Әдебиет: 1,2,3,4,10,13,15,16,18,21,22
Кілт сөздер: диффузионды шырын.
1. Қызылшаны заводқа жеткізу. Егістіктен жиналған қызылша теміржол көліктері немесе автокөліктер арқылы зауытқа жеткізіледі. Кагаттардағы қызылшаны сол кагаттың астында орналасқан гидравликалық трансортер арқылы басты транспортерге жіберіледі. Кагаттардың астында транспортер болмаған жағдайда қызылшаны күректері бар бульдезер, тракторлардың көмегімен басты транспортерге салады, ол қызылшалар судың көмегімен зуытқа бағытталады.
Қызылшаны дұрыс тасымалдау үшін тронспортер еңгейтілген қалыпта болуы керек(1м – ге 15мм). Қызылша мен судың мөлшері 1 : 7 қарым-қатынасты болуы керек.
Қызылша жоңқасын алу.
Қызылшадағы қантты толық әрі жылдам алу үшін оны жоңқалайды. Жоңқалардың қалыңдығы 0,5-1,5мм. жалпақтығы 3-5мм кесіледі. Қызылша жоңқаларын арнайы рамаға орнатылған қабырғалы және ендік пышақтар арқылы алады. Диффузиялық аппаратта қызылша жоңқалары түбінде жатып қалмай шырынды сүзуіге кедергі жасамуы керек. Тым жіңішкке жоңқалар (0,5мм – ден жіңішке) диффузионды аппараттағы тасымалдаушы құрылғылардың әсерінен езіліп шырынның циркуляциясын төмендетеді.
Жоңқалардың сапасын оның ұзындығына қарай бағалайды. Ірі қызыл шалардан алынған жоңқа 25мм болса, үсіген қызылша жоңқасы әлде қайда қалың болады. Жақсы сападағы қызылша жоңқасы жарамсыз қалдық пен езбенің мөлшері 3% - дан аспауы керек. Жарамсыз қалдыққа ұзындығы1см кіші және қалыңдығы 2мм жоңқалар жатады.
Қызылша кескіштегі қызылша жоңқалары тырмаушы транспортердің көмегімен диффузиялық аппаратқа эктрагентпен (ыстық су) ондағы қантты шығару үшін жіберіледі.
Қазіргі уақытта әр – түрлі диффузионды аппараттарқолданылады, бірақ олардың жұмыс атқару принциптері бірдей – қарсы ағысты, яғни қызылша жоңқалары мен диффузиялық шырын бір-біріне қарсы бағыта болады.
Қант емес заттардың көп мөлшері пектиндік заттар бөлігінде болады, олар қою қалдықтың жартысын құрайды. Пектиндік затар ыстық сумен бірге коллоидтық ерітіндіге айналады. Бұл массаны пектиндік заттар деп атайды. Олар аморфты күйде болады және кілегйлі түрде болғандықтан шырынның фильтациясына кедергі жасайды. Сондықтанда диффузиондық процесті жүргізерде ерітіндіге пектиндік заттардың аз түсуін қадағалау керек.