пәні бойынша 5В011300 «Биология»


-Тақырып: Клеткадағы туынды заттар және кристалдар



бет32/72
Дата06.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#35087
түріПрактикум
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
4-Тақырып: Клеткадағы туынды заттар және кристалдар.


1-жұмыс:Картоп түйнегі, бидай, сұлы дәндері және егістік асбұршақтың тұқымындағы қор заттары.
Сабаққа қажетті обьектілер,құралдар:
1.Картоп түйнегі.
2.Алдын ала ылғалдап қойған бидай, сұлы дәндері және егістік асбұршақтың тұқымы.
3.Йодты калийдегі әлсіз ертіндісі, глицерин.
4.Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.
Тапсырма:
1.Картоп түйнегі, бидай, сұлы дәндері және асбұршақ тұқымынан уақытша препараттар дайындау.
2.Препараттағы крахмал дәндеріне йодтың йодты калийдегі ертіндісімен әсер етіп, реңінің өзгеруін байқау.
3.Препаратты микроскоптың үлкен обьективімен қарап, крахмал дәндері түрлерінің пайда болуына және жоғарыда аталған дақыл крахмал дәндерінің бір-біріне ұқсастықтары мен айырмашылықтарына көңіл аудару.
Алғашқы крахмал фотосинтез өнімдерінен хлоропластарда майда түйіршектер түрінде пайда болады. Алғашқы крахмал ферменттердің әсерінен қантқа айналып, жапырақтан басқа мүшелерге жылжиды, крахмалдың түрлерін түзуге қатынасады немесе қорға жиналады.
Қорға жиналған крахмалды картоп түйнегінен көру үшін, оны тазалап жуып, сүрту қажет. Одан кейін түйнектен көлемі сол қолдың үш саусағына қысып ұстауға келерліктей, пішіні төрт бұрышты кесінді дайындаймыз. Кесіндінің тоз қабатынсыз таза бетінде бір-екі тамшы таза су тамызып, қандауырдың ұшымен немесе сапты инені көлбеу ұстап тұрып, еземіз. Пайда болған ақшыл сұйықтықтан уақытша препарат дайындап, алдымен микроскоптың кіші, одан кейін үлкен обьективімен қараймыз. Сонда көлемі әр түрлі, пішіндері сопақша және жұмыртқа тәрізді эксцетрлі қабаттардан тұратын мөлдір крахмал дәндерін көреміз.
Сұлының крахмал дәндерін зерттеу үшін, оның бірнеше дәнін суға салып бөрттіру керек. Бөрткен тұқымның эндоспермінен сапты иненің ұшымен шамалап алып, уақытша препарат дайындап, микроскоптың үлкен обьективімен қараған кезде көп қырлы бірнеше майда крахмал дәндерінен тұратын ірі пішінді, сопақша келген күрделі крахмал дәндері көрінеді. Сол сияқты препаратта күрделі крахмал дәндерінің бұзылуынан пайда болған жай крахмал дәндері немесе олардың кішігірім топтары көрінед. Сұлының крахмал дәндерінде картопағы сияқты қабатылық байқалмайды.
Бидайдың крахмал дәндерін бидай ұнынан немесе бидайдың бөрттірілген дәнінен препарат жасап, қарауға болады.Препаратты микроскоптың үлкен обьективімен қараған кезде пішіні дөңгелек және сопақтау келген, көлемі екі түрлі крахмал дәндері көрінеді. Оның бірі әзер байқалатын концентрлі ірі қабатты, екіншілері өте майда, қабаттары байқалмайтын крахмал дәндері. Жоғарыда келтірілгендей, әрбір өсімдіктің крахмал дәндерінің өздеріне тән ерекшеліктері барын байқауға болады.
Егістік асбұршақтың спиртте нықтандырылған, толық пісіп жетілмеген немесе сабаққа дейін 12-24 сағат суға салып жібітіп қойылған піскен тұқымдарының қабығын сыдырып алып тастап, ұстарамен одан бірнеше жұқа кесінділер дайындаймыз. Кесінділерді сапты иненің көмегімен зат әйнегінде оған дейін дайындап қойылған йодтың йодты калийдегі ертіндісі қосылған глицеринге саламыз. Микроскоптың кіші обьективімен қарап отырып кесіндіден клеткалардың жұқа қабат түзіп жатқан жерін табамыз. Ал микроскоптың үлкен обьективімен қабырғалары едәуір қалыңдаған, пішіні дөңгелектеу келген клеткалар мен бірнеше клеткалардың байланысқан жерлеріндегі клеткааралық кеңістіктер жақсы көрінеді. Клеткалардың іші сопақтау келген ірі, ортасында ұзынша сызаты бар крахмал дәндерімен және олардың арасындағы майда, пішіні дән тәрізді алейрон дәндерімен толып тұрады. Йод ертіндісінің әсерінен крахмал дәндері көк, ал алейрон - ашық сары түске боялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет