3-жұмыс:Жер алмұрты түйнегінің клеткаларындағы инулин. Сабаққа қажетті материалдар: жер алмұрты түйнектерінің 7-10 күн бойы 96 проценттік спиртке салып қойылған бөшектері, глицерин.
Тапсырма: 1.Жер алмұрты түйнегінің жұқа кесіндісінен бір тамшы глицеринде препарат дайындау.
2.Микроскоптың кіші обьективінде кесіндінің инулин сферокристалдары бар жұқа жерін тауып, оны үлкен обьективпен қарау.
3.Жер алмұрты түйнегінің сферокристалдар бар бірнеше клеткаларының суретін салып, тиісті белгілерін жасау.
Инулин (С6Н10О5) – полисахарид. Ол күрделі гүлділер тұқымдасы өкілдерінің (жер алмұрты, нарғызгүл, цикорий, андыз т.б.) жер асты мүшелерінің клетка шырынында коллойдты ертінді түрінде болады.
Алдын ала 96 проценттік спиртке салып, қойылған жер алмұрты түйнегінің жұқа кесінділерінен бір тамшы глицеринде препарат дайындаймыз. Спирттің клеткаларды сусыздандыруынан көптеген ине тәрізді кристалдардан пішіндері дөңгелекше келген сферокристалдар пайда болады. Кейде сферокристалдардағы шеңбер тәрізді қабаттар және радиальды сызаттар жақсы көрінеді. Бір клеткада бірнеше сферокриталл кездесуі мүмкін.
Егер препараттағы глицеринді жылы сумен ауыстырсақ, сферокриталдар көрінбей кетеді, өйткені инулин суда жақсы ериді.