Пәнді оқытудың міндеті



бет12/17
Дата07.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#92388
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
3896 28375
2 5461106098603821133, 3896 28375
Технологиялық функцияда үш деңгейде іске асырылады:

  1. проективтік - әдістемелік материалдарды дайындау (оқу жоспарлары, бағдарламары, оқулықтар және т.б.);

  2. түрлендіруші – педагогикалық ғылымдардың жетістіктіктерін білім беру практикасына енгізу;

  3. рефлексивтік және түзетушілік – ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқыту мен тәрбие практикасына ықпалын бағалау және ғылыми теория мен практикалык іс-әрекеттің өзара әрекеттеріне түзетулер енгізу.

Педагогика міндеттері:

  • тәрбиедегі, оқытудағы, тәрбие және білім беру жүйелерін басқарудағы заңдылықтарды ашу;

  • педагогикалық практиканы, тәжірибені зерттеу және қорыту;

  • білім берудің дамуын болжау;

  • зерттеу нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізу.

Қазіргі ғылыми-педагогикалық және әдіснамалық зерттеулер ғылыми білімнің жалпы құрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі ықпал етіп отыр. Бұл ретте әдіснамалық зерттеулер әртүрлі философиялық мектептер мен бағыттар негізінде жүзеге асырылады. Алайда ғылыми нәтижелер, көп ретте, зерттеушінің философиялық бағыттылығына байланысты емес, олардың жалпы ғылыми құндылығы болып, педагогика ғылымы әдістемесінің дамуына өз үлестерін қосулары қажет.
Әдіснама - әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез-келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады, басқа теориялардың құрамды бөлігі болып табылады. Бақылаушыныңбастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай құбылыстарғакөңіл бөлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің өзіндік қабілеті де маңызды болып саналады.
Зерттеу барысында бақылап-зерттеу түрлерініңәр алуан жіктемесі ажыратуға болады:
- тікелей бақылап-зерттеу, мұғалім-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысыныңтікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей зерттеуші бола тұра бейтараптық сақтауы тиіс; мұғалімнің зерттеу жұмысына твғвз араласуы. Мұғалімнің зерттеуге қатысуына байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудыңтехникасы мен әдісі таңдалып алынады;
- жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оныңбағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
- жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардыңтанымдық іс-әрекетініңжәне мұғаліммен ара қатынасы туралы шанайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды. Оқушылар мен мұғалімдердіңбір-бірімен оңаша кезіндегі мінез-құлқы оларды бөтен біреулер бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда өзгеше болады:
- үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі-үш оқушыныңсабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс – оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеуге үшін қолданылады;
- дискретті (үзік-үзік) бақылап-зерттеу объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
- монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;
- бір бағытты бақылап-зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
- бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.
Педагогикалық эксперимент – танымның эмпирикалық дейгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардыңұту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашуға болады. Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан біліп алып, құбылыстар мен деректерді “таза” күйінде зерттеуге мүмкіндік береді. Эксперимент ғылыми зерттеудіңтеориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Оныңмақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтардың фактуалды мәніне жету мен қалыптастыру. Эксперименттіңтағы бір мақсаты білімді жетілдіру, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәжірибесін жаңарту.
техникалық құралдарынсыз және өлшеу жабдықтарынсыз өткізу мүмкін емес және де олар практикада тексерілген, теориялық тұрғыдан дәлелденген, зерттеу мәселесін дұрыс шеше алатын болуы тиіс.
Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты «субъект – субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу тәртіптерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек. Бұл ретте “түсінік” терминінің мағынасы ”білім” терминіне қарағанда кеңірек. “Түсінік” ғылымында субъектінің танымдық педагогикалық жағдайды қабылдау ерекшілігі дұрысырақ беріліп, нақты-сезімдік пен абстрактілі-түсініктемелік бейненің бірлігі белгіленеді. Сұрақ-жауап әдісінің мақсаты бірлі-жарым және жекелеген белгілердің жоғалып кетпеуін қадағалайды, өйткені олар жоқ болса, жалпы абстрактіге айналуы мүмкін.
Теориялық әдіс – талдау, жинақтау, тұжырымдау, салыстыру, классификациялау, моделдеуге құрылады.
Эмпирикалық әдіс – деректер жинау, сұрыпталған фактілерді ғылыми жүйеге келтіру. Бұл әдіске бақылау, қажетті құдаттарды зерттеу, әңгімелесу, анкета, сұхбаттасу, т.б. кіреді. Жобалық болжамды тиянақты айқындай түсу үшін эксперименттер қолданылады.
Математикалық әдіс – құбылыстар мен қолданыстағы жүйенің арақатынасындығы межелік айырымды сандық сапа арқылы белгілейді. Бұл әдіске регистрациялық тіркеу, шкалалық көрсеткіш, көлемі мен дейгейіне қарай сапқа түзу т.б. кіреді.
3 - сабақ.
Тақырыбы: «Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы, оның заңдарымен заңдылықтары»
Сабақтың мақсаты: студенттерде мектептегі педагогикалық үрдіс туралы ұғым қалыптастырып, оның құрылымы, тұтастығы мәселесі, заңдары мен заңдылықтарының теориялық және практикалық жағдайын талдау арқылы меңгерту.
Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау.
Жоспары:
1. «Мұғалім іс-әрекетінің обьектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары (П.Ф.Каптерев, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин т.б.).
2.Педагогикалық үдеріс белгілері, сапалары мен қасиеттері.
3.Педагогикалық үдерістің тәрбиелік механизмдері.
Негізгі ұғымдар : объект, пән, ғылым, жүйе, әлеуметтік жүйелер, “ұстаздар – оқушылар” жүйесі, педагогикалық процесс, педагогикалық ситуация, қозғаушы күштер, тәрбиелеуші тетіктер, диагностика, болжамдау.
Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің обьектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы. Қазіргі педагогикалық процесс түсінігі бірден қалыптасқан жоқ. М.А.Данилов “Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның обьектісі” деген еңбегінде, ең бастысы, әр түрлі құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясын одан әрі жетілдіруі айқындалатынын көрсетті.
Ғалымдардың зерттеулеріне байланысты педагогикалық процестің түрлі қырлары мен заңдылықтары айқындалды.
Педагогикалық процестің мәнін әлеуметтік-педагогикалық жағынан түсіну бағыты Э.И. Моносзон мен З. Филонов еңбектерінде көрсетілді.
Кеңестер одағы мен бұрынғы социалистік бағыттағы елдерде, ГДР-де шыққан еңбектерде “педагогикалық процесс” оқу мен тәрбиенің бірлігі ретінде қарастырылады.
Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде (АҚШ, Англия, Австралия) “педагогикалық процее” деген ұғым “оқыту” деген сөздің баламасы ретінде қолданылады.
“Педагогикалық процесс” анықтамасын ең алғаш Каптерев П.В. анықтады. Ол оны “білім беру процесі” ретінде қолданды. Ондағы өзіндік іс-әрекет сөзсіз болатын құбылыс. Каптерев ұсынып отырған анықтамада “педагогикалық процес” ұғымы біртұтас үлкен бір құбылысты көрсететіні, оның оқыту, білім беру, үйрету, тәрбиелеу, даму, нұсқау, иландыру, жазалау, т.б. сияқты кезеңдері болатынын көрсетуімен маңызды. Түйіндей келе, П.Ф. Каптерев педагогикалық процестегі оқыту мен тәрбие бірұтастықтың кейбір бөлшегі ретінде өмір сүреді деген пікірде болуы. Сонымен бірге, бұнда кейбір бөлшектердің күрделі қатынастары туралы ой байқалады.
Кеңестік педагогикада ”педагогикалық процесс” ұғымын Н.К Крупская., С.Т.Щацкий, А.П.Пинкеевич, А.С.Выготский, А.Г Калашников толықтырып зерттеді.
Н.К. Крупская өзінің алғаш жазған еңбектерінің бірінде “болашақ мектебі ерікті оқушылар ассоцияциясынан болуы қажет, олар өз алдына мақсат етіп бірлескен әрекеттері арқасында ойлар патшалығына жол салуды қояды. Бұндай мектепте мұғалім тек қана бай тәжірибесі мен білімдері бар жасы үлкен жолдас, ол оқушылардың өз бетімен оқып білім алуға көмектеседі.” Осы айтылған пікірде мұғалімнің рөлі мен оқушылардың өзара қатынастарына назар аударылады.
С.Т.Щацкий пікірінше, педагогикалық процесс бірқатар көптеген элементтердің нәтижесі болып саналады, оның ішіндегі негізгілері әлеуметтік-экономикалық орта, іс-әрекеттер мен ықпал ететін обьектінің психо-физиологиялық ерекшеліктері және ұстаздардың іс-әрекеті.
А.П.Пинкеевич педагогикалық процестің мектептің қоғамдық өмірдегі рөлінен туатын әлеуметтік және педагогикалық, психологиялық аспектілерінің бірлігінен тұратынын көрсетеді.
А.С. Выготский педагогикалық процестің жағдайын білу деген идеяның болашағы өте зор, оны зерттеуге көңіл қою керек дейді.
А.С.Макаренко, М.А.Данилов, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев, т.б. педагогикалық және тәрбиелік процесті бір мағынада түсіндіреді.
В.А. Сухомлинский “педагогикалық процестің тұтастығын мұғалім мен оқушының рухани бірлестігі және үлкен адамның басшылығы” деген ойы маңызды.
Л.Ф.Спирин, М.А.Степенский т.б. пікірі бойынша “педагогикалық жүйедегі тәрбиенің обьектілері мен субьектілерінің іс-әрекеттері бөлінбейтін біртұтас тәрбие процесі болып есептеледі”.
Біртұтас обьектінің теориясын жасау диалектикалық материализмнің белгілі бір методологиялық мақсаты құбылыстардың өзара байланыстылығы туралы күрделі құбылыстарды жүйе ретінде қарастырумен және нақтылы жағдайда жүйелі тәсілді практикалық жүзеге асырумен тікелей байланысты.
Дидактика саласында, оқыту процесінің элементарлық бірлігі “кереге көзі” ретінде Лернер әрекетті негіздесе, Е.Н. Тонконогая сабақты, П.М. Эрдниев жаттығуды, В.И. Загвязинский - тапсырмаларды, Т.И. Шамова танымдық әрекетті көрсетеді.
Педагогикалық процеске қатысты элементарлық бірлікті Л.А. Левшин педагогикалық әсер етуді (1964), педагогикалық қатынасты (1968), педагогикалық құбылысты (1980) көрсетеді.
Жоғарыдағы авторлар педагогика теориясындағы кереге көзді негіздеуге ұмтылыстарын бағалай отырып, М.А. Данилов олардың толық нәтижеге жетпегенін көрсетеді.
Педагогикалық процестің түпкі мақсаты – ол “қоғамдық қатынастардың жиынтығы” жеке тұлғаны қалыптастыруы керек. Әрбір жаңа ұрпақ өткен ұрпақ тәжірибесін меңгеруі керек, жеке тұлғаның қалыптасу шарты осындай. Өзіне тән әрекетсіз тәжірибені игеру мүмкін емес.
Педагогикалық процестегі элементарлық бірліктің орны – алғашқы педагогикалық ситуацияның “кереге көз” қалыптасу сәті, оқушының қатысында, сынып ұжымында, паралельдік сыныптарда, жалпы мектеп ұжымында көрінеді. Микрожүйе “ұстаз – оқушы” іс-әрекетке баулиды. Әлеуметтік іс-әрекет түрлері түрлі жүйелердің барысында іске асады.
Педагогикалық процестің “ұстаздар – оқушылар “ қатынасындағы мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар айналымы үнемі жүріп отырады. Басқаша айтатын болсақ, педагогикалық процесс оқушылардың мәдени
Педагогикалық процестің мәні. Диалектикалық материализм ұстанымы бойынша мән – аттың ең басты, ішкі біршама тұрақты жағы. Мән заттың табиғатын анықтайды. Элементарлық бірлік “кереге көзді” талдау негізінде педагогикалық процестің мәні екі жақты сипатталынады: әлеуметтік жүйе ретінде; өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде. Әлеуметтік жүйе ретіндегі оның белгілері мынадай: жүйенің жалпы мақсаты және оның өзара байланысты бөліктері немесе элементтері болады, жүйе белгілі ортада жұмыс істейді, ол сыртқы ортамен байланысты түрлі деңгейде жұмыс жүргізеді, өзінің ішкі қайшылықтары арқылы дамиды, ұйымдастыру орталығы арқылы басқарылады.

4 - сабақ.


Тақырыбы: «Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі».
Сабақтың мақсаты: тәрбие мақсатының тарихи зерделенуі арқылы қазіргі заманғы тәрбие мақсатының мәнін ашу, гуманитарлық бағыттағы тәрбие мақсаты туралы түсінік қалыптастыру.
Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау
Жоспары:
1.Тәрбиенің мақсаты – тұтас педагогикалық үдерістің жүй түзуші факторы..
2.Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты мәселесі.
3.Әлемдік және ұлттық мәдениет тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі.
Негізгі ұғымдар: тәрбие мақсаты, қоғамдық мәдениет, жеке тұлғаны әлеуметтендіру және дербестендіру, жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлға, жеке тұлғаны” шығармашылық мүмкіншілігі.
Қоғамның даму барысында тәрбие және мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ертедегі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. “Рақым” туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Мысалы, Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру, ал Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметті” өзі ұйымдастырукерек, үстемдік етуші топтар – философтар мен жауынгерлерді” талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы – ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.Ұлы педагог Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптастыру, өз істерін ақылмен және байыппен жүргізу, ал Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының алатын орнын айтты.
И.Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар десе, А.Дистерверг тәрбиенің мақсаты “ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет” ету деп анықтаған.
Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский: “Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сізді” дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші “бақыт” дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық” - деп тұжырымдайды. .
Тәрбие мақсаты көп уақытқа дейін идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл позиция – тәрбиені” негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиені” мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарыны” нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.
Тәрбие мақсаты – педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы
Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаны” қалыптасу кезе”інде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіпті” ма”ызды әлеуметтік мінездері, оны” қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.
Әлеуметтендіру – тұлғаны” белгілі бір бейнесін дәріптейді, оны” негізгі белгілері: адамны” әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. “Адамны” адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктерді” арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысыны” жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтаруынан”.
Әлеуметтендірудің алдына қойған міндеттерінің екі тобы болады:
а. тұлғаның әлеуметтік бейімделуі,
б. әлеуметтік кемелденуі.
Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуге тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек.
Жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде оларды” дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми е”бектерде әлеуметтендіруді” жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді. Олар:
- мегафакторлар (мега- өте үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетіні” тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.
- макрофакторлар (макро-үлкен)
ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру.
- мезофакторлар (мезо-орташа)
тұрғылықты жерде халықты” болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдарды” үлкен тобын әлеуметтендіру жағдайы.
Микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум.
5 - сабақ.
Тақырыбы:« Оқыту үдерісінің маңызы.».
Сабақтың мақсаты:оқытудың ғылыми-теориялық негіздеріне талдау жасай отырып, оның құрылымы мен заңдылықтары, принципі туралы түсінік қалыптастыру.
Әдістері мен формалары:түсіндіру, салыстыру, талдау
Жоспары:
1.Оқыту үдерісінің мәні, оның әдіснамалық негізі.
2.Оқытудың психологиялық теориялары: ассоциативтік-рефлекторлық, ақыл-ой әрекеттерін сатылап қалыптастыру және т.б.
3.Оқыту үдерісінің құрылымы. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері
Негізгі ұғымдар: оқыту принциптері, заңдылықтары
Жалпы педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері — барлық пәндерге ортақ және оның деңгейіне үйлесімді тәсілдері мен жолдары және оқытудың мақсатына қарай нені оқыту мен қалай оқытудың теориялық негіздері болып табылады. Сондай-ақ жалпы педагогика жеке пәндерді оқыту мен білім беру әдістерін қоса қамтып, яғни бастауыш мектеп, орта оқу орындары мен жоғары мектептерде білім беру жолдарын бірлікте зерттейді. Жинақтай айтқанда, жалпы педагогика жеке пәндерді оқытудың теориялық негіздерін білгізумен қатар, сол жүйеде жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйеніп нақты тұжырымдық қорытынды жасайды. Дидактиканың негізгі міндеті мынау: біріншіден, оқыту үрдісін (процесін) түсіндіру, сипаттау және оны меңгеру мен жүзеге асыру жолдарын көрсету, екіншіден, оқыту үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын, амал-тәсілдерін, ең жаңа жетілген технологиялық жүйелерді білгізу.
Педагогика пәнін терең түсіну үшін оның дидактикалық категорияларын ұғыну керек. Ал дидактикалық категорияның бастау бұлағы — педагогикалық жүйе болып табылады. Сонда дидактикалық категорияның негізін айқындайтын құрылымы мынау: білім беру, оқыту, мақсаты, мазмұны, міндеттері, дидактикалық үрдіс (процесс), әдістемелері, құралы, оқыту формасы, окытудың заңдылықтары, принциптері және оқытудың нәтижесі.
Дидактикалық жүйе негізінен теориялық және қолданбалы практикалық мәнде болғандықтан педагогика ғылымының аумағы кең, қамтитын деңгейі қарқынды сала болып табылады. Өйткені дидактика оқыту мен білім беру негіздерінің терең дежан-жақты болуына мән береді. Сондай-ақ оқыту үрдісін талдап, оның әрбір кезеңдері мен қарым-қатынас ерекшеліктеріне мән-мағына беріп, зерттеп, тұлғаны терең де тиянақты білімдендіру жолдарын нақтылайды. Мұнымен қатар оқу үрдісін жобалау, оның нақты мән-мазмұндық сипатын анықтау білімдендірудің негіздерін дәлді белгілеу мәселелерін қоса қамтиды.
Оқыту процесі педагогикалық-психологиялық тұжырымдамаларға негізделеді де содан бастау алады, сондықтан да қазіргі кезеңде дидактикалық жүйе немесе оқыту моделі деп аталады. Мұндағы басты ерекшелік оқытудың принциптерін, мақсатын, мазмұнын, оқыту құралдарын сипаттау. Дидактика саласында алуан түрлі жүйелер болған, оны саралай келгенде үш топқа топтастырған орынды: 1. Дәстүрлі жүйе. 2. Педоцентристік жүйе. 3. Қазіргі дидактикалық жүйе. Бұл жүйелердің әрқайсысының ұстаған бағыт-бағдары бар және теориялық ұстанымы оны өмірге әкелген ғалымдардың көзқарасына, көрсеткен жол-жобасына байланысты. Сонымен қатар оқыту үрдісі дидактикалық тұжырымдамадан туындайтын, содан бастау алатын және жүзеге асатын құбылыс. Топтастырылған жүйенің әрқайсысына тән басты сипаттары мыналар:

  1. Дәстүрлік жүйеде оқыту, білім беруде мүғалімнің әрекеті шешуші роль атқарады. Дидактикалық бұл тұжырымдама педагогика тарихына Я.Коменский, И.Песталоцци және И.Гербарт арқылы өріс алды.

  2. Педоцентристік жүйеде оқып, білім беруде мұғалімнің жетекшілік назары шәкірттің іс-әрекетіне бағдарланады. Бұл жүйе негізінен Д.Дьюиден басталып, еңбек мектептері саласында Г.Кершенштейнер арқылы, ал XX ғасырдың алғашқы кезеңіндегі мектеп реформасына байланысты В.Лаяның педагогикалық теориясы бойынша өркендеді.

  3. Қазіргі дидактикалық жүйе — оқыту мен білімді меңгеру бірлікте қарастырылады. Демек, оқыту үрдісіндегі екі жакты іс-әрекеттің бір арнадан тоғысуы дидактикалық пәндік негізіне саналады. Ал қазіргі дидактикалық тұжырымдамада бірнеше бағдар бар. Олар мыналар: программалап оқыту, проблемалық оқыту, дамыта оқыту — бұл жүйенің бастаушылары П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов т.б. когнитивтік психология (Дж. Брунер); Кеңестік жүйеде 80 жылдары етек алған ынтымақтастық педагогикасы мен педагогикалық технология.

Дидактикалық дәстүрлі жүйе. Еуропа елдерінде бұл жүйе неміс ғалымы И.Ф.Гербарттың идеяларынан бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Гербарттың ұстанған жолы – оқытудағы басты мақсат – тұлғаны қалыптастыратындай теориялық білім, білік беріп, ұғым түсінігін дамыту. Сонымен бірге, ол оқыта отырып тәрбиелеу принципін енгізді. Демек, оқытуды ұйымдастырудағы негізгі бағдар тұлғаны қалыптастыру болса, әрбір оқушы адамгершілік жағынан жетіліп шығады деген ойды қуаттады. Оқыту процесінде Гербарт мынадай басқыштық жүйе қолданды: тиісті материалды оқушыға түсіндіру, ұғындыру, тұжырымдау, іс-әрекетке келтіру. Ұсынылып отырған бұл жүйе міндетті түрде сақталуға тиіс, орындау міндет болғандықтан, оқылатын пәннің деңгейіне қарамастын бұл шартты жүзеге асыру заңдылық болып саналды. Әрине, бұл теория білім беруді ұйымдастыруда мұғалімнің іс-әрекеті негізінде, арнайы түсінік қалыптасып, ұғымды нақтылауда, оқушының тиісті материалды түсініп, қойылған міндетті меңгеруіне және жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Күні бүгінге дейін жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, пысықтау, қайталау, жаттығу жүйесі сақталып келеді. Сабақтың логикалық жүйесін құруда және оны жүзеге асуын орындауда өзіндік мәнін жоғалтқан жоқ.
Оқыту принципі қабылданған дидактикалық тұжырымдамаларға байланысты. Қазіргі егемендік алған қазақ еліндегі дидактиканың принциптік жүйесі бұрыннан белгілі классикалық негізге құрылған және оның ғылыми теориялық, практикалық дамуы әлемдік педагогикалық таным-түсінік зандылықтарымен сабақтас. Оның негізгі таралым-тармақтары мынау:
Оқыта отырып тәрбиелеу принципі;
Оқытудағы ғылымилық принципі;
Теория мен практиканың байланыстылығы;
Жүйелілік пен бірізділік, тиімділік;
Шамаға лайықтылық, түсініктілік;
Көрнекілік;
Саналылық, беріктік, белсенділік.
6- сабақ.
Тақырыбы: «Оқыту формалары, әдістері мен құралдары. Сабақ- оқытудың негізгі формасы».
Сабақтың мақсаты: оқытудың әдістері мен формалары, құралдары, негізгі формасы ретінде сабақ, сыныптық-сабақ жүйесінің теориялық әдіснамалық негіздерін талдау арқылы білім қалыптастыру және оқытудың заманауи инновациялық әдістерітуралы түсінік меңгерту
Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау
1. Оқыту формалары, әдістері мен құралдары туралы түсінік
2. Оқыту әдістеріне сипаттама(түсіндіру, әңгімелесу, кітаппен жұмыс т.б.)
3. Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде.
4.Қазіргі мектептегі оқытудың инновациялық әдістеріне сипаттама.
Негізгі ұғымдар:оқыту формалары, әдістері, құралдары, сабақ
Оқыту әдісі — оқушыға білім мен тәрбие беріп, дамыту мақсатындағы ұстаз бен шәкірттің бірлескен қызметі, қарым-қатынастағы тәсілі. Оқыту әдісі арқылы шәкірттің білім алуы іскерлікке төселіп дағды қалыптасуы, дүниетанымы мен қабілеті жетіледі.
Мұғалімнің оқыту мақсаты мен міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде қолданылатын амал-тәсілдері мен ұйымдастыру әрекетін әдіс деп атаймыз. Сондай-ақ оқыту әдісі алға қойылған мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі және оның жүзеге асып орындалуы мүғалімнің шеберлігіне, оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне, шәкірттердің даярлық деңгейіне, екі жақтың бірдей белсенділігіне, ынтымақтастығына байланысты. Дидактика саласын зерттеушілер және педагогика оқулықтары мен оқу құралын жазған авторлар «Әдіске» әр түрлі анықтама беріп, терминнің қалыптасуы туралы түрлі-түрлі пікір айтқандығын ескере отырып, олардын негізгі ой түйінін пайымдай келгенде мынандай тоқтамға келген жөн: Әдіс - оқушыға білім мен тәрбие берудегі екі жақты қарым-қатынастың бір арнадан тоғысып, қойылған мақсатқа жетудің тиімді жолы, тәсілі, амалы, жүйелі түрде орындалуға тиісті іс-қимыл, әрекет деп түсінген жөн.
Білім, тәрбие жолындағы іс-әрекеттің нәтижелі болуы оның әдісін дұрыс таңдай білумен шарттас. Осы орайдан келгенде әдістерді түрлі салаға жіктеп топтастыру мәселесінде де ортақ пікір қалыптаспаған. Әрбір зерттеуші өзіндік танымына, көзқарасына байланысты түрлі-түрлі жүйедегі жолдарды ұсынады. Олардың бастыларын сұрыптай келгенде мына жүйедегі топтастыру (классификация) қазіргі кезеңнің ғылыми және тәжірибелік талаптарына үйлесімді келеді. Өйткені мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің нәтижелі болуы, қойылған мақсатқа жетудің тиімді жолдарын ретті де дәлді табу үшін әдістерді топтастырудағы мына жүйе тиімді:
1. Оқытудаіы білім көздеріне байланысты әдістер:
а) Сөзбен түсіндіру әдісі (баяндау, лекция, әңгіме, пікірсайыс);
ә) Көрнекілік әдісі (демонстрация, иллюстрация);
б) Тәжірибелік әдіс (жаттығу, зертханалық жұмыс т.б.).
2.Таным түсінікті меңгеру сипатындағы әдістер:
а)Түсіндіріп ұқтыру, репродуктивтік әдіс;
ә) Проблемалық түрғыдағы әдіс;
б)Ішінара іздеу немесе эвристикалық әдіс;
в)Зерттеушілік әдіс.
3.Дидактикалық мақсаттағы әдістер:
а)Жаңа білімді меңгеру әдісі:
ә) Алған білімді бекіту әдісі:
б)Бақылау әдісі.
Шартты түрде топтастырылған әдістердің бәрінің негізгі бағдарлық жүйесіне ортақ әдістемелік амал тәсілдерінде мына мәселелер ескерілуге тиіс:

