Пәні: Информатика
Сынып: 11
Жоспар бойынша өзіндік жұмыс ___1__, тест___4___
Жоспар бойынша практикалық сабақтар ___10___
Жоспар бойынша шығармашылық жұмыс ___1__
Оқулық, аты, авторы, жылы: Информатика. Жаратылыстану – математика бағыты. 11-класс, Н.Т.Ермеков, В.А.Криворучко, С.Ж.Ноғайбаланова Алматы «Жазушы» 2007.
Түсініктеме хат
Оқулық жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математика бағытындағы 11 сыныбына арналған. Оқулықтың мазмұны информатика пәні бойынша Мемлекеттік оқыту стандартына сәйкес.
Оқулықтың теориялық материалын меңгерген және практикалық тапсырмаларын орындаған оқушы 11 сыныптағы ақпараттануды оқып- үйрену бағдарламасы бойынша талап етілетін білімдер мен тәжірибелерді меңгеретін болады. Кітаптың бағыты практикалық бағытты ұстанады және суреттермен, схемалармен, әр алуан практикалық тапсырмалармен қамтамасыз етілген. 11 сынып бойынша № 672 бұйрығымен, 18.10.05 Қазақстан Республикасының Білім мен Ғылым министрлігі бекітілген.
Оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау; Қазіргі таңда информатика пәні оқушыларды еңбекке баулуға, білімдерін әрі қарай жалғастыруға үлкен роль атқарады. Ұсынылып жатқан профессиональды курс жаратылыстану-математика бағытына арналған негізгі курстың жалғасы. Жаратылыстану-математика бағытына арналған Информатика пәні бойынша білім мазмұны жаратылыстану математика бағыты бойынша келесі тарауларды қосады: ақпараттық технологиялар, ақпараттандыру құралдыры.
Жаратылыстану-математика саласында қызмет
Материал деңгейі оқушыларға келесі мүмкіндіктер береді:
әр түрлі қолданбалы программаларды орнату және пайдалану
визуалды программалауда есептер шығару
презентациялар жасау
Бағдарламада оқушылардың деңгейлік ерекшіліктері қарастырылған.
Курс аптасына 1 сағат, барлығы 34 аудиториялық сабаққа арналған. Курс компьютерлерді кеңінен пайдалануға арналған.
Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар
Оқушылар білуге тиіс:
- ақпараттармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін білуі;
- компьютердің жұмыс істеу принципін, ұйымдастыру негіздерін және жұмыс істеуін білуі;
- ақпаратты қорғаудың және компьютерді басқарудың негізгі бағдарламалық жабдықтарын білуі;
- адам және қоғам өміріне ақпараттың тигізетін ықпалын, мәнін, ролін білуі;
- жалпы және дара коммуникациялардың ақпараттық жүйесінің ерекшеліктерін айыруы;
- Web – кеңістігінің тұжырымдамасын білуі;
- өзіндік математикалық модельдерді талдай алуы, түсіндіре алуы және құра алуы;
Оқушылар үйренуі тиіс :
- редактор арқылы кітаптың үлгісін жасай алуы және беттей алуы;
- баспа жүйесі арқылы кітаптың үлгісін жасай алуы және беттей алуы;
- құжаттарды ажырату, мәтінді тексеруі және түзету жүйелерімен жұмыс жасай алуы;
- арнайы қондырғылардың көмегімен тұсау кесерді құрастыра алуы;
- Internet - те ақпараттарды іздей алуы және қарай алуы;
- FrontPage қосымшасы көмегімен Web – бет құрастыра алуы тиіс.
Тақырыптық жоспар
11 - сынып
№
|
Бөлім
тақырыбы
|
сағат
саны
|
Мемлекеттік
стандарт
|
1
|
Техника қауіпсіздік ережесі
|
1
|
- информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережесін білуі;
- негізгі көз жаттығуын білуі;
|
2
|
Ақпараттық жүйелер
|
4
|
- ақпараттық қауіпсіздік туралы түсінігінің болуы және оны қамтамасыз ету сұрақтарын білуі;
- ақпараттық қоғамның негізгі сипаттауыштары мен ерекшеліктерін білуі;
- ақпараттармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін білуі;
- компьютердің жұмыс істеу принципін, ұйымдастыру негіздерін және жұмыс істеуін білуі;
- ақпаратты қорғаудың және компьютерді басқарудың негізгі бағдарламалық жабдықтарын білуі;
- адам және қоғам өміріне ақпараттың тигізетін ықпалын, мәнін, ролін білуі;
|
3
|
Деректер қоймасы
|
15
|
- компьютер, қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар туралы алғашқы түсінігінің болуы;
- компьютерді басқарудың негізгі тәсілдерін білуі;
- қазіргі заманғы ақпараттық қоғам жөніндегі түсінігінің болуы;
- компьютерді басқарудың негізгі тәсілдерін қолдана алуы;
- компьютерді жазуда, санауда және сурет салуда қолдана алуы;
- оқиғаның ықтималдығын нәтижелер санын санау негізінде есептей алуы;
- баспа жүйесі арқылы кітаптың үлгісін жасай алуы және беттей алуы;
- құжаттарды ажырату, мәтінді тексеруі және түзету жүйелерімен жұмыс жасай алуы;
|
4
|
Интернет желілер
|
5
|
- World Wide Web туралы түсінігінің болуы;
- Internet – те іздеу жүйесі ұғымының болуы;
- Internet - те ақпараттарды іздей алуы және қарай алуы;
- ақпараттық және коммуникациялық технологияның стандартты жабдықтарымен жұмыс жасай алуы;
- әртүрлі пәндік білімді меңгергенде ақпараттық технологияның негізгі мүмкіндіктерін, соның ішінде, әртүрлі есептерді шешу барысында бағдарлама құру және дайын бағдарламаны қолдана алуы;
- Интернет арқылы хабар алуы және жібере алуы тиіс.
|
5
|
Web - құжаттар құру негіздері
|
8
|
- адам және қоғам өміріне ақпараттың тигізетін ықпалын, мәнін, ролін білуі;
- жалпы және дара коммуникациялардың ақпараттық жүйесінің ерекшеліктерін айыруы;
- Web – бет құру концепциясын білуі;
- Web – бет құрудың құралдарын білуі;
- World Wide Web туралы түсінігінің болуы;
|
6
|
Қорытынды сабақ
|
1
|
Жыл бойы өткен материалды қайталау
|
Достарыңызбен бөлісу: |