Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)



бет5/7
Дата10.06.2017
өлшемі1,44 Mb.
#18762
1   2   3   4   5   6   7



3) Сыртқы нарыққа өткізуге жарамды тауарлар болуы қажетті, бірақ ол экспорттың тиімділігін жоғарылатуға жеткіліксіз. Ол үшін сыртқы сауда қызметінің арнайы ұйымы қажет. Ондай ұйым сатылған өнімнің бірлігіне шаққанда ең аз шығын, уақыт, қаржы жұмсап, шығаратын тауарды ең жоғары мөлшерге жеткізуге тиісті. Сондықтан өткізудің жарасымды ұйымын таңдау, оның құрылымын анықтау маңызды стратегиялық мақсат екені анық. Мұндай таңдау критерийлері әр түрлі. Олардың қатарына мына параметрлерді атауға болады:

1. Фирмалардың мөлшері

2. олардың өндірістік мамандандыру ерекшеліктері

3. ұйымдастыру құрылымының принциптік нұсқасы

4. бекітілген басқару нысаны

5. жұмыс жүргізудегі сыртқы жағдайладың көрсеткіштері

6. экспорттық қызметің даму деңгейі

Соңғы екі параметр шетел нарығындағы өткізу операцияларын, олардың ауқымын, ерекшеліктерін, географиялық, өнімдік диверсификациясын сипаттайды.

Фирманың экспорттық қызметінің даму деңгейін, сыртқы сауда ұйымының нақты мақсатын, міндеттерін, құрылымын анықтайды. Тікелей экспорттық қызмет атқаратын фирмалар мынадай мақсат қояды:

- тұтынушылармен тікелей байланыс жасау негізінде өз өнімдерін ірі ауқымды көлемде және тұрақты өткізу;

- делдалдардан тәуелсіз болу, оларды кірістіру шығынын азайту;

- өз беделін нығайту, ол үшін жарнаманы күшейту, теңдесі жоқ сенімді сервис ұйымдастыру.

Мұндай фирмалардың күш қуаты, мақсаты, міндеттері, әдетте, техникалық жағынан күрделі, ғылымды қажет ететін жоғары технологиялы өнімдер өндірісіне шоғырланады. Бұл өндірістер өте жоғары білікті қызмет көрсетуді талап етеді.

Аталған фирмаларға өзінің ССА қажет. Ондай аппарат тауар өткізу, сатып алу процесін басқару, ұйымдастыру міндеттерін біріктірген органдар мен қызметтер жүйесі болуы керек. Мақсаттары мен міндеттеріне және экспорттаушының мүмкіндіктеріне сәйкес ССА фирманың ішкі құрылым бөлігі немесе оның дербес қызмет атқаратын бөлімі ретінде құрылады.

Экспорттық бөлімді ұйымдастырудың қарапайым түрі ыңғайлы. Оларға шағын тауармен сырт нарығына кейде ғана шығатын компаниялар сәйкес келеді. Оларды бірге құрылған экспорт бөлімі түрінде түсінуге болады. Олар ұйымдастырылуы жағынан фирманың сату бөліміне бүтіндей тәуелді, құрамында 2-3 қызметкер ғана жұмыс істейді. Мұндай бөлімнің міндеттері мен қызмет ерекшеліктері мыналар:

- экспорттық келісімдер дайындайды, оның орындалуын бақылайды;

- кедендік, сақтандыру, несиелік сияқты құжаттар дайындайды;

- тауар экспортына қажетті құжаттық – техникалық жәрдем жасаумен шектеледі.

Тауарды нақты өткізу операцияларын фирманың халықаралық сауда делдалдары жүзеге асырады. Арнайы экспорт бөлімдері экспортқа байланысты барлық операцияларды дербес жүзеге асырады. Ондай тұрақты экспорттық операцияларға өту үшін: жоспарлы-талдау; жарнама-ақпараттық, несие - есеп айырысу; транспорт-коммуникациялық міндеттерін орындауды қанағаттандыру қажет. Бұл міндеттерді сыртқы сауда аппаратының мамандандырылған органдарында ұйымдастырады.

Арнайы экспорт бөлімдері өзінің және сауда делдалдарының тауар өткізетін арналарын белсенді пайдаланады. Олар нарық, тапсырыстар, транспорт, жарнама, өткізу салаларын зерттеу сияқты көмекші міндет, қызметтерін күшейте түседі. Ондай зертеулер белгілі тауарлық немесе аймақтық нарықтарға бағытталады. Мұндай тауар өткізу стратегиясын фирманың жоғары басқармасы атқарады



Тақырып 9 Халықаралық саудадағы несиелеу


Жоспар

  1. Халықаралық тәжірибедегі банктік операциялар және қызметтер

  2. Факторинг операциялары

  3. Лизинг


1) Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:

1) өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие байланысқан және қаржылық деп бөлінеді:

- байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер);

- қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес беріледі.

2) ұсынылу формасы бойынша тауарлық және валюталық деп бөлінеді;

3) берілу мерземі бойынша қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады.

Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді.

Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Сол себептен қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады.

Қазіргі таңда банктік операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең өріс алуда. Олардың ішінде форфейтингтік және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда өте дамымаған. Негізінен, Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.

Қазақстандағы банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың жүзеге асу процессі өтпелі нарықтық кезеңдегі күрделі экономикалық реформалар мен ұзаққа созылатын мемлекеттік бағдарламалар ауқымында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың тек осы саланы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қаржы, валюта, ақша-несие, жалпы экономиканың кез-келген саласына қатысты болатындығын естен шығармаған дұрыс.

Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:



  • заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  • жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  • банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

  • кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау,ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

  • аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

  • есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

  • заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

  • заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

  • сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

  • клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

  • сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарды сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бәлмелерді жалға беру;

  • ломбардтың операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

  • төлем карточкаларын шығару;

  • банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;

  • шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

  • төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);

  • чек кітапшаларын шығару;

  • бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

  • аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

  • ақшалай формада орымдалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;

  • үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.


2) Факторинг АҚШ-та шамамен 1890 жылы пайда болды. Экономикалық тұрғыда бұл борышты саудалау, есептік операциялардың бір түрі.

Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.

Мұндай мәміленің нәтижесінде банк өз клиентінің талабын қайта қаржыландырып қана қоймай, сонымен қатар төлемеу ықтималы тәуекелін өзіне қабылдайды. Өндіруші осының арқасында айналым капиталын алады. Факторингпен айналысатын адам фактор деп аталады. Ақысы төленетін (төлеу сатып алушының ақшасын алуына қарай жүргізіледі) факторинг және төленетін және қаржыландырылатын (соманың 90 пайызын бір уақытта төлеу тауарды өндіруші жеткізгеннен кейін және келесі ақы төлеу – барлық ақша алынғаннан кейін жүргізіледі) факторинг деп бөлінеді. Соңғы түрі қымбаттау, себебі үлкен тәуекелділік бар. Бірақ борышкерді таңдау құқығы факторға: банк немесе сауда үйіне қалдырылады. Ұлыбританияда факторинг нарығының 60 пайызынан артығы факторинг фирмалары арқылы жұмыс істейтін коммерциялық банктерге жатады.

«Факторинг» термині ағылшын тілінен алынған – делдал, агент. Факторинг – коммерциялық банктер (олардың еншілес фактор - фирмалары) ұсақ және орта фирмаларға – олардың клиенттерге көрсететін қаржылық қызметтердің түрі. Факторинг мәні фактор – фирма немесе банктің клиенттен берешектерін өндіртіп алу құқына ие болуы және өз клиенттерінің борышкерлеріне талапты жарым-жарты төлеуі, яғни борышкердің төлейтін мерзімі басталғанға дейін берешектерін пайыздық мөлшерде қайтаруы. Борыштың қалған бөлігі мүддесі шегерілген соң борышкер өз берешегін өтегеннен кейін клиенттерге қайтарылады. Нәтижесінде клиент берешектерін жылдам қайтару мүмкіншілігіне ие болады, бұл үшін фактор – фирмаға немесе банкке белгілі бір сыйақы төлейді. Факторинг жүзеге асырылғанда клиент борышкерден берешектерді алу құқығын фактор-фирмаға немесе банкке тапсырады. Факторинг сауда операциялары сияқты пайда болды, одан кейін несие беру нысанасы ие болған. Банктердің факторинг операциялары мыналар: ішкі операциялары, мұнда жабдықтаушы және клиент (сатып алу, сату шарты бойынша тараптар), сонымен қатар факторинг компаниясы белгілі бір елде болады немесе халықаралық, ашық операциялар, борышкер факторинг компаниясының мәмілесіне қатысу туралы хабардар етілсе немесе жабық (жасырын) операциялар. Борышкер факторинг компаниясы не банк пайда болатын борыш бойынша құқықтық мирасқор болып табылатынын және төлеу оның пайдасына жүзеге асырылуы тиіс екендігін; жабдықтаушыға регресс құқығымен – кері талап құқығымен немесе құқықсыз төленген соманы; немесе белгілі бір күнге алдын ала ақы төлеу немесе талаптарға ақы төлеу нысанында жабдықтаушыға несие беру талабымен өтелетінін растайтын шотта фактураға тиісті жазу жазылу жолымен хабардар етіледі.

Қазақстанда факторинг операцияларымен банктер, шарттық және ақылы негізде тауарлар және қызмет көрсету үшін есеп-қисаптарды тезірек аяқтаумен байланысты несие-есеп айырысу операцияларын жүзеге асырып, 1988-1989 жылдары айналыса бастады. КСРО Мемлекеттік банкінің келді 1989 жылғы 12 желтоқсандағы «Жабдықтаушылардың банкке жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлем талаптары бойынша төлем алуға құқықты беру бойынша операцияларды жүзеге асырудың тәртібі туралы» нұсқаулық хаты құқықтық негіз болады. Факторинг үшін ақы төлеу сатып алушыға қатысты құжаттар картотекаға енгізілсе төлемдер кезінде жасалмайтын кездері несие қаражатының сомасымен және оларды пайдалану мерзімдерімен және тұрақсыздық айыппұлмен анықталады. Факторинг ерекшелігі сол: ол тек қана мәміленің негізінде іске асады; қаржыландыру талап құқығымен; мәміленің ақылы болуы; ақшалай және кәсіпкерлік сипаты ғана бар және болашақта талап құқығы мүмкіншілігі болады. Сондықтан факторинг міндеттемелердің дербес түрі болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 30 бабына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар кезде банктердің факторинг операцияларын жүзеге асыруға: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем төлеуді талап ету құқығына ие болуға құқылы екенін көздейді.

Қазіргі таңда ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 729-738 баптарымен реттеледі. Факторинг бойынша қаржы агенті ақшаны клиент билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің осы үшінші тұлғамен (борышкермен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді не борышкерге ақшалай талабын клиент қаржы агентіне сонымен бірге клиенттің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында беруі мүмкін. Бұл ретте факторинг шарты бойынша қаржы агентінің міндеттемелері клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізуді және берудің нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкін. Бұл ретте факторинг операциялары банк операциялары болып табылмайды, бірақ олар халықаралық саудада кең қолданылады. Халықаралық қатынастарда банктер 1988 жылы «Халықаралық факторинг туралы» Оттава УНИДРУА конвенциясын басшылыққа алады.

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру азаматтық-құқықтық міндеттеменің жаңа түрі, оның құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне алғашқы рет енгізілген. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты (факторинг), жалпы ереже бойынша, ақылы және өзара шарт болып табылады, нақты шарттың талаптарына қарай ол нақты, келісімді шарт болуы мүмкін. Коммерциялық кәсіпорындардың мамандандырылған банк ұйымдарын несиесіне негізделген ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты сауда несиесін өзгертеді.

Ақша қаражатының қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік талаптарымен берілуі тән банктік заем шартынан айырмашылығы сол, талап құқығын беріп қаржыландыру шартына банктің алушының талабы құқығын, үшінші тұлғамен (борышкермен) қандай да болмасын шарт бойынша қаражатты беруі талабымен беруі тән ақшаларды осылайша беру, әдеттегідей, мерзімділігі және қайтарымдылығымен сипатталмайды. Талапты құқығын беріп қаржыландыру шартының өзара байланысқан талаптары болып табылады. Талапты беру шартта, әдеттегідей, талап құқығын ақылы беру, ал ақшалай талап құқығы тек қана объектісі (нысанасы) болып келеді.

Факторинг қаржы нарығының пайдалы құралы болып табылады және несие тәуекелдерін сақтандырудың дамығандығын және дебиторлық берешек әкімшілігін жүргізуді болжайды. Осы талаптарда осы қызметтегі банктер үшін клиенттерді және пайданы көбейтуге және тәуелдікті азайтуға мүмкіндік беретін қорландыратын институттарды тарту бойынша агенттің рөлі анықтаушы бағытқа айналады. Факторинг операцияларының түрлері. Факторинг қызметінің мақсаты – төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады. Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды. Факторинг операцияларына үш тарап қатысады:


  1. Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

  2. Клиент (тауарларды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниялармен келісім-шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

  3. Кәспорын (қарыз алушы) – тауарларды сатып алушы фирма.

Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізінде факторинг туралы келісім-шарт жатады. Онда факторинг операцияларының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.

Факторингтің 2 түрі болады:



  • Ауқымды (конвенционды);

  • Шектеулі (конфиденциалды).

Қазіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп жабдықтаулар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетушіліктің әмбебап жүйесін сипаттайды. Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Факторинг операциясы бүгінгі таңда отындық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы негізінен 1988 жылы КСРО өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 1990ж басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.

Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж халықаралық факторинг туралы кез келген келісім-шарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:



  1. Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;

  2. Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;

  3. Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;

  4. Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.

Факторинг операциялары банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуы тиіс.

Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:



  • Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттері бойынша;

  • Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;

  • Банктердің несиеден алынып тастаған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;

  • Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелердің міндеттемелері бойынша;

Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің мұны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1,5- 2,5 /о) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1-2 %-дай жоғары болып келеді. Қазіргі күні отандық кәсіпорындарға қаржылық қызмет көрсету нарығында көңіл аударарлық жаңа тиімді қаржы құралы факторинг кеңінен таралуда. Факторинг өзінің кәсіпорынның қызметін дамытатын құрал ретінде танылып, қазір Қазақстанда да көптеген екінші деңгейдегі банктер онымен жұмыс жасап, факторингтік қызмет көрсетуде, сонымен бірге олармен бірқатарда фактор-компаниялар да пайда бола бастады.

Факторингтік операцияларды қолданудың нәтижесінде кәспорындар өз қызметін үздіксіз жүргізе алады, яғни ол мынаны білдіреді: көптеген кәсіпорындар өз қызметінің барысында кейде қаражат тапшылығына кезігеді, әрине айналымда қаржы жетіспеушілігі, тұтынушылардың өз қарыздарын дер кезінде өтемеуі деген сияқты мәмелелер болады. Бұл мәмелелерді шешу үшін кәсіпорын банктік несиеден бұрын осы факторингті қолданғаны өте тиімді. Факторингтің қай жағынан тиімді екенін түсінуіміз үшін алдымен оңай пайда болуы мен дамуына, жұмыс істеу механизміне сипаттама берейік. Алғашқыда факторинг 16-17 ғ.ғ, пайда болған, оны саудагерлер өз тәжірибесіне алғаш енгізілген. Соңына қарай онымен сауда банктері айналыса бастаған. Басында олар тауар өндірушілерге өз тауарларын өткізуге, сатуға ықпал жасап отырған, содан соң олар тауарды өндіруші кәсіпорындардың жіберген тауарлары үшін ақшасын төлеп, тауарлы несие беруге көшкен, әрі қарай кейбір сауда делдалдары өз саудасын тастап, өз клиенттерімен қаржылық қарым-қатынасқа көшкен, яғни тауарды өндірушілерден шот-фактураларды сатып алып, ондағы қарыздық міндеттемені талап ету құқығына ие болды. Міне осылай факторингтік компаниялар пайда болған. Бірақ алғашында оларды тек қана банктік несиені алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қолданған. Ал қазіргі банктік қызметтің деңгейінің жоғары дамуы, сонымен қатар арнайы мамандандырылған несие мекемелерінің пайда болуы клиенттерге жоғары деңгейдегі, жан-жақты қаржылық қызмет көрсетуді дамытып отыр.


3)Сыртқы сауда қызметін жүргізу барысында көп мөлшердегі көмекші операциялар жүргізіледі. Олар:

- сатушыдан сатып алушыға дейінгі тауардың қозғалысын қамтамасыз ету;

- сыртқы саудалық әр түрлі қызмет көрсетулерді транспорттық, сақтандыру, банктік секілді қызметтерді орындайды;

- төлем есеп айырысу операцияларын орындайды;

- кедендік бақылаудан өту рәсімділіктерін орындайды;

- сыртқы сауда, валюта-қаржылық нарықтардың коньюктурасы туралы коммерциялық ақппарттарды зерттейді.

Экспортқа бағытталған кәсіпорындардың СЭҚ-тегі барлық негізгі элементтерін 3 топқа бөліп қарастыруға болады:

1. өндірістік-шаруашылық.

2. ұйымдастыру-экономикалық

3. ағымдағы коммерциялық.

Бірінші сыртқы экономикалық міндеттердің өндіріс-шаруашылық элементтері құрамына мыналар кіреді:

- экспорттық өнім бойынша ізденіс, зерттеу жүргізу;

- экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау;

- экспорттық өндіріске қажетті техникалық-экономикалық параметрлерді және қойылатын талаптарды қамтамасыз ету;

- ішкі өндірістік ресурстарды жобалау;

- материалдық ресурстар көздерін анықтау;

- экспорттық өнімді өндіру

Жалпы сыртқы экономикалық байланыста кәсіпорындар белгілі мақсатқа жету үшін осы кешенді зерттеулерді жүргізу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Айталық, ішкі өндірістік ресурстардың өзгермелі динамикасын жобалайды; экспорттаушы кәсіпорындардың қызметінің сыртқы ахуалын зерттейді; жалпы транспорттық, сақтау, қаржылық және басқалай қызметтердің нарықтағы өзгерісін; тауардың бәсекелік қабілетін бағалайды. Мұндай талдаулар тауардың бәсекелік қабілетін көтеру, шығындарға баға беру мақсатында шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Шетелдік тауар нарықтары, потенциалды сатып алушылар, бәсекелестер туралы ақпараттар жинақтау, талдау жасаудың негізі болады.

Екіншісі сыртқы экономикалық міндеттердің ұйымдастыру-экономикалық элементтерінің құрамына мыналар кіреді:

- сыртқы нарықтарды маркетингалық тұрғыдан зерттеу;

- экспорттық нарықтың конъюктурасына талдау жасау;

- шетелдік әріптестер іздеу;

- шетелдік әріптестердің нарықтарындағы жұмыс жағдайын зерттеу;

- сыртқы нарықтағы жұмыстың нысандары мен әдіс-амалын таңдау;

- сыртқы нарыққа шығуды қамтамасыз ету;

- сыртқы сауда жарнамаларын ұйымдастыру;

- сыртқы сауда операцияларын жоспарлау;

- делдалдарды қызметке кірістіру.

Бұл іс-қимылдың мақсаты – мемлекеттен белгіленген тәртіп шеңберінде экспорттық өнімді шетелдік әріптестерге сатып өткізуді көздейді. Бұл процесс ел ішінде арнайы белгіленген тәртіптерден өтуден бастап, сыртық саудалық мәміле бойынша тауарды тікелей сатып өткізгенге дейін жалғасатын белгілі сатыларды қамтиды. Оған мыналар жатады:

- сыртқы сауда қызметті мемлекетпен реттеуде механизмдермен танысады: нормативтік-техникалық құжаттарды, заңдылық актілерді пайдаланады;

- өкілеттілік берілген банкіге валюталық есеп айырысатын құжат есеп шот ашады;

- жалпы саудаға қатысты құжаттарды тексеретін және тіркейтін мемлекеттік органдардың жүйесімен танысады;

- сыртық нарықтың коньюктурасына маркетингілік баға береді, бәсекелік көрсеткіштерді дайындайды;

- контрактының жобасын жасайды, оның коммерциялық, валюта-қаржылық шарттары жөнінде келісімге келеді.

Үшіншісі сыртқы экономикалық міндеттердің ағымдағы коммерциялық элементтерінің құрамына мыналар кіреді:

- мәмілелердің түрін таңдау (тауар, жұмыстар, қызмет көрсету);

- мәмілелердің типін таңдау (сату-сатып алу, арендалық, өтемдік);

- сыртқы сауда операцияларын дайындау (әріптестермен байланыс жасау, экспорттық бағаның есебін жасау, келіссөздер жүргізу, контрактының жобасын жасау, мәмілелердің шартты жағдайы туралы келісімге келу);

- контрактының шарты жағдайларын анықтау (жеткізудің базалық шартты жағдайлары, жеткізу жолдары, тасымалдау түрлері, есеп айырысу шарттары, төлем амалдары, баға өзгерісін реттеу малдары, баға валюталары, валюталық қорғану туралы ескертулер, банктік кепілдемелер).

Бұл көрсетілген барлық операциялардың нәтижесінде контрактыға қол қойылады, оны жүзеге асыру жұмысы басталады. Сосын, СЭҚ-тің үшінші топтағы міндеттер бойынша кәсіпорындардың сыртық саудалық мәмілелер мен оған қосымша барлық көмекші құжаттарды дайындау, сонан соң оларды орындау қызметіне кіріседі. СЭҚ дегеніміз елдер арасында материалдық, қаржылық және интеллектуалдық ресурстарды қолданудағы әртүрлі бағыттарын айтамыз. Сондықтан СЭҚ мемлекеттің араласуы дәстүрге айналған және мемлекеттің реттеу қажеттілігі қажет. СЭҚ реттеуді мемлекеттік сыртқы экономикалық саясатпен анықтайды.

СЭҚ-тің объектісіне мыналар жатады:

- халықаралық саудадағы тауарлар мен қызмет көрсетулер;

- әр түрлі фирмалардағы капиталдардың халықаралық қозғалысы;

- өндірістік, кәсіпкерлік, ғылыми-техникалық тағы басқа байланыстар;

- интеллектуалдық меншікті айырбастау;

- қаржы-несиелік ресурстарды халықаралық деңгейде пайдалану.

СЭҚ басқарудың келесідей мақсаттарын атауға болады:

- СЭҚ басқару, ұйымдастырудың теориялық негіздерін, принциптерін, ерекшеліктерін көрсету;

- СЭҚ басқару, ұйымдастырудың маңызды механизмдерін және әдіс амалдарын меңгеру;

- СЭҚ нақты түрлерін ұғыну, мемлекеттік реттеудің халықаралық тәжірибесімен, халықаралық саудадағы реттеу принциптері және құралдарымен танысу;

- дамыған елдердің экспорттық қызметінің тәжірибесімен танысу;

- халықаралық коммерциялық мәмілелерді дайындау принциптерін ұғыну, әдістерін меңгеру;

- сыртқы саудалық сатып алу сату контрактыларын дайындау принциптерін ұғыну.

Тақырып 10 Халықаралық сауда контрагенттері

Жоспар


  1. Контрагент

  2. Транұлттық және ұлттық компаниялар




  1. Сыртқы сауда операцияларын барынша дамытып кеңейту арнайы экспорттық бөлімдерді өткізу салаларымен толықтыруды қажет етеді. Фирма тауар өткізуді өзінің бақылауындағы өткізу салаларына тапсырады. Олар өздерінің ораналасқан жеріне қарамай кәдімгі сауда агенттерінің қызметін атқарады. Агенттік қатынастар шеңберінде тауар өткізуді ұзақ мерзімді, тұрақты болдырту үшін өндіруші мен сатушы күш біріктіреді:

біріншіден, фирма - өндіруші жедел байланыс жүйесі арқылы тауар өткізу барысы, жарнама туралы, тұтынушылар тілегі, сұраныстың өзгеру мүмкіндіктері туралы ақпараттарды тұрақты алып отырады;

екіншіден, фирма-сатушы өндірушінің қызметіндегі өндірістік-техникалық өгерістерге тұрақты назар аударады, тауар модельдерін дамыту бағыты жөнінде кеңес береді, қажетті техникалық қызмет көрсету бағыт-бағдарын толықтырып отырады.