  1. Іс-әрекетті жүзеге асырудағы тиімділік және ұйымдастырушылық;

  2. Мотивация және ынталандыру;

3.Оқу жұмысын бағалау мен тұлғаның өзін-өзі бақылауы. Оқыту әдістерін осы жүйеде топтастырғанда мына мәселелерге зейін қою және тәжірибелік істе басшылыққа алған жөн.
Сөзбен түсіндіру әдісі - мұғалімнің баяндап беріп түсіндіруі арқылы, немесе оқулықтар мен оқу құралдарын оқу барысында жүзеге асырылады. Бұлар оқушыға берілетін ақпараттық мағлұматтың негізгі көзі деп саналады. Мұғалім сабақты түсіндіріп баяндауында оқылатын материалдың мақсаты мен мазмұнына және оқушының жас ерекшелігі мен дербес ерекшелігіне мән беріледі. Оқытудың бұл әдісі көбіне бастауыш мектепте, тиісті жағдайға байланысты жоғары сыныптарда да қолданылады.
Лекция - оқылатын материалдың жүйелі түрде баяндалуы талап етіледі. Орта оқу орындарының жоғары сыныптары үшін оқылатын лекцияларда шәкірттің лекциядағы мәтіндік мәнді жаза білуге үйренумен қатар тиісті түсінік, термин, танымдық ойларды қалыптастыру бірлікте жүргізіледі.
Әңгіме әдісі - тиісті тақырыпқа байланысты ақпараттық мағылұмат берумен қатар мұғалім мен оқушы арасындағы диалог, пікір алмасу бірлікте жүргізіледі. Әнгімелесу барысында репродуктивтік қайталау, пысықтау және шәкіртті ойлантып іздендіру түріндегі эвристикалық тапқызу жұмыстары оқушының сабақ тақырыбынан туындаған сұрақтарға байланысты заңдар мен заңдылықтарды, деректерді, теориялық ұғым-түсінікті дұрыс меңгеруіне, зейін қойып қабылдай білугебаулиды да қалыпғастырады.
Пікір сайыс әдісінде - талданып, талқыланып отырған мәселе жөнінде пікірін ашық айтып, қателесіп кетемін деп жасқанбай сөйлеу оқушының өзіндік пікірі болуға бағдарлайды.
Сөз түріндегі қолданылатын әдістің басты сипаты ақпараттық мағлұматтың мол болуына, дәлелді сөйлей білуге логикалық жүйені сақтай алуға бейімдейді. Өзінің ойын, білген түсінігін жеткізуде белсенділік көрсетіп, әріптестерін тыңдата алуға машықтандырады. Әлсіздігі кейде бос сөзге дес беріп, дерексіз лепірмелікке ұрыну болса, оған жол бермеуге көңіл аудару керек.
Көрнекілік әдісі. Бейнелік кескінді көзбен көріп, оның нақты болмысын тануда түрлі суреттер, құралдар сызбалар мен таблицалар, моделдер пайдаланылады. Оқытуда әр түрлі иллюстрациялық құрал-жабдықтардың қолданылуы оқушыға берілегін үғым-түсініктің, нысанаға алынған танымнын тиянақты да айқын болуына әсер ететіндігі ақиқат шындық. Сондыктан білім беру үрдісінде көрнекілік әдісі жөнінде көп жазылған, әр жақты талданған әдіс. Кернекіліктің оқьпу жүйесінде атқаратын басты қызметі:

  • Оқылатын материал, зат туралы оқушының айқын да дәлді таным-түсінік қабылдауын қамтамасыз ету.

  • Көріп, бақылайтын заттың сыртқы көрінісін ғана қызықтаумен тынбай онын ішкі мән-мазмұнын тануға ықпал етеді.

  • Көрген, білген, таныған, бақылауларына оқушы мән беріп, ол жөнінде өзіндік ой-түсінік жинақтауына мүмкіндік туады.

Педагогика ғылымы саласындағы зерттеулердің бәрі де көрнекілік оқушының теориялар мен заң және заңдылықтар жөнінде нақты түсінік, таным қалыптастырудың тиімді де өміршең жолы, көрнекілік болмаған жағдайда оқушының білімдік танымы, түсінігі және ойлау деңгейі күңгірт болуы да ықтимал екендігі жан-жақты сипатталған.
Тәжірибелік әдістер. Алған білімнің нәтижесі оның нақты тәжірибеде колданылуы екені ешбір дәлелдеуді керек етпейтін шындық. Сонымен бірге тәжірибе оқушының іскерлігін жетілдіріп, дербестігін өрістетіп, ақыл-ойы мен дене күшінің дамуына игі ықпал етіп, тұлғаны қалыптастырады. Көрнекіліктің түрлері:
Жаттығу әдісі - оқушыға білік, білімдарлық қалыптастырып машықтандыру мақсатында тиісті оқу материалдарын бірнеше рет қайталап шығу. Жаттығуға қойылатын талап: оқушы қайталаудың мақсатын түсінсе, қандай нәтижеге жетуге тиісті екендігін біліп және болуға ықтимал қателіктер мен кемшіліктерден сақтанып, қажетті дағдыларды меңгереді.
Зертханалық жұмыс - оқушы зертхана (химия, физика) бөлмесінде тиісті тақырыпқа байланысты тәжірибе жүргізіп, оның мән-мағынасын бақылап, білуге тиісті үрдісті жеке немесе топтық құрамда орындап көреді. Эксперименттің барысымен танысып, оның нәтижелік көріністері туралы пайымдау жасайды.
Интенсивтендіру әдісін жүзеге асыруда суггестепедиялық тұрғыдағы бағдар қолданылып, оқушының білуге деген ықылас-ынтасына назар аударылады. Суггестия - латынның сендіру, иландыру, тұспалды ишарамен білгізу деген мәнде болса, білімдендіруде оқушының сенімі берік болса қандай да әрекетті атқаруға бара алатындығына кепілдік береді. Өйткенісенім - іс-әрекеттегі қозғаушы күш. Тұспалдай айтқан Абайдың «сөзінде бір күдік жоқ алдар деген, нанасың не айтса да амалың жоқ» деген ойлы пікірімен үйлесім табады.
Оқытудағы белсенділікті көтеріп, интенсификациялы әдісті ерістетуде дидактикалық ойын, шығармашылық жұмыстарды әр жақты ұйымдастыру жолдары кеңейтіліп және оны жүзеге асыру тиісті пәндердің әдістемелік құралдарындакөрсетіледі. Сондай-ақ бағдарламалық деңгейде алгоритмдікжүйе де дамытылады. Алгоритм - белгілі бір тапсырманы рет-ретімен жүйелі орындау болса, оны жүзеге асырудың жол-жосығы көрсетілген жоба, қойылған сұрақты дұрыс шешіп дәлді жауап беруге мүмкіндік туғызса бұл әдіс те белсенділікті көтеруге ықпал ететін тиімді жол екендігін есте ұстау керек. Ғылыми зерттеу тәсілдерін оқыту әдісіне пайдалану. Соңғы жылдары орта оқу орындарында білім, тәрбие берудегі әдістердің бірі ретінде ғылыми зерттеу әдістері мен тәсілдерін пайдалану дидактикада кеңінен жүзеге асырыла бастады.
Бұл әдістің мәні - оқушы проблеманы шешуде белсенділік танытып, оған зерттеуші тұрғысынан қарауға мүмкіндік туғызылатындығында. Сондай-ақ олар қойылған міндетті өзінше орындап, өзінше шешіп және ой-түсінігін, көзқарасын еркін түрде жасқанбай айтуға дағдыланады, өзінше әрекеттенуге жаттығады. Оқушы тез ойланып, ойын жедел айтып салуға әдеттеніп және өзінше әрекеттенуге машықтанады.
Еліміздегі қазіргі орта оқу орындарының көпшілігіндегі оқытудың негізгі түрі - сабақ. Өйткені сабақ жастары қатарлас топтағы оқушыларға бірыңғай бағдарламамен тиянақты күнтізбе бойынша білім берудің негізі болып табылады. Сабақтың типі жөнінде ғылыми тәжірибелік зерттеулер де, жүйелеулер де жетерлік. Дидактикалық мақсаттағы әр түрлі ойларды сараптай келгенде оны мына тұрғыда топтастырған орынды:
Жаңа білім меңгеру сабағы.
Іскерлік пен дағдыны қалыптастырып дамыту сабағы.
Алған білімді жүйеге келтіріп тұжырымдау сабағы.
Кайталау, пысықтау сабағы.
Тексеріп алған білім сапасын айқындау.
Аралас сабақ.
Жинақтап қорыту сабағы.
7 - сабақ.
Тақырыбы: «Қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негіздері».
Сабақтың мақсаты: білім мазмұны, оның ғылыми негіздері туралы, білім мазмұнын қалыптастыратын принциптер, оның құрылымына сипаттама беру арқылы жалпы білім мазмұны төңірегінде білім игерту.
Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу
1.Білім мазмұны туралы түснік.
2.Білім мазмұнын қалыптастырудың принциптері.
3.Білім мазмұны компоненттеріне сипаттама.
4.Білім мазмұнын анықтайтын құжаттарға сипаттама.
Негізгі ұғымдар:білім мазмұны, білім мазмұны принциптері, білім мазмұны компоненттері т.б.
Білім беру мазмұны оңушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде ''нені оқыту керек'' сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білім-дер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсат-тарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады. Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық қажеттіліктеріне сай қалып-тасады. Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеумет-тік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді. Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетіс-тіктер деңгейі де өз әсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда. Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндік-теріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек. Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байла-нысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді. Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі. Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады. Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар Оқу жоспары оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, - әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат. Типтік оқу жоспары оқу министрлігінде жасалынып барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектті, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады. Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және жүйелілік принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара логикалық байланыс-тылығына тәуелді. Оқу пәндері міндетті және таңдаулы деп бөлінеді. Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрас-тырылады. Оқу бағдарламасының құрамы: - аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына қойы-латын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылық-тарын анықтайтын түсінік хат; пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар; негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі; әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері; пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар; әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі; - ұсынылған әдебиет. Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан тұрады. Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалық-тардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1999 жылы қабылданған ''Білім туралы'' заңға байланысты білім беру саласын демократияландыру, гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құнды-лықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді. Бағдарлама жасауда кейбір кемшіліктерді атап өткен жөн болар: оқушылардың түсінігіне қиын оқу материалын енгізу; курсаралық байланысты ұмыту; Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады. Солардың ішінде басты назар оқулыққа арналады. Жақсы оқулық оқушыны нәтижелі оқуға жетелейді. Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар: -оқу бағдарламасына сәйкес болу; -оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу; -көрнекіліктермен жақсы жабдықталу; -тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек; - тексеру, өзін-өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы. Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек. Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандық-тан соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары жарыққа шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио-, видеокассеталар және компактдисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып жүр.
8 - сабақ.
Тақырыбы: «Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндігі оқыту технологиялары».
Cабақтың мақсаты: оқыту технологиясының ғылыми-теориялық жағдайларына талдау жасау, кәсіби іс-әрекеттегі педагогикалық технология, оның түрлері туралы білім меңгерту.
Әдістері мен формалары: дәріс - әңгімелесу, талқылау
1. Білім берудегі инновация туралы түсінік (инновациялық үдеріс, инновациялық іс-әрекет, новация, жаңашылдық т.б.).
2. Авторлық инновациялық мектептердің моделі (Назарбаев интеллектуалдық мектебі, өзін-өзі анықтау мектебі Ш.А.Амонашвили т.б.).
3.Педагогикалық технологиялардың қызметтері (жобалау, ұжымдық-танымдық іс-әрекет, тұлғалық-бағдарлық т.б.технологиялар.).
Негізіг ұғымдар:инновация, білім берудегі инновация, педагогикалық технология т.б.
Педагогикалық қызметтің инновациялық багыттылыгы. Білім берудегі инновациялар
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәрінс де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді. 
Хүтвс педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа — жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы сала-ларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болған-дықтан мүғалімнен арнайы психологиялық - педагогика-лық дайыңцық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мүғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
–дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
–қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
–оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
–саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
– ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
– иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
– ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;
Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.
Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.
Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.
Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми – зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.
Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.
9 - сабақ.
Тақырыбы: «Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу және оқу үдерісіндегі танымдық іс-әрекетін белсендіру».
Cабақтың мақсаты: оқу іс-әрекетін есепке алу жағдайында оны диагностикалау, бақылау, бағалауды теориялық сипаттай отырып, оның заманауи түрлері мен формаларына талдау жасап меңгерту.
Әдістері мен формалары: дәріс - әңгімелесу, талқылау
1.Үлгерім-оқушылардың оқу жетістігінің сипаттамасы.
2.Оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері.
3.Оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың .қазіргі заманғы формалары.
Негізгі ұғымдар:үлгерім, бақылау, бағалау, диагностикалау, тестілеу т.б.
Мектепте оқушының тәрбиесі мен даму және оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы , ізгіліктендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, диагностикалық, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқару керек.
Соңғы уақыттарда оқу нәтижесін бақылау мен бағалау мәселесін әр түрлі аспектілер бойынша соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің нәтижелері шығармашылықпен жұмыс істейтін жекелеген мұғалімдер тәжірибесіндегі жаңалықтар жеткілікті нәтижеде сараланып, жинақталып, бақылап - бағалаудың қызметтерін жүзеге асыратын рейтингілік жаңа жүйе жолдары жасалуы әзірленуде. Әзірге 5 балдық жүйе оқу үрдісін ұйымдастырудың ұстанымдары мен бақылап – бағалаудың жаңа қызметінен туындайтын белгілі бір талаптарға сай қолданылып келеді.
12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады. Нәтижеге бағдарланған білім беруді енгізу жағдайында білім беру үдерісі оған қатысушылар арасындағы субъект – субъект негізінде жүзеге асады. Білім алушы оқу - тәрбие үрдісіндегі субъект ретінде оқуда белгілі бір табыстарға жету үшін өз іс - әрекетін мақсатты ұйымдастырады. Білім алушы жетістіктері күтілетін нәтижелер жүйесі түріндегі оқу іс - әрекеттері түрлерін игеру сапасы бағалау жолмен анықталады. Бұл орайдағы күтілетін нәтиже пәндік білім, білік және дағдыларды, түйінді және базалық құзырлықтардың құрамды бөліктерін белгілі контексте интеграциялауды көздейтін оқу іс - әрекетінің әр түрлерінің сипаттамасы болып табылады.
Бағалауға білім алушылардың пәндік білім, білік, дағдыларын және адамгершілік нормалары бағдарлы, жалпы адами және ұлттық құндылықтар тұрғысындағы іс - әрекет тәсілдерін меңгеру бойынша олардың жетістіктерін көрсететін нақты нәтижелер бағалана алады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы балдық және рейтингілік тұрғыда бағалауға негізделген бағалаудың балдық – жинақтау жүйесі болып табылады.
Бағалау, Балдық РейтингілікБалдық жинақтау жүйесі. Білім алушының оқу іс - әрекеттері тәсілдерін саралау үш деңгей аясында жүзеге асырылады. Критерийлік – бағдарланған шкала нақты оқу үрдісі аясында білім, білік және құзырлықтарды берілген деңгейіне қаншалықты қол жеткізетіндігін анықтауға мүмкіндік беретін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы болып табылады.
• Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуде білім берудің белгілі бір деңгейдегі білім беру стандарты аясындағы әрбір пәнді оқытуда орындалатын оқу іс - әрекетінің барлық түрінен алған ұпайларын жинау арқылы қол жеткізіледі. Бағаның объективтілігі білім алушылардың білімін және олардың іс - әрекеттерінен күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде оқушының оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау.
•Өз жетістіктерін бағалау - өзін - өзі тексеру мен бақылау, өзінің іс - әрекетін сыни тұрғыда бағалау, қателерді айқындау және оларды жоюдың жолдарын табу, сондай – ақ бағалау критеррилерін анықтай алу болып табылатын білім алушылардың өз іс - әрекеттерінің нәтижелерін алдын - ала өзіндік бақылауы.
•Балл жинау оқу жетістіктерін бағалауды даралауды жүзеге асыруға, белгілі бір уақыт ралығында жинақталған балдардың қосындысы көрініс табатын және оқушының оқу портфолиосы формасы түрінде жүзеге асырылатын білім, білік, дағдыларын мүмкіндіктеріне, қалауларына және қабілеттеріне қарай тереңдетуге, кеңейтуге және оның өзінің дамуының жеке траекториясын өз бетінше таңдауына мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде білім алушылардың өздері, олардың ата – аналары және мұғалімдері белгілі бір уақыт аралығындағы жетістігін салыстыра отырып, оның жеке даму динамикасын тұрақты қадағалауға мүмкіндік алады.
•Бағалаудың жариялылығы білім алушылар және ата- аналар арасындағы, білім алушылар және мұғалімдер арасындағы, ата – аналар мен мұғалімдер арасындағы психологиялық сипаттағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.Бастауыш мектептің 1- ші сыныптарында білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерінің сандық формасы ретіндегі баға болмайтын бағасыз оқыту жүзеге асырылады. Бағасыз оқыту барысында бақылау және бағалау білім алушының пәндер бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеру деңгейі мен оның даму деңгейімен анықталатын оқу үрдісінің сапалық нәтижесін бейнелейтін мазмұндық – бағалық негізде құрылады.12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:0 балл – қанағаттанарлықсыз1-2 балл – қанағаттанарлықтан төмен; 3 балл – қанағаттанарлық; 4 балл – қанағаттанарлықтан жоғары; 5 балл – жеткілікті жақсы; 6 балл – жақсы;7 балл - өте жақсы; 8 балл- үздікке жақын; 9 балл – үздік; 10 балл - өте үздік
Білім алушының іс әрекетінің барлық түрін бағалау оқушының алған балдарын қосу әдісімен жүргізіледі.Әрбір оқу пәні бойынша жоғары балл білім алушының белгілі бір оқу кезеңінде, іс - әрекеттің белгілі бір түрін орындағанда, сондай – ақ білім алушылардың іс - әрекеттерін бақылаудың ағымдық, аралық, қорытынды формаларында алған балдарын қосу арқылы анықталады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оларды оқыту және тәрбиелеуде нақты алған нәтижелерді қадағалауды және оларды әрі қарай жетілдіруді көздейді.
Оқу жетістіктерін бағалау түрлері
Сабақ сайын білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалау оқу іс - әрекетінің деңгейіне сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында бір сабақ ауқымында жинақталған балдардың орташа арифметикалық мәнін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Орташа арифметикалық мәнді анықтау үшін оқу іс - әрекеті деңгейлеріне ( репродуктивті, продуктивті) сәйкес әртүрлі тапсырмаларды орындағанда алған оқушылардың балдары пайдаланылады.
Жалпылау, тақырыптық және қорытынды бағалауда мұғалім олардың іс - әрекеттерінің барлық деңгейлерін (репродуктивті, продуктивті, шығармашылық)
ескереді.Білім алушының оқу жетістігін бағала түрлері
Ағымдық;Кезеңдік;Межелік;Ағымдық - 2 – 11 сыныптардағы оқу кезеңдерінде бағалау
(тақырыптық, сабақ сайын);Кезеңдік – бөлімді аяқтауда, сондай – ақ жарты жылда, оқу жылында бағалау (тақырыптық, жалпылау)Межелік – оқу циклдары аяқталғаннан кейін, яғни 2,4,6,8,10,12 сыныптардан кейін (тақырыптық, жалпылау) бағалау.
Бастауыш және негізгі мектепті аяқтағаннан кейін ( 4 және 10 сыныптардан кейін) аралық мемлекеттік бақылау және оқыту нәтижелерін межелік бақылаулар арқылы өткізіледі. 
Жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін (11 (12) сыныптардан кейін) Ұлттық бірыңғай тестілеу ретінде жалпы орта білім сапасын мемлекеттік бақылау түрінде өткізіледі. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторингі білім беруден күтілетін нәтижеге қатысты әрбір екіжылдық оқыту циклдары соңында өткізіледі.
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде айтқандай, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін алға қойып отыр. Ел экономикасының қарқынды дамуы білім беру жүйесіне тікелей байланысты екендігін білеміз.
Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері жаттанды түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Ал қазіргі дамыған қоғамда азаматтың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы — сол алған білімін күнделікті өмірлік жағдаятта тиімді қолдана білуі қажет. Сол себепті, қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп отыр.
Міне, сондықтанкритериалды бағалау жүйесін енгізудің басты мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын қөтеру.

  • Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

Жаңартылған орта білім беруді енгізу барысында білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі арқылы бағалайды.

  • «Критериалдық бағалау жүйесінің дәстүрлі бағалау жүйесінен ерекшелігі неде?»деген сұрақ туындауы сөзсіз.

Дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Оқушыны тым көтермелеп немесе төмендетіп алады. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей күмәнмен қарайды, сабаққа деген қызығушылығы төмендейді.Себебі: білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері және мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың болмағандығынан. Егер әр білім алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау критерийлері берілсе, объективті бағалауға қол жеткізуге әбден болады.
Критерий деген – ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі.Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.
Ал критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс..
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керек екендігін түсіндірмейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін ары қарай не істеу керек екендігін түсінуге мүмкіндік береді. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, жаңа технологияларды қолдану дағдылары қолданылады.
Критериалды бағалаудың ерекшелігі неде?
Критериалды бағалау өзінің

  • Анық, айқындылығымен;

  • Жеке тұлға емес жұмысының бағалануымен;

  • Бағаның әділдігімен

  • Өзін бағалауға мүмкіндік берілуімен

  • Кері байланыстың жүзеге асуымен

  • Алдын ала ұсынылған бағалау шкалаларымен ерекшеленеді.

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
1.Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
2.Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
3.Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
4.Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
5.Дамыту бағыты. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Критериалды бағалаудың маңыздылығы ,ол үш жақты болмақ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет