Сабақтың атауы
|
Мазмұндама
|
Сілтеме
|
Әдебиет оқулығының әдістемесі 1.Әдебиеттік оқу З.Муфтибекова, П.Қ.Жаманқұл 4 сынып «Алматыкітап» баспасы 2011 жыл
|
Сабақтың жабдығы
|
Жаз айлары суреттер.
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
1.Оқушыларға мазмұндама жазғызу, жаз бейнесін суреттеуге үйрету.
2.Оқушыларды ұқыптылыққа ,тазалыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық
қабілетін дамыту.
|
Топқа бөлу
|
Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөліну
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желмен бірге жайқалған....
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Қызығушылықты ояту
|
Жаз айындағы балардың суға түсіп шомылуы , жазғы ойындары туралы естеріне түсіріп әңгімелеу.
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Қорқақтық
Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды. Өйткені ол найзағайдан қорқады. Жаңбыр жауып, күн күркірегенде кірерге жер таппайды.
Бірде күн бұлттанып, майда жауын сіркіреп жауа бастады. Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқанбыз. Асан қашпақшы еді. Ол дегбірсізденіп, абыржи бастады. Ретін тауып ойыннан шыққысы келді. Сөйткенше болмай, аспан жарқ-жұрқ ете түсті. Асанның зәресі ұшты, балалар ойынды тоқтатып, қақпаның жанында үйіріліп тұр.
Асанды найзағайдан қорықпауға, жауынның өткінші екенін айтып сабырға шақырды. Асан үйіне тұра жүгіруге балалардан ұялды. Қанша қорықса да, шыдауға бекінді. Біраздан кейін жаңбыр басылды. Ойын қайта жалғасты.
|