Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек - Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,
- Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
- Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық,
- Бұл – қайраттан шығады, білсең керек.
- Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
- Сонда толық боласың елден бөлек.
- Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
- Жол да жоқ жарыместі жақсы демек.
- Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
- Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
- Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
- Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
Президентіміз Қ.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында: - «Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін» деп, «толық адам» философиясының қуаты мен қажеттілігі хақында маңызды тұжырым жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |