Пәні бойынша БӨж мамандығы: 6В01303 «Бастауыш білім беру педагогикасы» Тақырыбы



бет7/9
Дата20.05.2024
өлшемі459,05 Kb.
#202528
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
шыгар маз

Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Мазмұндаманың бұл түрі белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі.
Сурет бойынша мазмұндау. Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрін де бірнеше топқа бөлуге болады.

  • Дайын сурет бойынша мазмұндама. Мұғалім алдын ала
    дайындалған сурет береді, ал оқушылар сол сурет бойынша мәтін кұрайды. Алдымен мұғалім суретке байланысты кіріспе әңгіме жүргізеді. Тақтаға суретті іледі, оның атын жауып қояды.Оқушыларға суреттегі бейнеленгендерді қарап шығу тапсырылады.

  • Оқылган мәтінді бейнелейтін суреттер арқылы ұйымдастыру.
    Бұл үшін мұғалім алдымен мәтінді тандап алады. Мәтін суретке құралған, жігі оңай ажыратылатындай болуы тиіс. Мәтін сыныпта нақышына келтіре екі-үш рет оқылып, оқиға желісі мен одан шығатын қорытынды сұрақ-
    жауап арқылы талқыланады.

Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм соңғы жылдары мектеп өмірінде көп қолданыла бастады. Кино оқушылар арасына тәлім-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы күшті кұралдың біріне айналып отыр. Кино, диафильмдердің әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балаларға әсері күші. Кино баланың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді.
Фильмдер бойынша сабақ ұйымдастыруда балалардың зейінін сол фильмдегі оқиғаға аудару мақсатында кіріспе әңгіме айту керек. Балалардың эмоциясы жоғары болғандықтан, олар кинодан көргендерін іле-шала ұмытып қалады, ал кейін бірте-бірте естеріне түсуі мүмкін. Қандай да болмасын кино, диафильм көрсетілгенде оны өмірмен, не «Ана тілі» окулығындағы материалдармен байланыстыру немесе мұғалімнің өзі алдын ала мәтін кұрастырып алуы қажет. Әуелі кино көрсетіледі де, кейін мәтінмен бірге талданады.


4.Мазмұндама жазуға арналған ҚМЖ



Әдебиет

Уақыты:11/04-24ж

Сынып:
4 «А»

Мұғалім: Д.Талипова



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет