Абайды таныған сайын, оның болашаққа ұсынған ұсыныстарын біле бастаймыз. Еліне деген қандай сезіммен қарағанын түсінеміз. Абай білім-ғылым қуар жастарға білімнің мақсатын білу, ұлы адамдарға еліктеу керектігін айтып, ондай адамдардай болу жасөспірімдердің өмірлік мұратына айналуы керек деген ой түйді. Абай жасөспірімдерден көп үміт күтті, халықтың ілгері дамуына, жаңа заманға ие жастар екенін баса айтты. Жастар айналысар іс өмірлік мұратпен сай келуі керектігін ескертті.