Біздің, келер ұрпақтың қамын ойлаған ұлы Абай философиясында "Толық адам" ілімі көп кездеседі. Абайдың ұлылығы-Толық адам тәрбиелеу үшін алдымен Толық қоғамның, ал Толық қоғам орнату үшін Толық ілім жасаудың қажеттігін білгендігінде. Сондықтан да ол - өзінің саналы өмірінде Толық адам жасаумен айналысқан. Яғни, мұндағы Толық адам деп отырғанымыз - адамгершілік, имандылық, ізгілік. Абайдың осы "Толық адам" туралы ілімі сөз басында қозғаған нақыл сөзіме дәлел болатындай. Себебі өз өмірін "Толық адам" жасаумен өткізген уақытының барлығы да бүгінгі бізге және бізден кейінгі ұрпаққа арналған. Абайдың толық адам болу философиясы адам өміріне қажетті әрі пайдалы кеңес. Бұл арқылы адам өзін өмірдегі орнын тауып, мұратына жетеді.