Ірі экспорттаушылар белгілі тауарлық немесе географиялық ұйымдар бағытына қарай еншілес компаниялар ұйымдастырады. Мұндай процесс өткізу және өндіретін тауарларының табиғи ерекшеліктеріне байланысты болады.

Өткізудің мұндай түрін таңдау мынадай себептерге байланысты:

1. өткізу компаниясы өндіруші фирмамен келіскен баға бойынша тауар өткізуді жүзеге асырады.

2. шетелде өзінің тауарды өткізу жолдары болатын болса, фирма экспорттық маркетинг программасын мынадай тізбек бойынша жүргізеді: жобалау - өндіру - өткізу – қызмет көрсету.

Экспорттық базасы орналасқан елдегі тауар экспорттаудан өнеркәсіптік қызмет атқаруға кейде компанияның бағытын өзгертеді. Бұл көбінесе өнімді шетелдік нарыққа шығаруға болатын шекараға жақын орналасқан, компанияның өз бақылауындағы өндіріс орындарына сай келеді. Осындай жағдайда халықаралық монополия қалыптасады. Оның ерекшеліктері келесідей:

- өнім өндіру, өткізуді интернационалдық түрде ұйымдастырады;

- өнеркәсіп тауарлары, ғылыми-техникалық білім, шикізат, отын, қызмет көрсету экспортындағы озаттар болып саналады.

Монополиялардың сыртқы сауда аппараты шетелдегі және экспорттық базасы орналасқан өткізу бөлімдерін, экспортқа қызмет жасайтын экспорттық еншілес компаниялар мен салаларды, шетелдердегі өткізуші еншілес компаниялар мен салаларды, шетелдік операциялардың барлық кешенін басқаратын халықаралық бөлімдерін өзіне қамтиды. Компаниялар шетелде 5-6 салалы болған жағдайда ғана халықаралық бөлімдер құрылады.

Халықаралық бөлімдер мынадай міндет атқарады:

1. ССА қызметін, оны дамытудың жалпы бағыттарын және мақсаттарын анықтайды;

2. осы мақсатқа жету үшін құралдарын және әдіс-амалдарын белгілейді;

3. өз шешімдерінің орындалуын бақылайды;

4. аппарат қызметінің басым бағыттар жүйесіне өзгерулер енгізеді.

Негізі монополиялар корпорациялар қызметін басқаруда стратегиялық жоспар негізінде кешенді қаржылық бақылау жасауды нығайту керек. Сондықтан, стратегиялық коммерциялық орталықтар (СКО) құрылады. Олардың мақсаттары мен қызмет ерекшеліктері келесідей:

- мақсаты – фирманың стратегиялық жоспарын жасайды, оны іске асырады;

- орталық компаниялардың ұйымдастыру қызметін күшейтуге жағдай туғызады;

- СКО шаруашылық тұрғысынан қарағанда дербес сипатта болады.

СКО нарықтың белгілі сегментін көздеген өндіріс - өткізу салалары негізінде қалыптасады. Жоспар бойынша компанияның сыртқы айналымындағы нарықтық өзгерістерге назар аударады. Онда өз ресурстарын тактикалық тұрғыдан қайта бөлу жолдарын көздейді. Фирманың стратегиялық жоспары шеңберінде оны жүзеге асырудың нақты құралдарын таңдауда СКО-ға кең өкілеттілік беріледі.




  1. ХХ-ХХІ ғ. сыртқы экономикалық нарықта негізгі субъекті болып ТҰК-лар байқалды. Бұл процеске ТҰК-ларлар:

  • инвесторлар

  • жаңа технологияны таратушылар

  • инновациялық жобаларды жүзеге асырушылар

  • халықаралық еңбек миграциясын реттеушілер ретінде қатысуда.

Трансұлттық компаниялар:

  • шаруашылық қызметінде халықаралық бағытты қолданатын

  • халықаралық өндірістік-өткізу

  • сауда және қаржы кешенін дамытатын

  • бір орталықтан шешім қабылдайтын

  • өзге елдерде филиалдары, өкілдіктері мен елшілес компаниялары бар ірі бірлестік.

Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшылардың пікірі бойынша трансұлттық корпорациялар дүниежүзілік экономиканың бірегей қозғаушы күші болып есептеледі. 90 жылдардың ортасында дүние жүзінде 40 мыңнан астам корпорациялар қызмет атқарған. Транұлттық корпорациялардың негізі бөлігі АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерінде және Жапонияда тіркелген.

Өтпелi кезең жағдайларында ел үшiн әлемдiк жаһандану шығынға ұшырау қаупi өте жоғары болады. Өйткенi,



  • елдегi ұлттық экономикалық құрылымның әлсiздiгi

  • өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен дәрежелiгiн

  • басқарушы кадрлар біліктілігінің жетiспеушiлiгiн есепке алғанда ел экономикасына

  • әлемдiк нарықтағы өте iрi

  • бәсекеге қабiлеттiлiгi жоғары

  • жеткілікті маманданған

  • технологиясы жетiлген корпорациялар терiс ықпал тигiзуi де мүмкiн.

Сондықтан, әлемдiк шаруашылық байланыстарына тиiмдi қатысу мәселесiн шеше отырып, Қазақстан ТҰК-дың экономикалық қызмет жүйесiнiң барлық қиындығын, терiс әсерлерiн ескеру қажет.

Қазақстан экономикасының корпорациялық секторы бүгiн де жаһандық бәсекелестiкке қабiлеттi халықаралық аренадағы корпорациялардың iс жүзiнде жоқтығымен сипатталады. Көптеген қазақстандық корпорациялар, негiзiнен төмен жарғылық капитал және нарық капитализациясының төмендiлiгiмен сипатталады. Геобәсекелiктiң минималды талаптарына (капитализация деңгейi 1 миллиард АҚШ долларынан астам) қазақстандық корпорациялардың бiрін-бiрi сай келмейдi.

1994-1998 жылдары iрi өнеркәсiптiк корпорацияларды шетелдiк басқаруға беру қарқынды түрде жүргiзiлдi. Жалпы алғанда, осы кезеңде шетелдiк басқаруға 45 iрi кәсiпорын берiлдi.

Осындай теңдесiз акциялар нәтижесiнде, сарапшылық бағалау бойынша, республикадағы өндiрiстiк потенциалдың 80%-нан астамы (негiзiнен, қара және түстi металлургия, көмiр және химиялық өнеркәсiптер, энергетика саласы) қазiр шетелдiк инвесторлар қолында, ал бұл өз кезегiнде елдiң экономикалық қауiпсiздiгiне елеулi және анық қатер тудырады.

Сонымен қатар, Қазақстанның iшкi нарығында қазiргi кезде орын алған мынадай керi сипаттар бар:


  • өтпелi кезеңдегi кәсiпорындардың “бұлдыр” нормативтi-құқықтық жағдайы;

  • әлсiз бәсекелестiк;

  • төлемқабілетінің терең дағдарысы;

  • айналым қаржыларының кәсіпорындарда жоқтығы;

  • еңбекақыға төлейтін, әлеуметтік инфрақұрылымды ұстайтын қаржылардың жоқтығы;

  • және осылардың нәтижесінде өндіріс көлемінің қысқаруы;

  • жұмыссыздар санының көбеюі;

  • мамандандырылған кадрлардың өзге мемлекеттерге қоныс аударуы нәтиже болды.

Сондықтан, осы мәселе төңiрегiндегi мемлекеттiк қолдау шараларын және экономикалық стратегиялық бағдарламаларды iске асыру қажет. Кәсіпорындарды шетелдік меншікке сату көбінесе асығыс түрде жүргізілді, ал кейде заңдарды бұзу, келісім-шарт жасау кезінде қажетті шарттарды ескермеу түрінде жүргізілді, сондай-ақ олардың орындалуына ешқандай қажетті бақылаудың болмайтындығы жатады. Осыған байланысты әлемдік тәжірибе ұлттық қауіпсіздік мүддесін қорғауға байланысты стратегиялық салаларда шетелдік инвестицияларды тартуды шектеу қажеттілігін дәлелдейді.

Сонымен бірге, шетелдік инвесторлардың жағымсыз әрекеттерін де ерекше қарау керек. Оған:

  • салық төлеуден жалтару

  • ТҰК шеңберінде трансферттік бағалар қолдануы

  • жасалған келісім-шарттардың толық көлемде орындалмауы

  • кейбір заң нормаларын бұзушылығы

  • үкіметтен пайдаларын жасыру әрекеттерін айтуға болады.

Алайда барлық шетелдік корпорациялар осындай әрекеттерге араласады деп те айтуға болмайды.

ТҰК-дың теріс әрекеттерге баруы біздің мемлекетіміздің заң жобаларын толық, нақты әрі тиімді түрде тұрақтандыра алмауынан да болар.

ТҰК-лардың дамушы мемлекеттерге терiс ықпалының мынадай негiзгi сəттерiн атап көрсетуге болады:

- ТҰК жергiлiктi компанияларға қуатты бəсекелестiк туғызады жəне олардың дамуына мүмкiндiк бермей, iшкi нарықтан ығыстырады;

- трансұлттық капиталдың күрт орын ауыстыруы ұлттық валютаның тұрақтылығын бұзып, дамушы елдердiң ұлттық қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн;

- ТҰК-лардың елдің экономикасына ықпалының кеңеюі, жергілікті саяси тұтқаларға қол жеткізу мүмкіндігіне әкеледі.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды негiзге ала отырып, келесiдей қорытынды жасауға болады. Отандық экономиканың бәсеке қабiлеттiлiгiн көтеру және оның халықаралық нарықтағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында отандық iрi өндiрiстердi қайта қалыптастырып, оларды халықаралық нарыққа шығарудың кешендi бағдарламасын өндеу қажет. Бұл Қазақстанның әлемдiк экономикадағы интеграция мәселелерiн шешуге, өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi тиiмдi пайдалануға жол ашады.


Тақырып 11 Іскерлік техникасын ұштастыру және ұйымдастыру

Жоспар

  1. Іскерлікті ұштастыру. Келіссөз

  2. Коммерциялық келіссөздер

  3. Халықаралық этикет ережелері




  1. Сауда саттық сатып алу-сату контрактілері міндетті түрде жазбаша түрде орындалуы тиіс, бірақ халықаралық тәжірибеде телефон арқылы, аукциондарда, биржаларда өткізген келіссөздер арқылы ауызша түрінде де мәмілелерге келеді. Кейін ауызша келісулер соңынан екі жақта қол қойған жазбаша түрде бекітіледі. Контрактының кіріспе бөлімінде нөмірі, жасалған жері, айы мен күні, мәміле жасаушы жақтардың анықтамасы көрсетіледі. Олардың заңды түрдегі аттарын, құқықтық жағдайын, орналасқан елін, қаласын өз елінің сауда тіркеуіндегі ресми құжат бойынша көрсетеді. Бұл деген екі жақтың бір-біріне қатынасын, яғни сатушы және сатып алушы, жеткізуші және тапсырушыны білдіреді.

Контрактының зерзатында (предмет) тауардың аты, саны, түрлері сипатталды. Келісімді дұрыс түсіну, оны табысты жүзеге асыру көп жағдайда контракт зерзатының аталуына байланысты. Тауардың аты, оның мөлшері екі жаққа да жақсы таныс атаулар, өлшемдер жүйесімен берілуі керек. Олардың ішінде метрлік өлшем жүйесі заңды түрде болады. Әр түрлі тауарлар жеткізілетін жағдайда олардың сорттары, үлгілері, маркілері көрсетіледі. Тауар түрлері көп болған жағдайда олардың толық тізім контрактіге қосымша ретінде беріледі. Екі жақ келісіп, контрактіде белгіленген, базистік шарттарда көрсетілген жерге тауарды жеткізуге тиісті уақытты жеткізу мерзімі деп түсіну қажет. Жеткізу шарттарында мынадай тәртіптер белгіленеді:

- жеткізу мерзімін шектейтін уақытты белгілейді ;

- жеткізуді қай мерзім ішінде жүзеге асыратын уақытты анықтайды (ай, тоқсан, жыл);

- тауарларды көп мөлшерде жеткізетін жағдайда ай сайын. Тоқсан сайын біркелкі бөлек-бөлегімен жеткізетінін көрсетеді;

- тез арада жеткізу, бұл 14 күнге дейінгі уақытта жеткізу деп түсіну керек.

Жеткізудің базистік шарттары бойынша контрактыда белгіленген бағамен көрсетілген географиялық нүктеге жүк жеткізудегі сатушының міндеттері анықталады. Тауарды транспорт құралдарына тиеу немесе оны транспорттық ұйымға өткізу міндетін осылай орындайды. Тауар жеткізудің базалық шарттары сатушы мен сатып алушының мынадай міндеттерін анықтайды:

- сатушының және сатып алушының елдері, транзиттік елдер территориясында теңіз және әуе жолдарында тауар тасымалдауды кімдердің есебінен қанағаттандыратыны;

- тауарды буып түюдегі сатушылардың міндеттері;

- тауар кездейсоқта бүліну немесе жоғалту тәуекелділіктері сатушыдан сатып алушыға ауысатын орны және уақыты, тағы басқаларды анықтайтын болады.

Жалпы контрактыны әріптестердің біреуі орындамаған жағдайда басқа жағы тауар алудан бас тартуға болатын, мәмілені бұзуға апаратын, келтірілген зиянды төлеуді талап ететін контрактының баптарын елеулі шарттар деп есептейді. Әдетте, оларға тауардың сапасын, зерзатын, бағасын, контрактыны орындау мерзімін анықтауды жатқызады. Елеусіз шарттарда тауар алудан бас тартуға, мәмілені бұзуға, екінші жақтың құқығы болмайды, тек қана алған міндетті орындауды, зиянды төлеуді талап етуге болады. Контракт бойынша жеткізілетін тауардың санын анықтағанда өлшем бірліктерін, сандарды айқындау тәртібін белгілейді, өлшемдер мен салмақ жүйесіндегі айырмашылықтарды есепке алады.

Негізі контрактілерде жеткізілетін тауарлардың сан мөлшеріне ыдыстардың және буып түюілген заттардың салмағы қамтылуы жайында ескертулер беріледі. Әрбір контрактыда тауар сапасы туралы бап міндетті болады. Ол мынадай ерекшеліктермен көрсетіледі:

- белгіленген мерзім ішінде тауардың кепілдемелік сапасы жарамсыз деп көрсе, сатып алушы сатушыға қарсылық талап қоюға құқығы бар;

- мұндай талаптың нәтижесінде тауар сапасын жақсартуға және шығынды азайтуға мүмкіндік береді;

- тауар сапасын тексеру үшін сатып алушылардың мамандары сатушыларға келіп тура қабылдайды немесе олардың тексеруші фирамаларын кірістіреді, тауар сапасын сұрыптау әдісімен жүргізеді.

Контрактыда тауар сапасын анықтайтын амалдарды таңдау тауарлар сипатында, халықаралық айналымдарда олармен сауда жасау ерекшеліктеріне байланысты. Олар мыналар: стандарт бойынша, техникалық шарттары, тауар сапасын алдын ала көру, сапа сертификаты.


  1. Іс  келіссөөздері – екі жақ бірдей қызығушылығы бар жағдайда адамдар арасындағы белшілі бір нәтиежеге, келісімге келу қарым – қатынас құралы.

Келіссөздердің өткізілу этаптары олардың тиімділігінің  өсуіне алып келеді, олар келесідей  этаптардан тұрады:

  • Іскерлік келіссөздердің анализ қорытындысын жасау

  • Мәселелерді шешу (келіссөздердің аяқаталуы)

  • Келіссөзге дайындалу

  • Келіссөзді өткізу

Келіссөзді дайындау

  • Нақты мәселені ұғыну;

  • Алдын-ала келіссөздің жүру жоспарын құру;

  • Жол беретін және бермейтін жерлерді айқындау;

  • Қызу дау туғызатын компромисстердің жоғарғы және төменгі деңгейңн анықтау;

Келіссөздер алдында оның моделін білу қажет:

  • Өзіңіздің берілмейтініңізді білдіру моменті, жағымсыз жағдайлардан сәтті шыға білу

  • Келіссөздердің қиындығына байланысты жасалу проектілерін, алдын ала бағдарламар жасау

  • Талқыланатын мәселені нақты білу, себебі келіссөздер инициативасы кім мәселені жақсы түсінеді соған байланысты.

  • Өзіңізге дискуссия, дау туғызады деген сұрақтардың, компромисстік жоғары және төмен деңгейін анықтау

Жоғарыда аталға модельдің  іске асуы, келіссөзге дайындық үрдісінде  келесі сұрақтар қамтылса жүзеге асады:

  • Мақсаты

  • Серіктесін анықтау

  • Мәні

  • Ұйымдастыру

  • Жағдай және шарттары

Келіссөздерді өткізу. Менеджмент теориясында іскерлі келіссөздерде келесі негізгі әдістер қолданылады:

  • Вариационды

  • интеграция

  • Тепе - теңдік

  • Вариационды әдіс – күрделі келіссөздерде қолданылатын альтернатив кең түрде барлық болатын жағдайларды ескеру, нақты және шын бағалай білу;

  • Интеграция әдісі – серіктесті келіссөздің проблематикасын бағалауда, қоғамдық өзара байланыстылықты, интеграцияның қажеттілігін сезіндіру;

  • Тепе – теңдік әдісі – дәлелдеме, аргументтерді анықтап, мәселеге серіктестің көзімен қарап көру және оны өз аргументтеріңізде қолдану;

Келіссөздің аяқталуы

Келіссөз  барысы позитивті болса



    • Қысқаша түрде нгеізгілері қайталау

    • Екі жақты келісімге ісер еткен сәттерді сипаттау

    • Позитивті нәтиежелер негізінде жаңа кездесулердің перспективасын талқылау

Келіссөз  барысы негативті болса

    • Келіссөз серіктесімен субъективті байланысты сақтау

    • Негативті орын алған жағдайларда қорытынды жасауға ұмтылмау

    • Басқа да мүмкін болатын қызығушылықтарды табу, бұл қалыпты жағдайды өзгертеді

Келіссөздердің  қорытынды анализі келесі мақсатта болады:

    • Келіссөз мақсатын олардың нәтиежесімен салыстыру

    • Келіссөздердің нәтиежесінде пайда болатын шаралар мен іс – әрекеттерді анықтау

    • Іскерлік, жеке және ұйымдастырушылық қорытындылар жасау, бұл келіссөздердің жалғасуына мүмкіндік береді

Келіссөз жүргізудің ережелері:

  • Әрбір жақтың пайда табуы;

  • 2-ші жақты сендіру;

  • Сұрақ-жауап беру;

  • Компримисске бара білу;

  • Талдау жасау.




  1. Іскерлік қарым-қатынас қандайда бір принциптерге негізделген, олардың ішіндегі негізгілері мыналар:

  • іскерлік байланыс негізінде іске деген ниет білдіру, бірақ ол жеке және өзінің амбициясына байланысты болмауы керек;

  • адалдық, ол өтірікке баралмайтын, әдепті сондай-ақ адамгершілік сапасын тудырады;

  • ақ-ниет, ол адамдарға жақсылық жасау қажеттілігі (жақсылық-этиканың басты категориясы).

  • қадірлеу (сыйлау), сөйлеушінің беделін қадірлеу. Ол адамның ізеттілігі, тактикалық ескертпелері, мейірімділігі бұның бәрі сыйластыққа немесе қадірлеуге жатады.

Этикет – бұл тәртіптің негізгі нұсқауы және қоғамдағы тәртіп. Этикеттің нұсқаулар ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді.

  1. Күнделікті қызметтік араласу.

  • әңгімелесу, кездесу, келіссөздер;

  • келушілерді қабылдау;

  • жиналыстарға, мекемелерге бару;

  • азаматтардың тұрған орындарына бару;

  • жиналыс, конференция, отырыстар;

  • кезекшілік, күзет.

  1. Спецификалық қызмет араласуы.

  • жұмыс кезінде коллективімен араласу: а) субординациялық араласу түрі; б)жұмыскерлер арасында араласу;

  • үйрену кезіндегі сабақ берушінің тыңдаушылармен жұмыс жүргізу.

  • шет азаматтармен іскерлік қатынас.

  1. Қауіпті қызмет түрі кезінде араласу.

  • өзара келіспеушілік қарым-қатынасы;

  • митинг, демонстрация, қатысушылармен араласу;

  • спецконтингентермен араласу.

  1. Невербалдық және неспецификалық араласу түрі.

  • публикалық қатынас және интерьвю;

  • баспада, теледидарда, радио арқылы сөйлесу;

  • телефон, телесайт, радиохабар;

  • іскерлік жазу.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жұмысын құжаттармен тығыз байланысты. Мамандардың айтуынша, жұмысн құжаттарын жасау және әртүрлі деңгейдегі жұмыскерлер жұмыс істеу кезінде 30 проценттен 70 процентке дейін уақыттары кетеді. Талапқа сәйкес, қызметтік құжат қатаң қалыптасқан. Олар нақты жасалған, көп тілде және артық, керексіз сөздер болмауы қажет. Іскерлік қарым-қатынас қағидасына сәйкес тәжірибеде құжаттар мен жұмыс істеуде бүкіл әлемде бірдей және құқық қорғау органдарының қызметкерлері тек бір-бірімен ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттің қызметкерлері мен, халықаралық қылмыспен күрес қызметкерлерімен байланыста болады.

Барлық қызметтік құжаттарды былай бөлуге болады: нұсқаулы (нұсқау, шешім, бұйрық); анықтама (қызметтік хаттар, жазба, телефонограммалар және т.б) және ұйымдық (жарғы, дәреже, нұсқау). Қызметтік құжаттардың ішіндегі ең көп таралған түрі бұл – бұйрық. Бұйрық нақты, түсінікті және талапқа сәйкес болуы керек. Оның құрамы тақырыпша сияқты және көмектес септігінде тұрады. Қылмыстық құжаттардың ішіндегі үлкен орын алатын құжаттың бірі бұл іскерлік хат,ол әртүрлі себептерде қолданылады. Сауатты-түсінікті құралған хат керекті нәтиже алуға мүмкіндік береді.

Қызметтік құжатты құрған кезде маңызды талаптарды орындау керек.


  • орындаушы жеткізетін хабарды, қоятын сұрағын өзі нақты білу керек;

  • хат нақты, дәл, қисынды болу тиіс;

  • хат түсінікті, жеткілікті аргументті болуы тиіс;

  • хат бейнетарапты жазылуы тиіс және эмоциялық рең болмау керек;

  • қыметтік хаттың көлемі;

  • салақ жасалған хат, орфографиялық, синтактистік және стилистикалық қателермен жаман әсерлер болмауы керек.

Хатты бағалау хаттың мазмұнын ғана емес, сондай-ақ конвертпен және жазылған бланкаға байланысты болады. Қызметтік хат белгілі бір бланкта, стандартарға сәйкес, керекті ревервтері бар қағазда жасалады. Оған келесі реквезиттер қолданылады: ведоство атауы, ұйымның атау, почта және телеграф мекен-жайы, телефон және факс нөмірі, күні, құжат индексі. Іскерлік хат – бұл жалғыз іскерлік құжат, бұған атау берілмейді. Мұнда ұйымның атын қысқартуға болмайды, бірақ ресми қысқарту рұқсат етіледі, бұл іскерлік хаттың реквизиті ретінде қажет. Хатты алушының аты және адресі бланктың үстінгі оң жағында белгіленеді. Іскерлік әдепті құжаттын анық, дәлелденген, обьективті және түсінікті болу керек. Қызметтік құжаттарда дұрыс жазылмаған сөздермен, терминдермен, қысқартылған сөздермен, шет сөздерді қолданудың дұрыссыздығымен күресу керек. Әрине, әрбір құқық қорғау органдарында және бөлімшелерінде құжаттарды жөндеудің өз дәстүрі бар, бірақ әрбір құжат, дәл, нақты, дәлелдемелі, обьективті жазылу тиіс, ал мазмұны іскерлік талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Сұхбат. Шет елде іссапарында, құқық қорғау органының қызметкері өз қызметін ресми адамдармен тиісті қызметтік дәреже деңгейінде, басты мақсатынан және іссапар тапрсымасынан орындаудан бастайды. Бұл байланыс кезінде, сұхбат өзіне мұқият дайындықты талап етеді. Байланысқа дайындалғанда және байланысты өткізу уақытында үш негізгі тірек орынды еске түсіру қажет. Біріншіден, пайдалы іскерлік көрісу, бұл әңгімелесушінің тыңдауына шеберлік қызықтыру. Екіншіден, өзара кездесу құбылысында, сенімділік ортасын жасау.Және үшіншіден, бұл іскерлік уақыт кезінде ақпаратты өнерлі пайдалану әдісі. Сұхбат ең алдымен алдына қойған мақсаттарға және нұсқауларға байланысты әртүрлі сипатқа ие болады.

Жұмыс бойынша керекті мәселелерді телефон арқылы тез шешуге болады, ал егерде жеке мәселеге келсек ол көп уақыт алады. Сондықтанда іскер адамға телефон арқылы сөйлесу ережесін сақтау керек, керексіз мәліметтерді телефон арқылы шешсе ол жұмыс уақытының тәртібін бұзып, керекті сұрақтарды қиындатып, қасындағы әріптестерге кедергі жасайды. Телефон жұмыс уақытында психеологиялық тітіркендіргіш болып есептеледі. Тағыда телефон адамның өміріне өте қауіп төндіреді, себебі ол сөйлесер алдында немесе күтіп отырғанда немесе оның даусынан адамның психологиялық клеткалары бұзылады. Телефон мен сөйлесер алдында біріншіден не айту керек екенін дайындалып алу керек. Есте сақтау қабілетінің жақсы болсада телефон арқылы сөйлесіп отырған сұрақтарыңызды жазып алуыңыз жөн. Жазылған сұрақтарыңызды сізге бірден есте болмауы мүмкін. Телефон шығарылған кезде сіз тұтқаны аласыз. Неден бастау керек? Егерде үйдің телефонына звандаса онда қиналмай «Алло» деуге болады, ал егер жұмыстың телефонынан звандаса онда амандасып сыпайы түрде сөйлесу керек. Жұмыс телефонмен жұмыс уақытында тек жұмысқа байланысты мәселелерді талқылау керек. Мысалы: сәлеметсіз бе, сіз қандай жұмыспен телефон соғып тұрсыз. Егерде сөйлесіп жатқанда телефон үзіліп қалсаонда, тұтқаны қою керек. Ереже бойынша телефон соққан кісі қайта звандау керек. Мына ереже ұзақ сөздің арасында да қолданылады. Егерде телефон бос болмаса немесе шақырған кісіңіз келмесе онда қоя тұрып телефон шалғаныңыз дұрыс. Телефонмен сөйлесіп жатқанда кішкене үзіліс жасау керек. Себебі, тыңдап отырған кісі сұрақтарыңызға жауап беру үшін. Сұрақтарыңыздың шешімін тапқаннан кейін, қайтадан сқрақты қайталау міндетті емес. Сөздің соңында телефонмен сөйлесіп отырған көршіңізге қызық жауаптары үшін алғыстарыңызды білдіру керексіз. Сөйлесер алдында айқайламай жайлап сөйлесу керек, егерде сөйлесіп жатқанда сөзің даусы естілмей кетсе ондаонда телефон дұрыс істемей тұр.

Аукцион – көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес, жария сауда. Бұл латынның auctіo, яғни бәсеке сауда деген сөзінен шыққан. Аукцион тұрақты не уақытша белгіленген орында, алдын ала хабарланған уақытта аукциондық сауда кезінде бұйым көрмеге қойылады. Аукцион тауарлардың, бұйымдардың белгілі бір түрлері бойынша өткізіледі. Аукционның бағаны көтеріп немесе бағаны төмендетіп жүргізетін түрлері бар. Бағаны көтеріп саудаласу ашық және құпия түрде жүргізілуі мүмкін. Ашық түрінде аукционшы лот (сапасы біркелкі тауар тобы) нөмірін, бағасын алушылар алдында жариялап, «кім көбірек», «кім артығырақ» деп сұрақ қояды, ал алушылар тауардың алғашқы бағасынан сату ережесінде белгіленген мөлшерден әрдайым арттырып, өз бағаларын атайды. Егер кезекті баға арттыру ұсынылмаса, сұрақ үш рет қайталанғаннан кейін, аукционшы балға соғып тауардың ең жоғарғы баға ұсынған кісіге (мекемеге) сатылғанын хабарлайды. Аукционның жабық түрінде сатып алушы аукционшыға баға көтеруге келіскені туралы шартты белгілер береді де, аукционшы сатып алушының атын атамай-ақ жаңа бағасын хабарлайды. Бағаны бір ыңғай төмендету арқылы жүргізетін аукционда тауар тобын (лотты) кім бірінші «иә» десе, сол алады. Бағаны төмендететін аукциондарда бағаның өзгеруі циферблат тілімен көрсетіледі. Кім бірінші кнопканы басып циферблат тілін тоқтатса, лотты(тауар тобын) сол сатып алады.

1. Жария саудаларды өткізуге негізделген тауарлық және басқа құндылықтарды ұйымдастыру нысаны. Аукциондық саудаға сатып алушылардың өзара бәсекелестік принципі алынған. Сатып алу құқына ең жоғары бағаны атаған аукцион мүшесі ие болады.

2. Жауапсыз борышкердің мүмкін мәжбүрлеп сату нысаны.

3. Жекешелендіру нысаны


6. Тәжірибелік сабақтар мазмұны және олардың сағаттағы көлемі

Тақырып 1 ҚР-ның СЭҚ-ін қалыптастырудағы міндеті және мақсаты

  1. ҚР сыртқы экономикалық қызметінің мәні мен мағынасы

  2. Экономикалық тиімділікті жоғарылатудағы сыртқы экономикалық байланыстың рөлі

  3. Сыртқы сауданың дамуы. Капиталды шақыру

  4. Бүкіләлемдік сауда ұйымына Қазақстанның кіру мәселелері

Тапсырма:

1 Сыртқы сауда

2 Капиталды сыртқа шығару

Берілген тақырыпты зерделеу барысында ҚР-ның СЭҚ-нің құрылымына жан-жақты қарастыру керек.

Негізгі әдебиеттер: 1

Қосымша әдебиеттер: 4


Тақырып 2 Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық байланыстың даму ерекшеліктері және факторлары

  1. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының механизмдері

  2. Мемлекеттік саясаттың экспортық және импорттық мағынасы және мазмұны

Тапсырма:

1 Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі бағыттары

2 Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері

3 Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің жанама әдістері

Берілген тақырыпты зерделеу барысында Қазақстан Республикасының «Валютаны реттеу туралы» заңын кеңінен қарастыру керек.

Негізгі әдебиеттер: 1

Қосымша әдебиеттер: 5
Тақырып 3 ҚР-ның СЭҚ-нің нормативтік құқық базасы, оның ұйымы


  1. Шетел инвестерлерін саясатқа тарту. Валютаны реттеу саясаты. Қазақстан Республикасының «Валютаны реттеу туралы» заңы

  2. Қазақстандағы СЭҚ-тің халықаралық құқығын қамтамасыз ету

Тапсырма:

1 ҚР-дағы СЭҚ-ті мемлекеттік басқарудың құрылымы

2 СЭҚ-ті басқарудағы жергілікті билік органдарының қызметтері

3 Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы

Берілген тақырыпты зерделеу барысында ҚР-да СЭҚ-ті басқарудың нормативтік-құқық базасын кеңінен қарастыру керек.

Негізгі әдебиеттер: 2

Қосымша әдебиеттер: 7
Тақырып 4 Сыртқы сауда операциясының түрлері және оларды Қазақстанда қолдануы


  1. Сыртқы сауда операция түрлері

  2. Сыртқы экономикалық байланысының сату-сатып алу маңызы

  3. Мердігерлік байланыс ерекшеліктері. Арендлар шарты. Айырбастау байланысы. Кезіккен тауарларды сатып алу байланысы.

  4. Берілген шикізатты қайта өндіруге келісім шарт. Дайындық және қорытынды келісісім шарттар.

Тапсырма:

1 Экспорттық және импорттық операциялар

2 Реэкспорттық және реимпорттық операциялар

3 Сату-сатып алу сыртқы сауда келісім-шартының мазмұны

Берілген тақырыпты зерделеу барысында СЭҚ-дегі келісім-шарттарды дайындау ерекшеліктеріне ерекше назар аудару керек.

Негізгі әдебиеттер: 1

Қосымша әдебиеттер: 3
Тақырып 5 Сыртқы экономикалық қызметтердегі сауда делдалы


  1. Сауда делдалдары

  2. Делдалдар арасындағы шарт, Тапсырма шарты. Комиссия шарты. Консигнация шарты. Агенттік келісімдер

Тапсырма:

1 Делдардар арасындағы мәмілелер

2 Консигнация келісімдері

3 Аукциондық сауданың техникасы және ұйымдастырылуы

Берілген тақырыпты зерделеу барысында халықаралық сауда түрлерін және олардың жүргізілуі тәртіптеріне қарастыру керек.

Негізгі әдебиеттер: 1

Қосымша әдебиеттер: 4
Тақырып 6 Халықаралық нарықтағы делдалдар позициясы


  1. Нарықтағы делдалдар позициясы, олардың құқығы

  2. Биржалық саудалар. Биржа түрлері. Биржалық операция

  3. Аукциондық сауда. Халықаралық саудадағы аукциондық сауда техникасы және ұйымы.

Тапсырма:

1 Халықаралық нарық делдалдары, олардың құқықтары

2 Консигнация келісімдері

3 Агенттік келісімдер

Берілген тақырыпты зерделеу барысында халықаралық саудадағы ашық және жабық саудалар туралы қарастыру керек.

Негізгі әдебиеттер: 1

Қосымша әдебиеттер: 6
Тақырып 7 Әлемдік экономикадағы халықаралық есептеулер


  1. Халықаралық есептеулер ұйымы.

  2. Сыртқы сауда шартының қаржы-валюталық келісімі

  3. Халықаралық саудадағы нарық валютасы

  4. Халықаралық есептеулер формасы

Тапсырма:

1 Валюта бағамы

2 Тікелей және кері котировка

Берілген тақырыпты зерделеу барысында халықаралық саудадағы есеп айрысуларды ұйымдастыру тәсілдерін ажыратып қарастыру керек.

Негізгі әдебиеттер: 1

Қосымша әдебиеттер:6


Тақырып 8 Халықаралық сауда практикасындағы сақтандыру

1 Сақтандырушы және сақтанушы

2 Сақтандырудың мәні және түрлері, мағынасы

3 Қайтасақтандыру



Тапсырма:

1 Сыртқы экономикалық қызметтерді сақтандыру ерекшеліктері

2 Сыртқы экономикалық қызметтерді сақтандыру түрлері

Берілген тақырыпты зерделеу барысында халықаралық саудадағы сақтандырулар түрлерін ажыратып қарастыру керек.

Негізгі әдебиеттер: 1

Қосымша әдебиеттер: 5


Тақырып 9 Халықаралық саудадағы несиелеу формасы

  1. Халықаралық практикадағы несиелердің әртүрлері және негізгі формалары

  2. Сыртқы экономикалық байланыстағы қаржыны жобалау

  3. Халықаралық саудадағы қаржы түрі лизинг сияқты.

Тапсырма:

1 Халықаралық сауданы несиелеу

2 Факторинг және формейтинг

3 Лизинг


Берілген тақырыпты зерделеу барысында халықаралық несиелеудің түрлерін салыстырып қарастыру керек.

Негізгі әдебиеттер: 1

Қосымша әдебиеттер: 4
Тақырып 10 Халықаралық сауда контрагенті


  1. Контрагенттер түрлері. Ұлттық, шетелдік, аралас фирмалар. Ұлт аралық және ұлттық компаниялар.

  2. Серіктестік түрлері

  3. Акционерлік қоғам. Жекеше кәсіпорындар

  4. Кооперативтік және мемлекеттік өнеркәсіптер. Сауда фирмаларының қосылуы.

Тапсырма:

1 Халықаралық саудадағы сауда контрагенттері

2 Халықаралық саудадағы серіктестіктер

Берілген тақырыпты зерделеу барысында халықаралық сауда контрагенттерінің құқықтық мәртебелері туралы толығырақ қарастыру керек.

Негізгі әдебиеттер: 1

Қосымша әдебиеттер: 3


Тақырып 11 Іскерлік техникасын ұштастыру және ұйымдастыру

1 Іскерлікті ұштастырудың негізгі түрлері мен формалары.

2 Іскерлік келіссөздерді жүргізу және ұйымдастыру: келіссөзге дайындық, сөйлесу тәртібін жүргізу, сөйлесулерді жүргізу тактикасы және техникасы, құжаттарды дайындау.

3 Іскерлік кеңес. Іскерлік хат алысу. Коммерциялық келіссөздерді дайындау, жүргізу



Тапсырма:

1 Іскерлікті ұштастыру

2 Іскерлік келіссөз

3 Іскерлік кеңес

4 Іскерлік хат

Берілген тақырыпты зерделеу барысында халықаралық іскерлік этикет ережелері туралы қарастыру керек.

Негізгі әдебиеттер: 2

Қосымша әдебиеттер: 7




  1. Өздік жұмыстардың тапсырмасы

Тақырып 1 Экономикалық факторлардың рөлін көтеру - әлемдік экономиканың дамуының бағыттары

1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу

2 «Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары» тақырыбына реферат дайындау

Әдістемелік ұсыныс: Оқу кезінде негізгі категорияларға мұқият көңіл бөлу және баға индексінің ерекшеліктеріне талдау жасаңыз

Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, рефератты қорғау
Тақырып 2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының қалыптастырылуы және жүзеге асырылуы

1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу

2 «Қазақстандағы шетел инвестициялары» тақырыбына презентация дайындау

Әдістемелік ұсыныс: жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың уақыт кезеңдеріндегі әрекеттесуін графиктік негізде талдап қарастырыңыз

Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, презентацияны қорғау

Тақырып 3 Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру

1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу

2 «Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметті басқару» тақырыбына қысқаша презентация дайындау

Әдістемелік ұсыныс: Оқу кезінде мына категорияларға мұқият көңіл бөлу керек: еңбекке сұраныс пен ұсынысқа байланысты еңбек ақының қалыптасуы жағдайын ерекше қарастырыңыз

Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, презентацияны қорғау
Тақырып 4 Нарық экономикасы бар елдерде сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру

1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу

2 «Сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі » тақырыбына реферат дайындау

Әдістемелік ұсыныс: Кейнстік крест қисығына талдау жасаңыз

Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, рефератты қорғау
Тақырып 5 Әлемдік нарықта баға белгілеу ерекшеліктері

1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу

2 «Әлемдік нарықта баға белгілеу» тақырыбына эссе дайындау

Әдістемелік ұсыныс: ақшаға сұраныс пен ұсыныстың пайыздық мөлшерлемеге ықпалын айырықша қарастырыңыз

Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, эссені қорғау

Тақырып 6 Сыртқы сауда операциялары

1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу

2 «Қазақстанның сыртқы сауда операциялары» тақырыбына реферат дайындау

Әдістемелік ұсыныс: IS-LM үлгісін салып талдаңыз

Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, рефератты қорғау
Тақырып 7 Сауда делдалдары, биржалар, аукциондар және халықаралық сауда

1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу

2 «Халықаралық сауда және делдалдар, биржалар, аукциондар» тақырыбына глоссари дайындау

Әдістемелік ұсыныс: жұмыссыздық және инфляция арасындағы байланысқа уақыттық кезеңдер ерекшеліктерімен байланыстыра отырып қарастырыңыз

Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, глоссари тапсыру
Тақырып 8 Халықаралық есеп айырысу және валюталарды тәуекелдердең сақтандыру

1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу

2 «Сыртқы экономикалық қызметті сақтандыру» тақырыбына эссе дайындау

Әдістемелік ұсыныс: негізгі категорияларды мұқият қарастырыңыз

Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, эссе тапсыру


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет