Жазушының өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет беру, «Шырағың сөнбесін» романынан берілген үзіндінің мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, романның қазақ әдебиеті тарихында алатын орнын анықтау
Міндеті
Үзінді мазмұны арқылы қаһарлы жылдардағы ел тарихын таныту
ОҮБ: табыс өлшемдерін таныстырады, бағалау парақтарын үлестіреді.
Оқушылар мұғалімнің сұрақтары бойынша сабаққа қандай көңіл-күймен келіп отырғанын айтады. Алдымен «Көңіл –күйім жақсы» дегендер,кейін «төмен» дегендер қол көтереді. Көңіл-күйі төмен оқушыларды алға шығарып, бірнеше оқушы комплимент айтады.
В,С деңгейі: эссе «Соғысешкiмге де қуаныш пен күлкi әкелмейдi» (ҰОС мен бүгінгі бейбіт заманда жүріп жатқан қиыр шығыстағы соғыс туралы байланыстыра ой қорыту)
Сөз шебері З.Қабдолов: «Тахауи Ахтанов кім?» – десе, мен: «Үлкен үшеу: «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін» дер едім», – деп бағалаған;
Соғыс суреттерін әйелдің, анығырақ айтқанда, әйелдердің көзімен суреттейтін, сол себепті де сол қанды қырғындағы әйелдердің психологиясын мұншалықты терең бейнелеп берген мұндай тағы бір роман, келіссеңіз де, келіспесеңіз де өзіңіз білесіз, қазақ прозасында басқашалай жоқ. «Шырағың сөнбесін» романы — қазақ әдебиетінің әскери жанрдағы санаулы жәдігерлерінің бірі.
"Шырағың сөнбесін" не айтады?
Кеңес офицері Қасымбек Нәзира атты ауыл қызына үйленеді. Соғыс басталып кетеді. Қасымбек мерт болған соң, Нәзира Абанға шығады, о да қаза табады. Баласын құшақтаған жас әйелдің көрген күнінің көбі қасірет, алғанының бәрі азап. Соғыс басталғанда эвакуацияға ұшыраған әйел, бала-шағаның қатарында Нәзира да бар. Нәрестесі қолында. Еңіреп еліне оралады. Романның ұзын ырғасы осы. Әрине, бұл бір сөзбен айтқанға ғана. Оқи, көре, аңғара келгенде көп-көп тағдыр, талай табиғат, характер қақтығыстары ашылады. Бұрын кітап бетіне, не театр сахнасына, кино экранына түспеген неше алуан деталь, қат-қабат тірлік. Оқиға Нәзираның ауызынан баян-далады. Бәрі соның көзімен беріледі. Соғыс, ел басына түскен ауыр жағдай әйел, бала-шағаның өзіне бейбіт күн кешуге мұрша бермейді. Жұрт қалай шегінсе де – алдынан соғыс шығады. Жағдайдың өзі кімді болсын, қақпалап апарып қан майданға салып жібереді. «Қайда барсаң – Қорқыттың көрінің» кебі.