушылар болса бұл тәсілдерді әрі қарай қолдануын ұсынады.
Өткенді қайталау – бұл әдіс тақырыпты талқылауда, қорытындылау кезінде қоданылады, бұл тақырыпты студенттер толығымен меңгеріп, арасында қолданылуын қамтамасыз ететін әдіс. Бұл әдіс бірнеше мақсатқа жетуді көмектеседі: студенттердің топ ішіндегі әрекетін ояту, кейбір тәжірибеге бағыт беру, аталған материал бойынша студенттердің қабылдауын қандай дәрежеде екенін анықтау, студенттер мен оқытушылар арасында қатымды байланысын көрсететін әдіс және т.б. Өткенді қайталаудың әр түрлі түрлері кездеседі.
«Дөңгелек үстел әдісі» - жылдам, әрі тиімді әдіс, әр бір студенттің өз пікірін айта алуы мысалы, «бүгін мен үш нәрсені білдім», «мен пән жөнінде білдім...» және т.б.
Ақырын ойлану - әдетте жазбаша түсініктеме беру, сұрақтар ьойынша тақтада немесе қағазда көрсету.
Топтық ойлану – шағын топтарды өткен тақырыпты қайталау және басқаларға айту әдісі.
Білдіретін әңгімелесу әдісі – студенттің сабақта ашық немесе сұрақтармен мен құрылымын баяндап беруі.
Хатты құрастыру әдісі – белгілі бір материалды меңгеруге бағытталған әдіс, бұл әдісте негізгі сөз берілген, осыдан хат сызба түрінде құрастырылады, осы сызба негізгі сөздің мағынасын ашып береді.
Тәжірибелік (семинар сабақтарын) СӨОЖ және СӨЖ сабақтарын өткізу келесі формалары ұсынылады:
Кез келген танымды анықтау, шағын эссе жазу – 1-1,5 бет.
Тақырып бойынша жалпы шолу – ұсынылған тақырып бойынша ақпараттық рессурс басылым мен Интернеттен шағын әдеби шолу (эссе) жазу. Глоссарий жазу – терминдердің шағын түсініктемесі және берілген тақырып бойынша түсінік беру, сөзжұмбақтарды қолдануға болады.
Презентация – студенттің берілген тақырып бойынша өз презентацияны жасау барысында, қарастырылып отырған мәселе бойынша өзінің түсінігін немесе түсініксіздігін айта алауы, презентацияда қарастырған кейбір аспекттерді қарастыру. Презентацияның уақыты - 8-10 минут, презентация келесі критериялар арқылы бағаланады: тақырыптың ашылуы, берілген мәселе басқаларды қызықтырды ма, қарастырылып отырған мәселе бойынша студент өзінің кәсібилігін көрсете алды ма деген талаптар қойылады.
Іскер ойын – рольдік немесе топтық, болашақ кәсіби қызметі үшін іскерлігін және дағдылануды өндірту.
Топтық жоба – топта 4-5 адамнан артық болмау керек, әр бір топ өзінің жобасын құрастырып, оны қорғау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |