Пәні: Дене тәрбиесі Мамандығы: 0111000- «Негізгі орта білім» Біліктілігі


Бүкіл секірісті негізгі 4 кезеңге бөлуге болады. Олар



бет3/7
Дата16.05.2020
өлшемі126,86 Kb.
#69050
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1805 7072 61843

Бүкіл секірісті негізгі 4 кезеңге бөлуге болады. Олар:
1. Дайындық кезеңі
2. Ытқу кезеңі
3. Ауада қалықтау кезеңі
4. Жерге түсу кезеңі 



Дайындық кезеңі тізені бүгуден және осымен бірге мезгілде ауырлық орталық тігінің алға, тірек ауданының шетіне қарай ауысуынан басталады. 

Ытқу кезеңі немесе ырғу кезеңі аяқ буындарының бірден тез жазылуынан тұрады. Буындардың осылай шапшаң жазылуы нәтижесінде тіреліп жылжу дененің ауырлық орталығына беріледі, сөйтіп осының ізінше қалықтау кезеңі басталады. Ытқу сәті өте-мөте жауапты сәт болып табылады, өйткені бүкіл дене бұлшық еттерінің, солардың ішінде аяқ бұлшық еттерінің барынша жиырылуын талап етеді. Табандағы барлық бұлшық еттер жиырылады, балтырдың артқы және сыртқы бетіндегі бұлшық еттер, санның төрт басты бұлшық еттерінің бастары, ұршық буынының артындағы бұлшық еттер күшті жиырылады. 


Қалықтау кезде дене ауырлық күшінің доға сызық деңгейі алдын –ала (ытқу кезеңінде) берілгендіктен оның тек сырттан әсер ететін күш арқылы ғана (мысалы, қарсы алдынан соққан немесе жолай соққан желдің күшімен ғана) өзгертуге болады. Секірудің әдеттегі жағдайлары кезінде сыртқы күштер денеге айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ бұлшық еттердің қозғалыстары арқылы дененің қалпын оның өз ауырлық орталығының қалықтау деңгейін өзгертуге болады. Денені көлденең немес бүгілу қалыптарына келтіруге мүмкіндік бар. Егер түрегеп тұрып қолды шапшаң әрі күшті сермейтін болса, онда бүкіл дененің аздап орын ауыстырғанын байқауға болады. Қолдарын жұлқып сермеу арқылы спортшы дене салмағының екпінін жеңеді, сөйтіп оларды кейбір қозғалыстарға келтіреді. Сөйтіп қолдың салмағы дененің салмағынан көп болғанымен бүкіл дененің, массалық екпінін жеңеді. Сол себептен секірудің ытқу кезеңінде қолдың сермеуі дененің жалпы ауырлық орталығының траекториясына біраз әсер етеді. Қалықтау кезеңінде бүкіл дене өз қалпын ептеп өзгертеді. Егер ұзындыққа секірудің ытқу сәті кезінде ауырлық орталығының тік сызығы тірек ауданының алдынан өтетін болса, жерге түсу сәтінде ол оның арт жағынан өтеді. 




Секіру жерге түсу кезеңімен аяқталады. Жерге түсу кезінде аяқтың бұлшық еттері дене жерге түскенде алатын соққыны жеңілдету жұмыстарын атқарады. Жерге түсу кезінде аяқ тиетін жер немесе алаң ауырлық орталығының қалықтау доғасының жалғасына орналасса ғана тепе-теңдікті сақтауға болады. Басқаша айтқанда, бұл жалғас жерге түсу алаңының ішімен өтуге тиіс. әдетте ұзындыққа секірген кезде жерге алдымен өкше тиеді, соның салдарынан бүкіл аяқ басының солқылдақтық қасиеті толық пайдаланылмайды. Жерге аяқтың ұшымен түсу аяқ басын қатты бүгуді талап ететіндіктен іс жүзінде оны орындау мүмкін емес. Ытқу сәтінде қолдың жоғары қарай сілтенуі демді ішке қарай алуға ықпал етсе, қалықтау кезінде тыныс біраз тоқталып қалатыны байқалады, ал жерге түсу кезеңі демді іштен шығаруға ықпал етеді. 

2. Секіру әдісінің шығу тарихы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет