Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата07.12.2016
өлшемі357,58 Kb.
#3366
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер факультеті
Психология және педагогика кафедрасы
5

В050300 – Психология

мамандығының студенттеріне арналған
«Жалпы психология 4»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар




Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ФЖжӨФ деканы

_______ Ж.Т.Сарбалаев

20__ж. «___»____________


Құрастырушы: педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және педагогика кафедрасының доценті Б.Х.Галиева


Психология және педагогика кафедрасы
5

В050300 – Психология мамандығының

сырттай оқу нысанындағы студенттеріне арналған

«Жалпы психология 4»



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
200_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________

Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған_____________________________

20 _ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Е.Н.Жуманкулова 20 _ж. «_____»___________

КЕЛІСІЛГЕН

Кафедра меңгерушісі ______________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Галиева Бахыт Хасеновна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және педагогика кафедрасының доценті

Психология және педагогика кафедрасы Ломов көшесі, 64 мекенжайындағы «А» корпусында, 149-аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны.
2 Пән туралы мәліметтер

Жалпы психология курсы студенттердің психологиялық ойлауын дамытуды, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыруды көздейді. «Жалпы психология 4» курсы жалпы психология пәнінің бір бөлігі болып саналады, сондықтан оның басқа бөлімдерімен тығыз байланыста оқытылады. Курс тестілеу түрінде өтетін емтиханмен аяқталады.



3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП

Бар-лығы

3

135

12

6










117

6

емтихан


4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы

Пәннің мақсаты: жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде студенттерді психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру.

Пәннің тапсырмалары:

  • окытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; - әртүрлі психологиялык фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;

  • дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру.


5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

  • жалпы психологияның даму тарихын;

  • жалпы психологияның қазіргі жаңа мәселелерін;

  • психологиялық құбылыстар мен процестердің негізгі
    заңдылықтары
    н.

Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:

  • теориялық білімдерді тәжірибеде қолдану;

  • зерттеу іс-әрекетін жүргізу;

  • кәсіби қарым-қатынас орнату.


6 Пререквизиттер: - әлеуметтік психология, жас ерекшелік психологиясы, жалпы психология 1, 2, 3.

7 Постреквизиттер: педагогикалық тәжірибе, өндірістік тәжірибе.
8 Тақырыптық жоспар



Тақырыптардың атауы

Сағат көлемі

Теор

семинар

СӨЖ

1

2

3

4

6

1

Мотивация психологиясы. Мотивациалық- қажеттілік сферасы

1




10

2

Мотивацианың психологиялық теориялары. Мотивация және іс-әрекет. Тұлғаның мотивациялық сферасының ерекшеліктері, заңдылықтары

1

1

10

3

Ерік психологиясы. Еріктік әрекеттердің құрылымы.

1




10

4

Жалпы психологиядағы тұлға. Қазіргі психологиядағы тұлға туралы түсінік

1

1

10

5

Тұлға типологиясы. Тұлғаны зерттеу әдістері. Отандық (ресейлік) психологиядағы қазіргі тұлға теориялары

1




11

6

Тұлға құрылымы. Тұлға құрылымына деген негізгі келістердің сипаттамасы. Тұлға құрылымындағы сана мен өзіндік сананың ерекшеліктері

1

1

11

7

Жеке даралық және тұлғалық қасиеттердің арақатынасы.

1




11

8

Мінез тұлға құрылымында. Мінез психологиясы

1

1

11

9

Тұлғаның қабілеттері мен нышандары. Дарындылық және оның түрлері (қабілеттер, интеллект, еңбек қабілеттілігі)

1

1

11

10

Әлеуметтік жүріс-тұрыс тұлға белсенділігінің түрі ретінде.

1

1

11

11

Тұлғаның жүріс-тұрысы, әлеуметтік іс-әрекеті. Тұлғаның психологиялық қорғанысы. Тұлға дамуының қозғаушы күштері мен қайнар көздері

2




11

Барлығы 135

12

6

117



9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Интеллектуалды (таным) процестер психологиясы - өзінің ұзақ даму тарихындағы эксперименталдық зерттеулерінде бай дәстүрге және үлкен қолданбалы мәнге ие жалпы психологияның құрамдас бір бөлігі.

Жалпы психологияның казіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне -бұл оның теориялық- әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту; зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық) жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын зерттеу; өмірлік іс- әрекеттерінің субъктісі болып табылатын адамның жеке басынын дамуын, құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық ғылымдардың көп қырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады.
10 Курс компоненттері

Теориялық курстың мазмұны


1 тақырып. Мотивация психологиясы

Қажеттілік мотивация үрдісінің негізі ретінде. Мотивацияның биологиялық және әлеуметтік деңгейлерінің арақатынасы. Адам қажеттіліктерінің тарихи табиғаты. Мотивацияның онтогенетикалық және жағдаяттық дамуы.Мотив қажеттіліктердің затталуының нәтижесі ретінде.



2 тақырып. Мотивацияның психологиялық теориялары

Мотивацияның негізгі теориялары: бихевиоризм, психоанализ, когнитивтік психология, гуманистік психология, мотивацияның отандық теориялары (А.Н. Леонтьев, Д.Н. Узнадзе және олардың мектептері).



3 тақырып. Ерік психологиясы

Еріктің мәнділігі. И.М.Сеченов ерік жайлы сананың әрекетшіл жағы ретінде. Мотивтер еріктік процестің құрамында. Мотивтердің күресі. Еріктік күшею. Еріктік акттің құрылымы – жоспарлау және орындау. Шешімдердің орындалуы, моторлы компоненттер. Н.А.Бернштейн қозғалыстың құрылуы туралы.



4 тақырып. Жалпы психологиядағы тұлға

Тұлға ұғымы. Адамға қатысты басқа категориялар ( индивид,субъект, даралық). Философия, дін, өнердегі тұлғаның танымына қарағанда тұлғаға деген ғылыми-психологиялық келістің спецификасы.

Дифференциялдық, жас ерекшелік, әлеуметтік, медициналық, спорт, педагогикалық психологиядағы тұлғаны зерттеу спецификасы.

5 тақырып. Тұлғаның типологиясы. Тұлғаны зерттеу әдістері

Тұлғаның типологиясына деген негізгі келістер (А.Ф. Лазурский, Э.Шпрангер, К.Г.Юнг).

Психологиядағы тұлғаны зерттеу әдістері. Тұлғаны ғылыми зерттеудің спецификасы, психологтың этикасы және танымның объективтілігі. Тұлғаны зерттеуде қолданылатын жасанды эксперимент, бақылау мен өзіндік бақылау, проективтік және өмірбаяндық әдістер.

6 тақырып. Тұлғаның құрылымы

Тұлғаның құрылымы туралы түсінік. Тұлға құрылымының негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік беделі, әлеуметтік функциялары мен рөлдері, әлеуметтік жүріс-тұрысы, мотивтері,бағыттылығы, мінезі. Тұлға құрылымындағы интеллект пен қабілеттер.



7 тақырып. Тұлға жеке даралық ретінде

Жеке даралық – адам қасиеттерінің жабық жүйесі, оның барлық қасиеттерінің интеграциясының жоғары деңгейі, саналы өзіндік реттелудің жоғары деңгейі (Б.Г.Ананьев). Тұлғаның ішкі дүниесі, жеке даралық туралы түсінік. В.С. Мерлин интегралды жеке даралық туралы. Табиғи индивид пен тұлғаның интеграциясы.



8 тақырып. Мінез тұлға құрылымында

Мінез – тұлғадағы әлеуметтік-типтік және жеке даралық-өзгешеліктің бірлігі. Мінездің құрылымы: мінездің коммуникативтік, рефлексивтік, эмоционалдық, еріктік, интеллектуалдық қасиеттері. Психикалық процестер мен күйлердің жеке даралық ерекшеліктерінің мінез қасиеттеріне ауысуы.



9 тақырып. Тұлғаның қабілеттері мен нышандары

Қабілеттер мен нышандар жайлы түсінік. Іс-әрекет субъектісінің потенциалдар құрылымы: дарындылық, жалпы, арнайы қабілеттер, интеллект, еңбекке қабілеттілік.

Талант – тұлғаның бағыттылығымен интеграцияланған қабілеттер ансамблі. Данышпандық феномені.

10 тақырып. Әлеуметтік жүріс-тұрыс тұлғаның белсенділігінің түрі ретінде

Тұлғаның адамдарға, еңбекке, қоғамға, әлемге деген қатынастарын көрсететін белсенділік түрі ретіндегі әлеуметтік жүріс-тұрыс туралы түсінік. Қылық- тұлғаның әлеуметтік жүріс-тұрысының бірлігі.

Әлеуметтік жүріс-тұрыстың сыртқы ( жағдаяттық және орталық) және ішкі ( өзіндік тұлғалық) детерминациясы. К.Левин бойынша жүріс-тұрыс психологиялық өрістегі тең әсерлі күш ретінде.

11 Тұлғаның жүріс-тұрысы, әлеуметтік іс-әрекеті. Тұлғаның психологиялық қорғанысы. Тұлға дамуының қозғаушы күштері мен қайнар көздері

Тұлғаның жүріс-тұрысын реттеудегі әлеуметтік нормалар, әлеуметтік бағдарлар, саналы қатынастар. Тұлғаның өмірлік мақсаттары, жоспарлары, бағдарламалары мен стратегиялары. Тұлға балсенділігінің психологиясы. Тұлғаның жауапкершілігі мен инициативасы (К.А. Абульханова, А.В. Брушлинский, С.Л, Рубинштейн)


Семинар-практикалық сабақтардың тақырыптары мен мазмұны

1 тақырып. Мотивация психологиясы

Қажеттілік мотивация үрдісінің негізі ретінде. Мотивацияның биологиялық және әлеуметтік деңгейлерінің арақатынасы. Адам қажеттіліктерінің тарихи табиғаты. Мотивацияның онтогенетикалық және жағдаяттық дамуы.Мотив қажеттіліктердің затталуының нәтижесі ретінде.



2 тақырып. Мотивацияның психологиялық теориялары

Мотивацияның негізгі теориялары: бихевиоризм, психоанализ, когнитивтік психология, гуманистік психология, мотивацияның отандық теориялары (А.Н. Леонтьев, Д.Н. Узнадзе және олардың мектептері). Мотивация механизмі туралы негізгі ұғымдар, жалпы көзқарастар. Мотивтерді зерттеу әдістері.



3 тақырып. Ерік психологиясы

Еріктің мәнділігі. И.М.Сеченов ерік жайлы сананың әрекетшіл жағы ретінде. Мотивтер еріктік процестің құрамында. Мотивтердің күресі. Еріктік күшею. Еріктік акттің құрылымы – жоспарлау және орындау. Шешімдердің орындалуы, моторлы компоненттер. Н.А.Бернштейн қозғалыстың құрылуы туралы.



4 тақырып. Жалпы психологиядағы тұлға

Тұлға ұғымы. Адамға қатысты басқа категориялар ( индивид,субъект, даралық). Философия, дін, өнердегі тұлғаның танымына қарағанда тұлғаға деген ғылыми-психологиялық келістің спецификасы.

Дифференциялдық, жас ерекшелік, әлеуметтік, медициналық, спорт, педагогикалық психологиядағы тұлғаны зерттеу спецификасы.

5 тақырып. Тұлғаның типологиясы. Тұлғаны зерттеу әдістері

Тұлғаның типологиясына деген негізгі келістер (А.Ф. Лазурский, Э.Шпрангер, К.Г.Юнг).

Психологиядағы тұлғаны зерттеу әдістері. Тұлғаны ғылыми зерттеудің спецификасы, психологтың этикасы және танымның объективтілігі. Тұлғаны зерттеуде қолданылатын жасанды эксперимент, бақылау мен өзіндік бақылау, проективтік және өмірбаяндық әдістер. Тұлға психологиясындағы қалыптастырушы эксперименттің мүмкіншіліктері.

6 тақырып. Тұлғаның құрылымы

Тұлғаның құрылымы туралы түсінік. Тұлға құрылымының негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік беделі, әлеуметтік функциялары мен рөлдері, әлеуметтік жүріс-тұрысы, мотивтері,бағыттылығы, мінезі. Тұлға құрылымындағы интеллект пен қабілеттер.

В.Джемс бойынша үшкомпонентті Мен құрылымы.

8 тақырып. Мінез тұлға құрылымында

Мінез – тұлғадағы әлеуметтік-типтік және жеке даралық-өзгешеліктің бірлігі. Мінездің құрылымы: мінездің коммуникативтік, рефлексивтік, эмоционалдық, еріктік, интеллектуалдық қасиеттері. Психикалық процестер мен күйлердің жеке даралық ерекшеліктерінің мінез қасиеттеріне ауысуы.



9 тақырып. Тұлғаның қабілеттері мен нышандары

Қабілеттер мен нышандар жайлы түсінік. Іс-әрекет субъектісінің потенциалдар құрылымы: дарындылық, жалпы, арнайы қабілеттер, интеллект, еңбекке қабілеттілік.




10 тақырып. Әлеуметтік жүріс-тұрыс тұлғаның белсенділігінің түрі ретінде

Тұлғаның адамдарға, еңбекке, қоғамға, әлемге деген қатынастарын көрсететін белсенділік түрі ретіндегі әлеуметтік жүріс-тұрыс туралы түсінік. Қылық- тұлғаның әлеуметтік жүріс-тұрысының бірлігі.


СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Әдебиет көздерін конспектілеу

Конспект

Сабаққа қатысу


12

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу


12

3

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу

Баяндама


Баяндаманы қорғау

83

4

Бақылау іс-шараларына дайындалу

Конспект


Аралық және қорытынды бақылау (тестілеу, емтихан)

10

Барлығы:

117


1 тақырып. Мотивация және іс-әрекет

Іс-әрекеттің психологиялық теориясындағы мотивация мәселесі.

Мотивтерді дамыту амалы ретінде қажеттіліктердің пайда болуы. Мотивацияның жағдаяттық дамуы.

Басты іс-әрекет пен басты мотивация ұғымдары (Д.Б. Эльконин). Механизм «сдвига мотива ан цель» (А.Н. Леонтьев). Мотивтердің функционалды автономиясы (Г. Олпорт). Іс-әрекеттің полимотивациясы.

Аталған сұрақтарға дайындалып келу.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [1] 15-25 бет, [3] 30-35 бет, қосымша әдебиет [4] 10-15 бет.



2 тақырып. Тұлғаның мотивациялық сферасының ерекшеліктері

Тұлғаның мотивациялық сферасының иерархиялық құрылуы. Адам мотивтерінің көп түрлілігі: актуалды және потенциалды мотивтер, пәндік және функционалды, мағына жасаушы және стимул мотивтер. Саналы және саналы емес мотивтер. Бағдарлар мотивтер ретінде.


3 тақырып: Тұлға құрылымына деген негізгі келістердің сипаттамасы

Тұлға құрылымына деген факторлық келіс (Р. Кэттел, Г.Айзенк, Дж. Гилфорд). Тұлға құрылымына деген танымдық келістердің негізгі сипаттамалары (Г. Келли, Ф.Франселла, Д. Баннистер). Тұлғалық конструкт тұлға құрылымының элементі ретінде.

З. Фрейд, К. Юнг, А.Адлердің психоаналитикалық теорияларындағы тұлға құрылымы туралы көзқарастары.

Аталған сұрақтарға дайындалып келу.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [5] 25-45 бет, [3] 55-75 бет, қосымша әдебиет [4] 14-26 бет

4 тақырып: Тұлға құрылымындағы сана мен өзіндік сананың ерекшеліктері

Тұлға құрылымындағы сана мен өзіндік сана. В. Джемс Мен үшкомпонентті құрылым туралы. Тұлға құрылымындағы құндылықтар, дүниетанымдар, сенімдер, мұраттар. Мен бейнесі мен Мен-тұжырымы. Өзіндік бағалау мен тартылыс деңгейі.

Сұрақтарына семинар сабағына дайындалып келу .

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [2] 14-26 бет, [3] 45-55 бет, қосымша әдебиет [4] 12-28 бет


11 Курс саясаты

Оқытушы мен студенттердің академиялық этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу процесіне белсенді түрде қатысу қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші ескертуден соң студент аудиториядан шығарылады. Сабақтарды орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамамен расталуы қажет. Студент босатқан сабақтарының орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтыруы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерткен жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дер кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті, емтиханды тапсыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының консультациясына қатысу міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі. Сағыз шайнауға дөрекілік пен мәдениетсіздіктің белгісі ретінде қатаң тыйым салынады.

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады. Курсты меңгеру барысында балдар былай бөлінеді:


  • дәріске қатысу – 1 балл, конспектің бар болуы – 1 балл;

  • тәжірибелік сабаққа қатысу – 1 балл, тәжірибелік жұмысты орындау – 5 балл (оның ішінде үй тапсырмасын орындау -3 балл, сұрақтарға жауап беру, жаттығу жұмыстарын орындау, тақырып бойынша талдау жасау - 2 балл).

Ағымдық бақылау студенттердің өзіндік жұмыстарын қорғауы барысында іске асырылады. Бағалау кезінде төмендегі көрсеткіштер ескеріледі:

  • материалды толық меңгеру - 10 (екінші рейтинг кезеңінде – 13) балл;

  • сұрақтарға жауап бере алу – 4 (5) балл;

  • материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 3 балл;

  • грамматикалық және стилистикалық сауаттылық - 1 балл.

Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді.

Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем дегенде жарты балды шегерумен (-0,5) жазаланады.



Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары бойынша сынақ немесе коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік бақылауда келесі критерийлер ескеріледі:

Толық дұрыс жауап 100 балмен бағаланады, оның ішінде:

100–90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанды жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты;

89-75 балл – материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады;

74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;

49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырмаған.



Қорытынды бақылау. Курс пән бойынша тестілеу түрінде өтетін емтихан тапсырумен аяқталады. Бақылау үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады. Емтиханда студенттің әрқайсысына тесттік формадағы 50 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап екі баллмен бағаланады. Емтиханның жалпы бағасы дұрыс жауаптардың бағаларын қосу арқылы анықталады.

Курстың ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық балдарды ескеру арқылы қойылады.
Пән бойынша рейтингті есептеу әдісі

Пән бойынша әрбір рейтинг мына формула бойынша анықталады:



Р1,2 = АҮ*0,7+МБ*0,3,

мұндағы Р1, Р2, АҮбірінші, екінші рейтингтің, ағымды үлгерімнің балдары.

Екі рейтингтің орташа арифметикалық көрсеткіші негізінде емтиханға жіберілу рейтингі белгіленеді:


ЖР = (Р1+Р2)/2,

мұндағы ЖР – студенттің емтиханға жіберілу рейтингі.

Қорытынды рейтинг төмендегі формула арқылы анықталады:

ҚР = ЖР*0,6+ҚБ*0,4,

мұндағы ҚР – қорытынды рейтинг, ҚБ – қорытынды емтиханның балл түріндегі бағасы.


Табыс тілейміз!



12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Абульханова К.А. Психология познания и сознания личности. - Москва-Воронеж, 1999.-224 с.

  2. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 2-х томах. - М.: Педагогика, 1980.

  3. Ананьев Б.Г. Психология чувственного познания. - М: Педагогика. - 1960.

  4. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. - СПб.: Питер, 2000.

  5. Асмолов АЛ". Психология личности. - М.: Изд-во МГУ, 1990 -376с.

  6. Бодалев А. А. Личность и общение: Избранные труды. - М.: Педагогика, 1983.-271с.

  7. Веккер Л.М. Психика и реальность: единая теория психических процессов. - М.: Смысл, 1998. - 685 с.

  8. Вилюнас В. К. Психологические механизмы мотивации человека. - М.: МГУ, 1990.-288 с.

  9. Выготский Л.С. Собр. соч.: В 6т. - М.: Педагогика, 1982-1984. -Т.2. - С.5-362. Т.З. -328с. Т.5 -С.34-48,153-168.

  10. Гальперин П.Я. Введение в психологию. - М.: Изд-во МГУ,1999. -130 с.

  11. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию. - М.: Изд-во МГУ, 1996.

  12. Годфруа Ж. Что такое психология: В 2-х т. - М.: Мир, 1996. - 496с.

  13. Джакупов СМ. Психология познавательной деятельности. - Алма-Ата: Изд-во КазГУ, 1992.-195с.

  14. Жарықбаев К.Б История казахской психологии (на казахском языке).- Алматы: Изд-во "Казахстан", 1996.

  15. Ждан А.Н. История психологии. От античности до наших дней. - М.: Изд-во МГУ, 1996. -367 с.

  16. Зейгарник Б.В. Теории личности в зарубежной психологии. - М.: Изд-во МГУ, 1982.-128с.

  17. Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии. - М.: Наука, 1984.

  18. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - СПб.: Изд-во "Питер", 1999.

  19. Солсо Р.Л. Когнитивная психология. - М.: Тривола, 1996. - 600 с.

  20. Тихомиров О.К. Психология мышления. - М.: Изд-во Моск. ун-та, 1984.

  21. Узнадзе Д.Н. Психологические исследования. - М., Наука, 1966. - С. 1 35- 156, 180-183.

  22. Романова. - М.: Изд-во Моск. ун-та, 1976. - 272с. Хрестоматия по общей психологии. Психология памяти / Под ред. Ю.Б.

Қосымша:

32.Ұлттық психология. Елікбаев Б.Н. А., Қазақ университеті. 1992

33.Ұлттық психологияныњ сипаты. Жукеш К. А., 1993

34.Қызықты психология. Алдамұратов Ә. А., Қазақ университеті. 1992

35.Курс общей возрастной и пед. психологии. М.В.Гамезо. М., Просвещение, 1982

36.Общая психология. А.В.Петровский. М., Просвещение, 1986

37.Общая психология. В.В.Богословский. т.б. М., Просвещение, 1981

38.Хрестоматия по общей психологии. МГУ, 1979

39.Практикум по общей психологии. М., Просвещение, 1990

40.Практикум по возрастной и пед. психологии. М., Просвещение, 1981



41.Психология. Немов Р.С. М.: Просвещение, 1996.

42.Жантану негіздері. Сәбет Бап-Баба. Алматы: Дәнекер, 2001.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет