Тақырып 4 Шетел инвестициялары бар кәсіпорын қызметін реттеу
Жоспар
Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
1. экпорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
2. дамуға ресми кӛмек: қаржылық және техникалық;
3. инвестициялар: тікелей және портфельдік.
Кредитор – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экпорттык несиелер. Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие -дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі. Дамытуға ресми кӛмек мемлекетке ӛкімет аралық деңгей де кӛрсетіледі. Мұнда техникалық кӛмек дегенде -әр түрлі салаларда қызмет кӛрсету: оқыту, кеңес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.
Инвестициялар республика экономикасына шетел капиталының ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:
1. Тікелей;
2. Портфельдік;
Олардың біріншісі, кәсіпкердің ӛзіне тәуекел ала отырып, республика экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялар мен басқа да құнды қағаздарға қаржы -каражат салу. Алушы ел үшін тікелей инвестициялардың басқа нысандармен салыстырғанда бірталай артықшылары бар. Біріншіден, олардың кейбір нысандары алатын жаққа ескірген технологиялар мен техника әкелу мүмкіндігіне жол бермейді; екіншіден, олар елдің сыртқы қарызын құру және ӛсірумен байланысты емес; үшіншеден, олар ең бастысы, тауарлар мен қызмет кӛрсетулер ӛндіруге ӛндірісті үйымдастыру мен басқарудың, маркетингтің, ноу -хаудың алдыңғы қатарлы эдістеріне бағытталынады.
Соңында олар республика экономикасының әлемдік интеграциясына, халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына тікелей ықпал ын кӛрсетеді. Барлық сфералар мен салаларда қолданатын тікелей инвестициялардың ең таралған нысаны бірлескен кәсіпорындар болып табылады. Қабылдаушы жақтық табысы ӛнімнің ӛз үлесінен, роялтиден және шетел серіктесінің табысына салығынан құралады. Тікелей шетел инвестициясының нысанын ӛнім бӛлінісі атқарады. Бұл нысан экспорттық салалар мен ӛзгерістерде кеңінен қолданылуы мүмкін, ішкі нарыққа жүмыс істейтін салалар мен ӛндірістерде біршама шектелген, бұл теңгенің толық айырбастылығының жоқтығымен байланысты.
Республикада шетел кәсіпорындарын кұру сияқты тікелей инвестициялардың басқа да нысандары бар. Ең алдымен, жекешелендіруге қатысу арқылы әрекеттегі кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңаларын салу. Сондай -ақ, шетел инвестицияларының нысаны кепілденген ақшалай сыйлық үшін жұмыстың жекелеген түрлерін мұнай кен орындарын геологиялық барлау шетел мердігерлері жүзеге асыратын, техникалық қызмет кӛрсетулер туралы келісім, басқару келісім шарттары бола алады. Бұрын айтылғандай, тікелей инвестицияларды тарту үшін тартымды жағдайлар жасау бойынша жедел шаралар республикада кабылдануда, бұл олардың кӛбеюі үшін шынайы мүмкіндіктер береді.
Қазақстан Республикасының Президенті тұжырымдауынша халқының жанбасына шаққандағы тікелей шетел инвестицияларын тарту деңгейі бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің, сондай -ақ ТМД -ның алғашқы бестігіне сенімді түрде кіреді.
Шетел инвестицияларын тартудың басқа нысандары шетел компанияларына республика кәсіпорындарының акцияларын сату; шетел мемлекеттері жеке компаниялар беретін инвестициялык қарыздар мен несиелер бола алады. Ең бірінші кезекте, шетел инвестицияларының иегізгі бағ ыттары капитал сыйымдылығы жоғары салалар мен ӛзгерістер, ең бастысы мемлекеттік сектор арқылы экспортқа бейімделген ірі кәсіпорындар болып табылады. Республика экономикасына шетелдік капитал салымдарының негізгі бағыттарының бірі шағын мен орта кәсіпкерлік сферасы болып табылады. Мұнда салалар инвестициялар басымдылы қты объектілерге ӛндірістер мен аймақтарға бағытталынуы тиіс. Бұл басымдықтар республикада ресми түрде белгіленген.
ҚР-ның қазіргі заңдылығына сәйкес инвестициялық қызмет келесі кӛздерден қаржыландырылады:
-Меншікті қаржылық ресурстар және ішкі шаруашылық резервтер;
-Тартылған қаржы құралдары;
-Бюджеттен тыс қорлардың құралдары;
-Республикалық бюджет құралдары;
-Шетелдік инвесторлар құралдары;
-Белгіленген тәртіпте кәсіпорындардың орталықтанған ақшалай құралдары;
-Жеке және заңды тұлғалардың кӛмек түріндегі ақшалай құралдары.
Меншікті қаржылық ресурстар бұл күрделі салымдарды қаржыландыруға бағытталған құрылтайшылардың алғашқы жарналары және жинақтары. Құрылтайшылардың алғашқы жарналары негізгі қорларды сатып алуға жұмсалады. Кейін бұл мақсатқа кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болған жинақтар жұмсалады. Кәсіпорындарда инвестицияларды қаржыландырудың негізгі кӛзі амортизациялық аударымдар. Қарыздық құралдар банктік және басқа да қаржылық институттардың несиелер есебінен құралады. Несие - қайтарымдылық негізінде ақша қозғалысымен байланысты несие беруші және несие алушы арасындағы экономикалық қатынастарды білдіреді.Қазіргі кезде инвесторлар несиені тез ӛтелетін және жоғары тиімділік әкелетін кәсіпкерлік қызметтің сфераларына салуға тырысады.
Жеке және заңды тұлғалардың күрделі салымдарын банктік несиелендіру объектілеріне шығындар келесі түрде болады:
1) ӛндірістік және ӛндірістік емес мақсаттағы объектілердің құрылысы, кенейту, техникалық жағынан қайта қаруландыру, реконструкциялау, модернизациялау;
2) қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті сатып алу;
3) ғимараттар және қондырғылар сатып алу;
4) ғылыми техникалық ӛнімді шығару, интеллектуалды құндылықтарды құру, біріккен кәсіпорындар құру;
5)табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру.
Тартылған құралдар ағымдағы инвестициялық қызметке үлестік түрде қатысу, құнды қағаздар эмиссиясы, енбек ұжымының пайлық жарналары және т.б.
Тақырып 5 Әлемдік нарықта баға белгілеу ерекшеліктері
Жоспар
Әлемдік нарықта баға белгілеу негіздері
Әлемдік бағаны анықтаудың әдістері
Биржалық котировкалар. Аукциондардың бағалары
Әлемдік бағалар – бұл халықаралық нарықта берілген тауар бойынша неғұрлым атаулы мәмілелерді айқындайтын бағалар. Еркін саудалық – саяси режимде және еркін айналатын валютада неғұрлым үнемі өтетін мәмілелер атаулы болып саналады. Әдістемелік қателіктерден аулақ болу үшін және әлемдік бағалар туралы ақпарат әртүрлі болмау үшін ол қол жетімді болу керек.
Тауардың әлемдік бағасы – бұл әлемдік тауар нарығында қалыптасқан конъюнктурада нақты жеткізу және жалпы қабылданған төлем шарты кезінде берілген тауарды өткізу бойынша орташаөлшенген баға деңгейі. Әлемдік баға келесі негізгі белгілермен сипатталады:
- көпшілік тауар нарықтары үшін әдеттегі шарттар негізінде ірі экспорттық және импорттық келісімдерді жүзеге асыру бойынша бағалар;
- маңызды нарықтарда және тұрақты (уақытылы) келісмдерде қолданылатын бағалар;
- төлемдер еркін айналатын валютада жүргізілетін келісімдердегі бағалар.
Осылайша, әлемдік баға жеткілікті түрде атаулы боуы керек, атаулықтың негізгі белгісі ретінде – сәйкес тауардың әлемдік экспортта алатын проценттік үлесі. Іс жүзінде әлемдік баға ретінде негізгі жабдықтаушылардың және тауарды сатып алушылардың экспорттық және импорттық бағалары қолданылады. Шикізаттық тауарлар сияқты массалық тауарлар үшін әлемдік баға ретінде халықаралық сауданың негізгі орталықтарының (биржа, аукцион және т.б.) бағаларын жатқызуға болады.
Сатушылар және сатып алушылар үшін атаулы және қол жетімді бағалардың болуы - сыртқы нарықта коммерциялық қызметтің қажетті алғышарты болып табылады. Әлемдік бағалар бойынша ақпарттық мәліметтер жиынтығы бағаның келесі түрлерін құрайды (жарияланатын немесе сұрай бойынша алынатын): анықтамалық, биржалық, аукциондық, саудаласу бағалары, каталогтар, есептік бағалар, ұсыныс бағалары, прейскуранттар бағасы, нақты келісімдер бағасы. Нарықта шикізаттық тауарлардың көп бөлігі анықтамалық, биржалық және аукциондық бағалармен қамтылған, бағалық ақпаратпен қамтамасыз ету тұрғысынан жалпы дайын өнім, машина және жабдықтар нарығына қарағанда орынды болады.
Әлемдік бағалар - халықаралық саудада нақты тауарлар жағдайын жеткілікті түрде толық сипаттайтын ірі экспорттық және импорттық операциялар жүргізу бойынша бағалар. Іс жүзінде әлемдік бағалар келесідей анықталады: бір тауар бойынша ( әдетте шикізаттық) – экспортаушы немесе импорттаушы елдердің баға деңгейімен; басқасы бойынша – аукцион, биржа бағаларымен; дайын бұйымдар бойынша – әдетте берілген өнім түрін өндіруге мамандандырылған әлемде алдыңғы қатарлы өндірушілердің бағасымен. Егер келесі шарттар орындалатын болса, әлемдік баға болып саналады: 1) берілген тауар бойынша алдыңғы қатарлы нарықтарда жасалатын ірі экспорттық немесе импорттық келісімдер бағасы; 2) тұрақты сипат алатын келісімдер; 3) төемдерді еркін айналатын валютада қарастыратын келісімдер.
Әлемдік тауарлық нарықтардың негізгі бағалары белгілі тауар түрінің тұтыну, өткізу және өндіру орташа әлемдік шартын көрсетеді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындар мен шетелдік серіктестер арасындағы ынтымақтастық жобаларының нұсқаларын анықтайды. Тауарлар түрі бойынша әлемдік болып табылады: бидайға – Канаданың экспорттық бағалары; мұнайға – ОПЕК елдер – мүшелерінің экспорттық бағалары; пиломатериалдар – Швецияның экспорттық бағалары; каучук – Сингапурлық биржаның бағалары; түсті металдар – Лондонның түсті металдар биржасының бағалары; шай - Лондон, Коломбо, Калькуттадағы аукционның бағалары.
Шикізаттық тауарлар бойынша әлемдік бағаны анықтау ешқандай қиындық туғызбайды (шикізатты негізгі жабдықтаушы елдер бойынша анықталады), алайда дайын өнімге байланысты бағаны таңдау ұқсас өнімді өндіретін ондаған фирмалардың бағасын пайдалануға тура келеді, ал шикізат бойынша тек 1-3 көрсеткіштер алынуы мүмкін.
2)Сыртқы сауда бағалары мемлекетпен жүргізілетін сыртқы сауда және кеден саясаты шеңберінде қалыптасады, сондықтан сыртқы саудалық баға белгілеу ресей тәжірибиесі негізінде қарастырылған.
Сыртқы сауда саясаттың негізгі міндеттері:
- сыртқы нарықта отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- отандық өндірушілерді бағалау;
Сыртқы сауда саясаттың жүзеге асыру құралдарына жатады:
- кедендік баждың дифференциалау;
- демпингтік бағаларды қолдану;
- халыққа және отандық өндірушілерге залалын тигізетін өнімдерді енгізуге тура тосқауыл қоюды ендіру;
- экспорттаушыларға мемлекеттік субсидиялар.
Кедендік баждар дифференциялау және кедендік құнды анықтау тәртібін бекіту ең негізгі экономикалық тұтқа болып табылады. Осы сұрақты дұрыс түсіну үшін бірнеше түсініктеме беру қажет. Кедендік баждар – ел шекарасын кесіп өтетін тауарлардан кедендік мемекемелер арқылы алынатын федеративтік салықтар. Тауар қозғалысының бағытына байланысты кедендік баждар келесідей ажыратылады: импорттық, экспорттық және транзиттік (соңғысы барлық елдерде дерлік рәсімделмейді). Есептеу формасына байланысты келесілерін ажыратады: пайызбен есептелетін адвалорлық кедендік баждар, абсолюттік көріністе бекітілген мөлшермелер спецификалық; құрамдастырылған – алғашұы екі түрінің құрамасы. Кеден кедендік баждардан үстінен тауарлар қоймалау және сақталуы үшін, санитарлық жиын ретніде кедендік жиындар алынады.
Кедендік тариф – кедендік баждардың белгілі ережелері бойынша жүйлендірілген арнайы түрде рәсімделген құжат. Импорттық кедендік баждар түрлері экспорттық баждарға қарағанда әлдеқайда көп, себебі экспорт кезінде мемлекеттік субсидиялар мен квоталар қолданылады. Сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін экспорт кезінде баждар алынып тасталады. Импорттық кедендік баждар отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған (жоғарлатылған баждар) , сонымен қатар отандық өндіріс масшатабы жеткіліксіз (төмендетілген баждар), әлеуметтік маңызы бар өнімдер, материалдар, шикізат, ілгері технологиялардың енуін ынталандыру.
Кедендік құн - сыртқы сауда келісімінің қатысушысы білдіретін және кедендік баждар мен басқа салықтар, жиындар үшін база болып табылатын шекараны кесіп өтетін тауардың бағасы. Шеттен әкелінетін тауарлар келісімінің бағасы бойынша әдіс басқа келісімдер үстімдірек пайдаланылады. Негіз ретінде келісімнің келісімшарттық бағасы алынады. Тауарды елдің кедендік шекрасының пунктіне (мекен, жер, орын) дейін жеткізу бойынша шығындар, комиссиялық сый ақылар, лицензиялық төлемдер және т.б. қосыша есепке алынады. Отандық тәжірибиеде экспорт кезінде кедендік құн сәйкес қабылданған тәртіп шарты FOB, FCA бойынша қалыптасады – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы, импорт кезінде шарты CIF, CIP бойынша – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы. Сыртқы сауда келісімшарттарының базистік шарттары іртүрлі болуы мүмкін, бірақ кедендік құнды есептеген кездекелісімшарттық бағалар аталған стандарттық шарттарға сай келеді. Бұл сыртқы сауда келісімін жасаушыларға салық төлеу кезінде біршама бірдей қауырттылықты (напряженность – алаңдаушылық, қобалжаушылық) қамтамсыз етеді. Егер берілген тауардың келісімшарттық бағасы көпшілік түрде жасалатын келісімдердің бағаларынан айтарлықтай аутқу байқалса, онда берілген әдіске сәйкес кедендік құнның есептелуі кедендік органдармен алынбауы мүмкін. Бұндай жағдай келісім жасаушылардың бір - біріне тәуелді болған жағдайда, сауатсыз есептер кезінде орын алады.
Бұл жағдайда басқа әдістер қолданылады: бірдей тауарлармен жасалған келісімер бағасы бойынша әдіс (шыққан жері, физикалық құрамы, тұтынушылық сипаттамалар бойынша); біртекті тауарлармен жасалған келісімдер бағасы бойынша әдіс (шыққан жері, тағайындалуы бірдей, алайда физикалық құрамы бойынша әртүрлі); шегеру және қосудың есептік әдістері (олардың толық баяндамасы ұсынылған әдебиеттер тізімінде берілген).
Экспортталатын тауарға баға құру тәртібі
Сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін барлық елдердің үкіметі экспорттаушыларға субсидия береді, экспорттық баждарды төмендетеді және алып тастайды, экспорттаушыларға салық салудың жеңілдікті шарттар жасайды. Осының бәрі экспортталатын тауалардың ұсынысы үшін неғұрлым төмен бағаның негізі болып табылады.
Ерекше көңіл бөлетін жайт, отандық тәжірибиеде экспорттаушыларға жеңілдікті салық салу сұрағы. Бұл салық салу сұрағы ғана емес, сонымен қатар бағалық. Қазіргі жүзеге асатын тәртіпке сәйкес отандық экспорттаушылар экспортталатын өнім шеңберінде бюджетке қосылған құн салығын және акцзді (акцизделетін тауарлар бойынша) төлеуден босатылады.
Жеңілдікті алу сұрағы негізінде, экспорт фактысын дәлеледейтін сұрақ.
Экспорттаушылар жеңілдікті алу үшін Салық органдарына келесі құжаттарды тапсыру керек:
1) тауардың экспортын дәлелдейтін келісімшарт (немесе келісімшарттың көшірмесі);
2) жүктік кедендік декларация (немесе оның көшірмесі);
3) шекаралас белгілері бар кедендік мелекеттердің – ТМД қатысушылары және ТМД қатысушыларынан тыс мемлекеттерде орналасқан елдердің кедендік органдарының көліктік немесе тауар жетектеуші құжаттардың көшірмесі;
4) ресейлік банктегі ресей салық төлеушінің шотына шет елдің тұлғасына өткізген өнімінен нақты түскен табысты дәлелдейтін төлемдік құжат немесе банк құжаты;
Ресейлік экспорттаушы аталған құжаттарды өткізбес бұрын салық органдарына қажет салық сомасын аудару керек. Салық органдарына аталған құжаттар өткізілген соң, алдында төлеген салық сомасы экспорттаушыға қайтарылады немесе болашақ есеп айырысу шотына жазылады.
Айтылғандардан осындай маңызды қорытынды жасалады: ішкі өткізуге арналған тауарлардың бағасына қарағанда, экспортталатын тауарлардың бағасына ішкі жанама салықтар есепке алынбайды.
Экспорт кезінде бағаның құрылуы жөнінде арнайы белгіленген тәртіп жоқ, алайда оның шектері туралы айту дұрыс болар.
Экспорт кезінде бағаның төменгі шегі – бұл өндіріске кеткен шығындар және өндірушілердің нормативтік пайдасы, сонымен қатар келісімшартта айтылған, белгіленген жерге дейінгі жеткізуге кеткен шығындар және оның кедендік рәсімделуіне кеткен алымдар.
Жоғарыда айтылғандай, экспорттық кедендік баж дерлік барлық тауарлардан алынбайды, алынса да тек экспорттаушы бағасының төменгі шегіне енетін міндетті төлем ретінде енеді. Экспорт кезінде бағаның жоғарға шегі – экспорттаушының келісімшарттық бағасы.
Импортталатын тауар ішкі нарыққа келіп түседі, сондықтан міндетті түрде оның бағасы ұқсас отандық тауар бағасымен сәйкестендіріледі. Әдетте сыртқы нарық және ұлттық нарық жағдайында қалыптасатын көрсеткіштердің айырмасы импорттық кедендік бажбен жабылады. Импортты ынталандыру мақсатында ( ұлттық нарықта неғұрлым жетіспеушілктеге тауарлар) баж мөлшермесі төмендетілуі немесе алынып тастауы мүмкін. Сонымен қатар жеңілдікті шаралар қолайлы саясат жасасатын нашар дамыған елдедің тауарларының импорты кезінде қолданылады. Ішкі жанама салықтар ( қосылған құн салығы және акцизделетін тауарларға акциз) баға құрылымына енеді. Импорт кезінде бағаның жоғарғы шегі – ішкі нарықта оның конъюнктурасына сәйкес импортталатын өнімнің өткізу бағасы болып табылады.
3)Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын (қатынасын) анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды. Валюта нарығынды валюта бағасын белгілеудің 2 әдісі бар: тікелей және жанама. Тікелей котировка деп – шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Жанама котировка деп – ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір санының көрсетуін айтамыз. Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, ал 1987 ж. бастап АҚШ қолдануда. Банк аралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бағалау көп кездеседі, себебі, доллардың халықаралық төлем және резервтік құрал ретіндегі ролі. Банктер сауда-өнеркәсіп клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде кросс-курсті негізге алады. Кросс-курс дегеніміз – ол екі валюта бағамының үшінші валютаға қатысты арақатынасы. Банктер сатушы және сатып алушы бағамын белгілейді.
Сатушы бағамы – ол банктің валютаны белгілеген бағаммен сатуға дайындығы. Сатып алушы бағамы дегеніміз – банктің валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тікелей котировка бойынша стаып алушы бағамынан стаушы бағамы жэоғары болады. Олардың арасындағы айырмашылық банктің пайдасын құрайды. Сонымен қатар, ресми, банк аралық, биржалық валюта котировкалары болады. Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргізеді. Ол есеп жүргізу мақсатында, кедендік төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардың негізгі бөлігі биржадан тыс банк аралық влюта нарығында өтетіндіктен, бұл елдердің ішкі нарығы қолданылатын негізгі бағамы – банк аралық баға. Банк аралық котировканы ірі коммерциялық банктер белгілейді. Биржалық котировка валютаны сатып алу- сату үшін биржаға түскен арыздарды салыстыру негізінде құрастырылды.
Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.
Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуға, егер заң актiлерiнде оларды сатып алу-сатудың арнаулы ережелерi белгiленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады. Ислам банкiнiң банк қызметiн жүзеге асыруы кезiнде оның тауарларды сатып алу-сату ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының банк қызметiн реттейтiн заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тауарлардың жекелеген түрлерiн сатып алу-сату ерекшелiктерi заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленедi. Егер бұл құқықтардың мазмұнынан немесе сипатынан өзгеше туындамаса, мүлiктiк құқықтарды сатуға қолданылады. Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлерiне (бөлшек саудамен сатып алу-сату, тауарлар жеткiзiлiмi, энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсiпорынды сату), егер осы Кодекстiң ережелерiнде бұл түрлердiң шарттары туралы өзгеше көзделмесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады. Сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген тәртiппен мүлiктi сату кезiнде сот орындаушысы сатушы ретiнде шығады.
Тақырып 6 Сыртқы сауда операциялары
Жоспар
Сыртқы сауда операциялары
Сату-сатып алу сыртқы сауда келісім-шарттары
Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.
Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:
1) Абсолюттік артықшылық теориясы – басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады;
2) Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлемінде жоғары деңгейде болады.
Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі:
1) Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:
- Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту;
- Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы);
- Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қорғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көлемінің өсуін ынталандырады.
2) Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:
- белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;
- меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;
- бір жақты аудармалар.
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.
Әр түрлi елдер әлемдiк экономикада жалпы және оның, жекелеген тауар рыноктарында әр түрлi орын алады. Халықаралық сауданың әрбiр қатысушысы өз мүдделерiн қорғау мақсатында қандай да бiр ic-әрекет атққаруға тырысады, яғни осы салада белгiлi бiр саясат жүргiзедi. Халықаралық сауда саласында саясаттың негiзгi eкi түpi бар:
• халықаралық сауда саясаты;
• сыртқы сауда саясаты.
Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымы (БСҰ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.
Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттiн басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған ic-әрекетi түсiндiрiледi. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:
• осы елдiң халықаралық еңбек бөлiнiсiне кіруінің дәрежесi мен әдісін өзгерту;
• экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
• елдi қажеттi ресурстармен қамтамасыз ету (шикiзат, энергия және т.б.);
• экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.
Кейбiр мақсаттар ұзақ мерзiмдi сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек бөлiнiсiне кipy дәрежесi мен әдiсiн өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөpi аз мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін өзгерту. Сыртқы сауда саясатының негiзгi eкi бағыты бар:
• epкін сауда саясаты;
• протекционизм.
Epкін сауда саясаты таза күйiнде мемлекеттiң сыртқы саудаға тiкелей араласудан бас тартып, рынокқа негiзгi реттеушi рөлiн жүктеуiн бiлдiредi. Бiрақ бұл мемлекеттiң осы шаруашылық ic-әрекетiнiң бағытына әсер етуден толық шектелуiн бiлдiрмейдi. Мемлекет өз шаруашылық субъектiлерiне максималды еркiндiк беру ушiн басқа елдермен келiсiм-шарттарға отырады.
Epкiн сауда оң саяси салдарға әкеледi, өйткенi елдердiң өзара байланыстылығы күшейiп, бiр-бiрiне дұшпандық әрекетінің мүмкiндiгiн төмендетеді. Epкін сауда саясатының жүргiзiлуi экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкiндiк бередi. Ic жүзiнде, epкін сауда саясаты таза күйiнде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.
Протекционизм - отандық экономиканы шетелдiк бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Epкін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктың күштердің еркін іc-әpeкеті жоққа шығарылады, өйткенi әлемдiк рыноктағы жекелеген елдердiң экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлi, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іc-әрекетi пайдасыз болуы мүмкін. Күштi шетелдiк мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құурылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.
Протекционизм елде белгiлi бiр салалардың дамуына көмектеседi. Аграрлы елдерде протекционизм көбiнесе индустриализацияның қажеттi шарты болады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етедi. Бiрақ бұл саясатты ұзақ мерзiм бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледi, өйткенi шетелдiк бәсеке болмаса, жергiлiктi кәсiпкерлердiң техникалық деңгейi мен өндiрiс тиiмдiлiгiн жоғарылатуға ынтасы төмендейдi. Өзiнiң төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрiнде болады, яғни ел импортты тек өз елiнде шығаруғы мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейдi. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейiнде ғана рұқсат етiледi. Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндiрiсi дамыған елдерде шиеленiскен бәсекелестiк жағдайында ұлттық тауар өндiрушiлерiн қорғау үшiн пайдаланылуда.
Мемлекет шаруашылық субьектiлерiне кеңестер беруi және қандай да бiр ic-әрекетке ынталандыруы мүмкін. Мемлекеттердiң сыртқы саудадағы өтiмдi құралдары әр турлi тыйым салу, мысалға бiр өнімнің экспорты мен импортына және бiр елге қатысты тыйым салу болып табылады.
Сыртқы сауданың құралдарына eкi жақты немесе көп жақты келiсiмдер жүйесi кiредi. Бiрақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субьектiлерiн мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешiм қабылдауына мәжбур еткiзедi. Осы құралдарға тарифтiк жене тарифтiк емес шектеулер кiредi.
Кедендiк шекара арқылы жүретiн тауарларға елдің кедендiк тарифтерiне сәйкес кедендiк баждар салынады. Мысалы, ҚР-ның кедендiк тарифi - ҚР-ның кедендiк территориасына әкелiнген және осы территориядан шығарылған тауарларға қолданылатын кедендік баждар ставкаларының жиынтығы. Бұл тауарлар ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметiнiң тауарлық номенклатурасына сай жүйеге келтiрiлген және топтастырылған ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметiнiң тауарлық номенклатурасы Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымының мүшелерi елдерiнде пайдаланылатын тауарларды кодтау және бейнелеудiң үйлесiмделген жүйесiне негiзделiп жасалған
Қазiргi уақытта тарифтiк шараларды қолдану сферасы мен мақсаттары импорт пен экспорт бойынша айрықшаланады. Кейiнгi тарифтiк шаралардың ауыртпалық орталығы импортты реттеу мен экспортқа шектеулерді қысқарту механизiмдерiн этаптар бойынша өңдеу, экспортты мемлекеттiк қолдау жүйесiн құру жағына қарай өзгеруде. Қазiргi экспортты реттеу шараларын уақытша деп қарастыру керек.
Сонымен, кедендiк тариф - бұл нарықтық экономика жағдайында сыртқы экономикалық қызметтi ретеудегi маңызды құрал болып табылады.
Тарифтiң - бұл оның тауарлық номенклатурасы, кедендiк құнды aнықтау және баждарды салу әдiстемесi, оларды жүргiзу механизмi, өзгерiстер мен жоюлар кедендiк-тарифтiк реттеу облысындағы атқарушы өкіметтің қызметiнiң шектерiн анықайтын нормалар, тауардың шығу елiн анықтау ережелерi. Кедендiк тариф, Қазақстанның импорттық саясатының басымдылықтарын көрсете отырып, импорттық құрлымның оптималдау және валюта шығындарын рацианалдау үшін жасалған тауарлар немесе тауар топтамалары бойынша баждардың көлемiне байланысы кедендiк тариф не отандық өндiрiстi шетелдiк бәсекелестiктен қорғауға, не отандық және шетел өндiрiсiнiң арасындағы бәсекелестiкке мүмкiндiк жасайтын жағдайларды құруға жасалады, сонымен қатар oтaндық өнімнің бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа кедендiк тариф сыртқы экономикалық қызметтiң жаңа нысандарын дамытуға, елдің экспорты оның өнімнің импортерларына әр түрлі мақсатты жеңілдіктер үшін жасалған.
Нарықтық экономика жағдайында және СЭҚ либерализациялауда кедендiк баждар СЭҚ-тің маңызды экономикалық реттеушiсi болады. Кедендiк баждар көмегімен мемлекет тауарларды әкелу немесе шығаруды қолдауға немесе оларды шектеуге, отандық тауарлар өндiрушiлердiң тауарларын басқа да ұқсас тауарлардың шетел бәсекелестерiне бiрдей тепе-тең экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, валюта-қаржылық жүргiзуге СЭҚ субъектiлерiнiң қызметiн жалпы мемлекеттiк, ұлттық мүдделерге бағыттауға мүмкiндiгi бар.
Тарифтi саясатты қолдану тиiмдiлiгi туралы көптеген көзқарастар бар.
Экономикалық саясат құралы ретiнде тарифтi қолданудың қарсыластары тарифке қарсы бiрқатар дәлелдер келтiруде:
1. Тарифтер экономикалық өсудi тежейдi;
2. Тариф - тұтынушыларға салықтық ауыртпалықты ұлғайтады;
3. Импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде елдiң экспортына нұқсан келтіреді;
4. Тариф жұмыстылықтың жалпы деңгейiнiң қысқаруына әкеледi;
5. Тарифтердi бiр жақты енгiзу көп жағдайда сауда соғыстарына әкеледi.
Ал тарифтердi жақтауға мынандай дәлелдер келтiрiледi:
1. Тариф - жас салаларды қорғайды;
2. Тариф - жергiлiктi өндiрушiлердi ынталандыру құралы;
3. Тариф - бюджеттiк түсiмдердiң маңызды көзi;
4. Тариф - ұлттық қауiпсiздiктi, елдiң халықаралық беделiн қорғайды.
Кедендiк тарифтер көп түрлiгi және орындайтын мәселелерi бойынша мүмкiндiгiне байланысты экспорт-импорт мәмiлелерiн реттеуде өте кең қолданылады. Көбiнесе импорттық баж салықтары протекционистiк шара ретiнде пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсiмдердi ұлғайтуға, дамыған елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады.
Баж бағалық категориялар санына жатады. Бұл әр тауар бойынша бажды негiздеуге, олардың ұлттық және әлемдiк шығындар мен бағалар арасындағы үйлестiрудi, тұтынушының параметiрлерi мен тауардың сапасын есептеуде, т.б. жеке бағытты алуды талап етедi. Өткен кездегi әкелу баждары анықтаған кезде, яғни 19 ғ. жене 20 ғ. басында фискалдық бағыт болды. Баждар жоғарғы деңгейде анықталды және мемлекеттiң табыс көздерiнiң маңыздыларының бiрi деп қарастырылды. Сонымен бiрге бұл ұлттық экономиканы ағылшын тауарларының eнуінен қорғаудағы мәселенi шешуге мүмкiндiк бердi, себебi Англия басқа елдерден бұрын өнеркәсiптiк революция жолына түсті, оның өнімі жоғары революция жолына түсті, оның өнімі жоғары бәсекелестiк қабiлеттi болды және көбiнесе Европа мен Америка елдерiнiң тауарларынан асып түсті.
20 ғасырда кедендiк баждардың төмендеу тенденциясы, мемелекеттiң табыстарын қалыптастырудағы оның рөлiнiң әлсiреуi байқалды, бiрiншi орынға олардың реттеушi функциясы шығарылды, ал ол өз кезегiнде импорттық тауарларды әкелуге шектеу қоюға немесе рұқсат бермеумен шектелген жоқ. Кедендiк баждардың ставкаларын тауарлы топтар мен әр өнiмдi оның импортындағы қажеттiлiктi, ұлттық және әлемдiк бағалардың деңгейiн ескере отыру бойынша детальдi дифференциялау қажеттiгi өсті.
Кедендiк баждардың мұндай дифференциясы оны ғылыми негiздеудi осы дифференцияны анықтайтын объективтi факторларды оқып бiлудi талап eтті.
Кедендiк баждардың ставкаларының төмендеуi мен оның әр тауар топтары мен әр өнім бойынша дифференциялауын күшейту тенденциялары объективтi факторлармен негiзделдi. Халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң дамуы протекционизмдi әлсiретудi қажет eттi. Ұлттық экономикалардың мамандануы, соның ішінде пәндік, деталдық және технологиялық, елдердің сыртқы экономикалық саясатын тауардың тобы, түpi бойынша және технологиялық кезеңдері бойынша, кедендiк баждарды өнім мен өнім топтары бойынша оларға әсер eтетін сыртқы және ұлттық жағдайларды ескере отырып негiзденудегi дифференцияны талап eттi. Бұл проблеманы шешу тек дифференцияланған рента мен бағаның жалпы теориясының позициясынан ғана мүмкін, яғни баждарды интернационалды дифференциалданған рента түрінде қарастыру керек.
Халықаралық өндiрiстiк шығындар профильдi, маманданған өнiмнiң ұлттық өндiрiстiк шығындар негiзiндегi бәсекелестiк күресте қалыптасады. Бұл өнiмдi әлем нарығына әкелушi негiзгi өндiрушiлер өндiрiстiң табиғи жағдайлары, орналасқан жерi, кадрлардың оқу және профессионалды дайындығы, техниканың деңгейi, өндiрiстi ұйымдастыру мен технология деңгейi облысында басымдықтары бар елдер болып табылады. Жоғарыда басымдылықтаp маманданған өнім өндiрiсiндегi ұлттық шығындардың төменгi деңгейiн, басқа да бiрдей жағдайларда өнiмнiң экспортерлары болып табылмайтын елдердiң ұлттық нарығында өткiзiлетiн өнiмнiң аналогты түрлерiнiң бағалары мен ұлттық шығындарын салыстырғанда ұлттық және әлемдiк бағалардың төмен деңгейiн қамтамасыз етедi. Осы ұлттық және әлемдiк шығындар мен бағалар арасындағы айырмашылықтаp кеден баждарының қалыптасуының объективтi негiзi болып табылады.
Баға мен дифференциалданған рентаның жалпы теориясының позициясынан қарағанда, кеден баждарының экономикалық табиғатын түсiндiруге, олардың функцияларын анықтауға, олардың caндық негiзiнiң принциптерi мен әдiстерiн нақты қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
Әкелу баждары ұлттық бағалар динамикасы мен деңгейiне, iшкi өндiрiс жағдайына сыртқы экономикалық қызметтерден келетiн мемлекеттiң табыстарының деңгейiне ықпал етедi. Баждар деңгейi ұлттық бағалар деңгейiне тiкелей әсер етедi және олардың арасында тура пропорцианалдық байланыс бар: баждардың төмендеуi iшкi бағалардың төмендеуiне әкеледi, ал жоғарлауы өcyiнe әкеледі.
Кеден тарифтерiне қатысты, айтсақ олар ұзақ мерзiмдiк болашақта айтарлықтай рөл атқармайды, бiрақ сауданы либерализациялаумен байланысты қысқа мерзiмдi жоспарда пайданың көзi ретiнде маңызды рөл атқарады. Сонымен бiрге импортқа тарифтер құрылымы бiрқатар критерилерге жауап беру керек:
• тарифтер контрабанданың пайда болуына әкелетiндей соншалықты жоғары болмауы керек немесе өте дифференцияланған болмауға тиiс, өйткенi бұл iшкi салалардың қорғанысының бұрмалауына әкеледi;
• тариф деңгейi басқа салықтармен бiрге бағдарланып, олардың әрбiр салықтық бюджет табыстарына қажет салымдардың жалпы көлемiн анықтауғa болады;
• қысқа мерзiмдi табыстарға деген қажеттiлiктi қанағаттандырылғаннан соң бюджет тапшылығы бақылау үшiн және басқа да орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi жоспардағы салықтардан аз теуелдi болуды қамтамасыз ету үшiн тарифтердi бiртiндеп қысқартады.
2) Бұл операцияларды сауда делдалдары өз атынан және өз есебінен жүзеге асырады. Мұнда сауда делдалы келісімдегі тауарды экспорттаушының да, оны соңғы сатып алушының да жағы міндетін атқарады, құнын төлегеннен кейін ол тауарды меншіктенушіге айналады.Қайта сату операцияларының екі түрі бар:
1. Сауда делдалы экспорттаушыға қатысты алғанда тауарды сатып алу-сату келісімі негізінде оны сатып алушы ретінде міндет атқаратын операциялар. Делдал тауарды меншіктенушіге айналады, оны өз білгенімен қай нарықта да, қандай да бағамен сатуына болады. Мұндай делдал мен экспорттаушы арасындағы қатынас сатып алу-сату келісімі бойынша жақтар өз міндеттерін орындағаннан кейін тоқтатылады.
2. Келісім бойынша сатушы деп аталатын, сауда делдалына экспорттаушы құқық беретін операциялар. Ондай операцияларға сатуға құқық беру туралы келісім негізінде тауарды белгілі жерде, келіскен уақыт ішінде сатады. Келісімде тауарды белгілі жерде сатуға жақтардың өзара қатынасын реттейтін тек жалпы шартты көрсетеді. Мұны орындау үшін екі жақтың сатып алу-сатудың жеке контрактілерін жасайды. Онда жеткізетін тауардың саны, сапасы, бағасы, жеткізу шарты, төлем амалы, есептеу түрі, төлем мерзімі, сапа кепілдемесі, жарнама беру тәртібі белгіленеді. Келісім бойынша сатушыны әр елде әр түрлі атайды: дистрибьютер, өз есебінен сауад жасаушы, концессионер тағы басқалар.
Келісім бойынша делдалдық сауданың бағыттары мыналар:
- белгілі жерде экспорттаушыдан соңғы тұтынушыға тауар жүргізеді;
- сатылған тауарларға техникалық жағынан қызмет көрсетеді;
- қосымша бөлшектермен қамтамасыз етеді;
- экспорттаушымен жасалған келісім-шартты сақтайды;
- өз атынан және өз есебінен шетел контрагенттерінің тапсырыстарын өндірушілерде орналастырады;
- қойма жұмыстарын ұйымдастырады, тұтынушыға жеткізеді;
- тауар үлгілерін көрмеге шығарады, жарнама жасайды.
Бұл операцияларды комитент деп аталатын басқа жақтың тапсыруы бойынша комиссионер деп аталатын бірінші жақ өз атынан, бірақ комитент есебінен жасайды. Комитент және комиссионер арасындағы өзара қатынасты комиссия келісімімен реттейді. Осыған сәйкес:
- комиссионер комитенттің тауарын сатып алмайды, тек тауарды комитент есебінен сатып алу-сату мәмілесіне келеді. Соңғы тұтынушының иелігіне бергенше тауар комитент меншігінде қалады;
- тауарды комиссионерлер арқылы сату көбінде комитент тауарларын комиссионерлер иелігіне беруге байланысты, сөйтіп тауар оның меншігі болып қалады;
- комиссионер елегіндегі сату үшін оған комитенттен жіберілген тауар комитенттің меншігі болып есептеледі. Комитент үшін комиссионер сатып алған тауар да осымен бірдей. Мұндай тауар кездейсоқ бүліну, жоғалу тәуекелдігі, екі жақтардың басқа келісімі болмаған жағдайда комитентте сақталады. Бірақ, комиссионер оған жүктелген тауардың сақталуын қанағаттандыруға байланысты барлық шараларды қолдануға міндетті. Оның кінәсынан болып тауар жоғалған, бүлінген жағдайда оған жауап береді;
- комиссионер сатып алушымен сатып алу-сату келісімін өз атынан жасайды, жеткізілген тауар төлемін одан өзі алады. Ол тек комитенттің бақылауымен делдал болады. Сатып алушы үшін ол сатушы болып есептеледі.
Комиссия келісімінде комитенттің тауарын комиссионер сататын бағаны анықтайтын тәртіп белгіленеді. Ол баға әдетте, тауардың әрбір бөлігіне қатысты анықталады, онда ең аз мөлшердегі немесе ең жоғары мөлшердегі баға белгіленуі мүмкін. Комиссионерге соңғы сатылу бағасын анықтайтын құқық беріледі.
Келісімде баға жоғарлауы тауардың бәсекелік қабілеті төмендеудің сылтауы болмайтындығы туралы келіседі.
- Комиссионер өзінің делдалдығы үшін комитенттен төлемақы алады, ол келісімде көрсетіледі. Ондай төлемақы келісім сомасынан процентпен есептелуі (10 пайыз) мүмкін немесе комитент көрсеткен баға және комиссионердің өткізген бағасы арасындағы айырмамен анықталады.
Шетел сатып алушыларының комиссиялық тапсырмасы индент деп аталатын түрде болады. Индент дегеніміз – бір елдің импорттаушысы басқа елдің комиссионеріне тауардың белгілі бөлігін сатып алуға берілетін бір реткі комиссиялық тапсырма. Бұл тапсырысты комиссионер өз елінің өндірушісіне береді. Ол екі түрде болады.
Жабық индент дегеніміз – тауардың берілген бөлігін қандай өндірушіден сатып алуға болатынын индент нақ белгілесе, тапсырылған тауар туралы мәліметтер нақты болғанды атаймыз. Өндірушіні таңдау құқы комиссионерге берілетін немесе тапсырыс берілген тауар туралы мәліметтер нақты болса оны ашық индент деп атаймыз.
Комиссиялық операцияның бір түрі консигнация операциясы. Оларды консигнатор деп аталатын бір жақ өз атынан, консигнант есебінен қоймадағы тауарды сатуға берілген тапсырмалар арқылы жүргізеді. Консигнация келісімі дегеніміз – бір жағы (консигнатор) басқа жағының (консигнант) тапсырысы бойынша белгілі уақыт ішінде келісім төлемақысы үшін консигнатор еліндегі қоймаға жеткізілген тауарларды өз атынан консигнант есебінен сататын келісім. Өткізетін елде орналасқан қоймадан тауар сату жаңа нарықтар игеруді біршама жеңілдетеді. Өйткені шетел сатып алушылары өздеріне қажетті тауар, заттарды тек катологтар, прейскуранттар, ерекшелік көрсеткіштермен ғана емес, тауарды көру, құрал-жабдықтарды жұмыста іске қосып байқау арқылы тікелей көріп танысуды талап етеді.
Саудадағы агенттік операцияларды біржақ бұған тәуелсіз агент деп аталатын басқа жаққа тапсырма беру, оның атынан ескертілген жерде тауар сату немесе сатып алуға байланысты заңды іс жүргізу арқылы жасайды. Агент, агенттік келісім бойынша анықталған өкілеттілігі шегінде қызмет жүргізуге міндетті. Агент тек сатып алу-сату мәмілесін жасауға демеу болады, өзі оған контрактының жағы ретінде қатыспайды, өз есебінен тауар сатып алмайды. Ол агенттік келісім бойынша жүктелген жауапкершілік шеңберінде өкілі ретінде ғана қатысады. Басқаша айтқанда агенттік келісім тауар сатуға құқық бермейді. Агенттік операцияларды құқық жағынан реттеу әр елде әр түрлі болады. Агенттік операциялар ды агенттік келісім деп аталтын көп жылдық келісім негізінде жүргізеді. Агенттің тәуелсіздігі оның еңбек қатынасында еместігі, өз қызметін белгілі төлемақы үшін өз бетімен жүргізуіне байланысты.
Әр түрлі елдерде агенттерді анықтауда принциптік айырмашылығы жоқ, бірақ атаулары әртүрлі: мысалы Англияда агент немесе принципиал деп атайды, ал Франция және Австрияда сауда өкілі немесе кәсіпкер деп атайды.
Брокерлік операцияларды делдал-брокер арқылы сатушы мен сатып алушы арасында байланыс жасау арқылы жүзеге асырады. Брокер әр уақытта заңды түрде нақты қызмет жасайтын делдал ретінде міндет атқарады. Олардың мынадай ерекшеліктерін атап кетуге болады:
- брокердің қандай нақты қызметпен айналысатыны кімнің атынан іс жүргізетініне байланыссыз болады;
- брокер еш уақытта келісімнің жағы болмайды, ол өз делдалдылығымен жасалған келісім бойынша өзіне міндет алатын жақтардың назарында болуды мақсат етеді. Оның агенттен айырмашылығы ол өкіл болмайды, жақтардың ешқайсысымен келісімдік шартқа отырмайды, жеке тапсырмалар негізінде қызмет жасайды;
- брокерде әрбір жеке келісім жасауға төтенше ерік беріледі, ол осы еріктің қатал шеңберінде қызмет атқаруға міндетті. Мысалы, тауардың саны, сапасы, бағасы туралы өз клиенттерінің көрсетулерін брокер орындауға тиісті;
- клиенттің талабы бойынша брокер оның атынан жүргізген барлық операциялар туралы оған есеп беруге міндетті;
- брокерге оның делдалдылығымен жасалған контрактының орындалуын бақылау, жарнама жасау, басқа да қызмет жайында тапсырма берілуге болады.
Әдетте, брокерлер белгілі тауар түрлерін сатып алу-сату бойынша делдалдық операциялар жасауға мамандандырылады. Бұл дәстүр бойынша биржалық және аукциондық тауарлар болады.
Тақырып 7 Сауда делдалдары, биржалар, аукциондар және халықаралық сауда
Жоспар
Сауда делдардары
Делдардар арасындағы әртүрлі мәмілелер және есептік келісімдер
Халықаралық сауда. Ашық және жабық саудалар
Бұл операцияларды сауда делдалдары өз атынан және өз есебінен жүзеге асырады. Мұнда сауда делдалы келісімдегі тауарды экспорттаушының да, оны соңғы сатып алушының да жағы міндетін атқарады, құнын төлегеннен кейін ол тауарды меншіктенушіге айналады.Қайта сату операцияларының екі түрі бар:
1. Сауда делдалы экспорттаушыға қатысты алғанда тауарды сатып алу-сату келісімі негізінде оны сатып алушы ретінде міндет атқаратын операциялар. Делдал тауарды меншіктенушіге айналады, оны өз білгенімен қай нарықта да, қандай да бағамен сатуына болады. Мұндай делдал мен экспорттаушы арасындағы қатынас сатып алу-сату келісімі бойынша жақтар өз міндеттерін орындағаннан кейін тоқтатылады.
2. Келісім бойынша сатушы деп аталатын, сауда делдалына экспорттаушы құқық беретін операциялар. Ондай операцияларға сатуға құқық беру туралы келісім негізінде тауарды белгілі жерде, келіскен уақыт ішінде сатады. Келісімде тауарды белгілі жерде сатуға жақтардың өзара қатынасын реттейтін тек жалпы шартты көрсетеді. Мұны орындау үшін екі жақтың сатып алу-сатудың жеке контрактілерін жасайды. Онда жеткізетін тауардың саны, сапасы, бағасы, жеткізу шарты, төлем амалы, есептеу түрі, төлем мерзімі, сапа кепілдемесі, жарнама беру тәртібі белгіленеді. Келісім бойынша сатушыны әр елде әр түрлі атайды: дистрибьютер, өз есебінен сауад жасаушы, концессионер тағы басқалар.
Келісім бойынша делдалдық сауданың бағыттары мыналар:
- белгілі жерде экспорттаушыдан соңғы тұтынушыға тауар жүргізеді;
- сатылған тауарларға техникалық жағынан қызмет көрсетеді;
- қосымша бөлшектермен қамтамасыз етеді;
- экспорттаушымен жасалған келісім-шартты сақтайды;
- өз атынан және өз есебінен шетел контрагенттерінің тапсырыстарын өндірушілерде орналастырады;
- қойма жұмыстарын ұйымдастырады, тұтынушыға жеткізеді;
- тауар үлгілерін көрмеге шығарады, жарнама жасайды.
Бұл операцияларды комитент деп аталатын басқа жақтың тапсыруы бойынша комиссионер деп аталатын бірінші жақ өз атынан, бірақ комитент есебінен жасайды. Комитент және комиссионер арасындағы өзара қатынасты комиссия келісімімен реттейді. Осыған сәйкес:
- комиссионер комитенттің тауарын сатып алмайды, тек тауарды комитент есебінен сатып алу-сату мәмілесіне келеді. Соңғы тұтынушының иелігіне бергенше тауар комитент меншігінде қалады;
- тауарды комиссионерлер арқылы сату көбінде комитент тауарларын комиссионерлер иелігіне беруге байланысты, сөйтіп тауар оның меншігі болып қалады;
- комиссионер елегіндегі сату үшін оған комитенттен жіберілген тауар комитенттің меншігі болып есептеледі. Комитент үшін комиссионер сатып алған тауар да осымен бірдей. Мұндай тауар кездейсоқ бүліну, жоғалу тәуекелдігі, екі жақтардың басқа келісімі болмаған жағдайда комитентте сақталады. Бірақ, комиссионер оған жүктелген тауардың сақталуын қанағаттандыруға байланысты барлық шараларды қолдануға міндетті. Оның кінәсынан болып тауар жоғалған, бүлінген жағдайда оған жауап береді;
- комиссионер сатып алушымен сатып алу-сату келісімін өз атынан жасайды, жеткізілген тауар төлемін одан өзі алады. Ол тек комитенттің бақылауымен делдал болады. Сатып алушы үшін ол сатушы болып есептеледі. Комиссия келісімінде комитенттің тауарын комиссионер сататын бағаны анықтайтын тәртіп белгіленеді. Ол баға әдетте, тауардың әрбір бөлігіне қатысты анықталады, онда ең аз мөлшердегі немесе ең жоғары мөлшердегі баға белгіленуі мүмкін. Комиссионерге соңғы сатылу бағасын анықтайтын құқық беріледі.
Келісімде баға жоғарлауы тауардың бәсекелік қабілеті төмендеудің сылтауы болмайтындығы туралы келіседі.
- Комиссионер өзінің делдалдығы үшін комитенттен төлемақы алады, ол келісімде көрсетіледі. Ондай төлемақы келісім сомасынан процентпен есептелуі (10 пайыз) мүмкін немесе комитент көрсеткен баға және комиссионердің өткізген бағасы арасындағы айырмамен анықталады. Шетел сатып алушыларының комиссиялық тапсырмасы индент деп аталатын түрде болады. Индент дегеніміз – бір елдің импорттаушысы басқа елдің комиссионеріне тауардың белгілі бөлігін сатып алуға берілетін бір реткі комиссиялық тапсырма. Бұл тапсырысты комиссионер өз елінің өндірушісіне береді. Ол екі түрде болады.
Жабық индент дегеніміз – тауардың берілген бөлігін қандай өндірушіден
сатып алуға болатынын индент нақ белгілесе, тапсырылған тауар туралы мәліметтер нақты болғанды атаймыз. Өндірушіні таңдау құқы комиссионерге берілетін немесе тапсырыс берілген тауар туралы мәліметтер нақты болса оны ашық индент деп атаймыз. Комиссиялық операцияның бір түрі консигнация операциясы. Оларды консигнатор деп аталатын бір жақ өз атынан, консигнант есебінен қоймадағы тауарды сатуға берілген тапсырмалар арқылы жүргізеді. Консигнация келісімі дегеніміз – бір жағы (консигнатор) басқа жағының (консигнант) тапсырысы бойынша белгілі уақыт ішінде келісім төлемақысы үшін консигнатор еліндегі қоймаға жеткізілген тауарларды өз атынан консигнант есебінен сататын келісім.
Өткізетін елде орналасқан қоймадан тауар сату жаңа нарықтар игеруді біршама жеңілдетеді. Өйткені шетел сатып алушылары өздеріне қажетті тауар, заттарды тек катологтар, прейскуранттар, ерекшелік көрсеткіштермен ғана емес, тауарды көру, құрал-жабдықтарды жұмыста іске қосып байқау арқылы тікелей көріп танысуды талап етеді. Саудадағы агенттік операцияларды біржақ бұған тәуелсіз агент деп аталатын басқа жаққа тапсырма беру, оның атынан ескертілген жерде тауар сату немесе сатып алуға байланысты заңды іс жүргізу арқылы жасайды. Агент, агенттік келісім бойынша анықталған өкілеттілігі шегінде қызмет жүргізуге міндетті. Агент тек сатып алу-сату мәмілесін жасауға демеу болады, өзі оған контрактының жағы ретінде қатыспайды, өз есебінен тауар сатып алмайды. Ол агенттік келісім бойынша жүктелген жауапкершілік шеңберінде өкілі ретінде ғана қатысады. Басқаша айтқанда агенттік келісім тауар сатуға құқық бермейді.
Агенттік операцияларды құқық жағынан реттеу әр елде әр түрлі болады. Агенттік операциялар ды агенттік келісім деп аталтын көп жылдық келісім негізінде жүргізеді. Агенттің тәуелсіздігі оның еңбек қатынасында еместігі, өз қызметін белгілі төлемақы үшін өз бетімен жүргізуіне байланысты. Әр түрлі елдерде агенттерді анықтауда принциптік айырмашылығы жоқ, бірақ атаулары әртүрлі: мысалы Англияда агент немесе принципиал деп атайды, ал Франция және Австрияда сауда өкілі немесе кәсіпкер деп атайды.
Брокерлік операцияларды делдал-брокер арқылы сатушы мен сатып алушы арасында байланыс жасау арқылы жүзеге асырады. Брокер әр уақытта заңды түрде нақты қызмет жасайтын делдал ретінде міндет атқарады. Олардың мынадай ерекшеліктерін атап кетуге болады:
- брокердің қандай нақты қызметпен айналысатыны кімнің атынан іс жүргізетініне байланыссыз болады;
- брокер еш уақытта келісімнің жағы болмайды, ол өз делдалдылығымен жасалған келісім бойынша өзіне міндет алатын жақтардың назарында болуды мақсат етеді. Оның агенттен айырмашылығы ол өкіл болмайды, жақтардың ешқайсысымен келісімдік шартқа отырмайды, жеке тапсырмалар негізінде қызмет жасайды;
- брокерде әрбір жеке келісім жасауға төтенше ерік беріледі, ол осы еріктің қатал шеңберінде қызмет атқаруға міндетті. Мысалы, тауардың саны, сапасы, бағасы туралы өз клиенттерінің көрсетулерін брокер орындауға тиісті;
- клиенттің талабы бойынша брокер оның атынан жүргізген барлық операциялар туралы оған есеп беруге міндетті;
- брокерге оның делдалдылығымен жасалған контрактының орындалуын бақылау, жарнама жасау, басқа да қызмет жайында тапсырма берілуге болады.
Әдетте, брокерлер белгілі тауар түрлерін сатып алу-сату бойынша делдалдық операциялар жасауға мамандандырылады. Бұл дәстүр бойынша биржалық және аукциондық тауарлар болады.
Сатып алу-сату сыртқы саудалық мәмілесі дегеніміз – сыртқы сауда операцияларына қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын, сауда айырбасын жасайтын кешенді іс-әрекеттер көрсетілген, екі жақ өзара келіскен негізгі коммерциялық құжат болып табылады. Контракт шарты бойынша сатушы тауарды сатып алушының меншігіне өткізуге, ал сатып алушы оны алып құнын төлеуге міндетті. Сосын, тауарды меншіктену құқығы сатушыдан сатып алушыға өтуі сатып алу-сату контрактысының өзгермейтін шарты болып саналады.
Контракт іс-әрекетінің механизмі оның құрылымына, екі жақтың өзара міндеттерінің көлеміне, төлем шарттарына, жеткізудің базалық шарттарына, контракт позицияларын бұзғандығы үшін санкцияларға негізделеді. Сондықтан сыртқы сауда мәмілелерінің құрылымдық элементтерінің жиынтығын, олардың контрактыда келісілген заңдылық нормаларға сәйкес өзара әрекеттерін сыртқы сауда контрактысының механизмі деп атаймыз.
Контрактының мынадай түрлері қарастырылады:
- белгілі мерзімде, яғни қатал түрде белгіленген мерзімде тауарды жеткізу көзделеді. Ондай мерзімді бұзған жағдайда сатып алушы контрактыны жоюға құқылы;
- ұзақ мерзімді контрактыны 3-5 және одан көп жылға жасайды;
- арнайы контрактыны жобалар жасауға, монтаж жұмыстарына, техникалық қызмет көрсетуге, өндірістік процесті іске қосып тексеруге және т.б. жұмыстарға жасайды;
- шектеулі контрактілер негізгі шарттарды ғана қамтиды, оларды ары қарай жүзеге асыру кезеңдерінде контрагенттер кеңесші фирмалармен, жарнама агенттіктермен, делдалдармен, транспорттық қызмет бойынша көптеген қосымша шарттар жасайды. Контрагенттер сол сияқты сыртқы экономикалық қызметті реттейтін кедендік және басқа да ұйымдармен қажетті операциялар жасайды.
Сатып алу-сату сыртқы сауда контрактысы мынадай бөлімдерден тұрады:
1. кіріспе бөлімі немесе преамбула
2. контрактының зерзаты
3. тауар жеткізу мерзімі мен уақыты
4. жеткізудің базалық шарты
5. тауар саны
6. тауар сапасы
7. контрактының бағасы, жеңілдіктері
8. төлем шарттары
9. тауарды буып түю, маркілеу
10. айып санкциялары, айыппұл
11. сақтандыру
12. форс мажор
Сауда саттық сатып алу-сату контрактілері міндетті түрде жазбаша түрде орындалуы тиіс, бірақ халықаралық тәжірибеде телефон арқылы, аукциондарда, биржаларда өткізген келіссөздер арқылы ауызша түрінде де мәмілелерге келеді. Кейін ауызша келісулер соңынан екі жақта қол қойған жазбаша түрде бекітіледі.
Контрактының кіріспе бөлімінде нөмірі, жасалған жері, айы мен күні, мәміле жасаушы жақтардың анықтамасы көрсетіледі. Олардың заңды түрдегі аттарын, құқықтық жағдайын, орналасқан елін, қаласын өз елінің сауда тіркеуіндегі ресми құжат бойынша көрсетеді. Бұл деген екі жақтың бір-біріне қатынасын, яғни сатушы және сатып алушы, жеткізуші және тапсырушыны білдіреді. Контрактының зерзатында (предмет) тауардың аты, саны, түрлері сипатталды. Келісімді дұрыс түсіну, оны табысты жүзеге асыру көп жағдайда контракт зерзатының аталуына байланысты. Тауардың аты, оның мөлшері екі жаққа да жақсы таныс атаулар, өлшемдер жүйесімен берілуі керек. Олардың ішінде метрлік өлшем жүйесі заңды түрде болады. Әр түрлі тауарлар жеткізілетін жағдайда олардың сорттары, үлгілері, маркілері көрсетіледі. Тауар түрлері көп болған жағдайда олардың толық тізім контрактіге қосымша ретінде беріледі.
Екі жақ келісіп, контрактіде белгіленген, базистік шарттарда көрсетілген жерге тауарды жеткізуге тиісті уақытты жеткізу мерзімі деп түсіну қажет. Жеткізу шарттарында мынадай тәртіптер белгіленеді:
- жеткізу мерзімін шектейтін уақытты белгілейді ;
- жеткізуді қай мерзім ішінде жүзеге асыратын уақытты анықтайды (ай, тоқсан, жыл);
- тауарларды көп мөлшерде жеткізетін жағдайда ай сайын. Тоқсан сайын біркелкі бөлек-бөлегімен жеткізетінін көрсетеді;
- тез арада жеткізу, бұл 14 күнге дейінгі уақытта жеткізу деп түсіну керек.
Жеткізудің базистік шарттары бойынша контрактыда белгіленген бағамен көрсетілген географиялық нүктеге жүк жеткізудегі сатушының міндеттері анықталады. Тауарды транспорт құралдарына тиеу немесе оны транспорттық ұйымға өткізу міндетін осылай орындайды. Тауар жеткізудің базалық шарттары сатушы мен сатып алушының мынадай міндеттерін анықтайды:
- сатушының және сатып алушының елдері, транзиттік елдер территориясында теңіз және әуе жолдарында тауар тасымалдауды кімдердің есебінен қанағаттандыратыны;
- тауарды буып түюдегі сатушылардың міндеттері;
- тауар кездейсоқта бүліну немесе жоғалту тәуекелділіктері сатушыдан сатып алушыға ауысатын орны және уақыты, тағы басқаларды анықтайтын болады.
Жалпы контрактыны әріптестердің біреуі орындамаған жағдайда басқа жағы тауар алудан бас тартуға болатын, мәмілені бұзуға апаратын, келтірілген зиянды төлеуді талап ететін контрактының баптарын елеулі шарттар деп есептейді. Әдетте, оларға тауардың сапасын, зерзатын, бағасын, контрактыны орындау мерзімін анықтауды жатқызады. Елеусіз шарттарда тауар алудан бас тартуға, мәмілені бұзуға, екінші жақтың құқығы болмайды, тек қана алған міндетті орындауды, зиянды төлеуді талап етуге болады. Контракт бойынша жеткізілетін тауардың санын анықтағанда өлшем бірліктерін, сандарды айқындау тәртібін белгілейді, өлшемдер мен салмақ жүйесіндегі айырмашылықтарды есепке алады. Жалпы тауарлар мөлшері, әдетте, метрлік өлшемдерде, дана, қос, жинақтармен (комплект) көрсетіледі. Тауардың өлшем бірліктері әр түрлі болады:
- тонна (көмір, металлдар)
- тонна, баррель (мұнай өнімдері үшін)
- метр, куб.метр (орман ағаштары)
- дана (тауар, машиналар)
- қап, бөтелке (кейбір ыдыстағы өнімдер)
Негізі контрактілерде жеткізілетін тауарлардың сан мөлшеріне ыдыстардың және буып түюілген заттардың салмағы қамтылуы жайында ескертулер беріледі. Әрбір контрактыда тауар сапасы туралы бап міндетті болады. Ол мынадай ерекшеліктермен көрсетіледі:
- белгіленген мерзім ішінде тауардың кепілдемелік сапасы жарамсыз деп көрсе, сатып алушы сатушыға қарсылық талап қоюға құқығы бар;
- мұндай талаптың нәтижесінде тауар сапасын жақсартуға және шығынды азайтуға мүмкіндік береді;
- тауар сапасын тексеру үшін сатып алушылардың мамандары сатушыларға келіп тура қабылдайды немесе олардың тексеруші фирамаларын кірістіреді, тауар сапасын сұрыптау әдісімен жүргізеді.
Контрактыда тауар сапасын анықтайтын амалдарды таңдау тауарлар сипатында, халықаралық айналымдарда олармен сауда жасау ерекшеліктеріне байланысты. Олар мыналар: стандарт бойы бойынша, техникалық шарттары, тауар сапасын алдын ала көру, сапа сертификаты.
СЭҚ реттеуде мемлекетпен жүргізілетін сыртқы экономикалық саясат сипаты көп жағдайда салалық министрліктердің, мекемелердің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, корпорациялардың СЭҚ стратегиясын анықтайды. СЭҚ арқылы қазіргі жағдайда ел экономикасын құрылымдық тұрғыдан өзгертуге, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, басқа да салаларды жедел көтеруге, ұлттық валюта курсын тұрақты ұстауға қажетті қаржы келтіруге мүмкіндік береді.
СЭҚ-тің мынадай түрлерінмен ерекшелінеді:
- сыртқы сауда қызметі;
- өндірістік кооперация;
- халықаралық инвестициялық ынтымақтастық;
- валюталық және қаржы-несиелік операциялар.
1. Сыртқы сауда қызметін тауарлармен, қызметпен, қызмет көрсетулермен, ақпаратпен, интеллектуалдық қызметпен халықаралық айырбас жасау саласындағы кәсіпкерлік деп түсінуге болады.
2. Кәсіпорын, фирмалардың СЭҚ шеңберіндегі өндірістік кооперация – халықаралық әріптестер арасындағы ынтымақтастықтың бір түрі. Өндірістік кооперация шеңберінде іс-қимыл бірлігін мынадай жолдармен шешуге болады:
- экспорттық және импортты алмастыратын өнімдерді бірлесіп жоспарлау;
- ғылыми жасалымдарды болжамдау, бірлесіп жүргізу, қажетті ақппараттар, аспаптар, материалдар, ғылыми-техникалық ақпараттарды бірлесіп қамтамасыз ету;
- кадралар дайындау жұмысын ұйымдастыру.
3. Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық - әріптестер халықаралық деңгейде өзара іс-қимыл жасау нысандарының бірі қаржылық, материалдық-техникалық жағынан күш біріктіру негізінде жүзеге асырылады.
4. Валюталық және қаржы-несиелік операцияларды кәсіпорындар мен фирмалардың СЭҚ түрі ретінде мына бағыттарды алып қарауға болады:
- бұл нақты есеп айырысу арқылы жеткізілген өнімнің төлемін қайтаруға байланысты және валюталық курс айырмашылығынан зиян болдырмау мақсатымен;
- мұндай операцияларды қаржы-банктік саладағы СЭҚ-тің дербес түрі ретінде алып қарастырылады, яғни мұндай операциялар халықаралық есеп айырысу жүйесінде ішкі валюталық нарыққа және сыртқы саудалық төлемге қызмет етеді.
СЭҚ дегеніміз елдер арасында материалдық, қаржылық және интеллектуалдық ресурстарды қолданудағы әртүрлі бағыттарын айтамыз. Сондықтан СЭҚ мемлекеттің араласуы дәстүрге айналған және мемлекеттің реттеу қажеттілігі қажет. СЭҚ реттеуді мемлекеттік сыртқы экономикалық саясатпен анықтайды.
СЭҚ-тің объектісіне мыналар жатады:
- халықаралық саудадағы тауарлар мен қызмет көрсетулер;
- әр түрлі фирмалардағы капиталдардың халықаралық қозғалысы;
- өндірістік, кәсіпкерлік, ғылыми-техникалық тағы басқа байланыстар;
- интеллектуалдық меншікті айырбастау;
- қаржы-несиелік ресурстарды халықаралық деңгейде пайдалану.
Тақырып 8 Халықаралық есеп айырысу және валюталарды тәуекелдердең сақтандыру
Жоспар
Халықаралық есеп айырысу
Халықаралық саудадағы валюта
Сақтандыру және оның түрлері
Халықаралық валюталық қатынастар – ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыкка қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір белігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына, шетел капиталына ағымына арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді.
Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді. Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
Ұлттық валюталық жүйе;
Дүниежүзілік валюталық жүйе;
Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптаскан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе – елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады. Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.
Дүниежузілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды. Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталык жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.
1-кесте – Ұлттық және Дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері
Ұлттық валюталық жүйе
|
Дүниежүзілік валюталық жүйе
|
Ұлттық валюта
|
Резервтік валюталар
|
Ұлттық валютаның алмастырылу шарты
|
Валюталардың өзара алмастырылу шарты
|
Ұлттық валюта паритеті
|
Валюталық паритеттерінің ортақ режимі
|
Ұлттық валюта бағамының режимі
|
Валюталық бағамдар режимінің регламентациясы
|
Валюталық шектеудің, валюталық
бақылаудың болуы немесе болмауы
|
Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу
|
Елдің халыкаралық валюталық
өтімділігін ұлттық реттеу
|
Халыкаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу
|
Халыкаралық несиелік айналыс
құралдарын пайдалануды регламенттеу
|
Халыкаралық несиелік айналыс құралдарды пайдаланудың ережелерінің біртұтастығы
|
Елдің халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу
|
Халыкаралық есеп айырысудың негізгі
нысандарының біртұтастығы
|
Ұлттық валюталық нарық пен
алтын нарығының режимі
|
Дүниежүзілік валюталық нарықтар мен алтын нарықтарының режимі
|
Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлттық ұйымдары
|
Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар
|
Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу – экономикалық нысанындағы қатынастарды білдіреді. Мұндағы, валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындагы шекті қатынасы. ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді. Егер де, ұлттық валюталық жүйе, ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық багшды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мешекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро.). Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндык көрсеткіштерін салыстыруға;
фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға;
Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:
Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.
Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сүраныс өсіп, үлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышкорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін етеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын темендетеді.
Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады:
Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнісінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді;
пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссуданың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни, шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарықка орналастырады.
Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандайда бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.
Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60–70 % операцияларын АҚШ долларында жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.
Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.
Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі.
Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |