Пәнді оқытудың міндеті



бет17/17
Дата07.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#92388
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
3896 28375
2 5461106098603821133, 3896 28375
Аттестацияның мақсаты- кәсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашылық ынтасын дамытып, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекелеген еңбек жалақысын беру жолымен педагогтардың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Кәсібилік деңгейіне сәйкес педагогтың біліктілік категориясын тағайындау да осы сараптау қызметінің нәтижесі болып табылады.
Аттестацияның принциптері: еріктілік, жариялылық, жүйелілік және тұтастық, шынайылық.
Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағамы-оның нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасы есепке алынады. Ол әр бес жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы көрсетілген жеке өтінішіне орай өткізіледі. Біліктілік категориясын иемденуге байланысты өз сараптау мүмкіндіктерін мұғалімдердің өздері анықтайды, олар сараптау формаларын таңдауға құқылы: дәрістер топтамасын көрсету, сыныптан тыс оқу жұмыстарымен таныстыру, белгілі бағдарлама бойынша «емтиханң, (әңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе тәжірибе-эксперименттік жұмысты қоғау және т.б.
ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығына орай қабылдаған «Мемлекеттік және жеке меншік білім мекемелерінің педагогикалық және басқару қызметкерлерін сараптау жөніндегі Ережелерінең сәйкес үш түрлі сараптау комиссиясы құрылады:
бас сараптау комиссиясы – республикалық деңгейдегі басқару органы тарапынан ҚР, облыстар құрамында құрылады;
аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия-жергілікті жердегі білім басқармасы тарапынан ұйымдастырылады;
білім мекемесіндегі сараптау комиссиясы- оның педагогикалық кеңесі ұсынысымен құрылады.
Әр комиссия мәселені өз құзырына сай шешеді. Сараптау комиссиясының қабылдайтын негізгі шешімі-біліктілік категориясын тағайындау. Қазіргі кезде сараптау Ережелеріне орай үш біліктілік категориясы белгіленген:
ең жоғары, оны бас сараптау комиссиясы белгілейді;
бірінші, оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия тағайындайды;
екінші категория мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі.
Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері мен әдістері. Әдістемелік жұмыс-педагогикалық кадрлардың олардың идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіби әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жекедара жүйелік жұмысынан құралған күрделі шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесін басқарудың, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениет пен өз еңбегінің сапасы мен нәтижесі негізінде тәрбиелеудің маңызды амал-тәсілі болып табылады. Әдістемелік жұмыс мұғалімнің білім беру тәжірибесіндегі оқушылардың танымдық, ойлау әрекетін белсендіретін, терең білім, білік және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелі әдістерді шығармашылық түрде меңгеру.
Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты. Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітіруімен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қаитиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Мұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек болып табылады.
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негіздің директоры, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал, мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады:
- мектептік педұжымның педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату;
- педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;
- мұғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру;
- жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру;
- оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін байыту;
- жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау-әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру-жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге;
- педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге;
- педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге және т.б;
- мұғалімдердің кеңес беру;
- жалпы кәсіптік-педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.
Мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұнын кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөліктерін ескере отырып айқындау қажет. Олар:
- мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы;
- әдістемелік, тәрбиешілік, зерттеушілік, кәсіптік-адамгершілік, басқара білу мәдениеті.
Әдістемелік жұмыстың мазмұны кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің әрбір бағыты бойынша нақтыланып, бірнеше ұзақ мерзімдік зерттеудің нысанына айналуы тиіс. Мұғалімнің әдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуы соңғы нәтижеде оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс стилінің қалыптасуына ұласады.
Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері: пәндік әдістемелік бірлестіктер, мектептегі бірыңғай әдістемелік күн, проблемалық семинарлар мен практикумдар, жас мұғалім мектебі, озат тәжірибе мектебі, мұғалімдермен дербес жұмыс жүргізу, ашық және үлгілі сабақтар өткізу, ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқу, рөлдік, іскерлік және ұйымдық-қайраткерлік ойындар, педагогикалық жағдайды талдау және модельдеу, мұғалімдердің шығармашылық есебі, педагогикалық консилиум және т.б.


6. Қосымша оқу материалдары
(Ескерту: контентке презентациялық, бейнелік, дыбыстық, анимациялық материалдар қосымша ұсынылған, жүктелген жағдайда осы 6-шы бөлімге файл аттары көрсетіледі)


7. Пән мазмұны бойынша қосымша тапсырмалар мен талқылау сұрақтары
7.1 Чат-сабақта талқыланатын сұрақтар тізімі
1.Қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар.
2. Білім беру жүйесі туралы түсінік және ондағы педагог тұлғасы.
3. ҚР білім беру саясаты, оның негізгі қағидалары және ондағы мұғалімнің орны.
4.Педагогикалық мамандық және оның гуманистік сипаты.
5.Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны.
6.Мұғалім іс-әрекетінің обьектісі –педагогикалық үдеріс.
7.Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары.
8.Педагогиканың ғылым ретіндегі мақсат міндеттері.
9.Педагогика және оның адамтану ғылымдарымен арақатынасы.
10.Педагогиканың негізгі ұғымдары және олардың өзара байланысы.
11.Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні.
12.Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және оның ерекшеліктері.
13.Педагогикадағы ғылыми зерттеу әдістері.
14.Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекеті.
15.Тәрбие тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі ретінде.
16.Тәрбие мазмұнының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан негізделуі және қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігі.
17.Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбие түрлерінің өзара байланысы.
18.Тәрбиелік кеңістік - оқушыны әлеуметтендіру факторы.
19.Оқушының тәрбиелілігінің диагностикасы және тәрбиелілік көрсеткіші.
20.Тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны және олардың өзара байланысы.
21.Тәрбие түрлері.
22.Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері.
23.Тәрбие әдістерінің жіктелуі.
24.Тәрбие құралдары мен формалары.
25.Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы.
26.Оқыту үрдісінің мәні және әдіснамалық негізі.
27.Оқыту үрдісінде педагогикалық үрдістің қызметтерін іске асыру – білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.
28.12 жылдық мектептегі оқытудың өзіндік ерекшеліктері.
29.Оқыту процесінің заңдылықтары мен қағидалары туралы жалпы түсінік.
30.Оқыту заңдылықтары.
31.Оқыту принциптері.
32.Оқыту процесінде заңдылықтар мен қағидаларды басшылыққа алудың мәні.
33.Әдіс туралы жалпы түсінік және тұтас педагогикалық үрдістің бөлігі ретінде..
34.Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі, міндеттері және ерекшеліктері.
35. Оқыту әдістерінің көптүрлілігі және оларды топтастыру. Оқыту әдістеріне сипаттама.

7.2. Форумда талқыланатын сұрақтар мен орындалатын тапсырмалардың, реферат тақырыптарының тізімі


1.Педагогика ғылымы, оның мақсат, міндеттері және негізгі ұғымдары.
2.Педагогика ғылымының әдіснамалық негізі.
3.Педагогика ғылымының жүйесі және оның басқа ғылымдармен
байланысы.
4.Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістері және олардың сипаты.
5.Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар.
6.Тұтас педагогикалық процесс,оның мәні, құрылымы және заңдылықтары.
7.Тәрбие құралдары, формалары мен әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы.
8.Педагогикалық іс-әрекет - әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде.
9.Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.
10.Педагогикалық бейімділік және қабілеттілік педагог тұлғасының кәсіби маңызды сапалары ретінде.
11.Жеке тұлға туралы ұғым.
12.Жеке тұлғаны әлеуметтендіру проблемасы.
13.Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы.
14.Бала дамуының жас кезеңдеріне сипаттама және оны оқу-тәрбие процесінде ескеру.
15.Педагогикалық іс іс-әрекеттің гуманистік сипаты.
16.Педагогикалық қарым-қатынас.
17.Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.
18.Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері.
19.Тәрбие мазмұны, бағыттары және түрлері.
20. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер.
21.Ұжым туралы түсінік және оның даму кезеңдері.
22. Оқушылар ұжымын қалыптастыру жолдары.
23.Тәрбие әдістерін қолданудың педагогикалық шарттары.
24.Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.
25.Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.


8. Білімді бағалау сұрақтары
8.1 Чат-сабақты өтеу үшін берілетін тестілеу сұрақтар тізімі
1.Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын атаңыз.
2.Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті туралы талдау жасап өтіңіз.
3.Педагогикалық қабілеттер дегеніміз не, оларға сипаттама жасаңыз.
4.Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы.
5.Бала дамуының жас кезеңдеріне сипаттама және оны оқу-тәрбие процесінде ескеру.
6.Педагогикалық іс іс-әрекеттің гуманистік сипаты.
7.Тәрбие мазмұны, бағыттары және түрлері.
8. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер.
9.Ұжым туралы түсінік және оның даму кезеңдері.
10.Тәрбие әдістерін қолданудың педагогикалық шарттары.
11.Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.
12.Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.
13.Оқушылар дүниетанымының мәні мен қызметтері.
14.Тәрбие құралдары және формалары.
15.Әлеуметтендіру контекстіндегі тәрбие.
16.Педагогикадағы теориялық зерттеу әдістері.
17.Педагогикадағы эмпирикалық зерттеу әдістері.
18.Сынып жетекшісінің қызметі, құқығы мен міндеттері.
19.Сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігі.
20.Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапа-қасиеттері.
21.Отбасы мен мектептің ынтымақтастығының формалары.
22.Кәсіби құзыреттілік және педагогикалық шеберлік.
23.Педагогикалық рефлексия-өзін-өзі тәрбиелеудің негізі.
24.Мұғалімнің коммуникативтік құзыреттілігі.
25.«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы.
26.Тұлға дамуындағы негізі факторлар:тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие және олардың өзара байланысы.

8.2. I-аралық бақылау сұрақтарының тізімі


1.Нарық жағдайында мұғалімдерге қойылатын талаптар.
2.Біліктілікті арттыру.
3.Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы:
4.Педагогикалық іс-әрекетте сөйлеу функциясы мыналарды жүзеге асырады:
5.Педагогикалық қарым-қатынастың бірінші кезеңін атаңыз
6.Педагогикалық қарым-қатынастың үшінші кезеңін белгіле
7.Педагогикалық қарым-қатынастың төртінші кезеңін белгіле
8.Оқушылардың зейінін аударудың тәсілдері
9.Қарым-қатынас стилінің қайсысына тән:«Педагог мәселені шешуде оқушыларды қатыстырады, дегенмен әрбір оқушыларға қатысты мәселені өзі ғана шешеді».
10.Білімдегі,тәжірибедегі,берілген білімде меңгерудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік:
11.Педагогикалық қарым-қатынастың маңызды элементі:
12.Педагогикалық қарым-қатынас құрылымындағы компонетті атаңыз:
13.Қазақстан Республикасының соңғы білім туралы Заңы қашан қабылданды?
14.Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі:
15.Білімді меңгеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру нәтижесінде іске асырылатын оқушының іс-әрекеті:
16.Оқушыға жер бетіндегі ең жоғары құндылық ретінде қарау, зейін аудару, мейірбандық таныту, оның пікірін құрметтеу мұғалімнің қандай тұлғалық сипаты:
17.«Балаға жүрек жылуы» еңбегінің авторы:
18.Педагогикалық іс-әрекеттің конструктивтік компонентін анықтайтын біліктер тобы:
19.Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті
20.Білім алушының тұлғалық, зияткерлік дамуына бағытталған педагогтың ықпалы:
21.Педагогикалық іс-әрекеттің жоғары даму деңгейі:
22.Мұғалімнің кәсіби деңгейі сипатталады:
23.Педагогикалық қабілеттілік бұл-
24.Н.В.Кузмина анықтаған педагогикалық іс-әрекет өнімділігінің жоғары дәрежесін көрсетіңіз:
25.Мұғалімнің доминантты сапасын көрсетіңіз.
26.Педагогикалық қабілеттерге жатады
27.Мұғалімнің аналитикалық – бағалаушы іс – әрекеті:
28. Тәрбиенiң негiзгi принциптерi:
29.Мұғалімнің бағыттаушылық - прогностикалық іс – әрекеті:
30.Мұғалім мамандығының негізгі мазмұнын құрайды:
31.Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері көрініс табатын құжат
32.Грек тілінен аударғанда «педагогика» термині:
33.Педагогика алғашқыда мына ғылым саласында дамыды:
34.«Ұлы дидактика» қай автордың еңбегі?
35.Тәрбие қай қоғамнан бастау алады
36.Педагогиканың ғылым ретінде дамуын не анықтайды?
37.Тәрбие мақсаты:
38.Педагогика ғылымының негізін салған:
39.Тұтас педагогикалық процесс теориясын Қазақстанда қалыптастырушы
40.Педагогиканың негізгі ұғымдарын атаңыз:
4177.Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістері:
42.Педагогика ғылымының салаларын атаңыз:
43.Жеке адам дегеніміз-
44. Білім берудегі аксиологиялық тұғырының мәні:
45.Игерілген білімдер негізінде практикалық және теориялық іс-әрекетті орындауға дайындығы.
46. Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының өзара әрекеті негізделеді
47. Игерілген білімдерді практикада қолдана білу амалын игеру
48. Жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуін сипаттайтын сапалар
49. Даму – бұл:
50. Педагогтың ұйымдастырушылық қабілеті байқалады:

8.3. II-аралық бақылау сұрақтарының тізімі


1.Объектіні көру арқылы қабылдайтын дидактикалық принцип:
2.Тұрмыстағы және өнердегі сұлулық сезімдерін тәрбиелеу – бұл
3.Сынып-сабақ жүйесінің ерекшеліктері
4.Педагогикалық технология дегеніміз
5.Жауапкершілікті және міндетті атқарауға ынталандыру әдістеріне жататындар
6.Ю.Д. Бабанскийдің топтауы бойынша тәртіпті және іс -әрекетті ынталандыру әдістері
7.Дене тәрбиесінің құралдары
8.Қайта тәрбиелеу деп
9.Дидактиканың физиологиялық негіздеріндегі сапа өзгерісі
10.Оқыту теориясы мынадай сұрақтарға жауап іздейді
11.Сыныптық-сабақ жүйесін жасаған педагогты атаңыз:
12.Оқыту процесін аяқтайтын элемент:
13.Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістеріне жататындар:
14.Оқытудың түрлеріне жатады:
15.Мектептің оқыту мен тәрбиені жақсарту үшін отбасына көрсететін көмек формалары (түрлері):
16.Тәрбие әдісіне жататындар:
17.Тәрбие процесінің бағыттары:
18.Тәрбиенің негізгі бағыттары аталған топты көрсетіңіз:
19.Мектепті басқаратын жоғарғы ұйым:
20.Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесінің қалыптасуы педагогикаға мынадай түсініктер енгізеді:
21.Оқу процесі дегеніміз не?
22.Оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылаудың негізгі түрі:
23.Тәрбие әдістері 3 топқа бөлінеді:
24.Оқушылардың жаңа материалды меңгеру үшін өз бетімен істелетін жұмыстары әдістеріне жататындар:
25.Оқу бағдарламасы дегеніміз – бұл:
26.Қазіргі дидактикалық жүйенің бастаушылары:
27.Оқыту процесінің құрылымдық компоненттері:
28.Оқыту принципіне жататындар:
29.Мұғалімнің ауызша баяндау әдісі:
30.Практикада біліктілік пен дағдыны қалыптастырудағы оқу жұмысының әдістері:
31.Дәстүрлік жүйенің бастаушылары:
32.Оқыту процесінің жалпы заңдылықтарына қатыстысын белгілеңіз:
33.Оқушылардың білімін тексеру және бағалау түрлері:
34.Оқу жұмысын ұйымдастырудың түрлері:
35.Дидактиканың негізгі категориялары:
36.Оқу жылының аяғында барлық бағдарламалық материал өткеннен кейін қандай сабақтар өткізіледі?
37.Оқыту әдісі дегеніміз?
38.Оқуға деген қызығушылықты ынталандыру әдістері:
39.Оқытудың қызметтері:
40.Оқытудың әдіснамалық негізі – бұл:
41.Білім берудің мазмұнын анықтайтын құжаттар:
42.Оқыту принциптеріне қатысты:
43.Оқытудың тәжірибелік әдістері:
44.Оқу-танымдық іс-әрекеттердің бірізділігі қандай болуы керек?
45.Жалпы білім беру дегеніміз:
46.Оқыту әдістерінің қай тобы Ю.К.Бабанскийдің классификациясына жатады?
47.Оқыту әдістерінің қай тобы Г.И.Щукинаның классификациясына жатады?
48.«Дидактика» ұғымын ғылыми айналымға алғаш енгізген кім?
49.Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері:
50.Оқу процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер:
8.4 Емтихан сұрақтарыныңы тізімі (толықтыру қажет болғанда)


9. Қажетті ақпараттар көзі
9.1 Негізгі оқу әдебиеттерінің тізімі

  1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. –Алматы, 2004.

  2. Әбенов С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -Алматы, 1999.

  3. Әбілдина С.Қ., Коркина В.И. Педагогика тарихы бойынша атлас. Оқу құралы. –Қарағанды: 2012 ж.-386 б.

  4. Азаров Ю.П. Искусство воспитывать. – М.,1979.

  5. Амонашвили Ш. Трактат “Школа жизни. - М.: Изд. дом Амонашвили, 1998.

Асанов Ж.І.. Қазақстан педагогика ғылымиы.Қызылорда, «Тұмар», 2010 ж. -312 б.
Ахметова Г.К., Исаева З.Ә., Әлқожаева Н.С. Педагогика: Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. -220 б.

  1. Башарұлы Р. Методология развития поликультурного образования в Казахстане. - Алматы, 2002.

  2. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования.-Алматы, 1996.

  3. Безрукова В.С. Педагогика. Изд. “Деловая книга”, Екатеринбург, 1996.

  4. Внутришкольное управление. Вопросы теории и практики /Под ред. Т.Шамовой. –М., 1999.

Гребенюк О.С., Гребенюк Т.Б. Теория обучения: Учеб. Для студ. Вышс. Учеб. заведений. – М.: Изд-во Владос – Пресс, 2003. – 384 с.

  1. Гуманистические воспитательные системы вчера и сегодня /Под общей ред. Н.Л.Селивановой. –М.: Педагогическое общество России, 1998.

  2. Гурьянова М.П.Сельская школа и социальная педагогика. – Минск”Амалфея” 2000.

  3. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. –М., 1996.

  4. Жампеисова К.К. Формирование основ политической культуры старше классников в целостном педагогическом процессе. –Алматы, 1996.

  5. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Қазақ ұлттық педагогикасы мен ұлттық психологиясының тарихы. – Алматы “Санат” 1995.

  6. Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. М.: Педагогика, 1990.

  7. Занков Л.В. Избранные педагогические труды. –М., 1990.

  8. Зверева В.И. Диагностика и экспертиза педагогической деятельности.- М., 1998.

  9. Зюбин Л.М. Психология воспитания. М.:Высшая школа, 1991.

  10. Калюжный А.А., Тажбаева С.Г., Алимбаева А.А., Классный руководитель.-Алматы: АГУ им.Абая. 2000.

  11. Краевский В.В. Методология педагогического исследования. – Самара, 1994.

  12. Козлова О.Н. Введение в теорию воспитания. – Москва: Интер пракс 1994.

  13. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., Нысанбаева Г., Иманбаева С., Айтмамбетова Б., Бейсенбаева А. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. - Алматы “РБК” 1999.

  14. Қалиев С., Майғаранова Ш., Нысанбаева Г., Бейсенбаева А.А. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері- Алматы “Білім” 2001.

  15. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы (І том). Құрастырушылар: Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. -Алматы “Рауан” 1994.

  16. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы (ІІтом). Құрастырушылар: Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. -Алматы “Рауан” 1998.

  17. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. - Алма-Ата: Мектеп, 1964.

  18. Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. - Алматы “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы, 2002.

  19. Махмутов М.И. Современный урок. – М., 1995.

  20. Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса. –Волгоград, 1995.

  21. Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности: методология, теория и практика формирования. –Алматы “Казахстан” 1994.

  22. Лихачев Б.Т. Педагогика. М., 1992.Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003. -368 б.

  23. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.

  24. Педагогика. /Под редакцией П.И.Пидкасистого.-М.: Российское педагогическое агентство, 1995.

  25. Пидкасистый П.И., Хавдаров Ж.С. Технология игры в обучении и развитии. –М.: “Ростпедагентство” 1996.

  26. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.: 1998.

  27. Сейталиев Қ.Педагогика тарихы: оқулық. – Алматы: «Білім» - 20127. – 400б.

  28. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. / Под ред. В.А.Сластенина. 2-ое издание. – М.: “Академия” 2002.

  29. Сухомлинский В.А. Мудрая власть коллектива. – М.: Педагогика, 1986.

  30. Тажбаева С.Г. Подготовка будущего учителя технологии воспитательного процесса в школе. – Алматы: АГУ им.Абая, 2003.

  31. Таубаева Ш. Передовой педагогический опыт: от теоретического осмыс

  32. ления к практике. –Алматы “РБК” 1997.

  33. Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: от теории к практике. Алматы “Ғылым” 2001.

  34. Таубаева Ш., Локтионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования. Научный фонд и перспективы развития (книга1). –Алматы: научно-издательский центр “Ғылым” 2001.

  35. Трифонов В.В. Подготовка будущего учителя к работе с трудными детьми. –Алма-Ата; Даур, 1991.

  36. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы “Білім” 1995.

  37. Уманов Г.А. Педагогика межнациональных отношений. –Алматы: АГУ им.Абая, 1995.

  38. Харламов И.Ф. Педагогика. - М.: Высшая школа, 1990.

  39. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. –Алматы, 1997.

  40. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы “Ғылым” 2002.

  41. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы. – Алматы, 2003.

9.2 Қосымша оқу әдебиеттерінің тізімі



  1. Аубакирова Р.Ж. Педагогикалық зерттеу әдістемесі:Оқу құралы. Астана: Фолиант, 2008 -128б.

  2. Айтбаева А.Б. Білім берудегі жаңа технологиялар. Оқу құралы. Алматы, Қазақ университеті, 2008 ж.

  3. Бабаев С.Б., Думадиллаева А.А. Көрнекі педагогика. Алматы 2008 –68б.

  4. Дайрабаев Е.Б. Педагогика пәнінің негіздері. Оқу құралы, Алматы 2005. –222б.

  5. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Педагогика және психология. Алматы: Рауан 2002. -228 б.

  6. Школьная педагогика: Учебник. Под ред. Г.Т. Хайруллина. Алматы: изд Мир, 2012. 640 б.

  7. Сейталиев Қ.Педагогика тарихы: оқулық. – Алматы: «Білім» - 2012. – 400б.

  8. Қалиев С., Майғаранова Ш., Нысанбаева Г., Бейсенбаева А.А. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері- Алматы “Білім” 2001.

  9. Коркина В.И. Дидактика. В схемах и таблицах. Караганда, 2004 -209 с.

  10. Лихачев Б.Т. Философия воспитания. М.: 2010. -335 б.

9.3. Нормативтік құжаттардың тізімі


1.Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2.Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңы.
3. «Бала құқықтары туралы» конвенция.

4. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңы.


5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет