2-жұмыс:Алейрон дәндері және май. Сабаққа қажетті обьектілер, құралдар: 1.Спиртпен эфирдің қоспасында ұзақ уақыт ұсталған үпілмәлік тұқымы.
2.Реактивтер: йодтың йодты калийдегі ертіндісі, судан ІІІ, қанттың қанықан ертіндісі.
3.«Өсімдіктер клеткасының құрылысы» кинофильмінің «Қор заттары» деген үзіндісі.
Тапсырма: 1.Үпілмәлік тұқымының жұқа кесіндісінен иодтың иодты калийдегі ертіндісі мен қаныққан қант ертіндісі қоспасының бір тамшысында препарат дайындау.
2.Препаратты үлкен обьективпен қарап, күрделі алейрон дәндерінің құрылысын байқау.
3.Бір-екі клетканың суретін үлкейтіп салып, күрделі алейрон дәндерінің қабықшасын, кристаллит, глабоид және аморфты белок массаларын белгілеу.
4.Үпілмәлік тұқымынан судан ІІІ – бояғыш реактивінде препарат дайындап, ондағы май тамшыларын көріп, суретін салу.
Үпілмәлік майлы өсімдіктерге жатады. Тұқымының эндосперімінде қор ретінде май және көп мөлшерде белок жиралады. Үпілмәлік тұқымындағы күрделі алейрон дәндерін көру үшін тұқымының эндосперімінен бірнеше жұқа кесінділер дайындаймыз.Кесінділердің ең жұқаларын дайындап, алдын ала зат әйнегіне тамызылған иодтың иодты калийдегі ертіндісімен қаныққан қант ертіндісінің қоспа тамшысына саламыз. Иодтың әсерінен белок сары түске боялады. Қанттың қаныққан ертіндісі алейрон дәндерінің ісініп, кристалл тәрізді пішінін өзгертуін баяулатады.
Препаратты микроскоптың үлкен обьективімен қарағанда әрбір күрделі алейрон дәнінде бір немесе екі көп қырлы қою жылтыр, сары түсті белоктың кристалиттері көрінеді. Дәннің жіңішкелеу бөлігінен жеке дара, сирек жағдайда бірнешеу болып келетін түссіз, дөңгелек денелерді көреміз. Олар - галоидтар. Кристалиттер мен глобоидтарды аморфты белок қоршап тұрады.
Үпілмәлік тұқымының эндосперімінен май тамшыларын көру үшін, одан жұқа кесінділер жасап, зат әйнегіндегі бір тамшы судан – ІІІ бояғыш реактивіне салып, препарат дайындаймыз. Май тамшылары клеткалардан кесіндінің шетіне шығу үшін препаратты екі саусақтың арасына қойып ептеп қысу қажет. Сонда май тамшылары судан – ІІІ бояғышын бойына сіңіріп, қызыл сары түске боялады.